Барлық химиялық элементтердің ішінде азоттың өсімдіктер өміріндегі маңызы күшті. Азоттың физиологиялық мәні оның барлық белокты заттардың құрамына кіретіндігіне байланысты. Протоплазманың құрылымының биокаталитикалық белсенділігі белокты заттарға тығыз байланысты. Оның себебі белок молекуласы клеткада кездесетін барлық ферменттердің негізі болады. Ферменттердің көпшілігі тек белоктан тұрады. Ал кейбір ферменттер белок негізінің белок емес топтармен қоспасынан түрады. Простетикалық топтар (белок және белок емес заттардың қосылуы) түрлі химиялық заттардан, көбінесе витаминдерден тұрады.

Витаминдердің фермент құрамына ену нәтижесінде биологиялық белсенділігі артады. Олардың зат, алмасудағы мәні де осыған байланысты. Азот — өсімдіктердің құрғақ затында 1-ден 5%-ға дейін кездессе де, өсімдіктер тіршілігі үшін ең негізгі қажетті элемент. Азот өсімдіктердің органикалық затының қүрамына еніп, олардан түрлі азотты органикалық қосылыстар түзіледі. Олардың кездесу мөлшері де әртүрлі, бір өсімдіктің әртүрлі ұлпаларында 5%-дан 30%-ға дейін, ал кейбір өсімдіктердің түрлерінің түқымдарында одан да көп. Азотты органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңыздысы белоктар болып саналады. Протоплазманыц негізгі бөлігі белоктан тұрады, сондықтан да ол — тірі зат атаулының негізі.

Азот нуклеин қышқылдары, хлорофиллдер, алкалоидтар, көптеген витаминдер және т.б. өсімдіктер үшін өте қажетті заттардың қүрамына енеді. Өсімдіктердің организмінде кездесетін органикалық қосылыстардың азоты — жануарлардың да азығы. Өсімдіктер осы жағынан топырақтағы азотты жануарлар қабылдай (сіңіре) алатындай түрге айналдырып берушілік қызмет атқарады. Азот элементімен өсімдіктерді жабдықтау басқа элементтермен қамтамасыз етуге қарағанда қиындау болады, себебі азот өсімдіктердің өсіп түратын ортасы топырақта, біріншіден, аз мөлшерде кездессе, екіншіден, ол ауада молекулалық күйде, газ түрінде кездеседі, ал оны өсімдік қабылдай алмайды. Өсімдік азотты топырақтан алады, ал оның топырақтағы қоры аз. Оның үстіне топырақтағы жалпы азоттың бір-екі-ақ түрі өсімдік қабылдай алатын жылжымалы формасына жатады. Сондықтан органикалық заты өте мол, қара топырақты жердің өзінде де әр гектарында өсімдік қабылдай алатын азоттың мөлшері 200 кг/га-дан аспайды. Ал, сортаң, шөл далалы жердің топырағында әр гектарда өсімдік қабылдайтын азоттың мөлшері 50 кг/га-дай ғана. Сондықтанда ондай топырақтарға азотты тыңайтқыштарды көп береді. Топырақта органикалық зат өсімдік тіршілігінің нэтижесінде жиналады.

Табиғаттағы азоттың айналасын мына нобай түрінде көрсетуте болады. Бұл нобайдан органикалық азот тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік процесінде құралатындығын байқауға болады. Өсімдік ол үшін топырақтағы жылжымалы азотты пайдаланады. Жылжымалы азоттың қоры шайылу нәтижесінде де жоғалады. Осының әсерінен топырақтағы жылжымалы азоттың қоры таусылуы керек еді. Бірақ микроорганизмдердің әсерімен ауадағы азоттың қоры топырақта біртіндеп жинала бастайды. Жер бетіндегі қазіргі тіршілік түрлерінің құлпыра жайнауы осы көзге көрінбейтін тек үлкейткіш аспаптар арқылы байқалатын — микроорганизмдерге тығыз байланысты.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге керекті азоттың көзі нитраттар — азот қышқылының тұздары мен аммонилы түздары. Бұл екі түз да топырақта кездеседі, бірақ топырақтағы аммоний түздары нитрификациялаушы бактериялардың әсерімен өте жылдам нитраттарға дейін тотығады, сондықтан нитраттар топырақтан өсімдіктер қабылдай алатын азоттың негізгі түрі болып саналады.

Органикалық қосылыстардың азотында /м: амин қышқылдары және т.б./ өсімдіктер сіңіре алатын, бірақта өте жай қабылдануына байланысты, өсімдіктердің өсу процесі азоттың мүндай көздерінде, азотты минералдық қосылыстар — нитраттар мен аммоний түздарымен қоректендіргенге қарағанда көп нашар жүреді. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің кейбір түрлері глютамин мен аспарагин амин қышқылдарын және оның амидтері — глютамин мен аспарагинді, сол сияқты несеп нәрінде жеңіл қабылдай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *