Өсімдіктің дамуын бағыттайтын факторлар

Өсімдік организмінің олардың тұқымкуалаушылық қасиетіне сәйкес дәлме-дәл дер кезінде гүлдеу мен жеміс салуға көшуіне биология ғылымы өзінің дамуының әр дәуірінде әртүрлі түсінік беріп келген. Преформистердің /олар жалпы даму принципіне қарсы болған/ көзқарастары бойынша организмнің тіршілік циклі — ұрықта дайын күйінде түрған мүшелердің жай санды ұлғаюы. Қазіргі уақытта биология ғылымы организм мүшелерінің даму кезеңінде жаңадан пайда болатындығын берік дәлелдеді. Сондықтан преформистердің метафизикалық көзқарастарын сынап жатудың онша қажеттілігі жоқ.

Ал дамуға әсерін тигізетін, дамуды бағыттайтын факторлар жөніндегі көзқарасты алатын болсақ, мұнда көп жылдар бойы Клебстің көзқарасы кең түрде тарап келген еді. Клебстің ойынша, өсімдік дамуының барысы, гүлдеудің мерзімі, организмнің тіршілік етіп түрған ортасымен байланысты. Ол тіршілік жағдайларын өзгерту арқылы өсімдіктің тек көркін өзгертіп қана қоймай, организмнің даму мерзімін, гүлдеу мерзімін де өзгертуге болады деген үйғарымға келген. Жарық жағдайымен қоректенуін тәртіптей отырып, Клебс жасыл балдыр Vacteria герештің /клеткасыз құрылысты/ вегетативтік өсуін баяулатып, зооспора арқылы көбеюін күшейткен. Жоғары дәрежелі өсімдік Sempervivum су мен минералды түздардың мол жағдайында тек вегетативтік мүшелері ғана пайда болып, ал осы жағдайлар жетіспеген кезде тез жеміс беруге көшкен. Өсімдіктің гүлдеуіне көшіріп әсер ететін факторлардың ішінде Клебс, әсіресе, жарыкқа өте үлкен маңыз берген. Өсімдіктің жарық күшеюінің әсерімен тез гүлдеуге көшуін Клебс өсімдік ұлпаларында көмірсулар мөлшерінің ұлғаюына байланысты деп ұғады. Демек, Клебстың ойынша, сыртқы орта факторларының өсімдік дамуына ететін әсері өсімдіктің химизмін өзгерту арқылы жүреді.

Клебстің ойынша, өсімдікте көмірсулардың көп жиналуы — тез гүлдеуге қолайлы жағдай, ал азоттың көп жиналуы гүлдеуге қолайсыз жағдай туғызады.
Ақырында Клебс репродуктивтік фазалардың басталуы өсімдік ұлпаларындағы азотты заттар мөлшерінің көмірсулар қатынасына байланысты деген қорытындыға келді. Клебстің бүл концепциялары дүрыс емес. Клебс дамудың ілгерілеген қозғалыс екендігін түсінбей, организмнің тарихи дамудағы қүрылған ішкі қасиетін /тұқым куалаушылық қасиетін/ еске алмай, даму тек сыртқы ортаның жағдайына ғана байланысты дейді. Клебстің тағы да бір қателігі — ол өсімдіктің вегетативтік және генеративтік функциялары арасында, өсімдіктің жарық әсері арқылы қоректенуі мен /С02-мен/ топырақ арқылы қоректенулері /минерадды түздармен/ арасында антогонистік қарама-қайшылықтың жоқтығын ескермеуі. Атақты неміс физиологы Сакстың гормональды теориясы бойынша, арнаулы «мүше құрғыш заттар бар». Жеке мүшелердің пайда болуы, организмнің бүкіл жеке даму циклі осы заттардың әсерімен жүреді. Голланд физиологы Вент осы гипотезаны дамыта келіп өсімдіктің бүкіл дамуы арнаулы «мүше қүрғыш заттар» калиндердің: ризокалиндер /тамыр туғызушы/, каулокалиндер /сабак/, филлокалиндер /жапырак/, т.б. әсеріне байланысты деп келді. Бұл нағыз метафизикалық көзқарастар еді.

1920 ж. Америка ғалымдары Гарнер мен Аллардтың «Күн мен түннің салыстырмалы ұзақтығы және басқа қоршап түрған факторлардың өсімдік өсуі мен репродукциясына әсері» деген еңбегі жарияланады. Бұрын жарықтың өсімдікке әсері оның күшіне, мөлшеріне, құрамына, бағытына /тік не диффузды-шашыранды жарык/ байланысты екендігі белгілі болатын болса, Гарнер мен Аллард жарық әсері күн мен түннің салыстырмалы ұзақтығына да байланысты екендігін зерттеді. Олардың зерттеулері бойынша, кейбір өсімдіктер ұзын күнді, кейбіреулері қысқа күнді талап ететіндігі анықталды. Бұл зерттеушілердің қойған тәжірибелерінде темекі мен сояның кейбір расалары /қысқа күнді өсімдіктер/ Вашингтонның жазғы күнінде тұқым бермей, қыста жылыжайда түқым берген, ал жазда гүлдеп, жеміс байлайтын редис /үзақ күнді өсімдік/ қыста жылыжайда гүлдеген. Мұның есесіне гүлдемеген өсімдіктер өте жақсы өсіп, тіпті гигантизмдікке бет бұрған. Қыста электр шамы арқылы жарық мерзімін ұзартқанда шпинат пен редис /ұзақ күн өсімдіктері/ гүлдеп, соя мен темекі гүлдемеген. Жазда жарық мерзімін көлеңкелеу арқылы қысқарту — темекі мен сояның гүлдеу мерзімін тездеткен. Жарық мерзімін тек 2 сағат қысқартқанның өзінде соя гүлдеуге — 110 күн орнына 28 күн ішінде көшкен /82 күн ерте гүлдеген/.

Гарнер, Аллард, Максимов, Разумов, т.б. зерттеулерінің нәтижесінде күн мен түннің ұзақтығын өзгерту арқылы өсімдіктің гүлдеу мерзімін тездетуге, не баяулатуға болатындығы дәлелденді. Ұзын күн өсімдігі: бидай, қарабидай, зығыр, т.б. Қысқа күн өсімдігі: тары, жүгері, темекі, соя, томат. Кейбір өсімдіктер /күнбағыс, бұршақ, қарамык/ күннің ұзындығының өзгеруіне байланысты ешқандай белгі бермейді. Өсімдіктің мұндай қасиеті кейбір ғалымдардың пікірінше, ол өсімдіктердің, шамасы, сыртқы орта жағдайларына тәуелді емес, өз алдына фотопериодикалық реакция қасиеті бар екендігінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *