Өсімдіктің суыққа төзімділігі

Еліміздің көптеген жерлерінде тосыннан суықтың түсуі себілген дақылдар мен көшетінен отырғызылған өсімдіктер үшін өте қауіпті. Мысалы, Оралда мамыр айында-ақ өте жылы болғанымен маусымның ортасына дейін жылылық сүйгіш дақылдарды көшеттен отырғызбайды, себебі маусымның 10-на дейін бірнеше рет суық түсіп, үсітетін болғандықтан. Ал Қиыр Солтүстікте, мәселен Мурманск облысында тіптен маусым мен тамыз айларында, кейбір жылдары шілдеде де суық түсіп тұратындықтан, картошка сияқты ең қажетті өсімдіктің түрін өсіру қиынға түседі. Ерте көктемде болып тұратын суық Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде өсетін өсімдіктердің гүлін шашып түрғанда кездессе, олардың гүлін үсік шалуына байланысты өнімін де құртып кетеді. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі олардың ауаның оң +3°, +5°С төмен температурысына төтеп беру бейімділігін түсіреді. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, томаттың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылусүйгіш өсімдіктердің жас өскіндері зақымданады. Бірқатар оңтүстік аймақта өсетін өсімдіктерді, мәселен: асқабақ, қияр, мақта, соя, үрме бүршақ сияқты дақылдарды жоғарыдағьщай температура жағдайында бірнеше күн үстасақ, алдымен зақымданады, содан кейін мүлдем тіршілігін жояды. Мысалы, қияр +3°С температурада, әдетте, 3-күні тургорын жоғалтады, жапырақтары солып, қоңыркдй тартып, ақыр сонында тіршілігін жойғанын көруге болады. Алдыменен олардың түқым жарнақтары мен астыңғы жапырақтары солып зақымданып, ал үстіңгі жапырақтарының түсі мен тіршілігін жалғастыруы астыңғы жапырақтарына қарағанда соңынан зақымданатындығы байқалады. Сонымен табиғатта аязға төзімді өсімдіктермен қатар, тек қана +3°С, +5°С сияқты суыққа төзімді өсімдіктер де бар екен. Мұндай жағдайда суыққа төзімді өсімдіктер зақымданбайды немесе аз зақымданады. Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы оның әсер ету дәрежесі мен үзақтығына байланысты. Қысқа ғана уақыт әсер ететін неғүрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Көктемгі және күзгі үсіктің қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделмеген, суықтың әсеріне шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Асқабақ пен томат суыққа едәуір төзімді, үзақ уақыт суыққа шыдайтын соя бүдан да гөрі суыққа төзімді келеді. Күнбағыс пен бүршақ та суыкқа едәуір төзімділік қасиет көрсетеді. Суыкқа төзімділік дәрежесі өсімдіктің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты.

С.М. Ивановтың (1940   ж.) анықтаулары бойынша, әртүрлі өсімдіктердің суықтан зақымдануы түрліше өтеді. Жүгері мен қышы сабақтарының жылдам суыққа шалынатындығы белгілі болса, төменгі температура үрме бұршақтың жер үсті бөлімдері үшін ғана зиянды, ал жер жаңғағының (арахис) көпшілік жағдайда тамыр системасы зақымданады. Күріш, сиыр бұршақ сияқты бірқатар өсімдіктердің хлорофилі бүлінеді. Бұдан мынадай еріксіз сұрақ туады. Неліктен өсімдіктер нөлден жоғары температураларда зақымданып, тіршілігін жояды? Бұған кезінде жалпылама түрде жауап берген ғалым Молиш (1897 ж.) болатын. Оның ойынша, өсімдіктердің төменгі температураның әсерінен зақымдануы мен тіршілігін жоюы ондағы зат алмасу процесі бұзылуының салдарынан болады.

Белерадек (1935 ж.) суықтың әсерінен өсімдіктер тіршілігінің жойылуы протоплазма тұтқырлығының артуымен және протоплазма кұрамында кездесетін майтектес заттардың тоңазуының әсерінен, биохимиялық процестердің бұзылуынан деген тұжырымға келеді. Ұзақ уақыт бойы суық температура әсер еткенде өсімдіктердегі ыдырау процестері синтез процестерінен басым болып, өсу мен фотосинтез тоқталатынын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитінін Жолкевич дәлелдеп көрсетті.

П.А. Генкель мен К.П. Марголина (1949 ж.) өсімдіктердің жоғарыдағыдай жағдайда тіршілігін жоюын протоплазма тұтқырлығының артуы мен зат алмасудың төмендеуінен, белокты қосылыстар мен хлорофиллдің ыдырауымен байланыстырады. Осылардың бәрі протоплазманың коагуляциялануы мен субмикроскопиялық кұрылысының бұзылуына душар етеді. Протоплазманың тұтқырлығы өсімдіктердің даму фазаларына қарай өзгеріп отыратындығы бүрыннан белгілі. Бүрлену мен гүлдену фазаларында протоплазманың түтқырлығы гүлдемеген өсімдіктердікіне қарағанда төмен болады. Оны төмендегідей кестеден байқауға болады. Бүрленген және гүлденген өсімдіктердің протоплазмасы түтқырлығының төмен болуына байланысты, олардың суыққа төзімділігі арта түскен. Оларды температурасы +3°С жағдайда ұстағанда тіршілік ету ұзақтығы гүлдемеген өсімдіктермен салыстырғанда екі немесе үш еседей артқан.

Температурасы +3°С жағдайда қияр өсімдігінің даму фазаларына байланысты зақымдану дәрежесі. Сондай-ақ, өсімдіктерді шынықтыру және оларда суыққа төзімділік қасиеттерді қалыптастыру әдістері белгілі. Бұған протоплазма тұтқырлығының маңызы жөнінде жылылық сүйгіш өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттыруда қойылған мынадай тәжірибе жұмысын мысал етуге болады. Үрме бұршақты 7 күндей температурасы +2°С ылғалы мол ауалы жерде ұстағанда, сондай құрғақ жағдайлы жерде ұсталған үрме бүршақпен салыстырғанда жақсы сақталған. Неғүрлым ауа құрғақ болса, солғүрлым протоплазма тұтқырлығының, ылғалды ауалы жермен салыстырғанда, арта түсетіндігі бүрыннан белгілі. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады. Жоғарыдағы жазылған дәлелдеулердің нәтижесінде жылылық сүйгіш жақтың өсімдіктері суыққа сол кезде төзімді келеді, егерде оның протоплазмасының тұтқырлығы төмен болса. Осындай жағдай олардың протоплазмасының субмикроскопиялық құрылысының жақсы сақталуы мен зат алмасу процесінің барысын кейіннен бүзатындығында болуы керек. Тағы да бір өсімдіктердің суық үруға қарсы тұру тәсілін Х.Х. Енилеев ұсынды. Егерде мақтаның бөрткен тұқымын 0,25% азот қышқылды аммонийдің ерітіндісінде 20 сағаттай ұстап өңцеген кезде, ондай мақта өсімдігінің суық ұруға төзімділігі арта түседі және оның өніміне де әсері болатындығы анықталады. Осындай тәсілді қолдану арқылы Х.Х. Енилеев мақта тұқымын бір жетідей бүрын септі. Осылай өңделген мақта өсімдігінің зат алмасу процесі қарқынды жүрген, протоплазмасының түтқырлығы төмен болған, соның нәтижесінде ол дақылдың төменгі температураға шыдамдылығының арта түсуіне әсері болған. Сонымен, шынықтыру әдісі басқа да өсімдіктерге қолданылады. Алайда бұл жағдайда сорттың ерекшелігін, оның ерте пісетіндігін, географиялық шығу тегі мен басқа да қасиеттерін ескеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *