Еттің сапасы, сіңімділігі, жалпы биологиялық тиімділігі малдың қондылығына көп байланысты. Сондықтан малды етке тапсырар алдында оны жайып, семіртеді немесе бордақылайды. Біздің республикамыз үшін малды жайып семіртудің маңызы зор. Ол үшін Қазақстанда аса улкен жайылым (182 млн.га.) қоры бар. Оның 4 млн.га. – орманды, 36,4 млн.га.- шөл, 90,2 млн.га. — шөлейт және 15,8 млн.га. таулы жайылымдар. Бірақ кейінгі кездегі жайылымды ысырапты пайдалану, әскери кешендердің озбырлығы және тыңды игеру уранымен жүргізілген солақай саясат жайылымның  өнімділігіне әcepiн тигізеді. Аәроғарыштық тексеру 53 млн.га. жайылымның азғандығын, ал 15 млн.га. жайылымның пайдалануға жарамсыз eкeнін көрсеттi.

Малды жайып ceмірту — еңбекті аз қажет eтетін және оңай iскe асырылатын шаруа. Күн сәулесі, таза ауа, көк шалғын малдың тез қоңдануына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар жайып семіртілген мал етінің сапасы, басқа бордақылау түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Жақсы жайылымда еңбекті дұрыс уйымдастырған жағдайда жылқы, сиыр тәулігіне 700-800 г, ал қой 150-200 г салмақ қосады. Герефорд, қалмақ, қазақтың ақбас сиырының және басқа eттi тұқымды өгізшелері тәулігіне 1-1,5 кг-ға дейін салмақ қосады. Сапалы етпен катар бұл малдан сапасы жоғары тepi де алынады.

Қазақстанда малды бордақылауды азық қорына байланысты бірнеше түрде  болады: табиғи жайылымды пайдалану, табиғи жайылыммен қатар құрама жеммен немесе шөппен үстеп қоректендіру, бордақылаудың соңғы байлауда құрама жем, сүрлем, өндipic орындарының қалдықтарын (қант, спирт өндipicтepi) пайдалана отырып жоғары қоңдылыққа өткізу. Ipi қараны жайылымда  дайындықты етке тапсырылатын малды табынға бөлуден бастайды. Бағалау (бонитировка) немесе жарамсыздықка шығарылған сақа малды олардың жынысы, жасына байланысты табынға бөледі. Сиыр табынының көлемі 150-200 бас, жылқы 100-150 бас, қой — 600-900 бас. Жас малды жайып ceмірту 4-5 ай, ал сақа малды жоғары коңдылыққа 3-4 ай қажет. Мүмкіншілігіне қарай малды жайылымда семіртуді ет кешендеріне айдаумен бірге жүргізеді. Бұл жағдайда жайылымның жағдайына қарай үстеп азықтандыру және сумен қамтамасыз маңызы зор.

Қазіргі кезде ет өндірісінде төмендегі түрде ет өндіретін арнаулы шаруашылықтар бар.

  1. Толық айналымдағы арнаулы ет өндіру шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтар табиғи жайылымы жеткілікті, көп мөлшерде шөп өндіретін аймақтарда орналасқан. Бұл шаруашылықтарда ет өндірісі үшін айналымнан артық бұзаулар пайдаланылады. Оларды етке өткізу үшін арнайы өсіріп, бордақылайды.
  2. Арнайы eттi мал өcipy шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтардың міндетіне eттi мал алу жатады. Олар бұзауды тек қана сиыр басын толықтыру үшін өсіреді. Ал одан артық бұзау мал бордақылау шаруашылықтарына өткізіледі.
  3. Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтарда eттi тұқым мал өсіріліп, олар басқа шаруашылықтағы eттi тұқымдарды асылдандыруға пайдаланылады.
  4. Арнаулы асыл тұқым шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтарда eттi тұқым мал өсіріліп, олар басқа шаруашылықтағы етті тұқымдарды асылдандыруға пайдаланылады.

 

Жоғарыдағы әр типтегі шаруашылықтардың әрқайсысының өзінің мал өсіру технологиясы қалыптасқан. Мәселен, бірiнші топтағы шаруашылықтарда бұзау 6-8 айға дейін енесінің қасында болады, сиыр сауылмайды, мол жайылымда ұсталады. Бұл шаруашылықтарда мал өcipy технологиясы жайылымды барынша пайдалануға негізделген. Етке тапсырылатын мал  жайылымда семіртіліп, тек қана етке тапсырар алдында қысқа уақыт бордақыланылады. Ал жайылым жеткіліксіз болса, етке тапсырырылатын жарамсыздыққа шыңқан сиыр және айналымнан артық жас малды қорада байлап бордақылайды. Азық қорына байланысты арнайы мал бордақылау шаруашылықтарының да мал өcipy технологиясы әр түрлі болады. Бұл шаруашылықтардың әcipece орындарының қалдықтарын (барда, жом-сығынды, т.б.) пайдаланудың маңызы зор.

Шошқа eтін өндіретін  шаруашылықтар

  1. Толық айналымдағы шаруашылықтар. Мұндай шаруашылықтарда мегежіндер ұсталады, алынған торайларды өcipy және бордақылау жүргізіледі.
  2. Торай алу шаруашылыңтары (репродукторные хозяйства). Бұл шаруашылықтарда торай алу және оны 4 айға дейін өcipy жүргізіледі.
  3. Бордақылау шаруашылықтары. Негізінен өз азық корының күшімен шошқаны бордақылауға мамандандырылған шаруашылық.
  4. Асыл тұқым зауыттары мен кеңшарлары. Бұл шаруашылықтар шошқа тұқымын асылдандыру жұмысын және асыл тұқымды торайлармен баска шаруашылықтарды қамтамасыз етеді. Кейінгі кезде шошқа етін өндіретін  аса үлкен кешендер жұмыс істейді. Олар жыл сайын 12, 24, 54 және 108 мың бас шошқа өсіруге, оны бордақылауға арналған. 108 мың басқа арналған кешеннен әр 2 күн сайын, тірілей салмағы 110-115 кг болатын 500 шошқа алынады, 24 және 54 мың басқа арналған кешендерден осынша мал әр 4-8 күннен ал 12 мың бастық кешеннен 166 күннен алынады. Мұндай шаруашылықтар ipi қаралар маңында, ipi астық өндіретін аймақтарда орналасқан. Бұған Алматы облысындағы «Іле», бұрынғы Көкшетау облысындағы « Көкшетау » , Карағанды облысындағы « Волынь» шаруашылықтары, т.б. жатады.

Шошқаны бордақылау негізінен eкi бағытта жүргізіледі: eттi және беконды. Мұндай бордақылауға дені сау, тез жетілетін  тұқымдардың 2-2,5 айлық торайлары пайдаланылады. Оларды тірілей салмағы 90-100 кг 6-7 айлығында пайдаланады. Бұл кезде тepi астындағы майдың калыңдығы

(6, 7-кеуде омыртқасының үстінде) 2,5-3,5 см. Ересек шошқаларды бордақылағанда негізінен майлы ет алынады. Шошқаны бордақылауда  ipi елді мекендерден алынатын ас қалдықтарын пайдаланудың тиімділігі зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *