Әрбір стандартты әзірлеудің орындылығы өнеркәсіптің қажеттілігімен және күтілетін экономикалық және техникалық нәтижелермен негізделеді. Бұл үшін әдеби және өндірістік деректер алдын ала іріктеліп, талданады, өнеркәсіптің даму үрдістері мен келешектегі мұқтажы белгіленеді, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі талданады.

МСЖ-де стандарт әзірлеудің келесі 6 сатысы белгіленген: Стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма жасау. Осы сатыда стандарт жасаушылардың шығармашылық тобы құрылып, оған осы техника немесе өндіріс саласының мамандары стандарттау мен метрология қызметінің қызметкерлері кіреді. Toп стандартталатын өнімге қойылатын талаптар қалыптастырылатын техникалық тапсырма әзірлейді. Мысалы, жаңа буындағы тұрмыстық радиоаппаратураның стандарты әзірленетін топқа радиоэлектроника, акустика саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлер мен стандарттау саласындағы мамандар кіреді. Техникалық тапсырмада техниканың көлемі, салмағы, дыбыс шығару параметрлері, эргономикалық көрсеткіштер, техниканы пайдалану жөнінде қойылатын қауіпсіздік талаптары және т.б. қалыптастыру керек.

Стандарттың жобасын әзірлеу жэне оны пікір жинау үшін тарату. Toп стандарттың бірінші нұсқасын әзірлеп, оны салиқалы сын мен ескерту алу мақсатында тэуелсіз сарапшыларға жібереді. Сарапшы ретінде радиоаппаратура саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлер мен ықтимал тұтынушылар тартылады. Пікірлерді талдау жэне стандарт жобасының соңғы (екінші және кейінгі) редакциясын әзірлеу. Toп сарапшылардың пікірлерін алғаннан кейін осы пікірлерді талдап, олардың негізінде және ескертулерді ескере отырып стандарттың соңғы нұсқасын әзірлейді.

Стандартты дайындау, келісу және ұсыну. Осы сатыда жаңа стандарттың жобасын дайындау, оны бүкіл мүдделі тараптармен, яғни Денсаулық сақтау министрлігімен, Индустрия және сауда министрлігімен, осы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарымен және т.б. келісу жүзеге асырылады. Стандарт келісуден өткеннен кейін Мемстандартқа бекітуге табыс етіледі.

Жүйе деп өзара байланысты элементтердің жиынтығы аталады. Атал-мыш жиынтық жұмыс істеген кезде тиімділігі барынша жоғары мақсатқа қол жсткізіледі. Жүйеге кіретін өзара байланысты элементтердің жиынтығы әр түрлі деңгейде иерархиялық жағынан тәуелді құрылым құрайды. Жоғары сапалы өнім алу үшін жағдай жасау мақсатында, сапа қалып-тасатын өнімді жобалау, оның өндірісі мен пайдалану сатыларының барлығын қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі қажет.

Кәсіпорындардың кең салааралық байланысында стандарттар жүйесі шикізат, материал, әзірлеме мен түпкілікті өнім мен оны қаптамаға салу стандартын қамтуға тиіс. Осы қағида машиналарды, жабдықтарды, аспап-тарды және т.б. кешенді және озық стандарттауда пайдаланылады. Ол са-паны кешенді басқару жүйесі енгізілгенде кеңінен қолданылады. Стан-дарттар шикізат алудан бастап, өнімді тұтынушыға жіберу кіретін өнім жасаудың бүкіл процесін қамтуға тиіс. Тек сонда ғана нәтижеге, яғни өнімнің жоғары сапасы мен оның тұтынушылар үшін қауіпсіздігіне қол жеткізуге болады.

Кешенді стандарттау — бұл жалпы стандартталатын объектінің өзі мен оның негізгі бөліктеріне де, сонымен бірге нақты проблеманы оңтайлы шешуді қамтамасыз ету мақсатында, объектіге ықпал ететін басқа да материалдық және материалдық емес факторларға өзара байланысты талаптарды мақсатқа сәйкес және жоспарлы түрде белгілеу және қолдану.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *