Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықты өте толғандырады. Атап айтатын болсақ, мұны Киот хаттамасына қол қойған барлық елдердің өнеркәсіп газдарын тастауды 8%-ға төмендету туралы шешім қабылдағанынан байқауға болады. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға газ тастаудың, шудың, электр магнит сәулесінің және т.б. деңгейі қатаң шектеледі. Осының барлығы елеулі бөлігі табиғат пен экологияны қорғауға арналған стандарттау саласында көрініс тапқан.

Еуропа елдерінің өзінде ғана экология саласында 90-нан астам директива қабылданды. Аталмыш директивалар мына бағыттарды қамтиды:

  1. Еуропалық Одақтың (ЕО) бас саясаты бойынша — өнеркәсіпте ластауды бақылаудың кұнын бағалау әдістері, өнеркәсіптік жобалардың табиғатқа жасайтын әсерін бағалау.
  2. Су бойынша-өзендерді, теңіздерді, көлдер мен басқа да су қоймаларын ластанудан қорғау, ауыз су сапасының проблемалары, су қоймаларына өндіріс қалдықтарын тастау, судың флорасы мен фаунасын қорғау жөніндегі іс-шаралар.
  3. Ауа мен өнеркәсіптік тәуекелдер бойынша — кейбір заттарды қолдануды шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың құрамы жөніндегі нормалар.
  4. Қалдықтар бойынша — ағын суларды тазарту, қоқысты кәдеге жарату, қауіпті заттарды тасымалдау, оларды сақтау және құрту.
  5. Шу бойынша — өнеркәсіптік қондырғылардың, көлік құралдарының, тұрмыстық құралдар мен т.б. шу деңгейін нормалайды.

ЕО-та бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздік белгісі енгізілген. Аталмыш белгі тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі жөнінде хабардар етеді. Белгі зиянды заттар жол берілетін, тұтынуға қауіпсіз дозаларда болуы мүмкін тамақ өнімдеріне, сусындар мен дәрі-дәрмекке қойылмайды.

Экологиялық стандарттауда ИСО маңызды рөл атқарады. 1993 жылы оның құрылымында «Экологиялық басқару» деп аталатын техникалық комитет құрылды. Осы комитеттің жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар жазылған ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды.

«Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Оны қолдану жөніндегі талаптар мен басшылықтар» деп аталатын ИСО 14001:2004 мен «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Оның тіршілік ету қағидалары, жүйелері мен қамтамасыз ету кұралдары жөніндегі жалпы басшылық» деп аталатын негізін қалаушы стандартының соңғы нұсқалары. Экологиялық басқару жүйесінде қоршаған ортаның жай-күйін үздіксіз жақсарту қарастырылады. Экологиялық басқару жүйесін енгізу келесі бірнеше сатыда жүзеге асырылады:

  1. Ұйымның саясатын әзірлеу. Саясат қоршаған ортаның жай-күйінің жалпы көрсеткіштеріне қатысты қызметтің мақсаттары мен қағидалары жөніндегі деклараңия-өтініш түрінде ресімделеді. Қағидаларда ұйымның іс-әрекетінің ауқымы белгіленіп, оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттері мен мақсаттары қойылуға тиіс. Өтінішке мақсаттар мен міндеттемелер, ұжымдық міндеттемелер, үздіксіз жақсарту, мүдделі тараптар байланыс жасау, мониторинг, құжаттандыру және ынтымақтастық жасасу деп аталатын тармақтар кіреді:

Экологиялық басқарудағы саясат ашық болуы тиіс. Қағидалар мен мақсаттар қалыптастырылған өтініш қалың бұқара танысуы әрі фирманың бәсекелестігін арттыру үшін жариялы баспасөзде жарияланады. Осы сатыны «Қол жеткізетін жетістігіміз»деп атауға болады. Осыған байланысты фирма жетуге тиіс мақсаттар мен нәтижелер айқын белгіленуге тиіс.

  1. Қойылған мақсатгар мен көзделген нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді. Бұл үшін өндірістің жоғары экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін ұйымның бүкіл қызметін реттейтін қажетті құжаттамалар топтамасы жасалады.
  2. Ұйымда экологиялық басқару жүйесі жұмыс істей бастады, жүйенің жұмысын ретке салу, барлық салалас қызметтердің жұмысын нақтылау, жаңа жағдайда олардың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне жету үшін іс-шараларды іске асыру қажет.
  3. Экологиялық басқару ісінің жай-күйін, оның қабылданған бағдарламаға сәйкестігін кезеңді бақылау жасалып, бағдарламадан ауытқу байқалған жағдайда істің барысы нақтыланады.
  4. Ұйымның жұмысын қазіргі кезеңдегі деңгейде қолдап, олардың бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру үшін басқару саясатын мақсаттар мен міндеттер кезең-кезеңмен талданады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *