Стенокардияның алғашқы симптомы (көкірек қыспасы) әдетте жүрек тұсының ауруы болып табылады. Көптеген жағдайларда стенокардия ұстамаларына денеге түсетін күш немесе жүктеме түрткі болады. Стенокардия жүрек тұсында ұстама тәрізді ауру түрінде білінеді, оның себебі жүрек бұлшықетінің оттегіні қажет етуі мен оның миокард жасушаларына нақты түсуі арасындағы сәйкессіздік болады (жүректің ишемиялық ауруы).

Аурудың өзіне тән симптомдары

Стенокардияның жетекші симптомы көкіректі қысатын ауру ұстамасы болып табылады. Ол таралуы мүмкін, яғни ауру сол жаққа қолға беріліп, жүректің айнуы, ентігу және түйілулер қатар жүреді, науқасты суық тер басады. Алайда кейбір адамдарда жүректің ишемиялық ауруының көріністері классикалық симптомдардан алшақтау. Көкірек тұсының ауруы әлсіз немесе тіпті болмауы мүмкін, ал басым симптомдары ентігу және түйілулер болады. Басқа жағдайларда ауру бір немесе екі қолда да, мойын түсында сезілуі мүмкін, ол жақ пен тістерге жетеді. Осы кезде ауруға нақ стенокардия себеп екендігін анықтау қиын болады, сондықтан диагнозды нақтылау үшін қосымша медициналық бақылау қажет болады.

Стенокардияның негізгі себебі — жүректің қанмен жабдықталуының жеткіліксіздігі. Жүрек бұлшықетінде оттегінің жеткіліксіз болуы ауру ұстамаларына себеп болады.

Стенокардия ұстамалары әдетте дене жүктемесінде, әсіресе тамақ ішкеннен кейін және салқын ауа райында суық шалғанда пайда болады. Науқас біршама уақыт тыныштық күйде болғанда ауру бәсеңдеуі немесе қайтуы мүмкін. Көңіл күй жүктемелері, күйзеліс те ұстамаға түрткі болады.

Жүректі қанмен жабдықтау жүйесі

Жүрек бұлшықеті адамның бүкіл өмірі бойына 1000-ға жуық галлон қанды айдайды, және де әрбір минут сайын ол шамамен 70 рет қысқарады. Жүмысын тиімді орындауы үшін жүрекке қан үдайы келіп тұруы қажет.

Тәждік (коронарлы) артериялар

Оттегі және жүрек бұлшықеттерінің жасушаларын қоректендіретін басқа да элементтер жүректің жоғарғы бөлігінде тәж пішінді болуының арқасында тәждік деп аталатын, тәждік артериялармен келіп түседі. Екі тәждік артерия болады -сол жақ және оң жақ, олар жүректің сол жақ қарыншасынан шыққан жеріндегі қолқадан (адам организміндегі негізгі артерия) бастап тармақтанады. Қарынша әр жиырылған сайын оттегімен қаныққан қан жүректен шығып, тәждік артерияларға түседі.

Оң жақ тәждік артерия жүректің оң жағын қанмен жабдықтайды және шеткі артерияға және артқы қарыншааралық артерияға тармақтанады. Сол жақ тәждік артерия жүректің сол жағына бағытталады, онда алдыңғы қарыншааралық артерияға және сол жақ тәждік артерияның айналма тармағына бөлінеді.

Коллатеральды (жанама) қан айналымы

Негізгі қантамырлар арасында кішкентай қантамырлардың тұтас желісі (коллатеральды қан айналымы) орналасады. Егер осы артериялардың бірінде бөгеліс болса, онда коллатеральды немесе жанама қан айналымы белсенділеніп, қан ағымын қамтамасыз етеді, сондықтан тәждік артериялар толық бөгеліске ұшырағанда ғана жүректің бұлшықетінің қызметі тоқтайды.

Аурудың себептері

Стенокардия — жүрек бұлшықетінде оттегінің тапшы болу проблемасының бар екендігін көрсететін индикатор. Көптеген жағдайларда жүрек бүлшықетінде оттегімен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігінің себебі атеросклероз, яғни артерия қабырғаларында атеросклероздық түйіндіктердің жиналуы нәтижесінде тәждік артериялардың біртіндеп тарылуы (стенозы) болып табылады. Холестериндік түйіндіктер уақыт өте келе өсіп, қантамыр кеңістігін аздап жабады. Ақыр аяғында артерияны тарылтатыны соншалық — жүрек бұлшықеттерінің жекелеген бөлімдерінің қанмен жабдықталуы едәуір азаяды.

Денеге күш түскенде жұмыс жасап тұрған бұлшықеттерге келетін қан ағымын қамтамасыз ету үшін, жүрек бұлшықетінің жиырылу жиілігі артуына тура келеді. Жүрекке түсетін жүктеме неғұрлым көбірек болса, жүрек бұлшықеті тәждік артериялардан түсетін қаннан оттегі және қоректік заттарды соғұрлым көбірек алуы тиіс.

Егер тәждік артериялардың тарылуы сезілетін болса, бұл келетін қан ағымын шектеуі мүмкін, сондықтан жүрек қанның қажетті көлемін ала алмайды. Мұндай жағдай жүректің ишемиялық ауруынан хабар береді, оның алғашқы симптомдары ауру ұстамалары болуы мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруы артерия айтарлықтай тарылған кезде ғана көрініс береді, және еркін қан ағымы үшін қантамырдың бастапқы қуысының шамамен 30%-ы ғана қалады. Міне, сондықтан адам өзінің ауру екенін әрдайым сезіне бермейді де, симптомдар толық
көрініс бере бастағанша бірнеше жыл өтіп кетеді. Холестериннің жиналу үдерісі жас адамдарда жиырма жаста басталуы мүмкін, бірақ артериялардың қан ағымына кедергі жасайтындай барынша тарылуы үшін тағы 20-30 жыл өтуі тис.

Стенокардия үдеген кезде артериялық стеноз күшейе түседі, денеге күш түскенде жүректі қоректендіретін қантамырлар қанды үлкен мөлшерде өткізе алмайды. Ақыр аяғында стенокардия ұстамалары адамда тіпті әдеттегідей жаттығулар кезінде-ақ, мысалы, ол киінгенде немесе жуынғанда пайда болады.

Тұрақсыз стенокардия

Кейде денеге немесе көңіл күйге артық күш түспесе де, кездейсоқ және кенеттен болатын ұстамалар пайда болуы мүмкін. Бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы ауру ұстамасының қарқындылығы, пайда болу жиілігі және ұзақтығы жоғарылайтын нұсқасы да болуы мүмкін. «Тұрақсыз стенокардия» деп аталатын жағдайға кенеттен орын алатын жиі және қарқынды симптомдар тән. Олардың пайда болу себептерінің тұрақты стенокардия көріністерінен біршама айырмашылығы бар.

Артериялар атеросклероз есебінен белгілі бір дәрежеге дейін тарылса да (тұрақты стенокардия жағдайындағыдай), барлығында бірдей бұл жіті ауру ұстамаларын тудырмайды. Оларға атеросклероздық түйіндіктер бетінде пайда болатын күрт және кенеттен болатын өзгерулер себеп болады. Түйіндіктің негізгі бөлігі артерия қабырғасының қалың қабатында орналасқан, холестеринмен қаныққан ядродан тұрады. Ол қан ағынынан бөліп тұратын фиброзды қабатпен немесе капсуламен жабылған. Капсула жарылған кезде түйіндік ядросы қантамыр кеңістігіне түсіп, қанға өтеді.

Қан ұйындылары бір-бірімен қосылып, тромб түзуі мүмкін. Тромб уақыт өте келе ұлғайып, қан жүретін қантамыр кеңістігін тарылтады, бұл факторлар ишемия симптомдарының пайда болуына әкеледі.

Егер тромб қантамырды толық бөгесе, онда миокард инфарктісі орын алуы мүмкін, яғни оттегімен байытылған қанның жүрекке жетуі тоқтағандықтан, жүрек бұлшықетінің бөліктері тіршілігін жоя бастайды. Науқастың артериялары ауыр зақымданғанда және стенокардия үдемелі болған жағдайда ұстамалар денеге аздаған салмақ түскенде-ақ немесе тіпті тыныштық күйінде де пайда болуы мүмкін.

Стенокардияны анықтау

Тұрақты және тұрақсыз стенокардияны анықтау үшін зертханалық тестілер жүргізіледі және ауруды анықтау үшін құрал-аспаптар пайдаланылады. Ауру түрін анықтағаннан кейін дәрігер тиісті емді таңдап алады. «Стенокардия» диагнозын қоймас бүрын, дәрігер осыған ұқсас симптомдары бар басқа да аурулардың бар-жоқтығын анықтауы қажет. Оларға гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА) жатады, мұндай асқазан сөлінің агрессивті компоненттері өңештің төменгі бөлігін қабындырады, бұл қыжылға және басқа да жайсыз сезімдерге әкеп соғады. Алайда егер бұл көріністер тәждік артериялар аурулары екендігін жоққа шығармаса, бірқатар зерттеулер жүргізген жөн.

Қан қысымы өлшенеді және келесі аурулардың баржоқтығын анықтау үшін қанға зертханалық талдау жасалады:

  • Гемоглобин, құрамында оттегі бар қызыл қан денелерінің тапшы екендігі (кеуденің ауруын күшейтуі сирек емес) байқалатын анемия.
  • Бүйрек ауруы (бүйрек артерияларының атеросклерозы болуы ықтимал).
  • Диабет.

Қысымның өзгеруі — жүрек-қантамыр қызметіне баға беруде маңызды компонент. Жоғары қысым атеросклероздың және стенокардияның дамуында қауіп факторы болып табылады.

Электрокардиография (ЭКГ) жүрек бұлшықетінде оттегінің тапшы екендігін анықтау үшін қажетті міндетті зерттеу әдісі болып табылады. Миокард ишемиясында жүректің жиырылуын стимуляциялайтын электр импульстері әлсірейді, және ЭКГ оның қалыпты күйден барлық ауытқуларын кідіртпей көрсетеді.

Тұрақты стенокардияны жүктемелік тестілер жәрдемімен анықтау

Тұрақты стенокардияда ты-ныш кездегі жүрек бұлшықеті әрдайым ишемия симптомы бола бермейді. ЭКГ бұрын бас-тан кешкен миокард инфарк-тісінің белгілерін көрсетсе де, қалыпты болуы мүмкін. Жүрек-тің жүктеме түскен кезде жұмыс жасау қабілетін білу және ише-миялық ауруды анықтау үшін зерттеу әрі қарай жүргізіледі.

Жүктемеліктест

Өте қарапайым жүктемелік тест — бұл жүгіру жолағында (тредмиледе) жаттығу. Емделуші жүгіру жолагының бойымен қозғалады, жүрекке түсетін жүктеме біртіндеп ұлғаяды, мұны ЭКГ жазып алып отырады. Ауруын анықтау үшін балама дәрі-дәрмектік әдісті қолдану қолайлы болатын емделушілер де бар. Жүректерін жүктемемен жүмыс жасату үшін жүктеме кезінде оларға дәрілік препараттар енгізеді, содан кейін ЭКГ-ге жазу жүргізіледі.

Эхокардиография

Эхокардиографияда жүрек бұлшықеттерінің кескіндемесін алу үшін ультрадыбысты пайдаланады. Миокардта ишемияның тұрақты ошақтары пайда болысымен жүректің жиырылу қабілетіндегі өзгерулер аймағы тіркеле бастайды.

Басқа әдістемеде қан ағыны төмен аймақты анықтау үшін, көктамырға енгізілетін радиоактивті материалды пайдаланады. Арнайы камераның жәрдемімен жүректің кескіндемесі бейнеледі, онда радиоактивтілік дәрежесі әртүрлі аймақтар қан ағыны жеткіліксіз жерді көрсетеді. Жүрекке түсетін жүктемені арттырып және жүректің суретін алуды қайталай отырып, проблемалық аймақты дәл анықтауға болады. Егер жоғарыда аталған зерттеулер оң нәтиже берсе, тәждік артериялардағы патологиялық өзгерулерді тікелей көру үшін, тәждік ангиография жүргізген жөн.

Стенокардияны емдеу

Тұрақсыз стенокардияда дереу ауруханаға жатқызу қажет. Егер тұрақсыз стенокардияны емдемесе, ол миокард инфарктісіне ауысуы мүмкін. Ең алдымен артерияларда тромбтың түзілуін тоқтату үшін қанды сүйылтатын антикоагулянт қабылдау қажет. Көктамыр ішіне немесе тері астына гепарин енгізіледі.

Кеудедегі ауруды басуға морфинмен инъекция жсау жәрдемдеседі, бұдан басқа көктамыр ішіне құрамында нитраты бар дәрілік препараттар енгізіледі. Олар артерия қабырғаларының бүлшықеттеріне тікелей әсер етіп, кеңеюге мәжбүр етеді. Қан ағыны мүндайда ұлғаяды. Жүректің жұмысын баяулататын және тиісінше қанның құйылу қажеттілігін төмендететін бета-блокатор жиі қолданылады. Егер қолданылған барлық шараларға қарамастан, кеуденің ауырғаны азаймаса, шұғыл коронарлы ангиография қажет болуы мүмкін.

Аурудың ауырлығына және тәждік артерия ауруларының түріне орай, дәрігер ангиопластиканы (бітелген немесе тарылған артерияға оны кеңейтетін баллон орналастырылатын медициналық емшара) ұсынуы мүмкін. Басқа жағдайлар тек операциялық еммен ғана икемге келеді.

Тұрақты стенокардияны емдеудегі мақсат — ауру симптомдарын жою және миокард инфарктісінің алдын алу және асқыну қаупінің факторларын төмендету. Тұрақты стенокардия көріністерін дәрілік заттардың төрт негізгі тобының көмегімен емдейді. Алғашқы тобына жүрекке түсетін жүктемені төмендететін бета-блокатор жатады. Басқа топтары кальций антагонистері (АГ) деп аталатын дәрілерді, нитраттарды және салыстырмалы жаңа препарат никорандилды қамтиды. Олардың барлығы тәждік артерияларды кеңейту үшін қолданылады. Қауіп факторларын жою — аурудың дамуын баяулатуы және қан қысымының жоғарылауы, диабет және қандағы холестерин мөлшерінің ұлғаюы түріндегі ықтимал асқынуларды төмендетуі мүмкін. Емдеуді дәрідәрмекпен жүргізеді. Аспирин де асқынулардың алдын алу үшін ұсынылады, егер асқазан ауруларында қарсы көрсетілімдері болмаса ғана, оны күн сайын қабылдау пайдалы болмақ.

Қолданылған әдебиет: Егде жастағы денсаулық / Питер Абрахамс; орыс тілінен аударған: Ұ. Тілегенова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *