Суға бату

Тыныс алу жолдары сумен, тұнба немесе лаймен бітеліп, ауа өкпеге өтпейтін және қанды оттекпен қанықтырмайтын жағдай суға бату деп аталады. Суға батудың үш түрі бар:

Ақ асфиксия (жалған бату) — тыныс алу мен жүрек жұмысының рефлекторлық тоқтауымен сипатталады. Оның себебі тыныс алу жолдарына түскен аздаған су дыбыстық саңылауда спазма туындатады. Ақ асфиксия жағдайында адамды суға батқаннан кейін 20-30 минут өткенен кейін де құтқаруға болады.

Көк асфиксия (өздігінен бату) — судың өкпе альвеолдарына өтуі нәтижесінде пайда болады. Мұндай суға батқандардың беттері, әсіресе құлақ қалқандары, саусақтарының ұштары мен еріндерінің шырышты қабықшалары күлгін көкшіл реңкке ие болады; оның су астында болуы 4-6 минуттан аспаса, онда зардап шегушіні жандандыруға болады.

Жүйке жүйесі функциясының қажуы кезінде суға бату суықтан естен тану, сондай-ақ алкогольдік масаңдану нәтижесінде болады, бұл ретте жүректің тоқтауы 5-12 минуттан басталады. Суға батудың бұл түрі ақ және көк асфиксияның арасындағы аралық түр болып табылады.

Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін дереу оның тілін ауыздан шығарып, ауыз бен мұрынды тазалап, домалақтап оралған киімге немесе көмек көрсетуші тізесіне етпетінен жатқызып, арқасын баса отырып, өкпені толған судан босату керек. Осыдан кейін зардап шегушіні арқасына аударып, басының астына киімнен жасалған ораманы (бас артқа шалқайып тұратындай етіп) салады және жасанды тыныс алуды жүргізуге кіріседі. Тілдің көмей жолын жауып қалуын болдырмау үшін оны ауыздан тартып шығарады және бинтпен, беторамалмен ұстап тұрады. Суға батқан кезде жасанды тыныс алдырудың неғүрлым тиімді тәсілі «ауыздан ауызға» тәсілі болып есептеледі. «Ауыздан мұрынға» тәсілі қандай да бір себептермен зардап шегушінің қарысып қалған жақ сүйектерін ашудың сәті түспеген жағдайда қолданылады.

Жасанды тыныс алдыруды дем шығарудан бастайды. Егер жүрек соғуы естілмесе, онда жасанды тыныс алдырумен қатар бір мезгілде өздігінен тыныс алу пайда болғанға дейін жүрекке тікелей емес массаж жасаған жөн.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *