Сұрақ-ЖауапРубрика: ТарихЖошы ұлысының территориясы жөнінде мәлімет
0 +1 -1
Mastergreen Админ. спросил 1 месяц назад

Жошы ұлысының алып жатқан аумағы қандай?

1 ответ
0 +1 -1
Mastergreen Админ. ответил 1 месяц назад

Жошы ұлысы — Алтайдан Дунайға дейінгі жерді алып жатқан мемлекет. Бірде Шыңғыс хан балаларын шақырып алып, қол астындағы жауланған жерлерді балаларына еншілікке бөліп береді. Сонда Қазақстан жері моңғол ұлысының құрамындағы үш бөлікке бөлініп, оның үлкен (далалық) бөлігі Жошының үлесіне тиесілі болды. Өз кезегінде Жошы ұлысы оның балаларына үлестер ретінде бөлініп беріліп, нәтижесінде ұлыстық жүйе қалыптасады. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік құрылымға бөлінеді. Оң қанаты — екінші ұл Бату (Сайын хан) мен оның балаларының иелігіне қарайды. Бату ұлысы Алтын Орда аталып, Жошы ұлысындағы орталық билікті қолына ұстады. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының екінші бір орталығына айналады. Ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанаты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұрпағының үлесіне тиеді. Орда Ежен ұлысының билеушілері өздерін Алтын Орда хандарына бағыныштымыз деп мойындағанмен, іс жүзінде тәуелсіз мемлекет болды. Бірақ Жошы ұлысындағы моңғол иелігі «Ұлы құрылтайға» шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266 -1280) кезінде империядан бөлініп, дербестікке қол жеткізді.