Сырым Датұлы — демократияның негізін қалаушы

XVIII ғасырдың 80-жылдарында Кіші жүз жерінде хандық билік әлсіреді. 1786 жылы 3 маусымда патша Нұралыны хандықтан айырып, Уфаға жер аударды. Сөйтіп 38 жылы Кіші жүздің басым бөлігін басқарған Әбілхайыр ханның үлкен ұлы Нұралының билігі аяқталды. Патша әкімшілігі Кіші жүзде хандықты жойып, қазақтың байырғы басқару жүйесін реформалауға көшті. Кіші жүзде хандықтың жойылуы қазақ даласындағы жеке биліктің әлсіреуін білдіреді. XVIII ғасырдың 70-90 жылдарында Батыс Еуропа және АҚШ-таш монархиялық биліктің әлсіреуі, демократияның дамуына жол ашты. Батыс Европа және АҚШ елдерінде монархияға қарсы революциялар болып, АҚШ мемлекеті тәуелсіздігін жариялады. 1798 жылы Францияда революция болып, демократия жеңіске жетіп, конститутция қабылданды. Сол сияқты Речь Посполитой елінде 1791 жылы 3 мамырда, конституция кабылданды.

Бұл дүниежүзінде монархиялық шексіз биліктің жойылуына жол ашты. Кіші жүз жеріндегі хандық биліктің әлсіреуі әлемдік тарихи процестің жалғасы болды. Сондыктан Сырым Датұлының Халық Кеңесі арқылы елде старшындармен халық билігінің орнауына әкелді. Батыс Европадағы демократиялық қозғалыстың кең етек алуы Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуінің басты себептеріне — Батыс Еуропа және АҚШ-тағы демократаялық өзгерістердің ықпалы емес, Сырым Датұлының саясаткер ретінде елдегі жаңа өзгерістерді түсіне отырып, өз ойымен хандық билікті жоюға іс-әрекет жасауы. Тарихтағы «Еуроцентристердің» жазып келген «ықпал» және «үлгі алды» деген ойлар дұрыс емес екендігін жаңаша дайымдауға, тарихтағы жаңа методологиялық негізде қарастырып, бұрынғы «Евроцентристік» көзқарастан бас тартып, Сырым Датұлының көзқарасы қазақ даласында демократияның қалыптасуына және оның негізін қалаушы ретінде мойындауымыз керек.

Кіші жүзде хандық жойылғанға дейінгі саяси дағдарыс хандар мен сұлтандардың беделінің төмендеуіне әкелді. Мұны түсінген патша үкіметі — қазақ даласында өздерінің отарлық саясатын нығайту үшін қазақ-орыс шекарасына жаңа бекіністер салып, қазақ жеріне ендеп бойлап кіре бастады.

1783-1785 жылдарда Кіші жүзде қоғамдық саяси дағдарыс кең етек алды. Біріншіден, Кіші жүз рулары жай келісімдермен шекаралық әкімшіліктің озбырлығын тыя алмайтындығын түсініп, қолға қару алды. Қарулы қақтығысқа байбақты, шеркеш, беріш, тама т.б руларының қазақтары қатысты. Екіншіден, Нұралы ханнан өзінің бауырлары — Ералы, Айшуақ, Досалы сұлтандар ханның шешімдерімен келіспеді. Үшіншіден, Кіші жүзді басқарған Нұралы хан Ресей шенеунігі болып алды, Нұралы ханның өзі: «Мені қарамағымдағы қазақтар Ресейге адалдығым үшін мұсылман санамайды, тіпті бауырларымда бізді сатқындар, орыс бағытын ұстанды» — деп мойындайды. Бұл ханның ел сенімінен шыққанын дәлелдейді.

Патшалық — отаршылдармен хан ауыз жаласып, халық арасында сына қақты. Міне, дэл осы сәтте күш пен ақылды, білім мен білікті, сезім мен парасатты тең ұстаған дана Сырым батыр тарих сахнасына келді. Сырым хандық билікті жойып, ел басқарудың жаңа құрылымын жасауды ұсынды. Халық арасында жұрт «би екеу болса, дау төртеу болады», «би көп елді дау аралайды, дауы көп елді жау аралайды» — деп тегін айтпаған. Нұралы хан Сырымға «Әй, Сырым неге сәлемдеспейсің асып жүрмісің» депті. Сонда Сырым іле-шала: «Хан ие, асып жүргенім жоқ, қара қазақтың басын қоса алмай сасып жүрмін» деген екен. Осы бір аталы сөздер Сырым бастағап қозғалысты тануға түп қазық болса керек.

1785-1786 жылдарда Сырым Датұлы хандық биліктің арасына «Халық Кеңесі» демократиялық жолмен елді халық өкілдерінің қатысуымен басқару жүйесін енгізді. Кіші жүздегі билік бір орталықтандырылған старшындардан құрылды. Сырымның ұсынысымен старшындар (Халық Кеңесінің) съезі жылына бір рет шақырылады. Халық Кеңесінің аға старшыны болып Сырым Датұлы тағайындалды. Халық Кеңесі съезінде сол кездегі Кіші жүз даласындағы маңызды саяси, шаруашылық және әлеуметтік мәселелер қарастырылды. Еділ-Жайық өзендері аралығындағы жерлерді жайылым ретінде пайдалануға қол жеткізу болды. Бұл мәселе жоғарғы мемлекеттік деңгейде патша әкімшілігі мен қазақ старшындар арасында келіссөздер арқылы жүзеге асырыла бастады.

Халық Кеңесінің съездері 1785, 1786, 1787 және 1797 жылдарда өтті. Съезд жұмыстарының барлығына Сырым Датұлы қатысып отырмағандығына қарамастан съезд жұмысы бас старшынның ақыл-кеңесі арқылы шешімдер қабылданды. Сырым Датұлы Халық Кеңесінде қаралған мәселелердің халықтар мүддесіне сай келіп отырды. Халық Кеңесінің съездерінде қаралған мәселелерге Сырымның өзі қатысып, хандық билікті жоюға, патша әкімшілігімен бірлесіп шешіп отырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *