Тұлғаның саясаттағы рөлі

Саясаттың басты элементін оның субъектілері, яғни, ең алдымен, жеке адамдарды құрайды. Сондықтан біз саясаттың, жалпы қандай да болмасын саяси іс-қимылдың адами өлшемін баса көрсетуге тырысамыз. Расында, оның басқа да субъектілерінің бәрі де (әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар, саяси институттар, партиялар және т.б.) саяси мүдделері, мақсаттары, құндылықтары, идеялары және т.б. арқылы біріккен жекелеген адамдардан тұратыны анық. Түптің түбінде адам соның игілігі үшін жасалатын жататын барлық саяси үдерістердің белсенді бастамасы болып табылады. Ұлы Аристотельдің: «Адам – саяси жануар!» дейтін белгілі нақыл сөзі осы жағдаяттың бүкіл саяси өмірі, саясатқа байланыстының бәрі адамдармен, адамдардың мәнін дәлме-дәл бейнелейді. Саяси оқиғалар мен үдерістердің барлығы, қоғамның қандай да бір формада қатысуымен жасалады. Сондықтан саясат пен қоғамдағы адамның рухани-әлеуметтік даму дәрежесі арасында белгілі бір тәуелділіктің бар болатыны сөзсіз.

Қоғамның саяси өмірі дербес ойлап әрі дербес іс-әрекет жасауға қабілетті, әлеуметтік тұрғыда пісіп жетілген адамдардың жеткілікті санының болуын қалайды. Дәл осындай адамдар, әдетте, тұлғалар деп аталады. Әлеуметтік мәнді сапалары (интелектуалдық, мәдени-әлеуметтңк, моральдық-еріктілік) жеткілікті түрде жоғары дамуға ие, өз іс-қылықтары үшін жауапкершілігі мығым, өз сенімдері мен идеалдарына берік, саяси-әлеуметтік өмірдің күрделі түйткілдерінен емін-еркін бағыт-бағдар тауып шыға алатын және жалпы ортақ мүдделер, мақсаттар мен міндеттер үшін дәл сондай емін-еркін іс-әрекет етуге қабілетті адам ғана тұлға болып табылады. Тек тұлға ретінде дамыған, мәдени-өркениеттік прогресстің қазіргі талаптары деңгейіне сай келетін адам ғана қоғамның саяси өміріне саналы және белсенді қатынаса алады. Сонымен қатар басқа адамдардың, бүкіл қоғамның тағдырына әсер етуге қабілетті саясаттың реалдық субъектісі бола алады. Адамдардың тұлғалық дамуының деңгейлері мәнді түрдегі айырмашылықта болатындықтан, олардың көпқырлы қоғам өміріндегі, соның ішінде арнайы дайындықты, арнайы білім мен біліктілікті талап ететін саясаттағы рөлі де әрқилы болып келеді. Расында, тек адмдардың белсенді қатынасуы арқылы ғана қоғамның саяси өмірі қуаттана түседі. Ал саяси институттар нақтылы мазмұнға толығып, саяси мүдделер, мақсаттар мен құндылықтар тиісті саяси құқықтық формасына енеді.

Саясаттағы тұлға рөлін дәлірек сипаттап беру үшін оның көрінісінің әртүрлі аспектілерін ашатын «саяси белсенділік», «саяси мінез-құлық», «саяси қатынасу», «саяси іс-әрекет» сияқты ұғымдар енгізіледі. «Саяси белсенділік» ұғымы саясаттағы тұлға қатынасуының барлық түрлері мен формаларын, олардың қарқындылығы мен нәтижелілігіне еш тәуелсіз, түгел қамтиды. Онымен байланысты «саяси мінез-құлық» ұғымы бұл белсенділіктің бағыттылығын нақтырақ бейнелейді. Қалаулы бағыттағы мүмкін болар өзгерістерге орай қажетті ықпал ету шараларын белгілеу үшін олар, алдымен реалды саяси ахуалды игеріп алуы тиіс. Саяси қатынасу ұғымы бастапқы ұғымды одан әрі нақтыландыра түседі. Ол берілген саяси үдерістің барысына оң ықпал ету мақсатына сай, тұлғаның оқиғалар иіріміне саналы түрде кірігуін білдіреді. Бұл қатарда «саяси әрекет» ұғымы ең нақтылы болып табылады, өйткені ол тұлғаның мемлекеттік (ішкі және сыртқы) саясаттың әлдебір параметрлерін өзгертуге мақсатты түрде бағытталған қызметін білдіреді. Саяси әрекет өзінің нақтылы мазмұнын саяси сайлауларға саналы қатынасу, саяси партияға кіру, әлеуметтік мәні бар саяси бағдарламалар жасау, оларды іске асыруға бағытталған қызмет тәріздес және т.б. нақтылы саяси акцияларды өткізу арқылы көрініс табады.

Тұлғаның саяси өмірге саналы түрде қатынасуға, дербес шешім қабылдауға деген қабілеті оның саяси білімінің, тәжірибесінің, мәдениетінің даму деңгейіне байланысты. Әрине, бұлар адамға туа берілмейді, оларды адам бүкіл өмір бойы жинақтайды. Адамды қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу, сөйтіп дәйекті әлеуметтік тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтендіру үдерісінде тұлға сол қоғамда үлгі ретінде қабылданған құндылықтарды, ережелер мен нормаларды, мінез-құлық мен іс-әрекет, бағдарламаларын өз бойына сіңіреді. Саяси әлеуметтендіру арқылы адам қоғамның саяси өміріне, нақтылы саяси жүйенің тәртібіне бейімделеді. Сонымен қатар саяси-құқықтық нормаларын игеріп, сол жүйеде қызмет атқару қабілетіне ие болады. Арнайы саяси қызметпен айналысу арнайы дайындықты, білімді, саяси мәдениет деңгейінің жоғары дәрежесінің болуын талап етеді, ал бұл жағдаят саяси элиталарды қалыптастыру мәселесімен ұштасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *