Архив метки: Анатомия

Жүрек туралы мәлімет

Жүрек (cor; сурет 175) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және… Читать далее »

Несеп жүйесі туралы мәлімет

Бүйрек (ren; сурет 155) жұп мүше, қою қызыл түсті, тығыз, салмағы 120-200г, екі жағынан омыртқамен, артқы қуысында 12 бел омыртқасының тұсында, іштің қуысыңда орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек орналасады: оның жоғарғы ұшы XI кеуде омыртқасының төменгі жағымен шектеседі, ал сол бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның орта бөлігінде орналасқан. Он бүйректің алдыңғы жағынан он… Читать далее »

Өкпе туралы мәлімет

Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі болып өкпе (pulmones; cyрет 150) саналады. Бұлар кеуде қуысының көлемін дерлік толығымен алатын, жұп мүше. Өкпенің әрбірі өзінің өкпеқабында орналасып, жүрек, үлкен тамырлар (қолқа, жоғарғы қуыс тамыр), өңеш және басқа мүшелер орналасқан, көкірек қуысымен бөлінеді. Өкпе пішінімен қиық конусқа ұқсас, оның төбесі (apex pulmonaris) бұғана үстілік шұңқырына, ал ішке қараған… Читать далее »

Ауыз қуысы туралы мәлімет

Ауыз қуысы, көмей және өңештің бастапқы бөлімі бас пен мойын аймағында орналасқан: кеуде қуысында өңештің көп бөлігі, құрсақ қуысында — өңештің соңғы бөлімі, асқазан, жіңішке ішек, соқыр ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі, кіші жамбас аймағында-тік ішек орналасады. Ауыз қуысы (cavitas oris; stoma; сурет 109) жоғарыдан жұмсақ және қатты таңдаймен, төменнен — тіл мен… Читать далее »

Тұтас жамбас

Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және олардың байламдары жамбасты (pelvis) түзеді. Жамбастың жоғарғы бөлімі — үлкен жамбас (pelvis major) кең, құрсақ қуысының бөлігі болып табылады, бүйірінен мықындық сүйектердің қанаттарымен, артынан бесінші бел омыртқасымен және бел-мықындық байламмен шектелген, алдыңғы қабырғасын бұлшықеттер түзеді. Төменінде үлкен жамбас кіші жамбасқа (pelvis minor) ауысады. Оларды бөлуші кіші жамбастың жоғарғы апертурасы деп… Читать далее »

Аяқ сүйектерінің белдеуі

Жамбас сүйегі (os coxae, сурет 29, 30) — қаңқаның барлық қызметтерін атқаратын сүйектердің бірі. Оның тіректік қызметі айқын көрінеді. Ол арқылы дененің жоғарғы бөлігінің ауырлығы аяқтарға беріледі. Жамбас куысыңца орналасқан ағзаларға қатысты жамбас сүйегінің қозғалғыштық қызметі де айқын. Бұл сүйек адамның және жануардың қозғалыстың қызметінің маңызды түйіні болып табылады. Оның кеуекті затындағы қызыл сүйек миының… Читать далее »

Омыртқалар туралы мәлімет

Омыртқада (сурет 11) омыртқа тесігіне тірелетін денесі мен доғасы болады. Омыртқа денесі шеткі жағынан тығыз заттың жұқа қабатымен, ал ішкі көлемі кеуекті затпен жабылған. Омыртқа доғасының негізінде жоғарғы және төменгі тіліктері болады. Екі көрші омыртқалардың бірігуінен тіліктер омыртқааралық тесік құрайды. Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales; сурет 11, В-Д). Мойын омыртқаларының басқа омыртқалардан айырмашылығы көлденең өсінділерінде тесіктер… Читать далее »

Омыртқа бағанасы

Омыртқа бағанасы (columna vertebralis) өзінің дамуы бойынша жұлынды айнала орналасып, оған сүйектік орын түзеді (10 сурет). Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бассүйектің қимыл қозғалысьша қатысады. Омыртқа бағанасы 32-34 омыртқалардан тұрады. Олар 7 мойын (vertebrae cervicales), 12 кеуде (vertebrae thoracicae), 5 бел (vertebrae lumbales), бір… Читать далее »

Остеология (сүйектер туралы ілім)

Адам қаңқасы деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Ол тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды, оның активті элементі бұлшықет болып табылады. Еркек адамдарда қаңқасының орташа салмағы 10 кг, ал әйелдерде 6-8 кг құрайды. Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Күрделірек біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, ал қосымша… Читать далее »