Терроризм — дінге жат ұғым

Діни экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке қатері

Әлемдік және отандық басылым беттерінде терроризм және экстремизм дегендер жиі жазылуда. Экстремизм (лат. «шеттеу») — бұл қандай болмасын идеяға, сенімге не ілімге шектен тыс берілу, сол сенімді дәстүрлі құндылықтардан жоғары қоюшылық. XX ғасырда француз заңгері М.Лерой экстремистерді «саяси идеяларға абсолютті берілгендік» деп анықтаған еді. Экстремизм саяси фанатизмнің бір түрі. Бұл мағынада М.Лерой болыпевиктерді «қызыл экстремистер», монорхистерді «ақ экстремистер» деп анықтаған еді. Осы мағынада түсінсек, экстремизм саясатқа тікелей байланысты түсінік. Экстремизмнің түрлері көп. Экстремистер өздерінің іс-әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.

Терроризм (лат. «қорқыныш, үрей») — бұл экстремизмнің асқынған формасы. Террористер өз іс — әрекеттерінде тым қатал іс-шаралар жасап, өздерінің саяси мақсатын орындауда ешнәрседен тартынбайды. Терроризм қазіргі заманда аса қауіпті проблемаға айналып отыр. Терроризм мемлекеттердің тамырына балта шабатын саяси әрекет.

Экстремизм, терроризммен халықаралық және мемлекеттік арнайы органдар күрес жүргізуде. Қазақстанда жаңа форматтағы антитеррористік орталық қүрылған. Экстремизм және терроризм мәселелерін түсіндіруде саясаттану пәні және саясаткерлер арнайы шүғылданады. Олар экстремизнің, терроризмнің шығу себептерін, саяси мақсат-мүдделерін ашып беруде. Сонымен бірге, экстремизм және терроризммен еліміздегі құқық қорғау органдары нақтылы шұғылдануда.

Дінде экстремизм де, терроризм де жоқ. Бірақ экстремистер мен террористер дінді өздерінің мақсаттарына пайдаланып, оны күннен-күнге өршітіп, дінде экстремизм мен тероризм барлығын дәлелдегілері келеді.

Дін — адамның өте нәзік сезімі. Діннің осы ерекшелігін жат пиғылдағы саясаткерлер алуан түрлі айла-тәсілдер арқылы өз мақсаттарына пайдалануда. Бұл істе елдің жекелеген адамдардың әлеуметтік жағдайларына байланысты, оларға «көмектер» көресету мақсатында (ақшалай, заттай) «сыйлықтар» беріп, өз ықпалдарына түсірумен әрекеттенуде. Мұндай айла-шаралардың түрлері аса көп. Кей-кейде бизнес немесе шет тілдерін оқыту арқылы да діни теріс пиғылды дінге сүйенген әрекеттер орын алуда.

Елімізде 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындалып, қабылданды. Осы бағдарлама негізінде Республика бойынша әсіресе, Мәдениет және спорт Министрлігіндегі Дін істері комитеті нәтижелі қызметтер атқаруда. Әсіресе, діни сараптама ісі ғылыми негізге қойылған. Елімізге әр түрлі жолмен келіп жатқан жат пиғылдағы «діни» эдебиеттер және де басқа ақпараттық көрнекті құралдар, кітаптар сараптамаға түсуде. Діни сараптамадан өтпеген діни кітаптарды сатуға елімізде тыйым салынған.

Діни экстремизм және терроризм әлемнің елдерінде, аймақтарында сан қилы көрініс табуда. Бұл жерде ескеретін жағдай олармен күресте іс-шарар біріншіден, заңдық негізде жүруі керек. Бұл жөнінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының 7-тармағында былай деп айтылған:

«Ешкімнің де өз діни наным-сенім себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ».

Екіншіден, Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес әр халықтың дәсүрлі мәдениеті негізінде болғаны жөн. Дәстүрлі діндер сол елдің дәстүрімен бірігіп, біте қайнасып, ғасырлар бойы тәжірибеде сұрыпталған. Сондықтан, дінді дәстүрге қарсы қою- қателік. Осы мақсатта Қазақстан Мүсылмандары Діни басқармасы «Дін және дәстүр» деген орыс, қазақ тілдерінде кітаптар шығаруда. Бұл құптарлық бастама. Дәстүрге қарсы шығатын діни пиғылды халық қабылдамайды.

Үшіншіден, экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәдени күрес болуы керек. Адамзат және халықтық мәдениеттің әмбебап құндылықтарын жоққа шығаратын діни пиғылдағы әрекетін қүптауға мүлдем болмайды.

Әр халықтың мәдени мүрасы адамзаттың ортақ құндылығы болып табылады. Сондықтан тарихи жәдігерлерді жою, қирату мәдениетке жат әрекет. Мұндай жағдайлар орын алғанда олардың іс-әрекеттеріне адамзаттың мәдени құндылықтарын сақтаудың халықаралық деңгейде бекітілген ереже-қағидаларына сүйенуіміз керек.

Діни экстремизм және терроризм қай халықтың болсын ұлттық қауіпсіздігіне қатер туғызады. Сондықтан біз экстремизм мен терроризмнің барлық болсын түрлеріне наразылық білдіреміз. Осы түрғыда 9-сынып оқушыларына діни экстремизм мен терроризмді нағыз діннен алшақ, адамның шынайы діни сезімінен тыс дінді саясаттандырудан туған жат пиғылдар екенін ашып түсіндіру керек.

Экстремизмге қалай қарсы тұруға болады?

Эктремизм деген бейбіт өмірге лаң салу. Қоғамның тұрақтылығын бұзу. Адамдарға үрей сезімін таңу. Осындай заңға, адамшылыққа қарсы іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін экстремистер адамдардың діни сезімдерін пайдалануда.

Дін табиғатында экстремизм жоқ. Дінді өз мақсатына пайдалану — діни экстремизм. Қазақ елінің азаматтары, әсіресе жастар дін жамылған экстремистерді біліп, танып, олардың арам ниеттерін әшкерелеп отырулары керек. Дін және діндер туралы жастардың білімін көтеру — діни экстремизмге қарсы шараның бірі болмақ. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау да -экстремизмге қарсы шара.

Экстремизмге қарсы мемлекет және қоғам болып күресу керек. Мемлекет экстремизмнің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептерін жойып, экстремизмнің заңға қарсы қандай да болсын әрекеттерін әшкерелеп, радикалды идеяларды саясаттандыруға қатаң тыйым салуы қажет. Мұндай нәтижелі жұмыс «мемлекеттік емес» түрлі қоғамдық ұйымдар арасында жүргізіліп, олардың өткізетін іс-шаралары этносаралық, конфессияаралық келісімге бағытталып отыру заман талабы.

Экстремизмге қарсы жұмыстың түрлері сан алуан. Ондай жұмыстарды заң негізінде, билік тарапынан күш қолдану арқылы жойып отыру қажет. Экстремистердің психологиялық және ақпараттық мүмкіндіктерді пайдаланулары әлемдік тәжірибеде бар тәсілдер. Экстремизм табиғаты қарулы қақтығысқа апаратындықтан құқықтық органдардың арнайы жасақталған қарулы күштерін қолдануға заңды негіз бар.

Адамның асыл қасиеттерін аяқ асты ететін, тіптен адам өліміне жол беретін экстремистерге қоғамның жастар ұйымдары, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері, дін өкілдері бір кісідей қарсы. Қоғамдағы қалыптасқан тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзу ауыр қылмыс. Сондықтан экстремистер заң талабы бойынша қатаң жазалануы шарт. Экстремизмге қоғам тарапынан еш рақымшылық жоқ. Бейбіт өмір аса құнды қазына.

Экстремизмге қарсы күрестің түрі сан қилы, солардың ішінде мыналарды ерекше атап өткен жөн: — этникалық және діни араздықты қоздыратын насихатқа тиым салу; — нәсілшілдік, ұлтшылдық, діншілдік мәселелерін шектен тыс насихаттап, адамдар арасында дүрдараздық іс-шаралар жүргізетін қоғамдық ұйымдар құруға және іс жүргізуге тиым салу; — еліміздің конституциялық құрылымының негіздерін өзгертуге және Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығын күшпен бүзу ниетіндегі, ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызатын, заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекеттеріне тиым салу

Діни экстремизм қандай елге болсын қауіпті. Экстремизмнің қандай түрін болмасын әшкерелеп, олардың әрекеттеріне қарсы тұру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы. Экстремистер дінді пайдаланады. Діндегі құндылықтарды бұрып, мақсаттарына лайықтап түсіндіреді. Сондықтан дінді «дін еместен» ажырату әрбір жастың міндеті. Діни сезімді экстремистік мақсатта пайдаланудың қайғылы оқиғаға жеткізетінін әркім білуге тиіс. Экстремистер мақсаттарын барынша бүркемелеп, қоғам өмірінде кездесетін келеңсіз жағдайды пайдалануға тырысып бағуда. Олардың экстремистік насихаттарында ақпараттық технологияның жетістіктері қолданылып, дін туралы толық сауаты жоқ жастарды алдап-арбап қатерлі жолға салуда. Әрбір экстремистік оқиғалар негізінде дін емес, белгілі бір саяси топтардың мүддесі жатқанын білген жөн.

Есім Ғ. — «Зайырлылық және дінтану негіздері»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *