Загрузка...

Бұл өлең шумақтарында адамның патриоттық, достық, адамгершілік сезімдері, туған жер туралы өлең шумақтары арқылы баяндалады. Әр түрлі авторлардың туған жер туралы жазған өлең шумақтарын оқи отырыңыз.

Асқар Оразақын «Атамекенге оралғанда» Туған жер туралы өлең шумағы

Ақын боп, азамат боп Отан — Ана,
Өзіңнен қайта тудым осы арада.
Жер түгіл, айды айналып күнді құшсам,
Жаныма мұнша шаттық қоса ала ма.

Ойласам ықыласыңды өседі еңсем,
Әлпештеп жолыма гүл төсеген сен.
Қорыңа өз қолымнан үлес қосып,
Арман не ұл мәндетін өтеп өлсем.

«Ер туған жеріне» — оңды мақал екен,
Біреулер соны бұрып жатады екен.
Төбеге туған халқың ту көтерген,
Емес па нағыз Отан — атамекен?!

Атыңнан айналайн атамекен,
Әр тасың алтын тақпен қатар екен.
Әр төбең көзіме оттай басылады,
Басына атам шыққан жота ма екен.

Атыңнан айналайын Туған жер,
Аймалап желің де тіл қатады екен.
Аңсап кеп бұлағыңнан су сімірген,
Бейне бір тіліңнен бал татады екен.

Қанат Тәліпұлы, «Туған жер»

Сен болып армандарым, сезімдерім,
Тыныш жатпай кетеді төзімдерім.
Жанымды күйбең тірлік-жабырқатса,
Кей түнде өзіңді ойлап көз ілмеймін
Емеспін ерекше бір дара туған,
Қарапайым ұлың боп жаратылған
Өстім сенде ержетіп, адам болдым,
Асқар тауым ауылым — дара туылған.
Шаңырағын көтеріп қараша үйдің,
Жар сүйдім, бауырында бала сүйдім.
Ақ көңіл пейілімен мейірі кең,
Туған жерім өзіңді дара сүйдім.
Бақыт құшса екен деп әр адамың,
Ырыс болса екен деп бар алабын.
Тілеуіңді тілеп мен жүріп келем,
Асыл мекен, туған жер — сая бағым !

Өтеген Нұрмағамбетов «Тірегім сен — Туған жер» өлеңі

Сағындым бұлттар көшкен аспаныңды,
Шайқалған самаламен жас талыңды.
Қайдасың, қол бұлғаған биіктерім,
Жосылған көз ұшында киіктерім?

Жусан иісі аңқыған көк орай бел,
Шулаған қамыстары айдынды көл.
Қызарып қырдан асып бататын күн,
Жымыңдап жұлдыздары жататын түн.

Көрдің бе алма ағаштың бүр жарғанын?
Есімде сол жайында жыр жазғаным.
Қалықтап қаздар ұшып бара жатыр,
Атын ұстап, ерттеді бала батыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *