Уротомография бүйректерді, несеп органдары мен ішперде сырты кеңістігінің органдарын қабат-қабатымен рентгенографиялау әдісі болып табылады. Қазіргі уақытта көбіне ұзына бой томографиясы қолданылады, ал көлденең томография урологиялық практикада әлі кеңінен колданылмайды.

Бүйректер томографиясының жармасында (нефротомография) ең   маңыздысы бүйректік қақпасы, шүмекше мен бүйрек паренхимасы арқылы өтетін жарма. Мұндай жарма бүйректің негізгі томографиялық жармасы деп аталады. Негізгі жармадан басқа алшақтық айырмасы 0,5 см қосымша жармалар жүргізеді. Осы 6,5 см негізгі жармадан жоғары және төмен кеңістік үшін тең болғандықтан, томографиялық 1 см қадамды бүйректер мен төменгі несеп жолдарын егжей-тегжейлі зерттеу үшін әбден жеткілікті деп санауға болады; мұндай томографиялық қадамда томограммалардағы мүмкін болатын өзгерістерді аңғаруға келеді. Науқасты уротомография үшін арнайы даярлау қажет емес.

Шолулық нефротомография бүйректердің өлшемін, формасы мен орналасуын анықтауға, бүйрек ішіндегі ісікті бүйректен тысқарғы ісіктен ажыратуға, несеп жүйесіндегі тастарды шажырқайдың петрификацияланған лимфалық тораптары мен өттің тастарынан дифференциялауға мүмкіндік береді. Томография арқылы шолымарентген суреттерінде анықтауға келмейтін көрінбейтін тастар деп аталатындарды да, сондай-ақ: көлеңкелері сүйектердің көлеңкесінде қалатын несепағар тастарын да диагностикалауға болады. Томография бүйректегі және бүйрек айналасындағы клетчаткадағы бөтен текті металл денелерді анықтау үшін ең жақсы әдіс. Бұл әдіс бөтен текті дененің жатқан тереңдігі және айналасындағы органдарға қатынас туралы дәл деректер береді. Осы мәселелердің бәрін арнайы аспаптық зерттеу әдісін қолданбай-ақ томографияның көмегімен тіпті амбулаториялық практикада шешуге болады.

Бүйректердік көлеңкелерін неғұрлым айқын анықтау үшін уротомографияны несеп жолдары мен ішперде арты кеңістігін рентгенологиялық зерттеудіңбасқа әдістерімен ұштастырудың әр түрліүлгілері ұсынылған. Көбіне уротомография экскреторлық урографиямен, пневморетроперитонеуммен және ретроградты пиелографиямен ұштастырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *