Везикулит ауруы

Везикулит (сперматоцистит) бір немесе екі ұрық көпіршіктерінің қабынуы. Бұл ауруды гонококк немесе бейарнамалы микроорганизмдер (стафилококк, ішек таяқшасы, протей, энтерококк және т.с.с.) туғызуы мүмкін. Везикулит көбіне простатиттің, уретриттің, эпидидимиттің асқынуынан пайда болады. Мұндай жағдайларда инфекция көбіне ұрық көпіршіктеріне ұрық шығатын өзек арқылы өтеді. Бұған коса, инфекция қашықтағы қабыну ошақтарынан ұрық көпіршіктеріне гематогенді жолмен де өтеді.

Везикулиттің жедел және созылмалы түрі болады. Жедел везикулит кезінде дене температурасы 38-39°С-ге дейін көтеріледі, делсалдық, бас ауырады, қалтырайды, жамбас, шап, тік ішек ауырып, ол үлкен дәретке отырғанда күшейеді. Эякуляция кезінде ауыру сезіледі және гемоспермия болады. Егер везикулит жедел простатитпен ұласса, простатит аурудың клиникалық көрінісін басып кетеді.

Жедел везикулит диагностикасында ұлғайған, шаншып ауыратын ұрық көпіршіктерін саусақпен басудың маңызы бар. Ұрық көпіршіктері жогары орналасса, оларды басып көре алмаймыз, сондықтан басып көруде ұлғайған және ауыратын ұрық көпіршіктерінің болмауы жедел везикулит диагнозын жоққа шығармайды. Жедел везикулитте пиурия байкалуы мүмкін, ол зәрдің үш бөлігін зерттеуде негізінен үшінші бөліктен табылады. Ұлғайған ұрық көпіршіктерін ультрадыбыспен сканирлеу аркылы оңай аныктауға болады.

Жедел везикулитті жедел простатит секілді емдейді. Антибиотиктер белгілейді (тәулігіне бұлшық етке 1 г-нан 4-6 рет ампициллин, 40 мг-нан 4 рет гентамицин сульфатын, 500 000 ЕД-дан 4-6 рет ленициллин, цефалоспорин енгізеді).

Сондай-ақ химиялық антибактериялық препараттар, ең алдымен 5-НОК немесе нитроксолин (тәулігіне 0,1 г-нан 4 рет), бисептол (тәулігіне 1 г-нан 2 рет), сульфадиметоксин (тәулігіне 1 г-нан 4 рет), фурагин (тәулігіне 0,1 г-нан 3 рет), грамурин (тәулігіне 0,5 г-інан 3 рет) белгіленеді. Іш бітелмеуі үшін іш жүргізетін препараттарды пайдалану қажет (күніне 0,1 г-нан 2 рет фенолфталеин, 0,2 г-нан 2 рет итжүзім қабығын ішу). Ауруды басатын препараттарды (анестезин, итжидек) көбіне свеча түрінде қолданады. Дене температурасы түскен соң ыстық ванна, грелка, ыстық микроклизма түрінде жылу процедураларын белгілейді. Егер асқынған везикулит ұрық көпіршіктерінің эмпиемасымен күрделене түссе, онда шұғыл операция қажет болады — пункция және іріндеген жерді ашады, бұларды ультрадыбыстың бақылауымен жүргізген жөн (пункциялық везикулостомия).

Созылмалы везикулит көбіне ұрық көпіршіктеріндегі жедел қабыну процестерін толық емдемеу салдарынан пайда болады. Науқастар аралықта, тік ішектің, бел-сегізкөз тұсының ауыратыныиа, несеп шығарудың бұзылғанына (поллакиурия), зәрдің оқтын-оқтын лайлануына, ауырсынған эрекцияға, спермада қан қоспасының пайда болуына (гемоспермия), түнгі поллюцияға шағым жасайды.

Науқасты тік ішек арқылы зерттеуде қуық асты безінің үстіңгі жағынан нығыздалған әрі сәл ауыратын ұрық көпіршіктерін табады. Ұрық көпіршіктеріне массаж жасағаннан кейін одан алынған сүйықтықтан көптеген лейкоциттер мен эритроциттерді, сондай-ақ қозғалмайтын сперматозоидтарды табу, ультрадыбыспен зертгеу мағлұматтары ауруға диагноз қоюда айтарлықтай маңызды болады.

Емдеу. Созылмалы простатиттегі секілді, созылмалы везикулитте де емдеу антибиотиктер мен химиялық антибактериялық препараттарды колданудан, үрық көпіршіктеріне массаж жасаудан, диатермиядан, тік ішекке балшықтампон қоюдан, ішімдік пен ащы тағамы жоқ диетадан түрады.

Созылмалы везикулит ұзаққа созылатын жағдайда ұрық көпіршіктерін антисептикалық ерітіндімен жуып, ультрадыбыспен бақылайтын пункциялық везикулостомияны қолданады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *