Қызба

Мал денесінің қызуы қалыпты жағдайда болады. Мал денесі температурасының тұрақтылығы зат алмасудың қалыпты деңгейін қамтамасыз етудің алғышарты болып саналады. Сонымен қатар, зат алмасу мен энергия деңгейі мал денесінің тұрақтылығына байланысты. Энергия көзінің бастысы — май және көмірсулар.

Жоғары сатыдағы жануарлардың жылулық гомеостазын сақтау жылу бөлу және жылу шығару физиологиялық процестері арқылы өтеді.

Жылудың бөлінуі — химиялық, ал жылудың шығуы — физикалық процесс. Жануарлар әлемі дене температурасына байланысты eкi топқа бөлінеді: салқын қанды (пойкилотермиялық) және жылқы қандылар (гомоиотермиялық). Салқын қандылардың дене температурасы сыртқы орта температурасына байланысты. Жылы қандылардың дене температурасын бір деңгейде ұстап тұратын қабілеттері бар. Мұндай тұрақтылықты изотермия дейді. Дене температурасын реттейтін негізгі орталық – аралық ми бөлігі (гипоталамус).

Қызба – даму сатысында пайда болған індетті факторларға және ыдыраған тінінe қорғану-бейімделу реакциясы. Бұл кезде дене температурасы бірден көтеріледі. Қызба пайда болу ceбenтepiнe қарай инфекциялық және инфекциялық емес болып бөлінеді.

Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым организмдердің, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды.

Инфекциялық емес қызба мал өздігінен жарақаттанғанда, инфарктта, қан құйылғанда, некротикалық процестер кезінде, операциядан кейін байқалады.

Қызба даму механизмінде пирогендік заттарға маңызды орын беріледі. Олар экзогендік және эндогендік болып бөлінеді.

Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.

Эндогендік пирогендер нейтрофильдерде, моноциттерде, тіндік макрофагтарда өндіріледі.

Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді:

1) температураның сатысы;

2) температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы;

3) температураның төмендеу сатысы.

Осы сатыларда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара қатынас және де әр түрлі зат алмасу, несеп бөлу, т.б. процестері бұзылады.

Бірінші сатыда дене температурасы тез немесе біртіндеп басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығуы шектеледі, осыдан жылу пайда болуы одан басым болады.

Екінші сатыда жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде сақталады. Бұл процестердің аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады.

Үшінші сатыда жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден басым болады, бірaқ қалыпты жағдайдан едәyip жоғары болады.

Қызбаның жіктелуі. Температура қисық сызығының сипатына қарай қызбаның мынадай түрлері болады.

  1. Тұрақты типтегі қызба реакциясы – таңертеңгі және кешкі температураның ауытқуы бір градустан аспайды (мысалы, крупозды пневмонияда, қылауда, т.б.)
  2. Босаңсу типіндегі қызба реакциясы кезінде таңертеңгі және кeшкi температураның ауытқуы 1-2°С болады (мысалы, катаралды пневмонияда, туберкулезде, эксудативті плевритте).
  3. Ұстамалы типтегі қызба реакциясында жоғары дене температура мен қалыпты дене температурасы кезектеседі (мысалы: безгекте, сепсисте, туберкулезде, т.б.).

4.Қайталама типтегі қызба реакциясы қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуімен сипатталады (мысалы: қайталама сүзекте, анемияда). Басқа температуралық кисық сызықтар да кездеседі, олар организмнің күйіне, тітіркендіргішке, т.б. факторларға байланысты. Қызбаның организм үшін қорғаныстық бейімделу және патологиялық маңызы бар. Қызба реакциясы кезінде организмде микрофлоралар, әcipece вирустар дамуын тоқтатады. Жоғары температура фагацитоз, иммундық денешік өндіру бауырдың тосқауылдық және уақытқа қарсы функциясын, гемопоэзді күшейтеді. Қызбаның организмге колайсыз әсерi — зат алмасудың ыдырау өнімдерінің жиналуы, организмді уландыру. Жануар арып, оның өнімділігі төмендейді, ағзалар мен жүйелердің қызметі бұзылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *