Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару

Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару жане жедел қалпына келтіру жұмыстары. Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын (АҚ жоне ЖҚК) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-шаралар алдын ала жоспарланады және дайындалады, апат туындағаннан кейін нақтыланады және қалыптасқан мән-жайлар есепке алына отырып өткізіледі.

Зақымдану ошақтарындағы мән-жайды болжамдау жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді, халықты құтқару аумағы мен шаруашылық объектілерін қорғау бойынша міндеттердің орындалуына әсер ететін заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларын сипаттайтын мөліметтер негізінде жүргізіледі. Бұл факторларға:

— физикалық-географиялық, метеорологиялық, сейсмологиялық, басқа да экзогенді құбылыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;

— адам және материалдық ресурстардың болуы;

— инфрақұрылым, қалалардың және басқа елді мекендер құрылсының сипаты;

— қорғаныс құрылыстарымен, қорғану құралдарымен қамсыздандырылу;

—  Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының болуы;

Бұған қоса, халықтың мүмкін болатын шығындары (жалпы, санитарлық, қайтарымсыз); ғимараттар мен құрылыстардың, көліктік коммуникациялардың, коммуналдық-энергетикалық желілер мен байланыс құралдарының қирау дәрежесі; сондай-ақ, тұтастай алғанда, аудан, қала, облыс бойынша құтқару және басқа да шұғыл сипаттағы әрекеттер мүмкіндігі болжанады. Одан кейін Азаматтық қорғаныстың апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштері мен құралдарын есептеу жүргізіледі.

Зақымдану ошақтарында апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аса маңызды іс-шаралар мыналар:

— мән-жайды бағалау;

— апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдау;

—  апаттың-құтқару және ЖҚК жұмыстарын өткізуді жоспарлау;

—  апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізу барысында Азаматтық қорғаныс күштерін басқару және жан-жаңты қамтылған, өзара ұйымдасқан әрекеттер жүргізу;

— Азаматтық қорғаныс күштері әрекетін жан-жақты қамтамасыз етуді, өзара әрекетті ұйымдастыру және апаттық-құтқару және ЖҚК жүргізу барысында оларды басқару.

Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қабылданған шешімге сүйене отырып, алдын ала топтасқан күштерді құру мен зақымдану ошақтарындағы алдын ала белгіленген учаскелерде (нысандарда) оларды пайдаланудың тәртібі жоспарланады.

Азаматтық қорғаныстың топтасқан күштері алдағы болатын әрекеттің түпкі мақсатына жауап бере алатындай болуы және мынадай міндеттерді қамтамасыз етуі қажет:

— ең қиын жағдайларда тапсырмаларды орындау үшін күштерді тез арада дайындық әрекетіне келтіру мүмкіедігі;

— күштердің құтқару жұмыстарын өткізу орындарына дер кезінде жетуі, құтқару жұмыстарын тез арада кеңейтіп, оларды үздіксіз жүргізу» негізгі күштерді басты мақсаттарды шешуге шоғырландыру;

— барынша қысқа уақыт ішінде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық күш пен құралдарды пайдалану мүмкіндігі;

— кезектегі келетін аусым, эшелондар мен резервтер есебінен күштерді арттыру, жұмыс барысында күш және құралдармен маневрді жүзеге асыру мүмкіндігі;

—  Азаматтық қорғаныс күштерінің жеке құрамын қорғау;

—  күштерді тұрақтылықпен басқару және олардьң арасындағы өзара өрекетті ұстап тұру, сондай-ақ апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізу барысында күштер әрекеттерін жан-жақты қамтамасыз ету.

Топтасқан күштерді құру үшін пайдаланылатындар:

  • ұйымдарда (нысанда) ұйымдардың (нысандардың) құрамалары, сондай-ақ қаланың (ауданның) аумақтық құрамалары, селолық аудандардың (Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатпайтын қалалар) құрамалары мен ұйымдардағы (нысандарда) тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныстың аға бастығының шешімі бойынша бөлінген басқа да күштер;
  • аудандарда — үйымдардың(нысандардың)топтасқан күштері, ауданның Азаматтық қорғаные аумақтық құрамалары, сонымен бірге Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен Қарулы Күштерінің басқа да бөлімдері; ведомстволық арнайы құрамалармен бөлімшелер, жақын жердегі аудандардың (ауылдық) құрамалары, аудан аумағындағы тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныстың аға бастығының шешімі бойынша бөлінген басқа да күштер: аудандарға бөлінбеген қалаларда — үйымның топтасқан күштері, қалалық, облыстық Азаматтық қорғаныстың аумактық құрамалары, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, бөлімшелері мен әскери гарнизон бөлімдері, сонымен қатар өзара ерекет ету жоспары бойынша белінген басқа да күштер,
  • аудандарға бөлінген қалада — ұйымдардың топтасқан күштері, қала, облыс аудандарындағы Азаматтьқ қорғаныстық аумақтық құрамалары, Азаматтық қорганыстьқ әскери бөлімдері, әскери гарнизонның бөлімдері мен бөлімшелері, өзара әрекет ету жоспары бойынша бөлінген басқа да күштер;
  • облыстарда — қалалардың, ауылдық (селолық) аудандардың топтасқан күштері, Азаматтық корғаныстың әскери бөлімдері, әскери гарнизонның бөлімдері мен бөлімшелері, сондай-ақ өзара әрекет ету жоспары мен Азаматтық қорғаныс аға бастығының жоспары бойынша бөлінген басқа да күштер;
  • республикада — республикалық мәні бар қалалардын, облыстардың топтасқан күштері және республиканын резервтері.

Күштер тобын Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы басқарма органдар келісімі бойынша бекітіп, өз мүддесіне сәйкес күштер бөледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *