Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау

Барлау Азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен күштерінің әрекеттерін қамтамасыз етудің аса маңызды түрі болып табылады. Ол төтенше жағдайлардан қорғау және зақымдаушы заманауи құралдарын қолдану ке-зіндегі құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде дер кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті мән-жай туралы мәліметтерді алу мақсатында алдын ала ұйым-дастырылады және жүргізіледі.

Барлауға қойылатын басты талаптар: үздіксіздік, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, алынған барлау мәлметтерінің кешіктірілмеуі мен дұрыстыгы болып табылады.

Барлаудың негізгі міндеттері:

  • бейбіт уақыттағы күнделікті жағдайларда — мал шаруашылың өнімдерінің, ауаның, судың, топырақтың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және сыртқы ортаның басқа да нысандарының радиоактивті, химиялық, бакте-риологиялық уландырушы заттармен зақымдануына лабораториялық тексеріс пен үздіксіз бақылау жүргізу;
  • қалалар мен басқа да елді мекендердің санитарлық-гигиеналың жай-күйі мен жануарлар орналасқан, жайылатын және су ішетін жерлердің эпизоотикалық жай-күйін анықтау;
  • ауа мен егінде өсімдік ауруларын қоздырғыш споралардың бар екендігін анықтау;
  • сыртқы орта объектілерінің радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық зақымдану деңгейлерін арттыру көздерін айқындау және оларға тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • төтенше жағдайлар туу қаупін білдіретін белгілерді анықтау;
  • бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда апат ошағы (ауданы) мен оның таралу бағытының шекараларын анықтау; *
  • тікелей қатер төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді айқындау;
  • адамдар шоғырланған жерлерді анықтау;
  • құтқару жүмыстары жүргізілетін жерлерге техниканың келетін жолдарын белгілеу;
  • ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жай-күйі мен оларда шұғыл көмекке мұқтаж зардап шегушілердің бар-жоғына көз жеткізу;
  • технологиялық желілер мен коммуналды-техникалық тораптардағы апат орындарын, ондағы қирау деңгейлерін анықтау;
  • алда тұрған құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, олардың жүргізу жағдайларын анықтау;
  • техниканы, механикалық қүралдарды және т.б* қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
  • Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстырған кезде сыртқы орта объектілерінің зақымдану деңгейіне зертханалық және үздіксіз бақылау жүргізу;
  • эвакуацияланған және шоғырландырылған халық пен Азаматтық қорғаныс күштері орналасқан аудандардағы эпидимиялогиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайды анықтау;
  • халықты шоғырландыру мен эвакуациялау және зақымданудың мүмкін болатын ошақтарына Азаматтық қорғаныс күштерін енгізу бағытындағы жолдардың, зақымданған құрылыстар мен су жолдарының жай-күйін нақтылау;
  • заманауи құралдарды қолдану орнын, уақыты мен түрін анықтау, шабуылға ұшыраған аудандарды (объектілерді), олардың қирау дәрежесін анықтау;
  • радиоактивті, химиялық және бактериялық зақымдануды табу;
  • радиация деңгейлерін, уландырушы (күшті әсер етуші, улы) заттар үлгілері мен мөлшерлерін және бактериялық құралдар түрін, зақымдану аймақтарының шекаралары мен ластанған ауаның таралу бағытын анықтау;
  • қозғалыс бағдарлары мен жол құрылыстарының жай-күйін анықтау;
  • тосқауыл объектілері мен зақымдану аймақтарын іздестіру;
  • зардап шегушілер аз шоғырланған жерлерді анықтау;
  • экономика объектілерінің жай-күйін айқындау;
  • қорғаныс құрылыстарын іздестіріп табу және ондағы адамдардың жай-күйін анықтау;
  • коммуналдық-энергетикалық, техникалық тораптар мен байланыс желілеріндегі зақымданған жерлерді (учаскелерді) іздеп табу;
  • өрт шыққан аудандарды және олардың таралу бағыттарын айқындау;
  • Азаматтық қорғаныс күштері әрекет жасап жатқан аудандардағы мән-жайдың өзгерістеріне үздіксіз бақылау жүргізу;
  • десанттардың түсу (лақтыру) орындарын және өрекет бағыты құрамынан қарсыластың диверсиялық — бақылау орындарын белгілеу.

Қолданылатын құралдар мен әрекет ету ортасына байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді:

  • әуеден барлау;
  • жер үстінен барлау;
  • теміржолдан барлау;
  • өзеннен (теңізден) барлау.

Әуеден барлау азаматтық авиацияның арнайы жабдықталған ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен бөлінген ұшақтар мен тікұшақтармен жүргізіледі. Экипаждар барлау тапсырмасын ұшақтар мен тікұшақтарға қондырылған радиолокациялық және телевизиялық аппаратуралардың, радиациялық барлау аспаптарының көмегімен көзбен шолу арқылы орындай-ды. Әуеден барлау аз уақыт ішінде апатты жағдайлардағы аудандардың жағдайын, ірі өндірістік апаттар мен опаттарды, ядролың жарылыстың эпицентрін, радиоактивті бұлт ізі бойынша және зақымдану ошақтарындағы радиация деңгейін, өрт және қиратулар сипатын, көпірлер, өткелдер экономика нысандарының, негізгі көлік магистральдарының, гидротехникалық құрылыстар мен басқа да нысандардың жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жер үстінен барлау Азаматтық қорғаныстың бөлімдері мен бөлімшелерінің күші және құралдары арқылы барлау құрамалары, байқау және зертханалық бақылау жүйелерінің мекемелері, радиациялық және химиялық бақылау пункттерімен жүргізіледі. Барлаудың бұл түрі өзінің едәуір толықтығы және анықтығымен ерекшеленеді, ауа райына және тәулікке қарамастан бірқатар тапсырмаларды шешеді; төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайды анықтайды, ядролық жарылыс эпицентрін, зақымдану ошағының шекарасын, зақымдану аймағын, радиация деңгейін, өрт пен қиратулар сипатын, қорғаныс құрылыстарының, жолдар мен жол құрылыстарының жағдайларын нақтылайды. Жер үстінен барлау құрылыстар, ғимараттар мен жергілікті жерді тікелей байқау көмегімен, сондай-ақ радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көмегі арқылы орындалады, ал қажет болған жағдайда  сыртқы ортадағы зақымданған нысандардан алыған сынамаларды  сұрыптап, қолданылған оқ-дәрілердің  үлгілеріне сараптама жүргізеді.

Теміржол көліктерінде барлауды (дрезиндерде, тепловоздарда) барлау жолдарында, стансыларда және басқа да теміржол көлігі нысандарында, сондай-ақ оларға еніп жатқан аумақтарда жүргізіледі.

Өзеннен  (теңізден) барлау жылдам жүретін катерлерде және Азаматтық қорганыс барлау құрылымдарының басқа да жүзу құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің саласы бойынша бөлінген күш пен құралдар бойынша жүргізіледі.

Ол төтенше жағдайлар аймағындағы, аумақ жағалауындағы зақымдану ошақтарындағы және өзен (теңіз) флотындағы нысандардағы I порттар, кемежайлар, шлюздер, акваториялардағы жағдайды айқындайды.

Азаматтық қорғаныс барлауы алға қойған міндеттердің сипатына байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы барлау адамдарды, жануарларды, суды, азық-түлік өнімдерін, жем-шөпті қорғау бойынша дер кезінде шешім қабылдау үшін қажетті жағдай жөніндегі негізгі мөліметтерді тез арада алу мен құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарын атқару мақсатында жүргізіледі.

Жалпы барлау күштеріне Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің барлау топтары, Азаматтық қорғаныс аумақтық және нысандық құрамаларының барлау буындары жатады.

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің барлау бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс аумақтық және нысандық  құрамаларының барлау буындары өз құрамаларының аумағында, құрамалар қозғалыс бағыттарындағы нысандарда, құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу учаскелерінде барлау жүргізу үшін пайдаланылады.

Арнайы барлау зақымдану ошақтары мен төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың сипаты, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық зақымдану сипаты туралы көбірек толық мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі. Оларға: өрттің шығу салдарын және өртпен күресу тәсілдерін, қирандылар сипатын анықтау; медициналық, эпидемиологиялық, ветеринарлық, фитопатологиялық жағдайларды анықтау; құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарының көлемі мен сипатын және оларды жүргізу кезінде күш пен құралдарды тиімді пайдаланудың тәсілдері мен жолдарын анықтау жатады.

Арнайы барлау орындалатын міндеттері оларды жүргізуге жұмылдыратын күш пен құралдардың сипатына байланысты радиациялық, химиялық өрт сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериологиялық, ветеринарлық және фитопатологиялық болып бөлінеді.

Арнайы барлаудың күш пен құралдарына жататындар:

  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық (эпидемиологиялық), өртсөндіру, медициналық, ветеринарлық және фитопатологиялық барлаудың буындары, сондай-ақ радиациялық және химиялық байқау посттары, зертханалық бақылау және байқау жүйелерінің мекемелері;
  • Азаматтық қорғаныс күштерін енгізу бағытында, өндірістік әрекетінде радиоактивті және күшті әсер етуші улы заттарды пайдаланушы нысандарда радиациялық және химиялық жағдайды анықтау мен барлау жүргізуге арналған радиациялық және химиялық барлау буындары; қарсыластың бактериологиялық қару қолдану фактісін дәлелдеу және оның түрін анықтау, адамдар мен жануарларға жұқпалы ауру таратушы қоздырғыш-тардың түрлерін анықтау үшін сынама алу, сондай-ақ бактериологиялық зақымданудың өріс алуын туындатуға бағытталған шараларды анықтау мақсатында бактериологиялық зақымдану ошақтарында барлау жүргізуге арналған бактериологиялық барлау буындары;
  • өрт сөндіру барлау буындары Азаматтық қорғаныс күштері енгізілген маршруттар мен бағыттардағы, елді мекендер мен орманды аумақтардағы, зақымдану ошақтары мен құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардағы өрттің болу жағдайын анықтауға арналған;
  • инженерлік барлау буындары ғимараттар мен құрылыстардың қирау сипатын, гидротехникалық және инженерлік құрылыстардың жағдайын, ауызсу көздерін анықтау үшін тағайындалған;
  • медициналық барлау буындары Азаматтық қорғаныс күштері орналасқан аудандарда, олардың жылжу бағыттарында, зақымдану ошақтарында, төтенше жағдайлар аймақтарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды анықтау, медициналық мекемелердің қызметі үшін аудандарды таңдау, зақымданушылардың санын, жарақат сипатын анықтау, зақымданушыларға медициналық көмек көрсету тәсілдерін, оларды эвакуациялау аудандары мен жолдарын анықтауда барлау жүргізуге арналған;
  • ветеринарлық барлау буындары ауылшаруашылық дақылдарды егістігінің бактериологиялық құралдармен зақымдануын анықтау жолымен фитопатологиялық жағдайға қажетті мәліметтерді табуға, зақымданған учаскелердің шекарасын анықтау және өсімдік ауруының түрін анықтау үшін зақымданған нысандардан сынамаларды таңдап алуға арналған.

Радиациялық және химиялық бақылау посттары құлақтандыру сигналдарын беру, радиациялық, химиялық зақымдануды дер кезінде табу үшін құрылады.

Тексеру және зертханалық бақылау жүйесінің мекемелері (гидрометеорологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық стансылар мен посттар, ветеринарлық және агрохимиялық зертханалар), орталық және нысандық зертханалар сыртқы орта нысандарының зақымдануын бақылауға, зақымдануға ұшыраған аудандарға барлау, сынамаларды іріктеу және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған.

Барлық барлау құрамалары мен мекемелері өздеріне жүктелген тапсырмаларға, міндеттеріне байланысты барлау аспаптарымен, байланыс құралдарымен, фото барлауының техникалық құралдарымен, зертханалық жабдықтармен, реактивтермен, жеке қорғану құралдары және басқа мүліктермен жабдықталады. Барлау тапсырмасын орындау үшін әскери басқару ұйымдарының, өзара әрекет жоспарына сәйкес орталық және жергілікті атқару ұиымдарының күші мен құралдары тартылады.

Барлаудың тікелей ұйымдастырушы Азаматтық қорғаныс қызметі мен басқарма ұйымдары, және базасында барлау құрамалары құрылатын ведомствалары мен ұйымдары орталық және жергілікті атқару ұйымдарымен өзара әрекеттеп төтенше жағдайлар қызметі болып табылады. Олар барлаудың жоспарын іске асырады, тапсырманы орындаушыға жеткізіп отырады, барлау құрамаларының дайындығын және оларды басқаруды ұйымдастырады, олар туралы Азаматтық қорғаныс басқармасының жоғары тұрған үйымдарына мәлімдеме жасайды, бағынышты ұйымдар мен құрылымдарды ақпараттандырады, әскери басшылық ұйымдарымен өзара әрекет жасайды. Бұдан басқа, Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары кезектілікпен орындау уақытын, барлау бөлімшелері және құрамаларымен байланыста болу тәртібін, хабардамаларды жеткізу мерзімін, барлау резервтерін пайдалану реті мен құрамын белгілейді, алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жасайды және бағьшышты ұйымдар мен құрылымдарға, барлау құрамаларына көмек керсетіп отырады.

Барлау тапсырмасының сәтті орындалуы барлаудың барлық күші мен құралдарыньң келісілген әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Барлау күштерінің тығыз жене тұрақты өзара әрекетін оның іс-шараларын жоспарлау сатысында Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *