Заманауи діни ахуал

Діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары. Дін феонменін әртүрлі пәндер – дінтану, тарих, мәдениеттану, философия, әлеуметтану және басқалары зерттейді. Дінді зерттеудегі әлеуметтанулық тәсіл сенім жүйелері мен адам қоғамдастықтарын байланыстыратын әлеуметтік қатынастарға, қандай да бір қоғамда діндер орындайтын әлеуметтік функцияларға, социумдағы діни мекеменің орны, рөлі мен әлеуметтік мәртебесіне, оның басқа әлеуметтік институттармен, бірінші кезекте мемлекетпен қатынастарына баса назар аударады.

Дінтануда дін мен қоғамның арақатынасына баға берудің екі: ажыратушы және біріктіруші тәсілі қалыптасты.

Ажыратушы тәсілдің жақтастары наным-сенімдер жүйесі мен социумның принципті айырмашылықтарын негізге алады. Олар үшін дін бастапқыда әлеуметтік нәрсе емес. Ол трансцендентті (яғни, о дүниелік), сондықтан агностикалы (танылмайды). Ал қоғам болса толықтай «осы дүниелік» және осыған орай танылып білінеді. Діннің жекелеген жақтары ғана – діни ұйымдар, мекемелер, қауымдар және т.б. – әлеуметтік болып табылады.

Бұл тәсілдің өкілдері дінге осыған сәйкес анықтамалар береді. Мысалы, протестанттық дінтанушы және әлеуметтанушы Роберт Отто (1869-1937) дін – бұл әулиенің күйзелісі, ал оның пәні нумиоздынды, яғни құдайдан шығады деп санады. Оның пікірінше, — адамда игілікті үрей мен қорқыныш және сонымен бірге ғажайыптық пен жандану сезімін туындататын ерікті және билікті күш.

Біріктіруші тәсілге келетін болсақ, ол дін мен қоғамның арасына өте алмайтындай бөлу сызығын жүргізбейді. Бұл жерде дінді басқа әлеуметтік құрылымдармен бірге зерттеу толықтай қалыпты нәрсе деп есептеледі. Мысалы, неміс дінтанушысы, мәдениеттанушысы және әлеуметтанушысы Эрнст Трельч (1965-1923) дінге анықтама бере отырып, сонымен бір мезгілде оған экономикалық, саяси, отбасылық және басқа әлеуметтік қатынастардың ықпалы туралы мәселе қояды.

Дінде әлеуметтік институттың барлық белгілері бар. Әлеуметтік институт ретінде ол құндылықтық-нормативтік құрылыммен (белгілі бір нормалар мен құндылықтар жиынымен) және мінез-құлықтық үлгілер құрылымымен сипатталады.

Діни наным-сенімдер мен білімдер зердеге емес, сенімге, ерекше діни сезімге негізделетін құндылықтық жүйелер болып табылады. Бұған қоса, олар өздеріне адамзат өркениетінің дәстүрлі моральдық құндылықтары мен нормаларын қамтиды.

Сондықтан дін, әдетте, қоғамды тұрақтандыру мен интеграциялауға жағдай жасайды.

Діни әлеуметтану

Діни әлеуметтану – әлеуметтанудың дін мен қоғам арасындағы өзара қатынастарын зерттейтін саласы. Ол діни практикаларды, дін мен қоғамның өзара әрекетінің тарихи тәжірибесін, діннің әлеуметтік үдерістердегі рөлі туралы тақырыптарды зерттейді.

Діни әлеуметтанудың дін философиясынан айырмашылығы діни сенімдерді бағалауды өз мақсаты етіп қоймайды.

Әлеуметтанудың бұл саласының пайда болуының алғышарттары француз ағартушылығы дәуірінде (XVIII ғ.) қаланды. Бұл уақытқа қарай христиандық пен еуропалық емес діндер тарихы бойынша реттеу мен ой елегінен өткізуді талап ететін бай фактографиялық материал жинақталды. Сол кезде француз ағартушылығының көптеген идеологтері әлеуметтік институт ретінде дінге деген сыни көзқарас қалыптастырды.

Огюст Конттың позитивистік әдіснамасы мен Иммануил Канттың рационалдық гносеологиясы дінді талдаудың әдіснамалық негізін қалыптастырды.

Дүниежүзілік әлеуметтанудың негізін салушы О.Конт діннің қоғамдық прогресс үшін маңызына, оның мәнділік сипаттамалары мен әлеуметтік функцияларына өте қызығушылық білдірді. Ол адам ойы мен социум дамуының бірінші сатысы сөзсіз теологиялық саты болады деп есептеді. Тарихтың бұл кезеңінде адамдардың өз ақыл-ойлары, әлеуметтік әрекеттері мен табиғат құбылыстарын зерделеуі толықтай дерлік табиғаттан тыс күштердің әрекетімен байланыста түсіндіріледі.

Екінші және үшінші сатыда (метафизикалық және позитивтік) ғылым рөлінің өсуі салдарынан діннің ықпалы төмендеді. Алайда діннің тыныштық орнату мен билікті мойындау, адамдарда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мен адамзат қоғамының бірлігін уағыздау сияқты функцияларының болашақ қоғамда да сақталатындығы күмәнсіз. Сондықтан Конт ескі христиан дінімен бірге жаңа жалпыадамзаттық дінді жасады. Онда құдай рөлін Ұлы Жаратылыс – абстрактілі субстанция атқарады. Оған О.Конт адамзат өркениетінің аса көрнекті өкілдерінен алған үздік белгілерді береді және оларды болашақтағы позитивті, бірыңғай, өнеркәсіптік және бейбіт қоғам адамдарына дарыту қажет деп есептеді.

Заманауи діни әлеуметтанудың негізін қалаушылар: француз әлеуметтанушысы мен философы, әлеуметтанудың француз ұлттық мектебін жасаушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917); неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ және тарихшы, түсінуші әлеуметтану мен әлеуметтік әрекет теориясының негізін салушы Макс Вебер (1864-1920); неміс философы және әлеуметтанушысы, неміс философиясы басты өкілдерінің бірі, формалды әлеуметтану деп аталатын әлеуметтанудың негізін салушы Георг Зиммель (1838-1918) болып табылады.

Э.Дюркгейм өзінің іргелі еңбегі «Діни өмірдің элементар формаларында» (1912) қара дүрсін діни формалар мен әлеуметтік институттарды, бірінші кезекте тотемизм мен аустралиялық аборигендер тайпаларының кландар жүйесін талдау негізінде діннің жалпы теориясын әзірлеу міндетін қойды. Дюркгейм діннің мәнін, антропологтер мен әлеуметтанушылардың көпшілігі ұйғарғандай, трансцендентті құдайға сену емес, дүниенің қасиетті және күнделікті өмірге тән феномендерге бөлінуі деп есептеді.

Дәстүрлі діни ұғымдарды жаңғыртуға әрекеттене отырып, Дюркгейм құдайсыз дін тұғырнамасын дамытты. Ол құдайы жоқ діндердің, оның ішінде жоғары (мысалы, буддизмнің кейбір мектептері) діндердің аз емес екендігіне сілтеме жасады. Ол діни сенімдер мен ғұрыптардың себебін, объектісі және мақсаты бар объективті өмір сүретін реалдылықты қоғамнан іздеді.

Дюркгеймге сәйкес, дінде қоғамның қасиетті деп есептелетін аспектілері бір нүктеге (фокусқа) жинақтала бейнеленген. Осыдан діннің мәденитке, тұлғаға, сондай-ақ адам ойының негізгі заңдылықтарына шексіз дерлік ықпалы келіп шығады.

Дюркгейм әлеуметтік интеграция үдерісіндегі шешіші рөлді олардан дін мен моральдың басты құрамдастарын (кейде оларды теңестіре отырып) көре отырып, мұраттар мен наным-сенімдерге (ұжымдық түсінімдерге) береді. Дінді «ұжымдық түсінім» ретінде функциялық зерделеу дәстүрі нақ осы Дюркгеймнен басталады. Дюркгейм бойынша, дін қоғамды топтастырудың, индивид пен әлеуметтік бүтіннің арасында байланыс орнатудың негізгі құралы болып табылады.

Дюркгейм «қоғамда дін неліктен және қайдан пайда болады? Деген таза әлеуметтанулық сұраққа өзінің жоғарыда еске алынған жұмысында жауап өздеді. Қара дүрсін төтемдік немесе неғұрлым заманауи монотеистік наным-сенімдерден туатын діни әрекеттерде қасиеттіден бөлек тұрақты тәуелділік түйсінімі (тотем, Зевс немесе Яхве – бұл жағдайда бәрібір) орын алады.

«Осыған ұқсас түйсінім, — деп ескертеді» Дюркгейм, — қоғамда өмір сүретін әрбір адамға әрдайым серік болады, өйткені қоғам табиғатына адамның индивидуалдық натурасының бөлек тұтастық («Холистік») сипат тән.

Индивид қоғамға тәуелділікті үнемі түйсінеді, қоғам адамды адам инстинктілеріне қайшы келетін қоғами нормалар мен ережелерге бағынуға мәжбүрлейді. Бағына отырып, адам мұнымен бір мезгілде қоғамның өз санасынан басымдығы мен моральдық беделін сезінеді. Қоғамның индивид үстінен билік етуі онда құдайылық сезімін және оған қатысты басқа жоғары инстанцияны түйсінуін қоздарады және үнемі нәр береді. Нақ осы қоғам наным-сенімдер жүйесінің пайда болуы мен оған табынуға дайындыққа жәрдемдеседі.

Осылайша Дюркгейм бойынша, дінді қандай да бір құндылықтар жүйелерін қасиеттендіре отырып қоғамдар жасайды.

М.Веберден келе жатқан дәстүр дінді бәрінен бұрын әлеуметтік әрекеттің ниеті ретінде түсіндіреді, оның қандай да бір қоғамдық өзгерістер үдерісіндегі рөлін айқындайды.

М.Вебердің жұмыстары діни сенім мен қоғамның экономикалық негіздерінің арасындағы өзара байланысты атап көрсетті, сондай-ақ діни топтар мен діни көшбасшылық типологиясының негізін қалады.

М.Вебер өзінің дін жөніндегі зерттеулерін адамның экономикалық мінез-құлқымен байланыстырды. «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904) атты еңбегінде ол проблеманы былай тұжырымдады: «Әртүрлі діндер адамның экономикалық мінез-құлқына қалай және қандай бағытта әсер етті? Мінез-құлықтық үлгілердің протестанттық жүйесі капиталистік қатынастарды қалай қалыптастырды  және жеделдетті?»

Вебер капитализм рухын өз пайымдауларында капиталистік қоғамның алдандағы дәстүрлі қоғамда қалыптасқан қатынастардан серпіле отырып, қарама-қарсы қою әдісімен анықтайды. Дәстүрлі қоғамда адам: «Өз еңбегімнің өнімділігін барынша арттыра отырып, мен күніне қанша табыс таба аламын?» деген сұрақ қоймайды, сұрақ басқаша қойылады: «Менің дәстүрлі қажеттіктерімді қанағаттандыру үшін… маған қаншалықты жұмыс істеу керек?»

Солтүстік-Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің бұл рухы қайдан пайда болды?  М.Вебер протестанттық төрт ағымды (кальвинизм, пиетизм, методизм, анабаптизм) талдады. Мысалы, оларды еңбекке, кәсіптік қызметке католицизммен салыстырғанда мүлдем өзгеше (әсіресе біріншісінде) қатынас анықталды. Кальвинизмде христиандық алдын-ала айқындалу доктринасы жанама белгілер бойынша: еңбектегі, істегі, мансаптағы мүмкіндік ретінде түсіндірілді. Вебер шіркеудің сол замандағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқына орасан әсер етуін есепке ала отырып, протестанттық мінез-құлық кодексі XVIII ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастардың орнығуына шешуші ықпал етті деп тұжырымдады.

Заманауи Қазақстандағы діни ахуал

Соңғы жылдары біздің елде өзіндік діни ренессанс байқалуда: қолданыста бар діни конфессиялар (ислам, православие, католицизм, лютерандық, баптизм, елулік және т.б.) позицияларының күшеюімен қатар көптеген жаңа діндер пайда болуда.

Қазақстандық қоғамдық санада дін позицияларының күшеюі, негізінен оңды бағалануда. Алайда дәстүрлі емес діни табынулардың пайда болуын жұртшылық пен мемлекеттік органдардың көпшілігі ұлттық рухани мәдениетке нұқсан келтіру ретінде қабылдады.

Бүгінгі күні діннің этномәдени сәйкестендіруші ретінде әрекет етуінің дәлелі респонденттердің пікірі болып табылады. Мысалы, үкіметтік арнайы зерттеуші әлеуметтанулық тобы жүргізген пікіртерім бойынша сұрастырылғандардың 63% -ы өздерін исламға, 24,2%-ы православиеге, 1,4%-ы католицизмге, 0,2%-ы протестанттыққа жатқызды. Бұл ретте әңгіме қандай да бір дінге жақындығын атап көрсеткендердің жалпы саны туралы болып отыр. Олардың ішінде дінге жатқызу олар үшін мәдени немесе этникалық сәйкестендіруді білдіретін, діни өмірге белсене қатыспастан, рухани құндылықтарды құрметтейтіндер де аз емес.

Тағы да бір куә – дін ұстанудың ұзақ мерзімділігі. Жауап бергендердің 47,2%-ы өздерін жатқызған дінді туғанынан бастап ұстанатынын мәлімдеді. Іс жүзінде дін ұлттық мәдениеттің элементі ретінде әрекет етеді, ұрпақтардың сабақтастығы, ата-бабаларға, олардың рухани мұрасына құрметаспектісі ретінде қабылданады.

Срапшылардың көпшілігі Қазақстандағы соңғы жылдардағы басым үрдіс – діншілдік дәрежесі өсуінің ең басты себебі халық санасындағы сәйкестендіруші критерийлердің айқын еместігі деп есептейді. Адамдардың «рухани қорғалған» өмір сүруді табиғи қажетсінуі оларды дінге моральдық құндылықтардың негізі ретінде жүгінуге мәжбүр етеді.

Қазақстанда соңғы жылдары діншілдіктің өсуі белсенді сенушілердің, яғни қауымда тұратын және оның барлық тәртіптерін сақтайтындардың (12-ден 18%-ға дейін) арасында жоғары дәрежеде болды. Сондай-ақ дінге сенетін, бірақ діни өмірге қатыспайтындардың (41-ден 43%-ға дейін) және дәстүр бойынша діни ғұрыптарды ұстанатындардың (15-тен 19%-ға дейін) саны артты. Сонымен қатар соңғы жылдары дінге қарсылардың саны 2-ден 1,4%-ға дейін, діни мәселелерге селқос қарайтындар саны 7,6-дан 3,4%-ға дейін азайған.

Өздерін мұсылмандарға жатқызатындардың меншікті үлесі неғұрлым елеулі болып отыр. Оның үстіне өкілдері исламды ұстанатын этностарға (қазақтар, өзбектер, татарлар, шешендер, ұйғырлар, күрдтер және басқалар) барлық сәйкестендіруші критерийлердің ішінен дінді артық санайтын респонденттер пайызы ең жоғары болды. Мысалы, қазақтарда бүгінгі күні сәйкестендіру мынадай: мен мұсылманмын – 64,4%. Орыстарда: мен христианмын – 40,1%,  мен мұсылманмын  — 1,6%.

Салыстыру қазақтарда діни сәйкестендіру, орыстарда тілдік сәйкестендіру неғұрлым айқын білдірілгенін көрсетеді.

Бұл діндерді ұстанатын этникалық топтар өкілдері көші-қонның салдарынан лютерандық, меннонитшілік пен иудаизм сияқты конфессияларды қоспағанда, бұрын республика аумағында өмір сүрген басқа конфессиялардың барлығы өз позицияларын күшейтті. Оларға, сондай-ақ Қазақстан заңнамасы белгілеген тіркеуден өткен, Қазақстан үшін жаңа діни ілімдер де қосылды. Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, жаңадан пайда болған конфессиялардың көпшілігі одан әрі өсуі үшін өз резервтерін сарқып алған. Бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі, оладың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Бастыс миссионерлік ұйымдары тарапынан қаржыландырудың азаюы;
  • Мүмкін болатын келушілер үшін «жаңалығының» ғайып болуы;
  • Оларға уәде етілген кереметтер мен айығулардың өте сирек орын алуы, бұл сенушілердің көңілі қалуы мен өз қауымдарынан кетуіне әкеледі;
  • Қазақстан үшін дәстүрлі конфессиялардың қазіргі уақытта дәстүрлі емес конфессияларды өз уағыздауларында, діни және зайырлық баспасөз беттерінде белсене айыптауына сай үгіт-насихат жүргізу компаниясы;
  • кәдімгі санада ұлттық және діниліктің теңгерілуі.

Қазақстанның діни бірлестіктері ішкі саяси тұрақтылықтың, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға орасан үлес қосуда. Бұл бәрінен бұрын Қазақстанның ең ірі діни конфессиялары – Мұсылмандардың діни басқармасы мен Орыс праволавие шіркеуіне қатысты. Олар жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманистік мұраттардың ақиқаттығын насихаттай отырып, оңды рухани-адамгершілік міндеттерді орындауда.

Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу қажеттілігі

Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев халыққа «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында мынадай міндеттер қойды: «Біз әлеуметтік, этникалық және діни шиеленістер мен жанжалдарды жоюдың сенімді тетіктерін қалыптастыруға тиіспіз. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдар қызметінің жолын қатаң кесу қажет.

Бізге қоғамдағы, әсіресе жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажет».

«Экстремизм» термині лат. «extremus» сөзінен шыққан «шет», «шек» дегенді білдіреді. Әлеуметтік өмірдегі жағдаяттарды шешудің неғұрлым шектері, шектік нұсқаларын ұсынған әрекеттерді экстремистік әрекеттер деп атауға болады.

Қандай да бір идеялармен әрекеттерді шеткері, эктремистік деп тану туралы шешімді қоңам мен мемлекет қабылдайды. Жалпы экстремизмге адам санасының құрылымынан айырылған белсенділік жүйесінен көрінетін және жанжалға ұрындыратын шеткері, шектік жай-күйіне қол жеткізуге бағытталған әрекеттер жатқызылады.

Өкінішке орай, соңғы онжылдықта діни экстремизм сияқты құбылыс құлашын неғұрлым кеңірек жаюда. Қазіргі уақытта ол іс жүзінде дүниежүзінің барлық елдерінде әртүрлі формаларда орын алуда. Діни экстремизм көрінісінің неғұрлым қатерлі формасы лаңкестік (терроризм) болып табылады.

Егер экстремизм – бұл көзқарастар мен идеялар болса, онда лаңкестік идеяларға қол жеткізу құралы. Діни негіздегі экстремизм – бұл діндегі шеткері көзқарастар мен әрекеттер жолын ұстанушылық. Мұндай экстремизмнің негізін күш көрсету, демагогиямен ұштастырылған аса қаталдық пен озбырлық құрайды. Қоғамдағы мұндай экстремизмнің себептері:

  • әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар;
  • саяси құрылымдардың өзгеріске ұшырауы;
  • халықтың елеулі бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендеуі;
  • өздері ұсынған міндеттерді іске асыруды жылдамдатуға ұмтылушы діни топтар көшбасшыларының кеудемсоқтықтары.

Қазақстан Республикаысның 2002 жылы 19 ақпанда қабылданған «ҚР-ның кейбір заң актілеріне лаңкестікпен күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында лаңкестік құқыққа қарсы қылмыстық жазаланатын әрекет немесе қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, халықты қорқыту, жеке тұлғалар немесе ұйымдарға қатысты қауіпті әрекет ретінде анықталған.

Қазақстан Республикасының заңында экстремистік қызмет оның түрлері бойынша – саяси, ұлттық, діни экстремизм болып сараланады. Соңғысына: зорлықпен немесе зорлыққа шақырумен байланысқан діни дұшпандық немесе қырқысуларды тұтату, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, адамгершілігіне немесе құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіруді туындататын кез келегн діни практиканы қолдану жатады.

Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында: «мемлекет пен азаматтар радикализм, экстремизм мен лаңкестіктің барлық формалары мен көріністеріне бірыңғай майдан болып қарсы шығуы тиіс. Діни экстремизм деп аталатын экстремизмнің қатері ерекше алаңдаушылық туындатады. Мұндай алаңдаушылықты діни иерархтар да бөлісуде. Біз құдыретке шынайы сенімнің озбыр және қиратушы фанатизммен алмастырылуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлдем жат нәрсе. Ол Қазақстандық дінге сенушілер ұстанатын ханафиттік мазхабқа қарама-қайшы келеді. Қазақстанда экстремизм мен лаңкестіктің идеялық та, қылмыстық та негізі жоқ. Жалған діни шешендікпен қоғам негіздеріне нұқсан келтіретін қылмыстық қызмет бүркемеленуде. Бұл – біздің елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа жасалған шабуыл. Бұл біздің мемлекеттілігіміз бен азаматтық кәмелетіміздің беріктігіне сын» деп атап көрсетілді. Діни экстремизм бүкілқазақстандық қоғамның ұлттық сәйкестігінің дамуына кедергі жасайды, діни төзбеушілік ошақтарын маздатады. Алайда кейбір жастар, өкінішке орай, экстремистік діни-саяси ұйымдардың ықпалына ұшырап жатыр.

ҚР-ның 2020 жылға дейінгі мемлкеттік жастар саясатының тұжырымдамасында: «Өмірлік тәжірибесі мен білімі жоқ жастар өз қатарына өздерінің саяси мақсаттарын іске асыру үшін жастарды тартаны ішкі және сыртқы деструктивтік күштердің ықпалына түсу тәуекеліне ұшыраған. Жастар ортасына экстремистік көзқарастар мен идеялардың өтуі, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге арандату қоғамдағы этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға қабілетті», — делінген.

Жастардың діни сауатсыздығы, шынайы исламды оның алыпсатарлық саясаттандырылған бұрмалаушылықтарынан ажырата алмауы оларды экстремистік діни-саяси қозғалыстар қатарына тарту себептерінің бірі болып табылады.

Дін атынан жасалатын экстремизм, лаңкестік пен зорлықтың басқа да формаларының дінді ақиқат түсінумен ортақ ештеңесі жоқ. Олар адам өмірі үшін қауіпті және осыған сәйкес, жоққа шығарылуы тиіс.

Мұның бәрі жастарда исламның, Құран мен суннаның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру қажеттігін көрсетеді. Діни экстремизм мен лаңкестіктің таралуына зорлық пен төзбеушілікті жоққа шығаратын дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттай отырып, сондай-ақ гуманистік, рухани ағартушылық бағытында белсенді әрекет ете отырып діни көшбасшылар тосқауыл қоюлары тиіс.

Біздің жастар ана тілін, тарихын, мәдениетін оқып-үренетіні сияқты ерте жасынан бастап өздерінің діни дәстүрлері туралы іргелі білім алу құқығына ие болулары тиіс.

Діни экстремизмді жою үшін алдын алу мен күрестің ең сан алуан: саяси, әлеуметтанушылық, психологиялық, күштік, ақпараттық және басқа да түрлері қолданылуы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар өзге мәдениет өкілдеріне, олардың көзқарастарына, дәстүрлеріне, сенімдеріне деген төзушілік пен құрметтеушілік көзқарасты қалыптастыра отырып, сондай-ақ ұлттық қайшылықтардың тігісін жатқызуға қатынаса отырып, діни экстремизмнің алдын алу үшін өте көп нәрсе істей алады.

Қазіргі кезде экстремистер мен лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Мысалы, өздеріне жақтастар табу, және негізінен, жастарды тарту үшін лаңкестік ұйымдардың сайттары көбінде интернет-дүкендер функцияларын атқарады. Олар өдерінің нышандары бар жалаулар, футбол жейделерін, плакаттар, төсбелгілер, дыбыстық және бейне жазбаларды сатып алуды ұсынады.

Интернеттегі лаңкестік қозғалысты белгілі бір білімді, оның ішінде психология саласындағы білімді игерген, арнайы дайындалған адамдар ұйымдастырады. Нақ солар, әсіресе дүниетанымы қалыптаса қоймаған, өмірдегі өз орнын таба қоймағандарға әсер ете отырып «тобырды» бағыттап отырады.

Міне, сондықтан да бүкіл қоғамның (отбасы, орта және жоғары мектептің, армия, діни мекемелер мен қайраткерлердің, ғалымдардың, журналшылардың, жазушылардың және басқаларының) алдында жоғары адамгершіліктік негіздері, белсенді азаматтық позициясы бар, рухани жағынан бай тұлғаны тәрбиелеудің, жастарда Қазақстанның бай мәдени-тарихи және рухани дәстүрлеріне негізделген құндылықтық және адамгершіліктік нормаларды қалыптастырудың өте маңызды міндеті тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *