Жәндіктердің тудыратын аурулары

Кенелердің негізінен екі тобының ветеринарлық маңызы бар. Бірінші топқа жайылым кенелері немесе иксодид кенелер, ал екінші топқа қотыр тудыратын кенелер немесе паразитиформды кенелердің түрлері жатады. Алғашқы топтағы (иксодид) кенелер ауру қоздырушыларын қан сорғанда таратып, пироплазмидоздарды (қанның паразиттік аурулары) тудырады. Кене денесі (бас,көкірек,құрсақ) тұтасып бітіседі. Кененің дернәсілі –алты аяқты , ересек кенелер –сегіз (төрт жұп) аяқты. Кененің түсі қорегіне қарай (қан лимфа) қоңыр немесе ақшыл қоңыр, сары немесе сұр. Тұмсығы ауыз мүшесі мен бекіну рөлін атқарады.

Аналық кене денесінің артқы бөлігі жұмсақ қатпармен (хитин) жамылып, қан сорғанда дененің бірнеше есе ұлғаюына мүмкіндік береді. Кенелер шала түрленіп дамитын бунақденелілер класына жатады. Кене жұмыртқасы күңгірт сары түсті, сопақшалау.

Кенелерді жинау және зерттеуге жөнелту тәртібі.

Әдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректерге сүйене отыып, кенелер фаунасын нақтылы жереде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айыына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларын, шопаниттерінен жиналған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық, арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексері, байқалған ересек кенелерді екі саусақ (бас және сұқ саусаққа резеңке қолғап киіп) көмегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып алмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге алу қажет, егер тұмсығы теріде қалып қойған жағдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.

Табылған кенелер алдын ала 70 %-дық спирт немесе БАрбагалло (3%-дық формалин) ерітінділері құйылған шыны түтікке немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғалданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып, зертханаға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мал түлігінен, қай уақытта, қай елді-мекенде жиналғаны көрсетіледі.

Иксодид кенелерімен күрес шаралары. Иксодид кенелерін сыртқы ортада жою шараларын жүргізгенде экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдер мен жабдықтарды қолдану шарт. Бұл орайда ең тиімді тәсілдердің бірі – табиғи биотоптарда кенелердің өсіп-дамуына қолайсыз жағдайлар туғызу.  Ғылымға белгілі иксодид кенелерінің жұмыртқа салуы, дернәсілдің одан шығуы және түлеу процесінің жер қыртысында өтуіне сәйкес жайылымдарды жырту мен көпжылдық екпе шөп егудің тиімділігі, бір жағынан кенені жоюға бағытталса, екіншіден жайылымның сапасын арттыруға қол жеткізеді. Таулы аймақтарда жануарларды кенелерден қорғау мақсатында олардың жайылымда көктем мен күздегі суықта (кенелер енжар болғанда) көтеріліп түсуін қадағалаған жөн. Мұндай мүмкіншілік болмаса, таулы жайылымға айдалатын малда акарицидтік препараттардың бірін бүркеді. Биотоптардағы кенелерді бүркіп жоюға ұшақтарды қолдануға болмайтын себептің бірі – бұл улы заттардың жануар ағзасына өсімдіктер арқылы еніп ұзақ уақыт оны улауында.

Сонымен қатар, кенелерді жоюдағы тиімді шаралардың құрамында мал қораларында уақтылы дезакаризациялау, кеміргіш індерін бітеу, қора маңайын қоқыс пен өсімдіктерден тазалау және т.б. жатады. Қораға мал енгізер алдында есік, терезелерін ашып, 5-6 сағат желдеткен соң, науа, астауларын ыстық сумен жуу қажет. Мал қораларда декаризацияны көктем мен күзде өткізген абзал.

Жануарлар денесіндегі кенелерді жою. Акарицидтік препараттармен жануарларды кенелер жабысқанға дейін жүргізу шарт. Бұл орайда бүріккеннен соң кененің барлық сатысына әсер ететін және ұзақ уақыт денеде иісі қалатын акарицидтер тиімді. Сондықтан, жануар денесіндегі кенелермен күресті көктем-жаз және қыс-күз мезгілдерінде жүргізеді. Қыс уақытында жануар денесін мезгіл-мезгіл қарау керек. Кене табылған жағдайда барлық малды акарицидті препараттардың бірімен өңдейді. Жануар денесіне акарицидтерді бүріккен кезде төмендегі шарттарды ескерген жөн:

  • Денеге жылдам сіңіп, токсикоз тудырмас үшін жас және арық малды ыстық ерітінділермен бүрікпеу;
  • Буаз аналықтарды төлдеуге бір ай қалғанда, жатырдағы төлді уландырмас ұшін өңдемеу;
  • Сауын сиырлардың тері жамылғысын аса улы фосфорорганикалық заттармен (сүт өнімі арқылы адамға әсер ету мүмкіндігі болатындықтан) бүрікпеу;
  • Қолданылатын химиялық заттардың арнайы қоймаларда сақталатындығын, әр заттың партиясына куәлігінің болуын, оның концентрациясын (белсенді зат әсері – Б32) 0ада5алау:
  • Мал денесіне акарицидті бүріккенде жеке бастың гигиенасына көңіл бөлу (арнайы киім, аяқ киім, көзге көзілдірік кию).

Жануар денесіндегі кенелерді жайылымда жою үшін акарицидті ерітінділерді бүрку, я болмаса арнайы ванналарда малды тоғыту жүргізіледі. Тоғыту ванналары әдетте қабырғалары кірпіш, тас немесе темір бетоннан қаланған ор жобасында жасалынады. Сыртқы ортаны ластамау мақсатында қолданылып жарамсыз болған акарицид ерітінділері құбырмен арнайы құдыққа ағады. Тоғыту ванналары елді-мекеннен және ашық су көздерінен (көл, өзен, тоған) қашық жерде, алайда фермаға жақын жерде орналасады.

Акарицидтер мен жануардың тері жамылғысын бүрку үшін арнайы механикаландырылған тұрақты немесе тіркемелі қондырғылар (УМДАУ, ОСА-2, ЛСД-2, ВМОК; ШГРУ, ДУК, ВДМ, гидропульт, автомакс, т.б.) қолданылады. Қысқы уақытта малды кенеден арылтуға акарицидтердің (севин, инсорбцид) құрғақ ұнтағы ірі малға 300-400 г, ұсақ малға 100-150 г мөлшерінде себіліп, кейіннен теріге ысқыланып жағылады. Өңделетінмалды қыста далаға шығарады.

 

Саркоптоидоздарды қышыма-қотыр кенелері(мөлтек 0,2-0,8мм,денесі домалақ немесе ұзындау-сопақша),көздері мен тыныс мүшелері жоқ.Тыныс алуды бүкіл дене беті атқарады.

Даму сатылары; жұмыртқа,дернәсіл,протонимфа,телеонимфа және имаго.Бұл кене тұқымы үй жануарларының эктопаразиттер тобына жатады.

Малдан малға ауру қоздырушысының тікелей немесе жанамалай берілетіні,жас малда аурудың зілді өтуі,саркоптоидоз дар маусымдылығы бойынша қыс,ерте көктемде суық немесе ылғалдың  көп болуынан тері жамылғысының ұзарып,ұйысу нәтижесінде байқалатыны алынады.Керісінше, жылы уақытта малдың түлеуі әдетте кененің күрт азаюына әкеліп соғады да,ауру өшкін түріне көшеді.Тек,отодектоз(құлақ қышымасы)ғана жылдың барлық мезгілдерінде кездесе береді.

Әдетте ауру малдың малдәрігерлік көмегінсіз өздігінен сауығуы байқалмайды,өйткені біріншіден,кененің үздіксіз көбейіп,өсіп,сау теріні қабындыруынан туындаса,екіншіден,сыртқы ортаға шашылған ересек кененің  4-7  апта сақталып,ауру ошағында  қайта жұғуын қамтамасыз етеді.

Сыртқы белгілерісаркоптид кене түрлерінің тудырған ауруларына сәйкес алуан.Саркоптоза инкубациялық кезеңі  2-3аптаға созылып,дене қызуы көтеріледі,терісінде пайда болған ұсақ түйіндер мен көпіршіктер жарылып,бір-бірімен ұласып(қасығанда),ішіндегі  сұйығы тері бетінде қатып,кебеді.Малдың қатты заттарға қасынуы тері қабатындағы тері және жүн,қылшық қаптарының қабынуына әкеліп соғады,жүні түсіп,терісі жарылады.Мал азып,өнімі күрт төмендейді.

Аурудың алғашқы кезінде кене малдың бас,мойнының үстінде,құлақ қалқанының ішкі беті,құйрық түбі,аяқ терілерінде басталады.Бұл аурудың бір ерекшелігі-терінің қалыңдап,оның қыртыстануы.

Жануарлар псороптозында алғашқы сыртқы белгілері денесінің жүн жамылғысы тығыз және ұзын,салалы жерлерінде болуы,соңғыларының орны жалаңаштанып тақырлануы,алайда тері қыртыстануы әлсіз немесе мүлдем болмауымен сипатталады.Ауру мал суыққа тиіп тыныс алу жүйесі аурулары жиілейді.

Псороптозға биязы жүнді(меринос)қойлар және ірі қараның баспақтары өтебейім.Қабынған тері ошақтары құйымшақ,арқа,мойын,мүйіз тұсында-ірі қара малда,жылқыда-шоқтық,мойын,арқа,жауырын маңынан басталады.Қоян мен ешкілерде құлақ қалқаны,есіту жолдары қабынып ауру құлақтың ішкі бөліктерін қамти,жануар басын қисайтып ұстауына мәжбүр етеді.

Хориоптозжануар денесінде ошақты қабыну түрінде өтеді де,соңғыларының беті эпидермис қабыршақтары және кепкен  лимфамен жабылып,астында кенелер мекендеген қотырға айналады.Жылқының терісі алғашқыда-тұсау буында(аяқ қышымасы),ірі қарада-құйрық,аяқ,жиі тұсау және шап арасында,ал ұсақ күйіс малының бас,мойын,ұма тұстары қабынумен байқалады.

Малды қотыр туыдырған кенелерден арылту.Саркоптоид кенелер тудырған аурулардан малды арылту шаралары кешенді түрде(ауру малды емдеу,шартты сау және аурудан күдікті малда аурудың алдын алу,қора жайды дезинвазиялау,сырттан әкелінетін малды сақтық карантинде ұстау және дұрыс азықтандыру) жүргізілуі шарт.Псороптозбен бір ғана қой ауырған отар толығымен індет ошағы ретінде саналады.Осыған сәйкес ауру ағымына,жыл мезгіліне және малдың жалпы жағдайына қарай оны емдеудің тәсілі мен жабдықтары айқындалады.Ауру малды емдеудің құрғақ(тері жамылғысына себу) және ылғалды(ерітіндіде тотығу) түрлеі бар.Ылғалды түрі әрі тиімді,әрі жеңіл.

Арнайы ванналарда тотығу кезінде қолданылып отырған акарицидтік препараттың белсенді әсер етуші затын қадағалау қажет.Өйткені препараттың белсенді заты тері жамылғысымен,нәжіспен азайып,эмульсияның концентрациясы төмендейді.Сондықтан,қырқылған қойды тоғытқанда әр 200-300 бас өткен сайын негізгі ерітінндіге акарицидтік препараттың тиісті мөлшерін нұсқауға сәйкес үстемелеп құйып отырады.

Соңғы жылдары саркоптоздарды емдеу мақсатында шетелдік препараттардың авермектин тобына қарасты түрлері(ивомек,баймек,ивертин,сайдектин,аверсект,т.б.)кеңінен қолданыс табуда.Аталған дәрілердің қолайлылығы-кез келген уақытта( жыл мезгілімен санаспай)тері астына егу арқылы нәтиже көрсетуі.Мысалы,ірі  және ұасқ қараға бұл преператтар әр 50кг тірі салмаққа 1мл дозада,доңызға-әр 33кг-ға  1мл мөлшерде қолданылады.Жылқыға авермектиннің арнайы түрі Еквалан (МСД АГ-вет фирмасы)паста ретінде беріледі.

Акариформдық  кенелердің мал қорасында,құрал-жабдықтарда ұзақ сақталуын ескеріп,дезакаризацияны әдетте ыстық  ерітінділермен жүргізеді.Қысқы уақытта құрғақ тәсілдің көмегімен арнайы құралдарды(РВ-1,ОЗУ-5)қолданылып атқарады.

Акарицидтік препараттар құрғақтай қолданылғанда олардың концентрациясы:дикрезидің,хлорофостың 7%-ы,карбофостың4%-ы,фиталофостың  2%-ы,феналвераттың  05-1%-ы,коллоидты күкірттің 3%-ы мөлшерінде алынады.

Концентрациясы дұрыс есептелініп емделген малда нәтижесі 10-14күннен соң ауру малдың оңалып,тері жамылғысындағы қотыр қатпары түсіп,оның орнына біртіндеп жүні(қылшығы,түгі)шығады.

Тақтұяқтылар гастрофилезі-бөгелек дернәсілдерінің ас қорыту жүйесі бөліктерінде (жұтқыншақ,қарын,тік ішек)тоғыршарлық етуінен туындаған ауру.Аурудың төл атауы:қарын құрт,көтен құрт немесе көмей құрт.

Инвазия көзі-ауру жылқы жайылымды ластайды.Жылқылардың гастрофилезге жасынан қарамастан,көп шалдығуы жаңбыры аз,құрғақ жаздарда 100%-ға дейін жетеді.Тоғышар бөгелек дернәсілдерінің саны жылқының ас қорыту жүйесінде 2500-ге дейін кездеседі (құйрық-жалдың қысқа болуы,малдың өзін қорғай алмауы,т.б.).

Аурудың сыртқы белгілері негізінен инвазия интенсивтілігіне,дернәсілдердің тоғышарлық орнына және малдың қоңына қарай байқалады.Гастрофил дернәсілдері 10-11ай ағзада болғанда ас қорыту жүйесінің кілегей қабығы бозаруы,малдың азықтан қалуы,іш өтуі,түйәлу,тісін қайрау, симптомдарымен өтеді.Көмей тұсында дернәсілдер көп болғанда,жылқының ішкен суы мұрнынан кері ағады немесе ауырсынып жұтынады.Басқа түрі тік ішекті жайлап,мал қи тастағанда көтені айналып кетеді. Кей жағдайда дернәсілдің көптігінен азық қорытылуы және басқа бөлімдеріне жылжуы нашарлап,я болмаса мүлдем тоқтайды.Осы жағдайда астыңғы жақтың дірілі немесе іш түйілуі,тершеңдік,тез болдыру белгілері байқалады.Кіші және қара мұртты бөгелектердің әсері терінің қабыршақтануына әкеліп соғады(дерматит).

Ауруды нақтылы жағдайда этиологиялық жолмен.яғни тері жамылғысын бөгелек жұмыртқаларына,ал ауыз қуысын( тілдің түбін,жұтқыншақ тұсын)езуліепен ашып,рефлектордың көмегімен жарық беріп бірінші кезеңдегі дернәсілдердің болуымен растайды.

Емі.Гастрофилезді жылқы арасында алдын алу немесе жою жұмыстары екі мезетте атқарылуы шарт.Дауалау жұмыстары үнемі жүргізілуі үшін мынадай шарттарды орындаған дұрыс.Біріншәден,көктем-жаз айларында,3-сатыдағы дернәсілдердің сыртқы ортаға қуыршақтануға түсу кезеңінде,оның имаго сатысына дейін жұмсалатын мерзімін ескеріп,жайылым алмастырып отыру,яғни 6-8бөліктен тұратын жайылымның әрқайсысына жылқыны  15-17күн бағып,келесіге көшу.Екіншіден,жылқыны таңертең,ыстық көтерілмей тұрғанда  (5-10сағат аралығында),түс ауа (18-19сағаттан соң),я болмаса түнгі мезгілде бағу.

Ауру ошағында химиялық терапияны ересек бөгелектің ұшу мерзімі аяқталысымен күзде жүргізу.Аталған шараны жүргізу үшін мынадай заттардың:хлорофостың,карбофостың 5%-дық,амидостың  5-7%-дық,троленнің 4,5%-дық ерітінділерін күзде-азыққа (шөп,жемге) қыста-қарға бүркіп береді.Бұл ем шараларын өткізер алдында жылқыны 1рыптәулік ашықты(жем,су бермей)жүргізеді.

Соңғы жылдары ауру жылқыларды емдеу үшін ең тиімді преператтардың  бірі-Эквалан-пастасы(құрамында 1,87%ивермектин)кеңінен қолданыс табуда(препарат көпшілік паразиттерді жояды).

Ірі қараның гиподерматозы(сәйгел,оқыра)-үлкен тері асты,я болмаса жұлын бөгелегі және кіші тері асты немесе өңештің бөгелегі түрлерінің тері асты шелінде тоғышарлығынан туындаған ауру.

Гиподерматоз-Қазақстанның ірі қара малында,әсіресе орталық,солтүстік және батыс өңірлерінде кеңінен таралған аурулардың бірі.Кейде гиподарма бөгелектері қой,ешкі,жылқы,сиректеу жағдайда адамда табылғаны ғылымға мәлім.Табиғи жағдайда жайылымда болған малдың 3жасқа дейінгілерінің барлығында ауруға шалдығу деңгейі өте жоғары.Күзден қысқа дейін туған бұзауларда гиподерматоз байқалмайды.Аурудың таралуына әдетте шеттен ветеринарлық маманның қадағалауынсыз әкелінген және жергілікті жердегі ауру мал себеп болады.

Ересек бөгелектің жаппай ұшуы желсіз,тынық жылы жәнеашық күндері мазалауымен байқалады.Бұл кезде мал қатты тынышсызданып,құйрықтарын көтере бас сауғалап көлеңкелі ағаш немесе суға (көл,өзен)тығылады.Үлкен тері асты бөгелегі әр қылшыққа біреуден,ал кіші түрі екеу-үшеуден жұмыртқа салады.Жылына бір генерация (ұрпақ)береді.Жазы ыстық,құрғақшылық жылдары инвазия жиілігі артады(температура неғұрлым жоғары болса,дернәсілдер соғұрлым қысқа мерзімде дамиды).

Сыртқы белгілеріне қарай екі кезеңге бөлуге болады.Алғашқыда бірінші сатыдағы дернәсілдер жұмыртқадан дамып,теріні де,ағзада миграция жасайды.Бұл кезең әдетте жасырын түрде білінбеі өтеді.Кейде жіті бақылап малдың тынышсызданғанын,қышыну,тері астының домбығуын,я болмаса кілегейлі жалқаятың пайда болғанын,азықты жұтқанда ауырсынуымен сілекейінің мөлшерден тыс көп бөлінуінің,жүру қабілетінің және орнынан күштеп тұруын аңғаруға болады.Екінші кезеңде жон арқасын саусақпен сипағанда солтүстікте-ақпан мен наурыз,ал оңтүстікте-желтоқсан мен қаңтар айларынан бастап алғашқы төмпешіктерді сезуге болады.Кейіннен соңғылардың ұлғайып,тесіліп,жарылуына әкеліп соғады.Бұл уақытта 3-сатыдағы дернәсіл тесілген өзектен жара тартылмас үшін антеннасын (сезгіш мұртын)шығарып тыныстайды.Жараның маңайы сарғылт-жасыл іріңмен желімденеді.Мал үнемі оларды басы жеткен жерлерін тілімен жалайды,азыққа тәбеті төмендейді.Өзек ауқымы үлкейген жағдайда саусақпен басып,ішіндегі 3-сатыдағы дернәсілді іріңмен қоса қысып шығаруға болады.Кей жылдары ауру малдың жон арқасының тері астында  200-ге тарта дернәсіл мекендейді.Ауру малдың терісі қатайып,сауын сиырдың сүті қашады,жас малдың салмақ қосуы төмендейді.

Гиподерматоздың емі және даулау.Гиподерматозбен күрес шараларын жүргізу ерекшеліктері Қазақстанның әр регионында бөгелектің сыртқы ортада даму,ұшу және доғарылу мерзімін  ескере орындалады.Сондықтан,гиподерматозбен күрес шаралары негізінен екі жолмен жүргізіледі.1-сатыдағы дернәсіл ағзада мирациялау кезінде-алғашқы химиотерапия,ал күзде бөгелектің ұшу мерзімі аяқталысымен арасына 30күн салып екі рет жон арқасынан сегізкөзге дейін гиподерминхлорофос,дикафос,сульфидос,азунтол,тегувон- 2 ,тегувон-20,имадофос,фентион немесе рицифон ерітінділері омыртқа жотасының екі жағында дозатордың көмегімен құяды.Малдың салмағына қарай гиподермин-хлорофос  16-24мл,диоксафос12-16мл,рицифон 6-15мл,сульфифодос- 20 5-12мл дозада қолданылады.

Соңғы жылдары ивомек, баймекғ асертин, аверсект (фармазин) дәрілерінің мойынның тері астна бір рет, әр 50 кг салмаққа 1 мл доза енгізіп қолданылуы жақсы нәтиже беруде.

Көктемде барлық ірі қараны клиникалық тексеруден өткізіп, ауру деп табылған малды жоғарыда көрсетілген жүйелі әсерін білдіретін инсектицидтермен өңдеу қайталанады. Жаз айларында бөгелек ұша бастағанда малдың тері жамылғысын инсектицидтердің бірімен ай сайын бүрку арқылы инвазия интенсивтілігін азайту келесі жылғы жайылымда гиподерматоздың таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қой эстрозы (пысқырма, пысқырық) – танау, кеңсірік және маңдай құрт дернәсілінің тоғышарлығынан туындаған ауру.

Аталған ауру Қазақстанның, Орта Азия және Кавказ мемлекеттерінің барлық өлкелерінде кездеседі. Бұл ауруға сонымен қатар, ешку де бейім. Қазақстанның оңтүстік облыстарында – екі генерация, солтүстігінде – бір рет тұқым береді.

Мал арасындағы шығын әдетте жылдың екінші жартысында туған марқа қозыларда жиі байқалады. Инвазия интенсивтілігі қой басының шоғырланған санына қатысты. Қой неғұрлым көп болса тоғышардың саны да 30-40 данаға жетеді. Қойдың кеңсірік бөлегінің ересегі күннің ыстық мезгілдерінде (9-10 мен 17-18 сағат аралықтарында) жаппай ұшып, қойды мазалайды.

Сыртқы белгілері танаудағы құрт балаңқұртының санына, қой ағзасының тұрақтылығы мен аурудың кезеңіне қатысты. Мондвқтан ауру ағымына қарай үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңде бөгелек аналығының танау қуысына тірідей бүркеді. 1-сатыдағы дернәсіл танау қуысының кілегейінде тоғышарлық етуіне сәйкес ауру қой тынышсызданып, пысқырады, басын шайқап, тұмсығын жерге немесе қатты заттарға үйкейді.  Кейіннен танау тесігінен кілегейлі сұйықтық не қан араласа ағады да, танау маңайында қатып қабыршақтанады. Танау қуысының кілегейі қызарып қабынады. Тыныс алуы жиілеп қиындайды. Ересек имагоның ұшу мерзімі аяқталысымен, қой арасында ауру ьелгісі бәсеңдеп, ағымы бойынша жасырын түріне көшеді. Соңғы кезеңде 2 және –сатыдағы дернәсілдер кеңсірік пен маңдай қуысына қарай ығысуына байланысты маңқасы кілегейлі-іріңді болады. Ауру қой отардан қалып, арықтап азады, жүріс-тұрысы қиындап, бағдарынан жаңылады. Ауру зілді түрде байқалғанда орталық жүйке жүйесі қызметі нашарлап, ауру қойда жалған айналманың белгілері байқалады. Үшінші кезеңдегі дернәсілдердің жерге қуыршақтануға түсуіне сәйкес ауру малдың жағдайы жақсарады. Жоғарыда көрсетілген белгілер солтүстікте – наурыз-мамырда, ал оңтүстікте екі рет: наурыз-мамыр және шілде-қыркүйек аралықтарында байқалады.

Түйе цефалопинозы – дернәсілдердің танау қуысы, танау кеңсірік кеңістігінде, торша сүйектің қуыстарында тоғышарлығынан туындаған ауру. Қазақша төл атаулары: тұмыр, көмейқұрт, түйеқұрт, мұрын ауруы.

Цефалопиноз негізінен түйе шаруашылықтары дамыған: Орталық, Оңтүстік, Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен кездеседі. Инвазия экстенсивтілігі (ЭИ) кейбір жылдары 70%-дан  100 %-ға, ал инвазия интенсивтілігі (ИИ) 25-170 дернәсілге дейін жетеді. Қос немесе дара өркешті түйелер арасында ауруға шалдығу деңгейінің айырмашылығы жоқ. Жер ерекшелігі ескерілсе, шөлді аймақтарға қарағанда шөлейт және далалы жерлерде ауру басымырақ (бөгелектің ыстыққа шыдамсыздығынан) кездеседі. Жайылым алмастырылатын аудандарда (көшпелі құмдар) цефалопиноз кең ауқымда байқалмайды, ал үнемі бір жайылымды қолданатын шаруашылықтарда таралу деңгейі өте жоғары.

Сыртқы белгілері. Цефалопиноздың таралу ауқымдылығына, маусымдылық ерекшеліктерге, ағзаның резистенттілігі мен қоздырушының даму сатысына қарай өрбиді. Алғашқы сатыдағы дернәсілдер танау қуысын жайлаған кезде басын шұлғу, танауын жерге, қора қабырғасына, ағаш, бағаналарға үйкеу, пысқыру, мойнын созу белгілері байқалады. Біртіндеп танаудан кілегейлі, кейіннен іріңді сорасы ағып, мал жүдейді. Күзге қарай сыртқы белгілері бөгелектің ұшуы тоқталуына сәйкес өшкін түрде ауысып, қыс айларында 2, 3- сатыдағы дернәсілдердің кеңсірік, көмейге қарай ығысуы көзге көрінетін кілегейдің қызару, қанталау, домбығу (цитоскоп көмегімен), ысқырып дем алу, адған азықты шайнамай аузын ашып дем алу, күйісінен жаңылу, көмей тұсының басқанда ауырсынуы, т.б. әкеліп соғады. Дернәсілдер көп болғанда кейде танаудан қан ағып, жағымсыз иіс шығады. Уақтылы малдәрігерлік көмек болмағанда ауру түйе тұншіғіп өліп кетеді. Сонымен қатар, бұрынғы Шымкент облысында цефалопинозға трипанозомоз қосарлағанда (парозитоценоз түрінде) түйе жағдайы күр төмендеп, өлімге көп бас ұшырағаны мәлім.

Қой экстрозы мен түйе цефалопинозын дауалау және емдеу. Індет ошағында қой экстрозы мен түйе цефалопинозы байқалғанда алдын ала қымталып жабылған қораға ауру малды енгізіп, аэрозольді генераторлардың (АУ-1) көмегімен ДДВФ-тің 60 мг, немесе 10-24%-дық хлрофос ерітіндісінің 4 г, 10 %-дық сульфидофостың 2 г, 1%-дық неоцидолдың 120 мг, 5%-дық колорцидтің 100 мг, 16,7 %-дық циодриннің 3 г әр 1 м3-ге тозаңдату арқылы бүркіп емдейді. Экспозициясы – 1 сағат. Қораның ішіндегі температура 16-250 С шамасында болуы керек. Бұл аталған емдеу жұмыстары бөгелектің ұшу мерзімі аяқталған соң солтүстікте қыркүйек-қараша, оңтүстікте екі мәрте: маусым-шілде және қараша-қазанда жүргізіледі. Сонымен қатар, бөгелектің екі генерациялы үлгіде дамитын региондарында химиотерапияны ивомекті (1мл/50 кг салмаққа), фасковеримді (0,5сл/25 кг) тері астына жіберу арқылы өткізеді.

Түйе цефалопинозында аэрозольді генератор болмағанда диоксафос немесе сульфидофос-20 препарттарының бірімен әр 1 кг салмаққа 20 мг дозада желкеден өркешіне дейін ерітінді түрінде құюға болады.

Жекеменшіктегі түйелер аз болса, бөгелек ұші кезінде 3-5 күнде бір реттанау қуысының кіре берісін 2 %-дық ДДВФ араластырылған вазелин майын жақса жеткілікті.

Жылқы ринэстрозын үш түрлі танау (бас, бөгелек, қортық және аз тікенді) бөгелектері тудырады.

Сонымен қатар, ринэстроз климаты жылы және құрғақ Украина, Башқұртстан, Орта Азия және Ресейдің Сібір аймағында кездеседі.  Жазы ыстық болған жылдары ринэструс биологиясына жақсы жағдай туып, ринэстроз жылқы арасында энзоотия түрінде байқалады. Бір жазда оңтүстікте 2, солтүстікте 1 генерация береді. Ұшу уақыты эструстердегідей. Солтүстікте ұшу мерзімі – маусымнан қыркүйектің ортасына дейін, ал оңтүстікте бірінші рет мамыр-маусым, екінші рет тамыздың екінші жартысынан қарашаның екінші жартысына дейінгі аралықта. Ересек бөгелектер 440-тан 1074-ке дейін дернәсіл шашады (9.13-сурет).

Сыртқы белгілеріаурудың созылмалы түрде өтуіне сәйкес дернәсілдердің 3-сатысына жетуіне байланысты көктемде асқынады. Ересек бөгелектер ұшқан кезде жылқы тынышсызданып, аз оттап, бастарын шұлғиды. Танау қуысына енген балаңқұрттар кілегей қабықты қабындырып, ауырсындырады. Бұл кезеңде мал азықтан қалады, құлын, жабағы, тайлар арықтап, салмақ қосуы төмендейді. Кілегейдің қабынуынан танау қуысында, жұтқыншақ тұсында домбығу мен қанталау болады. Осыған байланысты ринит пен ларинготрахеит байқалады. Жақ асты мен құлақ тұсы бездері қабынып, жылқының жұтынуы қиындайды.  Ауру жылқы су ішкенде ішкен суы танауынан кері қарай ағады. Көктемге қарай жылқа қатты пысқырғандакейде 3-сатыдағы дернәсілдер танаудан түседі. Сыртқа түскен 3-сатыдағы дернәсілдің қуыршақтану мерзімі температураға байланысты 15-5 тәулікке созылады.

 Аурудың емі және дауалау. Күзгі уақытта ринэструс дернәсілінің 1-сатысынан ауру жылқыларды арылту мақсатында солтүстікте қыркүйек-қазан, ал оңтүстікте екі мәрте: шілдеде және қазан-қараша айларында инсектицид препараттарды қолдана аэрозольді тәсілмен емдейді. Аталған тәсілдің тиімділігі 96-100 % құрайды. Немесе гастрофилез бен ринэстрозға қарсы емді бір мезгілде жүргізу үшін 12-14 сағат ашықтырылған жылқыларға хлорофостың  5% -дық судағы ертітіндісін  әр килограмм салмаққа 40 мг дозада уақталған жемге араластырып беру арқылы емдейді. Мұндай емдеуге буаздығының соңғы айларында биелер, арық және ауру жылқылар жіберілмейді. Сонымен қатар, эквалан пастасын ауыздан берген жағдайда емдеу тиімділігі 100% -ға жетеді.

 

Ауру қоздырушыларын таратушы және  тасымалдаушы жәндіктер

Жайылымдағы жануарларды жылы мезгілде: сона, маса, шыбын, құмыты және шіркейдің түрлері қатты мазалайды. Сонымен қатар, мал қорада тұрғанда басқа эктопаразиттердің: жүнжегіш, мамыққыуырсын жегіштер, бит, бүрге, қандала, т.б түрлері жыл бойы денесінде тіршілік етеді.

 Соналарқосқанатты қансорғыштардың ішіндегі ең ірілері. Қазақстан аумағында 80-ге жуық түрлері мекендейді. Соналар негізінен жағалауларында қоға-қамыс өскен өзен-көл маңайында, таулы аймақтарда кеңінен кездеседі. Ересек соналардың ірілері – 15-30 мм, орташа ауқымдылардың ұзындығы – 7-12 мм, ал кішілерінікі – 6-10 мм-дей. Дене бөліктері жақсы жіктелген және бас, кеуде, құрсақтан құралған. Басы үлкен, кеудесінен әдетте жалпақ, көздері күрделі және басының екі жағын алып жатады. Үш буынды мұрттары бастың ортасында орналасады. Бастың төменгі жағында теріні шаншып тесуге немесе өсімдік сөлін жалауға бейімделген ауыз жабдықтары орналасқан. Аталық сонаның тек өсімдік нәрімен қоректенуіне байланысты тесіп-кесетін жабдығы жоқ, тек жалауға бейімделген. Үш бөліктен құралаған кеуденің ортасына ірі қос қанаты бекінген. Қанаттары ірі, көптеген белдеушелері бар және олар қанаттың шетіне дейін жетеді. Оның артында екі кішігірім, ақ немесе сарғылт қоңыр зырылдауықтары орналасады. Аяқтары мығым, қысқа және түк жамылған. Құрсағы жалпақ, жеті сегменттен құралған.

Сона түріне қарай түстері ақ, қызғылт, қызғылт қоңыр болып келеді. Сона аналықтары кез келген жануарлардың бас, кеуде, құрсақ, жон арқа, желін, шап тұстарына қонып, қанын сорып тіршілік етуге бейімделген. Жұқпалы және басқа инвазиялық аурулар тіркелген ошақтарда соналар – ауру қоздырушыларын тасымалдаушылардың бірі. Соналар жаппай ыстық күндері сағат 7-ден 18-ге дейін ұшқанда сүт өнімі 15-25% -ға, тәулік салмақ қосуы 120-230 г-ға азаяды. Малдың үстіне 1,5-5 минутқа қонған бір сонаның сорған 50-300 мг қаны әдетте оның ұрығындағы жұмыртқалардың дамуына толығымен жетеді.

Зияндылығы.Соналардың жаппай ұшу кезінде мал қатты мазасызданып, құйрығы мен денесін сабалап қорғанады. Сона тескен жеріне уытты зат жібергеннен, терісі қабынып ұзақ уақыт ісіп жүреді. Жас мал құйрығының қысқалығынан өзін қорғай алмай қатты жүдейді.

Маса, құмыты, шіркейҚазақстан аумағында кеңінен тіркелген. Ересек қансорғыштардың ауқымы 4-11 мм, қос қанатты жәндіктердің дене бітімі ұзынша келген, кішкене домалақтау басында күрделі көздері мен сезгіш ағзалары – мұртшалары мен қармалағыштары орналасады. Тұмсығы жақсы дамыған істік, теріні тесуге бейімделген. Ортаңғы кеудеге ұзын келген қос қанатты, зырылдауығы мен үш жұп аяқтары бекінген. Кеуде тұсында ауа енетін демтүтіктері орналасады.

Құрсағын құраған 10 сегменттің соңғы екеуі жыныс мүшелерінің рөлін атқарады. Құрсағы жартылай сақиналардан қалыптасуы оның қан сорғанда мейлінше үлкеюіне және дамыған жұмыртқалардың орналасуына мүмкіндік береді.

Дернәсілдер тек суда тіршілік етіп, өсімдік пен жануар текті ағзалармен қоректенеді де, үш рет түлеп қуыршаққаайналады.

Қуыршақ денесі бөлінбей тұтасып келеді. Салмағы судан жеңіл болғандықтан, су бетінде қалқып жүреді.

Қансорғыш масалар – Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған қосқанаттылардың өкілдері.

Күн батысымен ашық алаңдарда аталық масалар құрған үйірге фолликулалары жетілген аналықтары қосылып, ұшу кезінде ұрықтанады. Жылдың жылы мезгіліне қарай масалар 3-5-тен 10-12 рет ұрық шашады. Жұмыртқаны сыртқы ортаға кейбір масалар топтап, ал кейбір тұқымдары біреуден орнықтырады. Сыртқы ортада масаның ұрығы жұмыртқа немесе дернәсілдер түрінде қыстап шығады. Масалар – сона секілді көптеген жұқпалы аурулардың қоздырушыларын таратушылар. Аналық маса гематофаг болғандықтан, қан сору үшін сүтқоретілерден бөлінген иіс пен жылуды сезіп, 1,5-3 км қашықтыққа ұша алады.

Зияндылығы.Масалар ірі қара мен жылқының кез келген жеріне, қырқылмаған қой мен түйенің түгі селдір, тақыр жеріне, терісі бағалы аңдардың тұмсығына, құстардың айдары мен сырғасына қонып, қанын сорады. Шошқаларда денесін май басқандықтан, көпшілігінде құлақ қалқанын мазалайды. Маса стилет тәрізді шанышқысын енгізген жерге сілекейімен уытты зат (антикоагулянт) бөледі. Осының әсернінен жергілікті аллергиялық реакция: қызару, домбығу, қыжылдау, қышу туындап, жиі қасығаның салдарынан жара немесе ойық жара пайда болады. Мал қатты мазасызданып, өрісте дұрыс жайылмай тынышы кетеді. Сүт қашады, салмақ қосуы азаяды. Жаппай қан сорған жағдайда мал жалпы токсикоздан өліп кетуі мүмкін.

Қансорғыштармен күресті ұйымдастыруда жалпы сақтандыру шаралары, олардың ұрық шашып дамитын орындарын жою немесе шектеу және ересек жәндіктерді құрыту жолдары еркеріледі.

Жалпы сақтық шараларының құрамына: мал қораларын, жазғы уақытта жайылымда тұратын орындарын құрғақ, биік және желдетілетін, жағалауында қамысы бар өзен, көл мен батпақты жерлерден кем дегенде 1-1,5 км қашықтықта орналастыру қажет. Сонымен қатар, әр түрлі қансорғыштардың ұшу уақыттарын ескере отыра, малды жайылымда бағуға ерекше назар аударылады. Мысалы, соналар күндізгі қансорғыштар болғандықтан, малды таңертеңгілік уақытта, я болмаса түнгі мезгілде, ал маса-шіркейлерден қорғау мақсатында түнде баққан абзал. Осындай жағдайларға мүмкіндік болмағанда жәндіктердің белсенді ұшу уақыты ескеріле отыра, малды қораға немесе жеңіл материалдан құрылған жаппа (қамыс, жапырағы бар бұтақтардан) астына паналатады. Мал қоралары мен жаппа ішін инсектицид препараттарының бірімен бүркеді. Бұл жұмысты атқару үшін ШРР, ОСА-2, ШГР, ПБДУ, МАГ, ДУК, ВДМ, ОВТ, ЛСД, т.т. жабдақтарының көмегімен дифос, байтекс, дурсбан, карбофос, байгон, диазинон, үш хлорлы метафос, циодрин, метатионның 0,02-0,05 % -дық эмусияларының бірін бүркіп шашады. Осы аталған жұмысты 1-3 апта сайын жәндіктердің көптігіне қарай қайталайды.

Жайылымдағы малды қансорғыштардан қорғау мақсатында инсектицид-репелленттерді қолданады, ДДВФ, дибром, метатионның 0,4-0,5% -дық немесе биоресметрин, суметрин, дельтаметрин (бутокс) және декаметрин, оксаматтың 5-10% -дық эмулсияларын әр ересек малға 500 мл, ал жас малға – 250-300 мл мөлшерде тері үстіне бүркеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жайылымдағы малды 10-12 рет, ал оңтүстікте 3-5 есе артық өңдейді.

Биологиялық күрес  құралы ретінде өзен-көлдерде қансорғыш жәндіктердің дернәсілдері, қуыршақтарымен қоректенетін балықтарды (гамбузия, майшабақ, т.б.) өсіру жолға қойылуы шарт.

Соңғы жылдары шет мемлекеттерде жануарлардың құлақ сырғасы, қарғыбау құрамына қосылған ивермектин препараты, репеллент ретінде қолданыс табуда.

Шыбындар –жер бетінде кеңінен таралған жәндіктердің өкілдері. Шыбындардың ішінде нағызшыбындар, жасыл шыбындар (өлексе шыбындары) мен етте тіршілік жасайтын сұрғылт түрлерінің мал шаруашылығына тигізетін зияны көп. Синантропты шыбындар негізінен адам тіршілігімен және оның мекендеген орнымен тығыз байланысты. Қазақстанның барлық облыстарында, әсіресе, елді мекендер тығыз орналасқан және мал шаруашылығы, оның ішінде қоймен айналысатын шаруышылықтар жықсы дамыған жерлерде кездеседі.

Шыбындар тек малды мазалап қоймай, бір азық түрінен екіншіге ұшқанда көптеген (80-ге жуық) ауру қоздырушыларын (аусыл, оба, риккетсиоздар, дизентерия, туберкулез, бруцеллез, топалаң тілме, дипицилидиоз, аскаридатоздар, телязиоздар, т.б.) таратады. Сонымен қатар, мал денесіндегі жараларға (қырыққан, пішкен кезде) жұмыртқа салып, вольфартиозды тудырады. Адамға зооантропоноздардың  қоздырушыларын таратуда да қауіпті.

Шыбынның ересек ұрықтанған аналықтары жиі жағдайда жылқы, шошқаның қиына  жұмыртқасын шашады. Кейбір ғалымдардың деректері бойынша 1 кг шошқа қиында 15 мың, ал жылқының осынша салмақтағы қиында 8 мың дернәсіл дамиды. Сонымен қатар, шабан денесінің үстінде 6 млн., ал ішегінде 28 млн-ға жуық микроорганизмдердің тіршілік жасайтыны ғылымға белгілі.

Мал фермасы маңайында және қораларда үйдің қара шыбын, үйдің кіші қара шыбыны, күзгі шыбын түрлері кездессе, жайылым мен мал тұратын ашық қоршауларда: далалық шыбын, сиырдың жайылым шыбыны, сиырдың кіші қара шыбыны, жылқы шыбындары тіршілік етеді.

Қанмен қоректенетін болғандықтан, малды қатты мазалайды. Қалың ұшқан масалардың ықпалынан әдетте жануар күйзелу, ентігу мен демігу, дене қызуының көтерілуі байқалады. Сауын сиырларды мазалағанда күнделікті сүт 0,72 л-ге кеміп, бұзаулардың салмақ қосуы 0,32 г-ға азаяды.

Еттің жасыл шыбындарының түстері: жасыл, қара сұр немесе қара.

Ересектері мал қоралары, жайылым, елді мекендерде (базар, мал тастайтын апандар, қасапхана) тілшілік етіп, өз жұмыртқаларын (200-ге жуық) балық, мал өлексесі, шіріген өсімдік, сүт, мал мен адам нәжісіне және т.б. субстраттарға салады. Кейде ластанған азықпен ішке түскенде мал мен адамға ішек миазын (құрттау) тудырады. Жануар денесіндегі жараларға салынған жұмыртқадан 2-3 тәуліктен соң дернәсіл дамып, қатты қабындырады. Шыбындардың кейбірі тоғышарлық тұғырығында (нт комбинаты, құс қора, балық зауыты) қоректеніп, ет, мал өлексесі, сүйек, балық, шіріген субстраттарда жұмыртқасын шашып дамиды. Ылғалы көп түсетін мемлекеттерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қой жүні арасына жұмыртқа шашып, теріні мацерацияға (жиду, былжырау) қшыратады.

Күрес шаралары негізінен уақытылы және дұрыс ережелерге сәйкес санитарлық-дауалық және жою жұмыстарына бағытталуы шарт.

 Санитарлық-дауалық шаралар– кешені шыбындармен күресудегі негізгі буын, яғни лоардың жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ сатыларындағы даму орындарын болдырмау. Сонымен қтар, шыбындармен күресті мал қоралары мен жайылым жағдайында өткізеді: мал өораларын қи, қоқыстан тазарту және қалдықтарды биотермиялық залалсыздандыру, ферма маңайын таза ұстау, қи қойма мен дәретханаларды фермадан алыстау жерде  (50-70 м), ық жағынан жайғастыру, соңғылардың жан-жағын жоспарлы түрде инсектицидтермен өңдеп бүрку. Осыған сәйкес деларвациялауға 0,5 % -дық аммиактың, үш хлорлы метафос-3 (ҮХМ), карбофостың 0,1% -дық немесе т.б. инсектицидтердің судағы ерітінділерін, я болмаса эмульсияларын әр 1–ге 2-5 л мөлшерде қолданады. Басты назарды сүт қабылдайтын және азық дайындайтын орындарда да жүргізген абзал. Терезе, есік, қақпаларға уақ темір ьорлар немесе инсектицид заттар мен ылғылданған дәкелерді ілу, ыдыстарды таза ұстау жұмыстары атқарылады. Шыбын дернәсілін жоюда 0,1-0,2%-дық ҮХМ-3, бромфос, метатион, фталофостың, 0,5%-дық байгон, хлорофос, карбофос, циодрин, 5%-дық полихлорипинен ерітінділері (3-5 л әр шаршы метрге) тиімді. Алайда жәндіктердің ұзақ уақыт қолданылған инсектицидтерге бейімделуін ескере отырып, дернәсілдерге бір зат, ал ересек шыбындарға басқа түрлі заттар қолданылады. Атқарылатын жұмыс өнімді болу мақсатында ерітінділерді бүркуге ДУК, ВМОК, ЛСД, МРЖ-2, АГ-УД-2 т.т. құрал-жабдықтарының көмегімен жүргізіледі.

Сұрғылт ет шыбындарының ішінде вольфарт шыбынының маңызы зор. Аталған шыбынның көптеген жануарлар денесіне салған дернәсіл терең орналасқан тіндерге бойлап, ойық жаралардың туындауына әкеліп соғады. Қазақстанда кеңінен кездесетін жәндік. Үй жануарларының (әсіресе, қой, сиректеу түйе, ірі қара, ит, жылқы және т.б.) көпшілігі бейім. Вольфартиоз (құрттау) кейбір жылдары қойды қырқу науқаны аяқталысымен қошқар, ісектердің арасында 10-40% -ын қамтып, үлкен шығын тигізеді. Індеттің шегіне жету мерзімі: Батыс және Шығыс Қазақстанда маусымның екінші жартысында, солтүстікте – маусым-шілдеде байқалса, оңтүстік өңірде екі мәрте: мамыр және тамыз айларында өтеді.

Клиникалық белгілері. Волфартиоздың пайда болуына мынадай  себептер ықпалын тигізеді: қойды қырқу кезіндегі терідегі жаралар, кешіктіріліп  жүргізілетін пішу, ыстық қорада малды үнемі ұстау, басқа да жағдайлардағы оқыстан, иксодид кенелерінен кейін, тікенекті өсімдіктері бар жайылымда баққанда пайда болған жаралар. Сонымен қатар, малдың құрттауына кейбір жұқпалы аурулар себепкер болады (некробактериоз, шешек, мастит, дерматит, т.б.). вольфарт шыбынының сезім мүшелері жақсы дамығандықтан, мал денесіндегі кішігірім жараларды бірден табады.

Ұрықтанған ересек аналығы жараға дернәсіл (10-35 дана) салады. Соңғылары ауыз маңындағы ілмекшелерімен жара бекініп, сегменттерді артқа қарай бағытталған тікендерінің және ферменттерінің көмегімен тінге терең бойлап енеді. Жара ісініп, қызарады, кілегейлі экссудат бөлінеді. Ауру мал бағымнан қалады, жиі жатып, құрттаған жерін тістелеп қасиды, арып азады. Көпшілігінде қошқарларда – препуциясы, саулықтарда – сарпайы, құйрық асты, желіні, кеш пішілген және құйрығы кесілген малда – ұма, препуция және құрық ұшы құрттайды. Сонымен бірге тұяқ ашасы, құлағы, эндометритте – қынабы құрттауы ықтимал. Маусымдылығы бойынша (көктек – күз айларында), миазда жара ішіндегі вольфарт дернәсілдері орналасуы (шеттерінде – ұсақ, ал ортасы мен тереңінде – үлкендері), тірі дернәсілдің аз мөлшерде жарадаболуы мен қимылдарының баяулығы ескеріледі. Өлекседе тіршілік ететін шыбын мен вольфарт шыбыны дернәсілдері бір уақытта жарада тоғышарлықта болған жағдайда оның ортасында вольфарт, ал шетінде жасыл шыбын дернәсілдері белсенді қимыл көрсетеді.

Күрес шаралары. Вольфартиоз мал арасында кеңінен байқалғанда оларды топтап арнайы ванналарда тоғыту 6, не болмаса 1%-дық хлорофос , 0,05%-дық неоцидол, 0,5%-дық ҮХМ-3 эмульсияларының бірімен ДУК, ВМОК, ЛСД тағы да басқа жабдықтардың көмегімен бүркеді. Ауру малды жекелей емдегенде «Вольфазоль-Д», «Вольфартол», «Миазоль» аэрозольді құтылардан немесе гиподерминхлорофос, сульфидофос, т.б. инсектицидтердің ерітінділері қолданылады. Вольфартиоздың алдын алу мақсатында мына жұмыстар жоспарлануы шарт:

  • еркек малды пішу, құйрық кесуді вольфарт шыбынының ұшу мерзімі басталғанға дейін жүргізу;
  • қошқарлардың препуция мен ұма, ал аналықтарда – жыныс мүшесі мен желіні маңайындағы жүнін жайылымға шығарға дейін қырқу;
  • жануарларды алдын ала тексерілген теріні зақымдайтын тікенек өсімдіктері жоқ жайылымдарға бағу;
  • мал суаттанатын өзен-көлдердің жағалаулары мен су түбін бекіту (қиыршық тас немесе құм төсеу);
  • қой қырқуды уақтылы, сапалы және қысқа уақыт аралығында тәжірибелі мамандардың атқаруы;
  • қырқылған қой басын кешіктірмей бірден конценирациясын ескере арнайы эмульсияларда тоғыту және шыбынның ұшу мерзімі аяқталғанға дейін аптасына 1-2 рет қойларды қарау;
  • ұрықтандыру алдында қошқарлар мен аналықтардың физиологиялық жағдайын тексеру.

Қанатсыз қансорғыш тоғышарлардан үй жануарларында қанатсыз қансорғыштың жиі түрде биязы жүнде тұқымдас қойда және жылқыда ұдайы денеде мекендеуінен туындайтын созылмалы ауруды мелафагоз деп атайды.

Мелофагтардың қой денесінде жылдың кез келген уақытында кездесетіндігі ескеріледі, алайда олардың саны солтүстік облыстарда – сәуірден маусымға дейін, ал басқа региондарда наурыз-мамыр аралықтарында артады. Аталған эктопаразиттер жүні қырқылған қойларда күрт азаяды. Жүні көтерілмеген қозыларда сирек байқалады. Ылғалы көп жылдары мелофагтардың аз болуын ғалымдар олардың жүн талшықтарына бекіткен дернәсіл (қуыршақ) кезіндегілерінің сумен шайылып кетуімен байланыстырады (денеден түскен қуыршақ қырылады). Қойда кейде мелофагтар 2-3 мың данаға дейін жетеді (Досжанов, 1980 ж).

Зияндылығы мен сыртқы белгілері. Қойда тоғышар көп мекендегенде, әсіресе, тұсақтарда, ағза тұрақтылығы төмендеуіне сәйкес мал азып ариды, салмақ қоспай (10 кг-ға дейін), жүнінің сапасы (өлі жүн) мен шығымы (0,8 кг-дай) күрт төмендейді. Мелофагтар теріні тескен жерін қой қатты қасып, кейіннен ол орында дерматит өрбиді. Жүні түскен жерлері ойдым-ойдым болып, қасығаннан тіс арасына жүні жиналып, ауру мал азықтан қалады.

Ересегі – қанатсыз, сарғылт сұр түсті жәндік. Денесі дорсовентральді бағытта жанышталған. Күрделі кішігірім көздері орналасқан басы кеудесіне мығым бекінген. Тұмсығы жіңішке, ұзын, теріні тесіп, қандысоруға бейімделген. Тұмсығының бүйірінен түкпен жамылған қармалағыштары орналасқан. Кеудесіне үш жұп жақсы дамыған орақ тәрізді тырнақтарымен қаруланған аяқтары бекінген.

Аналығы 3-кезеңге дейін жатырда дамыған ақ түсті, дөңгелене келген, 3,5 мм-дей туған бір ғана тірі дернәсілді жүн талшығына жатыр кілегейімен бекітеді. 5-7 сағаттан соң соңғысы қоңыр түске енеді де, кутикуласы қатайып қуыршаққа айналады. Аналығы өмірінде бір рет ұрықтанып (аталық ұрық жатырда сақталады), 15-ке жуық ұрпақ береді.

Жоғарыда аталған жәндіктерді және олардың дернәсіл-қуыршақтарын мал денесінің мойын, кеуде, сирақ, жақ асты кеңістігінен, мүйіз түбінен немесе бауыр тұсынан кішкене қысқаш көмегімен қылшық я болмаса жүн салынған сауытқа жинайды. Ұзақ сақтауға әдетте спирттің әр түрлі концентрациясында бекітіліп кептірілген даналары ғана жарамды.

Күрес шаралары негізінен ауру малды тоғыту немесе инсентицидтермен бүркуге бағытталған және бұл шара – ең тиімдісі. Малды тоғытуға 1%-дық креолин мен 0,25%-дық гексазлоран қоспасы, 0,05%-дық циодрин, 0,005%-дық метатион, 0,5%-дық севин, карбофос, тролен, корал, бензофосфат, 0,05%-дық неоцидолдың эмульсияларының бірі қолданылады. Сонымен бірге, суық уақытта қырқылған қойларды ивомек, баймек, аверсект, абимек, сайдектин, т.б. ивермектиндердің бірімен әр 50 кг салмаққа 1 мл дозада тері астына енгізу я болмаса ДДВФ ұнтағымен дустау арқылы  жүргізіледі.

Мамық және жүнжегіштер жануарлар мен құс қораларында, я болмаса олардың денесінде (мамықжегіштер – тек қана құс денесінде) мекендеп, маллофагоз тудырады.  Маллофагоз Қазақстанның барлық облыстарында кеңінен таралған. Инвазияның интенсивтілігі мал мен құстың орналасу тығыздығына, қорадағы температура мен ылғалдылыққа байланысты.

Сонымен қатар, жарық түспейтін қараңғы қораларда мал-құсқа тез тарайды. Ауру қоздырушылар тікелейжанасу арқылы беріледі. Көктем-жаз айларында мал-құстың түлеуіне сәйкес саны күрт азаяды.

Зияндылығы мен сыртқы белгілері. Құс арасында маллофагоз 40-100%-ын қамтиды. Бұл жағдайда құста қышу, қауырсын мен мамығы түсу, дерматит байқалады. Жұмыртқа өнімі 13-20%-ға азаяды. Ауру құс ұзақ уақыт тұмсығымен өзін-өзі тазалап немесе топыраққа аунап жатады. Құстың мамық және қауырсын жегіштері сонымен бірге оба, Марек ауруы қоздырушыларын таратады. Жануарлардың жүнжегіштері ауырған малды мазалап аздырады, тәулік, салмақ қосуын азайтады және кейбір аурулардың (қан аздық, оба) қоздырушыларын таратуға себін тигізеді. Жылқы мен ірі қарада мойын, аяқ, кеуде және құйрық маңайында жүні түсіп тақырланған орындар кейіннен қасығандықтан дерматитке айналады.

Алдын алу және күрес шаралары. Дауалау ретінде сырттан әкелінген мал-құсты сақтық карантиннен өткізу, ай сайын олардың тері жамылғысын тексеру, қораларда ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң қадағалау, т.б. шаралар қамтылуы шарт. Ауру байқалғанда құс және мал қораларда қи-қоқыстан, мамықтан тазарту, жәндік жұмыртқаларының инсектицидтерге төзімділігін ескере отырып, қалдық әсері ұзақ болатын заттар қолдану керек.

Ауру құстарды емдеуге: 0,5%-дық хлорофос, 0,25%-дық карбофос, севин, 0,05%-дық дибромның судағы ерітінділерінің бірін әр басқа 25 мл мөлшерде бағыттап бүрку қолданылады. Биологиялық күрес ретінде микробтық инсектицид – инсектин препаратының 2%-дық суспензиясымен (әр құсқа 50 мл доза) өңдеу жүргізіледі. Осы аталған препараттарды жануарлардың маллофагозында да қолданады.

Биттер – уақытша сыртқы паразиттер, сифункулятоздардың негізгі қоздырушылары. Биттер тек өзінетәне иелерінде тоғышарлық етеді. Қысқа басты бит, ұзын басты бұзаудың биті, ірі қараның түкті биті тақтұяқтыларда, доңызда, итте, түйеде, үй қояндарында тіршілік етеді. Құстарда бит тоғышарлық тіршілік жасамайды.

Індеттанулық деректері. Жануарлардың биттеуі әдетте мал қораларында ветеринарлық-санитарлық ережелер дұрыс жолға қойылмағанда кеңінен кездеседі. Инвазия бастауы болып биттеген мал саналады. Аталмыш қансорғыш негізінен жанасу, құрал-жабдықтар көмегімен беріледі. Маусымдылығы бойынша сифункуляталардың қысқы уақытта көп кездесуі малдың тері жамылғысының лас болуынан, малдың күн көзінде болмауынан, күтушілердің малдың терісін тазартпауынан ба-йқалады. Биттер малдан бірнеше рет қанын сорып, тіршілігінде тәулігіне 80-100–ге тарта жұмыртқаны сірке жүн талшықтарына кілегейімен желімдеп бекітеді. Жаз уақытында мүлдем жойылмаса да, олардың саны күрт азаяды. Биттер туляремия, топалаң, тілме, сальмонеллез, ірі қара обасы, т.б. аурулардың қоздырушаларын таратады.

Сыртқы белгілері. Сифункуляталардың ықпалы түнгі мезгілде жақсы байқалады. Тоғышар теріні тесіп қанға антикаогулянт жібергендіктен, мал тынышсызданып қышынады, түгі түсіп, терісі тақырланады, дерматит байқалады.  Тоғышар көп болғанда жас малдың қоңы төмендеп, жүдедйі.

Аналығы аталығынан үлкен. Ұзындау келген басы сүйірлене бітеді. Көпшілігінің көздері мүлдем жоқ немесе әлсіз дамыған. Ауызы тесіп соруға бейімделген. Келесі екі дене бөліктері тұтасып бітіскен. Кеуде сегменттеріне ұштары қомды тырнақшалармен жабдықталған үш жұп аяқтары бекінеді. Аналықтардың құрсақ түбі – үш бұрышты қиық тәрізді, ал аталықта дөңгелене бітеді.

Жұмыртқасы (сірке) жылтыр, ақ түсті, үлкендігі 1 мм-дей, пішіні сопақшалау. Жұмыртқадан дамыған бірінші кезеңдегі дернәсіл ересегіне ұқсас, тек тұрқы кішігірім, 2-3 апта аралығында 3 рет түлеп, ересек сатысына дейін жетіледі.

Күрес шараларын жоспарлы түрде жалпы алдын алу жұмыстарынан басқа малдың жүн жамылғысын әлсін-әлсін  тексеруден бастайды.тоғышар анықталғанда арасына 12-17 күн салфп, инсектицидтердің бірімен жылы мезгілде – ерітінділерде тоғыту немесе олрамен бүрку ал суық уақытт – дустау жүргізіледі.

Жануарларды 0,5 %-дық севин, 0,75%-дық хлорофос, карбофос, ҮХМ-

3, ДДВФ, 0,15 %-дық циодрин суспензияларын мал басына 100 сл доза бүрку, я болмаса 1 %-дық хлорофос, циодрин, севин, диазинон дустарын қолданады. Соңғы жылдары пиретроидтар тобынан қолданылған дельтаметрин, пермитрин және анометрин перпараттарының 0,005-0,02%-дық эмульсиялары мен ивермектин тобына қатысты заттардың: ивомек, баймек, абимек, т.б. 100% тиімділік көрсетуде.

Бүргелер – жануарлар әлемінде тоғышар ретінде кездесетін қанатсыз уақытша эктопаразит қансорғыштарының өкілдері. Сонымен қатар көптгене ауру қоздырғыштарын таратушы екені мәлім. Тіршілігі бойынша бүргелердің кез-келген жануарға бейімделуі, аш күйінде 18 ай тіршілік етуі, саны тым көбейгенде вермипсиллез туындап, мал өлуі ықтимал. Бүргелер – толық дамып сүрленетін жәндіктер, сондықтан жұмыртқасын әндерге, қораларға, қоқыстарға салады. Сонымен қатар, бүрге адам, түйе, кеміргіштердің обасының, туляремия, т.б. гельминтоздардың қоздырушыларны таратады. Сондықтан бүргелердің көпшілігі індері бар кеміргіштер мен малды тығыз ұстаған қора-жайда жиі кездеседі.

Сыртқы белгілері жас малда сақа малмен салыстырғанда зылды түрде өтеді. Бүргелеп кеткен мал мазасызданып, денесін тістелейі немесе қаынады. Осының нәтижесінде жүні ұйысып, кейбір түрінде түсіп қалады.

Күрес шаралары мал тұратын қора мен ферма маңайында тазалықты сақтауды, дезинсекция және дезинекцияны уақтылы жүргізуден тұрады. Мал денесіндегі бүргелерді жоюға инсектицидті препараттар (биттерге қарсы қолданылатындар) жарамды. Ит-мысықтарға қазіргі уақытта шығарылатын зоошампуньдер кеңінен қолданылады. Міндетті түрде мал қораларында дератизация жүргізілуі шарт.

Қандалалар – толық түрленбей дамитын жануарлар мен құста және адамда уақытша кездесетін тоғышарлар. Ғылымға белгілі 2500 түрлі қандалалар үй және жабайы жануарларда тоғышарлық етеді.

Қандалалар мал қораларына құрал-жабдық, киіммен енуі мүмкін, сонымен бірге олар жақын орналасқан қоралар арасында өздігінен де тарайды. Жылы уақытта қандала саны күрт көбейіп, күндіз қабырға еден жарықтарында, құс ұясында, т.б. жерлерде тығылады да, ал түнгі мезгілде белсенді. Бұл жәндіктер әсіресе 1-7 күндік тауық балапандарын қатты мазалайды. Тауықтарда қан сорып мазалағанда жұмыртқа өнімділігі 19-20%-ға  кемиді. Ғылыми деректер бойынша жануарлар мен құс арасында спирохетоз, шешек, азиялық оба, туляремия, топалаң, гемолитикалық стрептокооккоз қоздырушыларын таратуда қандаоаның алатын орны бөлек.

Сыртқа белгілері. Теріде тескен жері қатты қабынып, папула (бөртік) пайда болады. Терісі қызарады, тауық балапандарының қауырсын-мамығы үрпиіп, тынышсызданады. Азықтан қалып, қоңы төмендейді. Кейде шығын болады. Ересек құс бірін-бірі шоқып жарақаттайд.

Ересек қандаланың тұрқы 4-6 мм, сары немесе қызғыот-қоңыр түсті. Басындтөртбуынды мұртшалары, шегір үлкен көздері мен тесіп-соруға бейімделген тұмсығы орналасады. Жақсы дамыған алдыңғы көкрек бөлігіне ұзын, жылдам жүгіруге лайықты үш жұп аяқтары бекінген. Соңғы жұп аяқтың артында жағымсыз иіс шығаруға бейімделген бездер орналасқан. Жұмыртқасы желіммен бекиді.

Алдын алу және күресу шаралары. Жалпы ветеринарлық шаралар ескеріледі. Қандаланы жою мақсатында қораны қи-қиоқыстан тазарту, қабырға мен едендегі жарық саңылауларды бітеу, дезинсекция жұмыстары жүргізіледі.

Инсектицид препараттарын қолданғанда қандаланың оларға тұрақтылығын және даму мерзімдері ескеріледі. Жылы уақытта – 10 күн, ал суық мезгілде 14-17 күн өткен соң дезинсекция екінші рет қайталанады. Дезинсектант ретінде: 0,25%-дық дурсбан, циодрин, бензофосфат, ВХМ-3, карбофос, педикс – 50, ветиол, дибромның судағы эмульсиялары әр м2-ге 100-200 мл мөлшерде жұмсалады.

Сонымен қатар, ДДВФ, Инсектол, Аэрол-2 препараттары көмегімен тозаңдату жұмыстарын жүргізуге болады. Дезинсекция өткізілген қораны желдетіп, науа, оттықтары ыстық сумен жуғаннан кейін 1-2 тәуліктен кейін мал-құсты енгізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *