Жаңа технология жүйесінің жалпы және орта білім беру мазмұнының жеке адамның дамуына әсері

Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Ш.М.Бақтыбаева, Т.Ш.Қуанышев, Н.Э.Пфейфер, К.Х.Закирьянов, М.И.Виленский, Л.И.Лубышева, Ж.К.Холодов, В.М.Выдрин, В.В.Лобачев, Б.И.Орумбаев, т.б. еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің мәнділігі терең зерттелген болатын [52,26,46,75,76,85,97,102].

Аталған ғалымдардың  еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің көп құзыреттілігі  кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде  мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды  қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын  тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыптасады және оның көрінісі  тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынады.

Сонымен бірге, С.Л.Рубинштейн, В.В. Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Н.М.Борытко, М.В.Буланова-Топоркова, Б.Т.Лихачев, Ашмарин БА., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И., Матвеев Л.П., Решетень И.Н., т.б. психологтар мен педагогтардың еңбектеріне [53,65,46,42,65,56,74,59,-39,46,26,77,47] жасалынған талдау «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымының жеткілікті зерттелмегендігін, әсіресе  «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» және «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-іскерліктер мен дағдылары» ұғымдарының кәсіби педагогикалық қызметтің нәтижелік көрсеткіші ретінде қарастырумен шектелетіндігі анықтауға мүмкіндік берді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді дайындаудың жалпыпедагогикалық дайындау мәселесі бойынша О.А.Абдулинаның, В.А.Сластениннің, О.С.Анисимовтың, В.П.Беспальконың, В.И.Гороваяның, Е.М.Ивановтың, В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның, В.В.Лобачевтың, Л.М.Митинаның, Н.Хмель, О.Сәлімбаев, М.Құдайқұлов, т.б. [16,20,62,72,-78,29,54,19,79,80,50,-81,82] зерттеу жұмыстарында болашақ педагогикалық мамандарды дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері кәсіби-педагогикалық қызметтің құрамдас бөліктерін зерттеумен тоқталған, оның ішінде болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын кәсіби-педагогикалық қызметтің маманның тұлғалық сапаларымен байланыстырмай қарастырады. Соның нәтижесінде болашақ маманның жалпыпедагогикалық іскерліктері мен кәсіби-педагоги-калық іскерліктері арасындағы айырмашылық ашылмай қалады. О.С.Анисимовтың, Е.М.Ивановтың, В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның еңбектерінде «болашақ педагогтарда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру» психодиагностикалық қызмет деңгейінде қарастырылып, түсіндіріледі [62,29,54,19].  Ал дене шынықтыру мұғалімін дайындауда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру көптеген жеке жаттығулары арқылы қалыптасатын арнайы кәсіби қызмет деңгейінде түсіндіріледі. Бұл біздің жоғарыда талдаған зерттеулеріміз болашақ дене шынықтыру мұғалімін дайындаудың техникалық-тактикалық іскерліктер мен дағдылармен шектеліп отырғандығын көрсетеді. Атап айтқанда,  көптеген теоретиктер дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-мәнді сапаларына маманның қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуды ғана жатқызатыны айқындалынып отыр. Оның себебін зерттеушілер мектепте дене шынықтыру сабағының оқушыларда негізінен спорттық жетілуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын дамытуға бағдарланатынын дәйектейді.

Сондықтан, көптеген дене шынықтыру ғылымының теориялық негізін жасаушы ғалымдар, атап айқанда В.К.Бальсевич, Г.М.Соловьев, Л.П.Матвеев, Б.А. Ашмарин, т.б. дене шынықтыруды спорттандандыру арқылы беру керек деген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес мектепте дене шынықтыру спорттық жаттығулар арқылы жүзеге асса нәтижелі болады, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау спорттық-кәсіптік қызметке бағдарлануы тиіс деп санайды.

Дене шынықтырудың оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық, педагогикалық зерттеулерді талдау барысында    «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықтадық (4-сурет). Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылады, ал оның басты мақсаты дене дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналады. Сондықтан, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі құрылымдық мазмұнды құрайды, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары болуы міндетті.

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаған міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық-дене шынықтыру, салауат-тандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс.

Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаға міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық -дене шынықтыру, салауаттандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.

Осы тұрғыдан, М.Я.Виленский, В.А.Сластениннің жалпыпедагогикалық міндеттерге рефлексивті-талдағыштық, құрастырушы-жобалаушы, ұйымдас-тырушылық-әрекеттік, түзетуші-реттеуші қызметтерді жатқызу қажеттігі туралы тұжырымдарына сүйенуді жөн көрдік [26,20].

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық білімдері мен іскерліктерінің жүйесі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің моделі болып табылады. Бұл жерде кәсіби-педагогикалық және іскерлік кәсіби-педагогикалық білімдерді оқыту мен тәрбиелеу саласына үйреншікті, сондай-ақ жаңа күтпеген жағдайларда қолдану әрекеттері ретінде қарастырылады.

Демек, кәсіби іс-әрекетке даярлықтың мазмұны болып табылатын  болашақ Л.П.Матвеевтің оқу құралында  берілген тұжырымдамаға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің білімдері мен іскерліктерін оның мамандыққа бейімделу іс-әрекетінен іздеу керек.

Бүгінгі таңда дене шынықтыру мұғалімі мамандығының жобасын құру жөніндегі педагогикалық еңбектерде негізінен үш үлгі қарастырылуда, оның ішінде В.А. Сластениннің үлгісін негізге алуға болады. Олар қазіргі жағдай-лардан туындаған мәселелер (немесе іс-әрекет түрлері); біздің еліміздің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктерінен туындаған мәселелер (неме-се іс-әрекет түрлері); кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер (іс-әрекет түрлері) ретінде шешуші орынға шығады .

Ол үлгінің бірінші  блогы «қазіргі маман» ұғымына енетінді бейнелейді. Жаңа заман маманға жаңа талаптар қояды. Ақпараттар тасқындап, білімдер тез ескірген жағдайларда  үздіксіз білім алу қажеттігі  туады, яғни маман өз бетімен жаңа білімдерді игеріп, жаңа мәселелерді шешуге даяр болуы тиіс. Өзінің кәсіби іс-әрекетін әлеуметтік мәнді мақсаттарды есепке алып қайта құру іскерлігі кәсіби іс-әрекеттің шартына айналады. Сондықтан маманды жаца білім мен іскерліктерді игеруге үйрету, оқыту мақсаттарының бірі болып табылады.

Үйрену іскерлігі өзінің қызметі бойынша іс-әрекеттің  бірнеше түрлерін қамтиды: жаңа ақпарат  іздеу; жаңа ақпараттар алу үшін олардың  көздерімен (әдебиеттермен, компъютермен, Интернетпен, оқытушы-ғалымдармен және т.б.) жұмыс істеуге тез бағдарлану; алған ақпараттан негізгіні ажырату оны конспектілеп жазып алу; практикалық іс-әрекетті жаңа ойлап табылган тәсілдермен, инновациялық технологиялармен жетілдіру, жеке веб-сайт ашу.

Қазіргі маманның кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияны, яғни ғылымның жаңа табыстарына негізделген технологияны жасау, игеру және пайдалану талап етіледі. Іс-әрекеті инновациялық технологиямен байланысты маманның шығарған өнімінің де оның өзінің де бәсекелестік қабілеті жоғары болады. Модельдің бірінші блогымен байланысты оның екінші блогына нарықтың даму жолына түскен егеменді еліміздің маманы шешетін мәселелер енеді. Біздің еліміздің қоғамдық-саяси ерекшеліктерінің мамандарға талаптары мынадай: инновациялық экономиканы дамыту, инновациялық технологияны дамыту, инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру, білім беру жүйесін инновациялық есепке алып жетілдіру, инновациялық әлеуетті қалыптастыру.

Модельдің бірінші  екінші блоктарымен байланысты оның үшінші блогына біздің зерттеу объектімізге сәйкес болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін инновациялық оқыту мен тәрбиелеу саласында шешетін мәселелері енеді.

Енді осы үшінші блоктың  қосалқы блогын, яғни болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін инновациялық даярлығының іс-әрекетінің үлгісін құруымыз керек. Ол үшін жоғарыда баяндалған мұғалімдер іс-әрекетінің, ерекшеліктерін (үлгісін)  маман үлгісін құру тәжірибесін басшылыққа аламыз. Өйткені жалпы модельдер (мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің моделі, маман іс-әрекетінің үлгісі) жеке модельді (болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің үлгісін) құруға қатысты әдістеме қызметін атқарады.

Осы тұрғыдан Ж.М.Тулегенов, О.А.Аяшев, М.Б.Сапарбаев, К.Х.Закирьянов, К.С.Мусин, С.Ж.Пралиев оқу-тәрбие практикасын болашақ мұғалімнің ғылыми мәселелерді қабылдауға жүзеге асыруға даярлығы тұрғы-сынан қарастыру керектігін атап көрсетеді [8,83,84,85,86,87]. Біз болашақ мұғалімнің қызметін, яғни оның инновациялық мәселелерді қабылдауға  жүзеге асыруға даярлығы тұрғысынан қарастыруымызға болады.

Сондықтан, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру мазмұны жаңа мәселені шешудің дайындық кезеңдерін; оны іске асырудың актілерін; үрдістің күйін (фазасын); оны дамытудың кезеңдерін (стадияларын) анықтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл үрдісті жүзеге асырудың актілерін М.Құдайқұлов (интуиция — білім — ебдейлік), В.А.Ким (идея-ұстаным-орындау) зерттеулері көрсеткен. Ал Б.М.Утегенованың зерттеулерінің нәтижелері шығармашылық үрдісті орындаудың мынадай кезеңдерін анықтаған: интеллектуалдық дайындық, мәселені таңдау, идеяның тууы, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңалықты шешудің ұстанымдарын айқындау және рәсімдеу [83].

Ал Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалым-педагогы Л.А.Шкутина шығармашылық үрдісті үш сатыға бөліп [89], ондағы көрінетін қабілет-қасиеттерді көрсету қажет деп санайды: жаңаны, өзгеше тың дүниені сезіне білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой-талдауға бейімділік, жан дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл күйдің туу кезеңі; интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашы-лыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі; өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни, сын, дәлелдеме сатысы [84].

Сол себепті болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы болашақ мұғалімнің өзін-өзі дамыту ұмтылыстарын қарастырған жөн балып табылады: 1) Өзін-өзі тану мотивтері: тәжірибелік-зерттеу жұмыстарымен айналысуға талпыныс (құлшыныс) білдіруі; өзінің мақсатындағы басты жетістіктерді бағалай алуы; өзінің педагогикалық еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге мақсаттылығы; жоғары нәтижеге, табысқа жетудегі болашақ мұғалімнің өзіндік жауапкершілігінің артуы және т.б.; 2) өз мүмкіндіктерін анықтау мотивтері: кәсіби іс-әрекеттің мақсатын түсінуге талпыныс; тәлімгерлердің, мектеп әкімшілігінің, инноватор мұғалімдердің пікіріне құлақ асу; өзінің кәсіби-шығармашылық қызығушылық кеңістігін кеңейту, оны тереңдетуге ат салысу; инновациялық іс-әрекеттің артықшылығын мойындау; педагогикалық мамандықтың ашылмаған қыр-сырын меңгеруге құлшыныс таныту; оқытудың тиімді инновациялық технологияларын меңгеруге талпыныс; тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекеттің ерекшіліктерін меңгеру және т.б.; 3) инновациялық өзін-өзі басқару мотивтері: инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттарын анықтау  басқару мәселелерін шешуге қатысты мәселелерді алдын-ала сезе алу қабілеттерін көре алуға талпыныс; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттерін жоспарлай алу; инновациялық іс-әрекетке қатысты өзін-өзі бақылауға талпыныс; инновациялық іс-әрекетке өзіндік бақылаудың адекватты критерийлерін анықтау; өзінің іс-әрекетінің нәтижесін объективті бағалай алу; уақытты ұтымды пайдаланудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру; жаңа ғасырдың ақпарат көздерін (Интернет, телекоммуникация желілері,  т.б.) шұғыл тиімді пайдалану; өзінің инновациялық қабілеттерін одан әрі дамыту, жаңа идеяларды табу, үсыну, жинау оны жүзеге асыруға ат салысу; инновациялық іс-әрекетке деген мақсаткершілікті арттыру, жүзеге асыруға ұмтылу;өзінің еңбек жолын өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру  инновациялық білім алуға бағыттау; 4) инновациялықты жүзеге асыру мотивтері: инновациялық іс-әрекеттегі ең басты, өзектісін назарда ұстау; өзекті, көкейкесті, маңызды мәселелерді ажырата алу, оларды тиімді шешудің жолдарын анықтау; инновациялық іс-әрекеттің үлкен жетістіктеріне мақсатты түрде қол жеткізу; әрқашан кеңінен ойластырылған ұтымды жаңа шешім қабылдау; өзінің кәсіби біліктілігін ұдайы  жетілдіріп отыру; өзінің педагогикалық мәдениетін арттыру; шығармашылық іс-әрекетке инициатива таныту, басқа жағдайларға тәуелсіз, жеке, дара идеялар ұсыну; өзінің ішкі сенімсіздіктерін жеңе алу  шығармашылық бастаған ісін аяғына дейін жеткізу; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттін жүргізу барысында жоғары оқу орны ғалымдарымен, инновациялық зерттеу орталықтары қызметкерлерімен тығыз байланыстар орнату; өзінің инновациялық іс-әрекетінің  одан әрі зерттеушілік іс-әрекетке ұласуына атсалысу; 5) өзін-өзі жетілдіру мотивтері: іс-әрекеттің тиімділігін педагогикалық ұжымның, мектеп әкімшілігінің мойындауы  қолдануы; инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі болуына атсалысу, өзінің жіберген кемшіліктерін, сәтсіздіктерін талдау, оны жою жолдарын табу, кемшіліктерді болдырмау жолдарын іздестіру; инновациялық іс-әрекеттің қолжеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктерінің себебін ашу, тереңірек талдау, өзінің шығармашылық әлеуетін одан әрі жетілдіру; инновациялық іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану; инновациялық қабілеттерін одан әрі арттыру, өзінің әдіснамалық мәдениетін көтеру; өзінің педагогикалық шеберлігін шыңдау; оқытудың тиімді педагогикалық технологияларын меңгеру  т.б.

Алайда, жоғарыда айтылған ғылыми тұжырымдар негізінде болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастыру қызметінің мазмұнын анықтағанда В.А.Сластенин ұсынған [20, 49б.] нобайда (модельде) болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау үрдісінің деңгейлік кезеңдері есепке алынбағаны айқындалды. Аталған нобай мазмұнында педагогикалық қызметтің когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық компоненттері (құраушылары) арасындағы байланысты қамтамасыз етудің дене шынықтыру мұғалімін дайындаудағы маңыздылығы назардан тыс қалып қалады. Сондықтан Н.В.Кузьмина, Н.М.Борытко, Б.Т.Лихачев, М.В.Буланова-Топорковалар ұсынған [19,56,59,74] кәсіби педагогикалық қызметтің даярлық компоненттерін негізге ала отырып, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымды әзірлеп, оның мазмұндық және бағалау көрсеткіштерін анықтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *