Тыныс алу процесінде ағзаға қан арқылы оттегі өтіп, зат алмасу процесіндегі пайда болатын көмірқышқыл газы денеден тыс бөлінеді. Тыныс алу жүйесі ауа өткізетін мүшелерден және қос өкпеден тұрады. Көмекейге ауа мұрын қуысынан арқылы өтіп, одан кеңірдектен және бронх тармақтары бойынша өтеді.

Мұрын қуысы бастың бет бөлігінде орналасады, қатты таңдай арқылы ауыз қуысынан бөлінеді. Қабырғасын бас сүйектері  және шеміршекпен құрайды. Кеңсірік арқылы мұрын қуысы оң жақ және сол жақ аумақтарға бөлінеді. Әр бөлігі  танау тeciктepiмeн басталады, қаңқага (жұткыншақтың ауа бөлігі) хоана тесіктерімен ашылады.

Көмекей. Ауа мұрын қуысынан кейін кеңірдектің кеңейген бастапқы бөлігіне  барады, оны көмекей деп атайды. Көмекей негізі бір-бірiмeн жалғамдар арқылы байланысқан бес шеміршектен тұрады. Солардың ішінде ең үлкені  — көмекейдің бүйірлерін құрып тұрган қалқанша шеміршек. Көмекей — бірде ауаны, ал бірде  астың жұтқыншаққа жүруіне себеп етіп  отыратын қақпақша (эластикалық) шеміршек. Көмекей ауа өткізумен қатар, дыбыс шығару ағзасы болып эпителий құрайды.

Кеңірдек және бронхтар. Көмекейден өткен ауа әpi қарай кеңірдектен және бастапқы қос бронхтардан өтеді. Аталған мүшелердің қабырғасы көптеген   сақиналы шеміршектерден тұрады. Мойынның ұзындығымен байланысты шеміршектердің саны 32-ден 60-қа дейін жетеді. Бронхтар өкпе ішінде көптеген тармақтарға бөлінеді.

Ең жұқа бронхтар шеміршексіз бронхиолдар , олар бір – бірімен жалғасып бронхиолды тарам құрады. Ең соңында тармақтар қабырғасындағы шеміршектер жойылып , ауа әрі қарай альвеола жолдарынан өтіп , альвеола қапшықтарына жетеді . Альвеола қапшықтарының қабырғасы көптеген өкпе көпіршіктері – альвеолалардан түзіледі . Альвеола қабырғасы бір қабатты жұқа эпителийден тұрады. Осы құрамдардың қабырғасын кіші шеңбердің ең жұқа тамырлары – қылтамырлар (капиляр) торлап жатады. Ауадағы оттегі қанға өтіп, өкпе веналары арқылы қан жүректің оң жақ құлақшасына келіп құйылады. Өкпенің өзі үлкен шеңбердің бронхиалды артериялары арқылы қоректенеді.

Өкпекеуде қуысында орналасқан конус пішінді бірнеше бөліктерден тұратын қос ағаза. Дөңес беткейімен қабырғаларға, артында көк етке, ішкі беткейімен жүрекке қараған. Сол жақ өкпе оң жағынан кіші келеді. Әр өкпенің негізін строма – дәнекер тін және паренхима құрады. Дәнекер тін өкпенің әр бөлігін бірнеше бөлікшелерге бөледі.

Әр өкпе сыртынан кеуде қуысының қабырғасымен жалғасатын өкпе плеврасымен қапталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *