Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т.б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайдаболу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күресшараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады,Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымдытүрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса,бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.

Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малданкелесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді.Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе — алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса — трансмиссивтік деп атайды .Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды,оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бул уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі.

Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкенжерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен,ауыз, желін, тұяқашасы, т.б. жерлерінде күлдіреуіктерқұрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.

Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады.Ауырған неме се аурудан күдікті малды  білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздыруппысы арнайы денелер болса, олар анықталынып,байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне,  өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге  қарай анықтау қолданылады.Кейбір жұқпалы  ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты(туберкулин, бруцеллин, маллеин, т.б.) тері ішіне енгізу  арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауғамүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерінзертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді.

Жұқпалы ауру байқалған жағдайда ем ретінде әр ауруда арнайы дайындалған қанның сарысуы (гипериммунды), антибиотиктер, сульфаниламид дәрілері, т.б.қолданылады.

Мал организмінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы биологиялық белсенді заттар қолданылады. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алуүшін жайылымға шығар алдында және қысқы қорағакіргізерден бұрын жануарларға қазіргі уақытта вакцина анатоксин вакциналар егіледі. Бұл аталған препараттардың көпшілігінде ауру қоздырушысы тірі, болмасаәлсіретілген болғандықтан, біріншіден, егілген мал аурудын жеңіл түрімен ауырады, сондықтан қадағалау керек, екіншіден, егуді жүргізгенде вакцинаның сырткатөгілуіне жол бермеу керек, өйткені қоздырушы сақталып, малға жұғуы ықтимал.

Катерлі жұқпалы аурулар мал арасында байқалғанауру малды дереу оқшаулау керек. Мал елген жағдайда  арнайы апанда залалсыздандыру немесе өртеу жұмыстарын ұқыпты атқарған  дұрыс. Міндетті түрде  ауру мал тұрған қора-жайды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек . 3-5тарын жүргізу керек. Ол үшін хлор әктің 3-5 % -дық күйдіргіш натрийдің 3-49%- дық,формалиннің 3-5%-дық,әктің 20%-дық ерітінділері қолданылады.

Жұқпалыаурулардыңтаралуыныңжалпызандылықтарын ескере келе, кейінгітараулардабірнешетүліккеортақ, күйісқайыратынжануарлардың, жылқының, шошқаныңжәнетөлдердіңіндеттерінқарастырамыз.

8.1. Бірнеше түлікке тән жүқпалы аурулар

Топалаң (қараталақ, жамандат, қарабез сібір жарасы) — дене температурасының көтерілуімен, септицемия, мал денесінде ісіктер мен көршиқанның пайдаболуымен сипатталатын қатерлі жұқпалы ауру. Адамдағы түрін түйнеме деп атайды.

Таралуы. Топалаң жер шарының көптеген елдеріндекездеседі және айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.

Қоздырушы қозғалмайтын, спора мен капсулатүзетін таяқша (бацилла). Сыртқы ортада төзімді жәнеондаған жылдар бойы сақталады.

Індеттанулық деректері. Аталған ауруға үй жәнежабайы жануарлардың көпшілігі бейім. Иттер мен мысықтар қоздырушыны көп мөлшерде залалдағандабейімділік танытады. Инфекция көзі — ауру мал, сыртқы ортаны қоздырушыны бөлу арқылы немесе малдынөлген өлексесі ластайды. Бейім мал алиментарлық жолмен ластанған азық, су қабылдағанда, тері, жүн, қыл,сүйек, мүйіз иіскегенде, ие болмаса жалағанда шалдығады . Ауырып өлген мал өлексесі дұрыс зарарсыздандырылмаса (апанға тасталмай, жер бетінде қалса), итқұстармен таратылып, ауру ошағы тұрақты түрге көшедіжәне жыл сайын байқалады. ТаралуынаТопалаңның қансорғыш жәндіктер де ықпалын тигізеді. Сонымен катар, ауру қоздырушысының таралуына соңғы жылдары мал көмілген орындарда тексерусіз және рұқсатсызжер казу жұмыстарын жүргізуде септігін тигізуде

Аурудындамуы мен сырткыбелгілері.

Ағзаға закымдалғанкілегейарқылыенген бацилла лимфа мен сөлбездерінежеткен сон өсәп өнеді де, қанға өткенде өлі тинеді (септицемия). Бұл 1-3 күн аралығында болады. Кейіннен тыныс алуы, жүрек соғуы жиілеп, көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарып, көгереді. Ауру аса жіті түрде байқалса , бірнеше сағғаттан бір тәулікке созылады да мал кенеттен құлап денесі құрысып – тырысып, асфикциядан өледі.

Жіті және жітілеу ағымдарында дене температурасы 42 с-қа көтеріліп, ауру ағымы 2-3 тәуліктен 6-8 тәулікдейін созылады. Мал азықтан қалады, аналық малдың сүті кашады, денесі қалшылдайды, жүрек қызметі нашарлап, кейбіреулерінің (жылқы, қой, ірі қара) алқым тұстарында ісіктер кездеседі. Ірі қараның іші кебеді, жылқыда шаншу байқалады. Буаз аналықтар іш тастауы ықтимал.

Өлікседегі өзгерістер.Аурудан күдікті мал өлексесін жарып союға (қоздырушының вегетативті түрденкапсула немесе спора түрлеріне көшуі мүмкін екенінескере отырып) тыйым салынған. Мал өлексесінде буындарынын қатпауы, ауыз, мүрын және тік шектен қанаралас сұйықтықтың ағуы байқалады. Жарып сойғандатері астында жалқы аяқтар мен қанталаулар, талақтың мөлшерден тыс ұлғаюы, сөл түйіндерінің қабынғаны(лимфаденит) байқалады . Алдын ала қойылған диагноздырастау мақсатында зертханаға жатқан жақтың құлағынан алынған қан немесе оны екі жерден жіппен буып,ортасынан кескен соң ыстық теміря болмаса қыздырылған ыдысқа, су қағазға орап жөнелтеді.

Топалаңды ұқсас пастреллез, қарасан, жыбырлақ, секартпе, пироплазмоздан ажырата балау керек. ,

Емі. Ауру малды гипериммунды қан сарысуында неболмаса гаммаглобулинде пенициллин, стрептомицин ,левомицетин, биомицинді ерітіп емдейді. Қан сарысумөлшері ірі қара мен жылқыға-100-200мл,қой, ешкі, шошқаға — 50-100 мл дене температурасына дейін жылытылып қолданылады .

Дуалау және күрес шаралары. Топалаңды даулаудағы негізгі бағыттың бірі — малды ауру тіркелген ошақтарда жылына екі рет иммундеу. Аурудың алдын алүшін қазіргі уақытта СТИ және 55 штаммды (ВНИИВМ)вакциналары қолданылады. Сонымен бірге, басқа жалпы сақтық ережелерін қатан сақтау қажет.

Ауру тіркелген ошақтарда индеттанулық талдаужүргізіліп, ауру малды бөлек ұстап, елді мекенге карантин жарияланады. Өлген мал өлексесі ұқыптап көміліп жан-жағы қоршалған соң, белгі қойылады. Ауру мал тұрған орны 109- дық ыстық күйдіргіш натрий немесе496 -дық формальдегид ерітіндісімен залалсызданады. Карантинен соңғы ауырған малсауыққаннан кейін 15 күнөткеннен соң доғарылады.

Аусыл — қызба, ауыз қуысы кілегей қабығында, желінінде, тұяқашасында суға толы күлдіреуіктердің пайда болып, аса жұғымталдығымен сипатталатын виурстық ауру.

Таралуы және тарихи деректері. Аусыл адамзатқаертеден белгілі болса да, ғылыми түрде тек 1546 жылыД. Фракасторо, кейіннен Леффлер мен Фрош (1898 ж.),Валле мен Каре (1922 ж.) еңбектерінің арқасында вирус тудырған жұғымтал екендігі дәлелденді. Соңғыжылдары Еуропа елдерінде және Қазақстанның бірнеше облыстарында кездесті.

Қоздырушы эпителиотропты афтовирус түқымдасмөлтек ағзалар. Қазіргі уақытта қоздырушының 7 типі56 сермялы-нұсқалары (A, O, C, Сат-1, Сат-2, Сат-3, Азия-1)ғылымға белгілі. Аталған әр нұсқаның өз алдына аурутудыру мүмкіндігі бар.Қоздырушы суық уақытта ұзақ (3 ай) сақталса, ыстық температура мен күн сәулесінінәсерінен тез жойылады.

Індеттанулық деректері. Аусылға ірі қара мал, кой, ешкі, түйе, қодас, бұғы, сайғақ, елік бейімділіктерінбілдіреді. Жас малересектерге қарағанда жиі шалдығады және ауру зілді түрде өтеді. Инфекция көзі әдеттегідей ауыру мал және аурудың жасырын кезіндегі мал болып табылады. Аталған мал топтары сыртқы ортаныазық суат, жем, жайылым құрал -сайман, жабдықтар)сүтімен, аузынан аққан cілекейімен, жарылған күлдіреуіктен аққан вирус толы сұйықтықпен ластайды. Аусыл қоздырушысы ағзаға негізінен алиментарлық және аэрогендік жолдармен енеді. Арудың таралуына қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының күрделенуі, көптеген азық тауарлардың бақылаусыз шекара арқылы енуә, малды күту ерекшеліктерінің өзгеруі себеп болуда.Маусымдылығы бойынша жиі түрде мал қораа тұрған уаққытта(күз,қыс) байқалады.

Аурудын дерттенуі және сыртқы белгілері. Ағзаға енген вирус 18-20 сағаттан соң көбейіп, ауыз қуысы,жұтқыншақ, тұяқ ашасы, желін, т.б. кілегей қабықтары мен терісі нәзік жерлерінде  48-52 сағат өткендекүлдіреуіктердің пайда болуына әкеліп соғады . Малдындене температурасы күрт жоғарылап, оның жасына және икемділігі  мен төзімділігне қарай қатерлі немесе катерсіз етуі мүмкін. Ауру мал қатты қиналып, күйісі кайыру тоқтайды, қансары құрғап, тұяқ көбесімен тұяқ ашасы домбығады, малынырсиды. Үш күннен соң кілегей қабық пен терінің қабынуы шұбыртпалы cілекейдің ағуымен және малдың ақсауымен сипатталады.Күлдіреуіктер езуде, қаңсарында , ауыз қуысынын жақкілегей қабығында және қызыл иегінде, таңдайда тұяқ арасы мен көбесінде, желіні мен үма маңында байқалады. Малдың  сүті қашып саудырмайды, желініне қолтигізбейді. Төлдеуге таяған буаз аналықтар іш тастайды,немесе шала, әлсіз туған төл тууымен аяқталады. Аурубұзау арасында байқалғанда жүрек қызметінің күрт нашарлап (тахикардия), миокардит әсерінен өліп кетуіне әкеліп соғады. Күлдіреуіктер бірімен-бірі қосылып жараға айналып, сыртқы ортадан енген зардапты микротардын ықпалынан асқынады, іріңдейді, малдың жалы жағдайын төмендетіп, аздырады.

Ауырған малдың күтімі мен азықтандыруын бірден қолға алса, ауру ағымы жеңілдеп, 3-4 аптаға созылады да, сауығуымен аяқталады .

Өлекседегі өзгерістер ересек ірі қарада күлдіреуіктердің ауыз қуысында, желіні мен тұяғында кезді бұзауларда жүрек етінің ала шұбар (канталаулар)ішек карының қабынулары болуымен сипатталады. Ауруды нақ тылы дәлелдеу мақсатында зертханаға таза Петри  табақшаларына пісіп өлі жарылмаған күлдіреуіктерді сырткы кабықшасын кесіп жинайды да  таза глицерин қосып, я болмаса патологиялық материал салынған Петри табақшаларын музбен орап жөнелтелді. Аусылды шешек, жүқпалы ауыздын уылуы, некробак териоздан, т.б. үксас аурулардан ажыратқан жөн

Емі. Ауру малды оқшаулаған соң құнарлы да жұмсак азықтарды быламыұ түрінде дайындап береді. Ауықуысын шаю мақсатында бор немесе сірке қышқылдарының 1-29 дық, калий перманганатының (1:1000 фурациллиннің (1:5000) ерітінділерін қолданады. Ақсаған малдың тұяқ ашасын формалин, мыс купоросы ерітінділерімен күйдіріп, Вишневский майын жагып танады. Арнайы ем ретінде реконвалесценттердің (сауықкан мал қанынан даярлаган) гипериммунды қан сарысуын не болмаса ауру сиырдын сүтінен жасалынған иммуноланктон препаратын қолданады. Аурудың асқынуынын алдын алуға симптоматикалық ем жүргізіледі.

 Дауалау және крес шаралары. Ауырып сауыққанмалда иммунитет бір жылдан бес жылға дейін сақталады. Қазіргі уақытта аурудың алдын алу үшін моно, я болмаса бивалентті вакциналар (шет мемлекеттердікі) қолданылады. Иммунитет екі рет егілген малда алты айданартық сақталады. Аусылды болдырмау — барлық мемлекеттердің алдарына қойған мақсат. Сондықтан, әкелінетін мал басын 30 күндік карантинге қою, ауру тіркелген елдерден бейім малды, олардан алынған өнімдерді әкелуге тыйым салу шаралары ветеринарлық қызметте қатан қадағаланады. Ауру ошағы тіркелген жағдайдаелді елді мекенге карантин енгізіліп, оған қатысты шаралардың барлығы жолдарға күзет бекеттерін қою, орама жолдар белгілеу, бейім жануарларды әкелуге қатаң тыйымсалу, т.б. қарастырылады. Карантинді соңғы ауру малсауыққан соң немесе оның өлексесі өртелгеннен кейін,қорытынды залалсыздандыруя жүргізіліп , 21 күн өткенде доғарылады.

Туберкулез-жануарлар мен адамда ішкі бездер мен мүшелерде ерекше түйіндердің (туберкула) дамуымен сипатталатын ауру.

Таралуы және тарихи деректері. Туберкулез жөніндегі деректер адамзатқа ерте кезден белгілі. Бұған ауру қоздырушысының археологиялық қазбалар кезінде табылуы дәлел бола алады. Ғылыми тұрғыдан туберкулездің жұқпалылығы, қоздырушысын анықтап, аллерген ретінде туберкулинді ұсыну жұмыстарын зерттеу ХVII-XVIII ғасырда Р.Кохтың еңбектерінен басталды. Қазіргі уақытта туберкулез жер шарының көптеген елдерінде кездеседі.

Қоздырушы зардапты микобактериум туыстығына жататын адамда, ірі қарада және құста ауру тудыратын ғылымға белгілі үш түрді қамтиды. Ал табиғатта бұл туыстықтың ауру тудырмайтын түрлері де белгілі. Қоздырушы қышқыл мен спиртке төзімді жіңішке, аздап иілген таяқша. Төзімділігі жағынан ен ұзақ сақталатын микроорганизм екендігін-қақырықта 5-6ай, жайылымда 2-4жыл сақталу ерекшеліктерінен көруге болады.

Індеттанулық деректері. Туберкулезге сүтқоректілер мен құстардың 80-ге жуық түрлері бейім. Ауруға ірі қара, құс және адам өте жиі шалдығады. Ауру жануар сыртқы ортаны нәжіспен, қақырықпен кейде шәуәтпен қоздырушыны көп мөлшерде бөлу арқылы ластайды. Ластанған азық,суат,жайылым,қора,аула,т.б. осыған байланысты берілу тетігі болып табылады. Қоздырушы берілуінің негізгі жолдары алиментарлық және аэрогендік деп саналады. Құстарда сонымен қатар болашақ балапандарға жұмыртқасы арқылы берілу қаупі тағы бар. Ағзаның тұрақтылығының төмендеуі және ауруға икемділігі әдетте бағыт-күтудегі олқылықтардың болуы, малды таза ауаға шығармау кең өріс алғанда жиілеп індет түріне көшуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, аталған аурудың тұкым қуалаушылық ерекшелігін ескерген дұрыс (Бестужев тұкымды мал төзімді).

Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері.Ағзаға енген алғашқы микробактерияларға қарсы жасушалар өз тарапынан заттар бөліп, қабыну процестерін өрбітеді. Кейіннен бөлінген заттар тор түзеп, сыртын қатты қабыққа, ал ішін іріңді затқа айналдырады да, оны тамырсыз қалдырады. Егер ағза жағымсыз факторларға кезіксе (суық тию, азықтандыру мәселесіндегі кемшіліктер, ылғалы көп қорада ұстау,далаға серуендеуге шығармау), ауру қозып, қайта жанданады. Дерттенудің деңгейіне қарай бірінші реттегі толық емес аффект, толық аффект, жайлаған, миллиарлық, т.б. түрлерін ажыратады.

Туберкулездің жасырын кезеңі ұзақ-14-44 күннен кейде жылдап созылуы ықтимал. Созылмалы өтуіне байланысты аурудың алғашқы сыртқы белгілері анық байқалмайды да, жасырын микробизм түрінде өтеді. Бұл жағдайын тек аллергиялық зерттеу уақытында, я болмаса ішкі ағзалардан алынған материалды тексеру арқылы ғана анықтауға мүмкіндік бар. Аурудың бастапқы кезіндегі дене температурасының көтерілуі, азыққа тәбетінің болмауы сыртқары қалып, дерттену процесі асқынғанда: мал қоңының төмендеуі, жиі жөтел байқалуы туберкулездің бар екендігін аңғартады. Алғашқыда өкпеде дамыған ошақтар кейіннен жөтелгендегі сораны ішке жұтып коюына байланысты ішек туберкулезіне әкеліп соғады. Ауру ірі қара мал азып, арықтайды, азықтан қалады, ентігіп дем алады, жиі жөтеледі.Өкпені аускультациялау кезінде сырыл естіледі. Желін туберкулезінде сүтікүрт азаяды, желін безі ұлғайып қатаяды, қабынған жағына қарай қисаяды. Жайлаған туберкулезде (генерализованная форма) таяу орналасқан жақ асты, жауырын алды, шап тұсы, желін үсті бездері ұлғайып көрініп тұрады. Шошқада туберкулез тек өкпе қабынғанда жөтел түрінде өтеді. Қой мен ешкі туберкулезі ірі қарадағыдай байқалады. Құстың туберкулезіне бұл белгілер тән емес, тек жайлаған жағдайда ғана жұмыртқалауының төмендеуіне, дене етінің солуына әкеліп соғады.

Өлекседегі өзгерістері. Аурудан күдікті мал өлексесін жарып сою кезінде аңғарылады. Ірі қара малдың өкпесі мен сөл түйіндері жиі қабынса, тауықтың бауырында миллиарлық туберкулез кездеседі. Ерекше түйіндерді кескенде тас кескендей дыбыс естіледі. Ішінен іріткі зат байқалады. Сонымен қатар, туберкулездің жайлаған түрінде сір қабықтарда меруерттену (жүзім пішінді) процесі, ал өкпеде каверналар дамиды.

Ауруды анықтау. Туберкулезге диагноз қою індеттанулық деректерді ескерумен, сыртқы белгілерге назар аударумен қатар, аллергиялық және серологиялық зерттеулерге сүйене жүргізіледі.

Аллергиялық зерттеу-қазіргі кездегі негізгі әдіс. Аталған жұмысты жүргізу үшін туберкулин қолданылады. Туберкулиннің іс жүзінде үш түрі: альттуберкулин, сүт қоректілерге арналған ППД құрғақ тазартылған және құстарға арналған ППД тазартылған туберкулині қолданылыста. Аллергендерді көзге тамызу немесе тері ішіне енгізу жолдары бар. Ірі қара тұқымдастарға мойынның орта бөлігінің тері ішіне, шошқаға құлақ қалқанының сыртқы түбінен 2 см жоғары, ит, маймыл, ешкі, қой, терісі бағалы аңдардың шап арасы терісінің ішіне аллерген енгізіледі. Аллергенді енгізу арнайы шприцтердің я болмаса инесіз инъектордың көмегімен атқарылады. Дозасы сүтқоректілерге – 0,2 мл, маймыл, күзенге және құсқа 0,1 мл енгізіліп, реакция нәтижесі ірі қара тектестерге 72 сағаттан соң, қой, ешкі, шошқа, терісі бағалы аңдарда, маймыл,күзенде 48 сағат, құста 30-36 сағат өткенде есепке алынады. Реакция «теріс» және «оң» деп бағаланады. Туберкулин енгізер алдында ірі қара малдың терісінің қалыңдығы өлшенеді. Алғашқы өлшемнен соңғы тері қалыңдығы 3мм артық болса, мал ауру деп саналады. Аталық бұқаның мойын терісінің қалың болуына сәйкес реакция визуальды бағаланады (міндетті түрде ісік болу). Құсқа аллергия сау сырғасының біріне егіледі (ісінген жағы салбырап тұруы шарт). Күзенге туберкулин жоғарғы қабақтың тері ішіне жіберіледі. Аллергенді көзге 3-5 тамшы мөлшерінде тамызу (офтальмотуберкулиндеу) 5-6 күн үзіліспен екі мәрте атқарылады. Реакция нәтижесі 24 сағаттан соң есепке алынады да, көздің ішкі бұрышынан іріңді сорап ағып, кілегей қабығы қызарған және қабағы ісінген болса, «оң» деп табылады. Сонымен бірге ауруды растау мақсатында ішкі бездер мен өкпені зерттеу кезінде туберкулалардың табылуы жиі қолданылады. Серологиялық реакциялардың ішінен конглютиндеуші кешенді ұзақ байланыстыру реакциясы (КК(БР) – Сайдуллин реакциясы (СР) ең нәтижелі деп табылуда.

Емі.Ауырған ірі қара малды емдеу тиімсіз. Терісі бағалы аңдар формасында туберкулезді емдеуге тубазид (изониазид) қолданылады.

Дауалау және күрес шаралары. Ауруға қарсы шаралар кешенді түрде жүргізіледі. Аурудан сәтті мекендерде екі айдан асқан бұзаулардан бастап барлық ірі қара мал жылына екі рет тексерістен өтеді.

Аурудан сәтсіз ошақтарда карантин енгізіліп, ірі қараны әрбір 45-60 күн сайын жүргізген аллергиялық зерттеулер нәтижесінде «оң» немесе «күдікті» реакция бергендерін оқшаулап, 5 күн аралығында етке өткізеді. Туберкулезден сауықтыру жұмыстарын осы іспеттес қатарынан екі рет «теріс» нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Осыдан кейін үш айлық бақылауға қойылған мерзімде қайталап, екі рет зерттеу нәтижесі «теріс» алынса, қорытынды залалсыздандыру өткізілген соң ауру ошағынан карантин доғарылады. Құс фермаларында туберкулез байқалған жағдайда бүкіл арық және күйі кеткен құстар оқшауланып, бірден етке, ал қалғандарын жемдеп кейіннен союға жібереді. Шошқа өсіретін фермаларда сауықтыру жұмыстары ірі қара малдағыдай жүргізіледі. Атқарылатын залалсыздандыру міндетті түрде ыстық 3%-дық сілтілі формальдегидтің, 3-5%-дық хлораминнің, 5%-дық белсенді хлоры бар хлорлы әктің ерітінділерімен жүргізіледі.

Бруцеллез-іш тастау, шуы туспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуымен сипатталатын созылмалы жұқпалы ауру. Бұл ауру адамға да бейім.

Таралуы және тарихи деректері. 1877 жылы Д.Брюс Мальта аралында ауру қоздырушысын ауырып өлген жендеттің талағынан тапқан болатын. Осыған сәйкес ауру мальталық қызба аталып кетеді. Кейіннен қоздырушының жануарлар ағзасынан анықталынуы XVIII-XIX ғасырлар арасында басқа ағылшындық, американдық ғалымдардың еңбектерімен белгілі болды. Д.Брюс бруцеллез, ал қоздырушыны бруцелла деп атауды ұйғарды. Қазақстанда алғашқы рет ауруды бұрынғы Семей облысында мал дәрігері Тевельский дәлелдеген болатын.

Қоздырушы әр түлікке тән 6 түрден құралған. Олар: қой мен ешкіде – бруцелла мелитензис, ірі қара малда-бруцелла абортус, шошқада-бруцелла суис, қошқарларда-бруцелла овис, итте-бруцелла канис және егеуқұйрықта-бруцелла неотома. Аталған қоздырушылар сопақша келген, алуан түрлі (полиморфты) кокктар. Біршама төзімді ағзалар.

Індеттанулық деректері. Аталған ауруға үй және жабайы жануарлардың 60-тан астамы бейімділігін білдіреді. Ірі қара, қой, ешкі, шошқалар арасында ауру індет қарқынында байқалса, жылқы, түйе, марал, қодас, т.б. жануарларда біршама төменгі дәрежеде өтеді. Ауру мал әдетте қоздырушыны көп мөлшерде іш тастағанда шуымен, қағанақ суымен, сүтімен, аталықтың ұрығымен бөліп, сыртқы ортаны мейлінше ластайды. Сау мал ауруға негізінен алиментарлық жолмен және ұрықтандыру кезінде шалдығады. Сонымен қатар, бруцеллалар ит, мысық, кеміргіштер арқылы да таратылады.Бір орыннан келесі орынға бруцеллез көпшілік жағдайда тексерілмей, ал кейіннен карантинде ұсталынбаған ауру малмен әкелінеді.

Аурудың дамуыы мен сыртқы белгілері. Ағзаға алиментарлық, я болмаса ұрықтандыру уақытында енген бруцеллалар сөл түйіндерінде тоқтап, аурудың алғашқы белгілері біліне қоймайды. Біртіндеп асқынған дерт буаз малда буаздылығының екінші жартысында іш тастауға әкеліп соғады да, шу мен жатыр арасындағы қабыну процессінің нәтижесінде шуы түспей, оның ыдырауы эндометрит, миометриттің туындауына соғады. Кейде әлжуаз, шала төл туғанымен олар кейіннен шетінейді. Аталық малда (қошқар,қабан) ені қабынып ісінеді (орхит), салбырайды, буындарында сары су жиналып, бурсит, тендовагинит дамиды. Жылқыда шоқтығы қабыну байқалады.

Өлекседегі өзгерістер. Іш тастаған аналықтардың жатырында іріткі заттар (фибрин жіпшелері), басқа ағзаларға (талақ,бауыр,бүйрек) ісіну белгілері болады. Түсіктегі өзгерістер ауруға тән емес.

Бруцеллезді анықтау.Індеттанулық ерекшеліктері, ауырған малдың сыртқы белгілері ескеріле отырып, серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұл жағдайда күдікті малдан алынған қан сары суы да АР, КБР, КҰБР, МАЛР, Кумбс реакция, т.б. реакциялардың көмегімен зерттеледі. Сонымен қатар, зертханаға тасталған түсік, шуы, қағанақ суы бөлек ыдыстарға ұқыптап салынып, бактериологиялық зерттеуге жөнелтіледі.Қолданыста жүрген аллергиялық зерттеулер (бруцеллин, бруцеллизат) аурудың тек соңғы кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Емі. Ауру мал басқаларына қауіп төндіреді және емі тиімсіз, сондықтан тез арада сойылады.

Дауалау және күрес шаралары.Өздігінен малдың сауығуы өте сирек. Дауалау әдеттегідей барлық ветеринариялық санитарлық шараларды уақытылы жүргізумен қатар, вакцинаны қолдану арқылы іске асырылады. Қазіргі кезде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы 182 және 119 штамды, ал қойдың бруцеллезіне Рев-1 мен 119 штамды вакциналары қолданылады.Вакциналарды малдың жас мөлшерін, буаз я қысыр екендігін ескере егеді.

Ауру байқалған ошақты әр 15-30 кун сайын малдан алынған қан сары суы жоғарыда аталған реакциялардың бірімен қатарынан екі мәрте «теріс» нәтиже алынғанша жүргізіп, кейіннен үш ай бақылауға қойылғанда тағы екі рет қайталанады. Осындай зерттеулерде толығымен барлық мал тобы бойынша «теріс» нәтиже алынса, ауру ошағына енгізілген карантин қорытынды залалсыздандырудан соң доғарылады. Малды бруцеллезден сауықтыру кезінде тасталған түсік, шарана суы, шуы жойылып, әр кез залалсыздандырылу қарапайым залалсыздандыру ерітінділерінің бірімен жүргізіліп отырылады.

Құтырық-жануарлардың орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын жұкпалы вирустық ауру.

Таралуы және тарихи деректері.Ауру жөніндегі мәліметтер ертеден белгілі. Құтырған ит сілекейінің аса қатерлі және жұғымтал екендігін француз ғалымы Цинке дәлелдеген. Кейіннен Л.Пастер үй қоянының миында өсіру арқылы қоздырушыны әлсірету арқасында алғашқы вакцина ұсынған болатын. ХХ ғасырдың басында румын ғалымы Н.Бабеш және италиялық А.Негри құтырған жануар миында нейрондардың ерекше құрылымы (конгломерат) дамитындығын дәлелдеді. Қазақстанда осы ауруға қарсы Бучнев және оның оқушылары алғашқы отандық АЗВИ (Алматы зооветеринариялық институты) вакцинасын ұсынды.

Қоздырушы-нейротропты рабдовирус тұқымдас вирус. Тауық, үйрек жұмыртқасында, т.б. қоректік орталарда өседі. Суық температурада қатырылған ми тінінде айлап, шіріген мида екі-үш апта сақталады.

Індеттанулық деректері.Аталған ауруға үй және жабайы сүтқоректілердің барлығы бейім. Табиғатта құтырық адамның араласуынсыз қасқыр, түлкі, т.б. жыртқыш сүтқоректілердің ықпалымен өрбісе (табиғи ошақ), елді мекендерде ит және мысықтардың ауруды таратудағы маңызы зор. Түлкілердің арасында 2-3 жылда ауру оқиғалары байқалып отырады да, құтырық кезеңдік сипат алады. Ауру қоздырушысының құтырған хайуанның сілекейімен сыртқы белгілері білінбей, тура бөлінуі оның қауіптілігін бірнеше есе арттырады. Сондықтан қоздырушы бейім малға тек тістегенде сәтте жұғады. Азық арқылы берілуі толығымен дәлелденбеген.

Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері.Ағзаға енген вирус жүйке талшықтарын бойлап жұлын, кейіннен мидың сұр затында өсіп-өнуіне әкеліп соғады. Алайда,құтыруну белгілерінің байқалу уақыты вирустың енген орнына, оның орталық мидан алшақтығына байланысты. Осының нәтижесінде аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға, ал кейде бір жылға дейін созылуы мүмкін. Итте құтырыну өршіген және бәсеңдеген екі түрде байқалады. Өршіген түрі үш кезеңмен сипатталады. Біліне бастаған кезеңде ит үйшігінен шықпай, шақырған дыбысқа келмейді, кейде иесіне еркелеп, қолын жалайды немесе орынсыз жүгіріп, үреді, жерін жалап, тістелейді.Осы кезеңнің соңында жұтқыншақ еті салдану әсерінен тамақ жей алмайды. Судан қорқады. Көтерілген кезеңде: сілекейі ағып, басқа жануарларды, қамалған темір торды, байлаған шынжырды тістейді, бет алды жүгіріп келеді. Дене бұлшық еттері салдануына қарай үшінші кезеңі (дел-сал кезеңі) басталғанда: дыбысы мүлдем шықпайды, жағы төмен түсіп, аяқтарын баса алмайды, қимылсыз жатып алады. 3-4 күн ит өледі. Ірі қара малда құтырық салдану түрінде байқалады. Күйіс қайыруы тоқтап, жұтыну қабілеті қиындайды, сілікейі ағып, іші кебеді, басын шұлғып, оттықтағы азықты шашады, қора қабырғасын сүзеді. 3-6 күннен соң өледі.Өлекседегі өзгерістері ауруға тән емес. Денедегі жарақаттар, мойын тұсының сілекейімен ластанғаны, асқазандағы бөгде желінген заттар күдік турыруы мүмкін. Мидағы қан тамырлары қанға толы болады, жеке бастың тазалығын ескере отырып, кесіп алады да, қағаз я болмаса су қапқа ораған соң жолдама қағазымен зертханаға жөнелтеді. Құтырықты Ауески ауруынан, етқоректілердің обасынан, жылқы делбесінен ажыратқан дұрыс.

Емі.Ауру малды жуық арада өлтіріп зертханаға материал алған соң өртеп жібереді. Емдеуге қатаң тыйым салынған.

Дауалау және күрес шаралары.Құтырықтың алдын алу кешенді түрде жүргізіледі. Бұл бағытта ауыл тұрғындары медицина және ветеринария саласындағы мамандармен бірлесе әкімшілік тарапынан жоспарланған шараларды іске асырулары шарт. Елді мекендердегі ит және мысықтар санының ретке келтірілуі, олардың есепке алынуы, бұралқы, иесіз ит пен мысықтардың жойылуы, қолдағы иттердің үнемі байлауда болуы – құтырықты болдырмаудың негізгі жолдары. Қауіп төнген жағдайда шартты сау жануарларды АЗВИ немесе рабивакпен вакциналайды.

Ауру байқалған ошақта шектеу жарияланып, бұралқы иттер, күдікті мал атылып жойылады. Тек адамды ит қапқан жағдайда итті он күн байлауда ұстап, тістеген адам медицина мекемесінде қаралады. Барлық шектеу шаралары атқарылып, қорытынды залалсыздандыру (10%-дық күйдіргіш натрий, 4%-дық формальдегид ерітінділері) жүргізілген соң 60 күннен кейін доғарылады.

Ауески ауруы-жануарларда (доңыз,күзен,бұлғыннан басқа) өкпенің, орталық жүйке жүйесінің қабынуы, қызба және қышынған белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы – вирус. Егеуқұйрықтар мен тышқандар Ауески ауруы вирусының негізгі қоры болып табылады.

Аурудың сыртқы белгілері.Ауырған ересек шошқада танаудан сорасы ағып, жөтеледі, тынысы тарылады, аузынан сілекейі ағады, теңселіп, айналып жүру белгілері, кейіннен жұтқыншақ тұсы мен аяқтарының салдануына әкеліп соғады. Буаз мегежіндерде сүті азаю, жаппай іш тастау, өлі туу және түсіктің кебу, семуімен сипатталады. Торайлар әдетте ему және дыбыс шығару қабілеттерінен айырылып, денесі қалшылдайды, сілекейі көп мөлшерден тыс бөлінеді. Ірі қара мен қойда бас тұсында байқалған қышыну белгісі біртіндеп денеге тарап, ауру мал қышынған жерлерін жалайды, қатты қасынады. Кейіннен тынышсызданып, еліреді, бірақ өшпенділік белгісі байқалмайды.

Емі.Ауру малды гипериммунды қан сарысуында не болмаса гаммоглобулин көмегімен емдейді.

Дауалау ретінде ірі қара малға, шошқаға және қойға құрғақ ВГНКИ вирусвакцинасын қолданады. Сонымен қатар, доңызды иммундеу мақсатында БУК-628 штамды вакцинасы ұсынылған. Терісі бағалы аңдардың Ауески аурууына қарсы тінде дайындалып инактивтелген (белсенділігі жойылған) вакцина қолданылады.

Лептоспироз-көптеген жануарлардағы қызба, қан аздық, кілегец қабықтарының сырғылт тартуы, кілегей қабықтары мен терінің өліеттену, ас қорыту жүйесі қызметінің бұзылуы және іш тастау белгілерімен сипаталатын табиғи ошақтық жұқпалы ауру. Бұл ауруға адам да бейім. Қоздырушы – нәзік, иірілген ағзалар (лептоспира). Лептоспирозға доңыз, ірі қара мал, жылқы, қой, ешкі, терісі бағалы аңдар мен иттер бейім. Құс біршама тұрақты. Жас малда ауру зілді түрде байқалады.

Аурудың сыртқы белгілері.Аса жіті ағымда ауырған мал 12-24 сағат аралығында жан тапсырады. Жіті түрі жас малда терінің, көз, ауыз және қынап кілегей қабықтарының сары түске еніп, зәр бөлінуінің қиындауы, зәрдің қызыл түске боялуы, тышқақ тию, кейіннен іш бітелуі мен алмасуы белгілері байқалады. Сиыр мен саулықтар буаздылығының екінші жартысында іш тастайды. Аналық малдың сүті қашып, сүті сары түстенеді. Тіл мен қызыл иек кілегей қабықтары, жон арқа, құлақ, мойын және құйрық терісі өліеттеніп, қабыршықтанады. Ветеринарлық жәрдем көрсетілмеген жағдайда малдың көпшілігі қырылады. Жітілеу ағымында ауру барысы үш аптаға созылып, ауру малдың сауығуымен аяқталады. Доңыз лептоспирозы негізінен жасырын өтеді (тек қан сарысуын зерттеу арқылы анықталады).

Дауалау мақсатында поливалентті ВГНКИ вакцинасын малға егу арқылы қолданылады. Жануарлардың рационына балық майын, балық ұнын, микроэлементтерді және витаминдерді қажетті мөлшерде қосып азықтандыру, жас төлдерді мейлінше таза ауада ұстау, мал қораларында зиянды кеміршіктерді жою, өрістегі малды ылғалы аз, құрғақ жайылымдарда бағу және т.б. шаралар қолданылады.

Листериоз-жануарларда орталық жүйке жүйесі мен жыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, доңыз, жылқы, үй қояны, тауық, қаз, үйрек, күркетауық, т.б. жануарларының төлдері мен буаз аналықтары өте бейім. Ауру қоздырушы ауырған мал мен кеміргіштер арқылы тарайды.

Қоздырушы сүт, сүрлемде сақталып қана қоймай, өсіп-өнеді.

Аурудың сыртқы белгілері. Ағзаға азықпен, сумен енген листерийлер орталық жүйке жүйесі қызметін бұзып, ауырған малдың жүрісінде ауытқулар (теңселіп немесе айналып жүру, мойны қисаю) дамиды. Көздің кілегей қабығы зақымдануынан конъюнктивит дамып, ауыз қуысының кілегей қабығы өліеттенеді. Буаз аналықтарда іш тастау, шуы түспеу және желінсау түрінде байқалып, ауру әдетте сауығумен аяқталады. Төлдерде негізінен іш өту, дене температурасының көтерілуі, кейде еліру (торайда) белгілерімен өтеді. Құс листериозында (тауық және оның балапандарында) конъюнктивит, тыныстану жиілеу, әлсіздену, дене қалшылдауы және салдануы әдетте құстың өлімімен аяқталады.

Емі.Ауыру малды бөлектеп тетрациклин, хлортетрациклин, окситетрациклин, дибиомицин, биомицин антибиотиктерінің көмегімен малдың әр 1 кг тірі салмағына 25 мг дозада бұлшық етке енгізу арқылы емдейді.

Дауалау және күрес шаралары.Шаруашылық я болмаса жекеменшік мал арасында ауру болдырмау мақсатында, ең алдымен ұдайы жемшөптің, әсіресе сүрлемнің сапасын тексеру, сырттан аурудан ада мекендерден мал сатып алу, мал қораларын залалсыздандыру, кеміргіштерді үнемі дератизациялау арқылы жою шаралары қамтылады. Ауруды дауалау ретінде А, АУФ штамды вакциналар қолданылады. Ауру пайда болған ошақта ауру малды жоғарыдағыдай тәртіпте емдеу, тұрған орындарын күйдіргіш натрий, ксилонафт, хлорды әктің 3%-дық ерітіндісі қолдана залалсыздандыру қарастырылады. Лажсыз сойылған мал етін 2кг-нан аспайтындай бөлшектеп, пісірген соң ғана тамаққа қолданады.

Пастереллез(геморрагиялық септицемия)-көптеген жануар және құстардың ішкі ағзаларының қабынуымен, кілегей және сір қабықтарының жаппай қанталауларымен сипатталатын жұқпалы ауру. Пастереллезге адам да бейім. Ауру қоздырушы-бактерия.

Аурудың сыртқы белгілері.Ауру аса жіті ағымда байқалғанда мал санаулы уақыт арасында жүрек қызметінің нашарлауынан өліп кетеді. Басқа ағымдарда (жіті, жітілеу) ішектің, өкпенің қабынуымен байқалып, мал денесінде жалқыаяқтарға толы ісіктердің пайда болуымен сипатталады. Ауыру малға қан аралас тышқақ тиеді. Ісіктер мойынның жұтқыншақ, жақ асты, кеуде тұстарында дамып малдың тыныс алуын қиындатады. Пневмония дамыған жағдайда танауынан сорабы ағуы, жөтел байқалады. Құстарда пастереллез тырысқақ күйінде өтіп, қызба, азықтан бас тарту, денесі қалшылдау, айдары мен сырғасының бозаруы және көгеруі, суды көп ішуі, тұмсығынан сұйықтық ағуы, қан аралас іш өтуі және денесінің тырыск белгілері бастапқы байқалады.

Емі.Аурудың бастапқы кезеңдерінде малды емдік гипериммунды қан сарысуында антибиотиктерді (террамицин,биомицин) ертіп қолданған тиімді.

Дауалау.Жалпы ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң сақтау қарастырылады. Қырқылған қойларды, қозыларды фермадан алыс бақпау, малды шалғайдағы жайылымдарға біртіңдеп жайып отырып айдау, еркек малды пішкеннен кейінгі уақытта құрғақ қорада ұстау шаралары ескерілуі шарт. Аурудың алдын алу үшін эмульденген, преципитиндеген вакциналарды қолданады.

Некробактериоз (сарып) жиі жағдайда жануар және құстарда тұяқ ашасының, кейде ауыз қуысы, желін, жыныс мүшелері кілегей қабықтары мен терінің іріңді қабынуымен сипатталатын созылмалы ауруы. Ауру жайлағанда ішкі мүшелерде (бауыр,ішек,өкпе) қабынады. Некробактериозға үй және жабайы жануарлардың көпшілігі бейім. Ауру қоздырушы негізінен кілегей қабықтары мен терідегі кішігірім жаралар арқылы денеге еніп дариды.

Аурудың сыртқы белгілері әдетте қабынған жеріне қатысты тері некробактериозы, кілегей қабықтарының некробактериозы, ішкі мүшелердің некробактериозы және сүйек некробактериозы болып жіктеледі. Жас малда ауру зілді түрде, ал сақаларында созылмалы ағымда өтеді. Аурудың залалды ағымында тұяқ ашасы қабынса, мал ақсап, іріңдеген жарадан жағымсыз иіс шығады, кейде тұяқтың мүйіз қабығы түсіп қалады. Иттердің некробактериозында қабынған ошақтар: құйрық, тік ішек, ерін, танау, асық буын және шынтақ буыны маңайында байқалады. Сонымен қатар, тері астында іріңді ісіктер дамиды. Тауық тектестерде ауыз қуысының жұтқыншақ тұсы мен сирақтарының табаны қабынады. Ауру құстың дауысы қырылдап, ауа жетпеуінен көбі қырылып қалады.

Емі. Ауруды уақытында анықтаса, емдеу ұзаққа созылмайды.Бұл орайда жараның қаны шыққанға дейін толығымен тазалап, кейіннен таза жара ретінде емдеуге болады. Ауырған мал саны көп болса, тұяқтарын кесіп тазалаған соң, ағаш астауларға құйылып, беті шөппен жабылған 3-5%-дық формалин, мыс купорасы, мырыш сульфаты ерітінділерінің бірінен өткізеді. Осындай аяққа арналған ванналар аптасына 2-3 рет (одан артық болса тұяқ мүйізі кеуіп жарылып кетеді) қолданылады. Соңғы жылдары қолданылып жүрген антибакнекрофорум (әр 100 кг тірі салмағына 10 мл, бұлшық етке) емдік препаратының тиімділігі жоғары.

Дауалау мақсатында мал қораның еденінде, қора маңындағы аулада малдың аяқтарын зақымдайтын шеге,темір,сым,т.б. өткір заттардың болмауын қадағалау керек. Өрістегі малды топырағы ащы, сортаң, ылғалы көп жайылымдарда бақпау, уақытылы түрде өскен тұяқтарын кесіп отыру, т.б. мәселелерге көңіл аудару шарт. Ауру ошағы байқалған жағдайда шартты сау малды эмульдеген вакцинамен егеді.

Дерматомикоздар(трихофития,микроспория,парша) деп жануарлар мен құстардың терісі қабынып, жүні түсіп, ақшыл сұр түсті қотырдың пайда болуымен сипатталатын аурулардың тобын атайды. Бұл аурулар қазақта бұзаутаз, ботатаз, таз қотыр атауларымен белгілі. Ауру қоздырушы-саңырауқұлактар, үй жануарлары, етқоректілер, құстар, кеміргіштер және адам да бейім. Жас мал ересектерге қарағанда жиі шалдығады.

Аурудың сыртқы белгілері.Ірі қара малда бас және мойын терісінен басталса, жылқы мен итте бас,құйрық, сирақ терілері қамтылады да, біртіндеп бүкіл денеге тарайды. Құстағы парша түрі бас терісін және көзді зақымдайды. Қабынған жерлердің жүні түседі, үнемі уатылып сыртқы ортаны ластайтын ақшыл сұр түсті қотырлар пайда болады. Ауру асқынып, сырттан енген микробтардың әсерінен кейде іріңді жаралар бүкіл денеге жайылса, мал сепсистен (өлі тию) өледі.

Емі және дауалау. Дерматомикоздарға шалдыққан жануарларды емдеу үшін және ауруларды дауалау мақсатында ЛТФ-130(ірі қара малға), СП-1(жылқыға), Ментовак (терісі бағалы аңдарға), УШВАК (түйе,жылқы,ірі қара және қойға) індет ошағы тіркелген шаруашылықтарда қолдану нұсқауына сәйкес егіледі. Ауырған малға вакцина мөлшері сақтық дозасына қарағанда екі есе көп қолданылады. Вакциналар болмаған жағдайда ЯМ, трихотецин, РОСК, СК сүртпемайлары қотырдың үсті өткір пышақпен қырылып тасталғаннан кейін жағылады.

 

8.2. Күйіс малының жұқпалы аурулары

Қарасан – дененің жамбас, жон арқа тұсында алғашқыда ыстық, басқанда сықырлайтын ісіктердің жедел пайда болуымен, малдың ақсау белгілерімен сипатталатын қатерлі ауру. Ауру қоздырушы – клостридиум тұқымдас, сыртқы ортада ұзақ сақталатын микроорганизм. Ауру негізінен 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі қара мао, сиректеу қой мен ешкі бейім. Індет бірен-саран түрлде кездеседі.

Аурудың сыртқы белгілері. Дене қызуы кенеттен көтерілген мал күйзеліп, азықтан бас тартады, күйіспен жаңылады. Сан, бауыр, бел, иық, кеуде алқым тұстарында алғашқыда ыстық және ауырсынатын, кейіннен суық, сықырлайтын ісіктер пайда болды. Ауру мал ақсаңдап жүре алмайды, көбіне жатып алады. Ісікті қолмен басқанда сұйық пен газдың әсерінен сықырлаған дыбыс естіледі. Мал санаулы сағат арасында өліп кетеді.

Дауалау және күрес шаралары. Қарасан тіркелген ошақтарда барлық бейім жастағы мал басы қанықтырылған алюминий гидрототығы формолвакцинасымен жамбастың бұлшық етіне 2 мл-ден егіледі. Ауырып өлген мал анықталса, өлексесі өртеледі де, жатқан жердің топырағын хлорлы әктің ұнтағымен 1/10 қатынаста ұқыптап қазылып араластырылады. Сонымен қатар, малды таза сумен суаттандыру, ауру байқалған жайылымнан аластату мәселелеріне назар аудару қажет.

Кампилобактериоз – іш тастау, жиі күйіттеу немесе қысыр қалуымен байқалатын ірі қараның жұқпалы ауруы. Ауру қоздырушы сиырлар арасында тұқымдық бұқалармен тарайды.

Аурудың сыртқы белгілеріне әдетте дерттенген сиырда қынап, жатыр кілегей қабықтарының қызарып қабынуы жалғасы бойынша плацентіне (шуға) беріліп, аналықтардың 4-7 ай буаздылығында іш тастауға әкеліп соғады. Ауру мал жиі күйлеп ұрықтанбайды қысыр қалады. Кейде мерзімі жеткен бұзау туып, әлжуаздығынан 1-3 күндері өледі. Тұқымдық бұқаларда препуциясы, ені және ұмасы ісініп, жағымсыз иісті сұйық ағады, ұрықтандыру қабілеті төмендейді.

Емін білікті маманның көмегімен атқарады. Ауру сиырды емдеуді жатырды фурациллин (1:1000) немесе этакридин (1:5000) арақатынастағы ерітінділерінің бірімен шаю, я болмаса фуразолидон, экзутер таяқшаларын жатырға салу арқылы енгізеді. Сонымен бірге, бұлшық етке пенициллин, стрептомицин антибиотиктерін күніне 2 реттен 3 күн қатарынан әр 1 кг салмаққа 4000 ӨБ дозасында жіберіледі.ауырған тұқымдық бұқаға да жоғарыдағы антибиотиктер бұлшық етке және препутциясын осы антибиотиктердің өсімдік майындағы эмульсиясымен жуып-шаяды. Емді керек жағдайда 5-6 күннен соң қайталайды.

Дауалау және күрес шаралары. Сатылып алатын тұқымдық бұқалар аурудан ада шаруашылықтардың болуын қадағалау, іш тастаған сиырларды дереу оқшаулау, түсікті, шуды өртеу, мал тұрған орынды залалсыздандыру, індет ошағында аналық малды тек қолдан ұрықтандыру, дауалау ретінде ҚазҒЗВИ ұсынған эмульсинвакцина қолданылады.

Паратуберкулез (солма) – ірі қарада тоқ ішектің бүрмеленіп қабынуы салдарынан, арықтау және тыйылмас тышқақ тию белгілерімен байқалатын созылмалы ауруы. Қоздырушы – туберкулезді тудыратын қоздырушымен тұқымдас микроорганизм. Сыртқы ортада ұзақ сақталады. Ауруға бұзаулар өте бейім.

Аурудың сыртқы белгілері. Ластанған азық арқылы енген қоздырушы ішектің кілегей қабығына бекініп біртіндеп қабындырады. Осының әсерінен малдың қоңы төмендеуі, ауа көпіршіктері мен кілегей араласқан іш өту, қиы жағымсыз иісті болуы белгілері байқалады. Ауру мал әлсізденіп көтерем болады.

Дауалау және күрес шаралары. Індет ошағындағы ауру мал дереу лажсыз сойылып жойылады. Қалған малды аллергиялық тексеру арқылы зерттейді. Мал қораларында күйдіргіш натрий, формалин ерітінділерімен дезинфекция жүргізіледі.

Инфекциялық ринотрахеит – қызба, жоғары тыныс жолдары, көздің, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарының қабынуы және орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын аса жұғымтал вирус тудыратын ауру. Жасы мен жынысына қарамастан барлық ірі қара мал бейім. Бордақылаудағы мал жиі шалдығады. Ауру қоздырушы тікелей жанасқанда (ұрықтану кезінде) және ауа арқылы беріледі.

Аурудың сыртқы белгілері. Алғашқыда мқлшерлен тыс аққан кілегейлі сілекейі кейіннен іріңді сұйыққа айналады. Танау, жұтқыншақ кілегей қабықтары қызарып, ісініп, ауру мал аузын ашып дем алады, демікпе байқалады. Бұзауларда ас қорыту жүйесінің жиырылу қабілеті нашарлап, тышқақ тиеді. Буаз сиырлар мен қашарларда іш тастау буаздығының 6-8 айларында байқалады. Жыныс мүшелерінің қабынуы жаралардың болуымен сипатталады.

Емі. Ауру малды гипериммунды қан сарысуымен емдейді. Сонымен бірге симптоматикалық (аурудың сыртқы белгілеріне қарай) ем жүргізіледі.

Дауалау. Инфекциялық ринотрахеиттің алдын алу үшін тірі немесе инактивацияланған (өлтірілген вакциналар) қолданылады.

Қой мен ешкінің клостридиоздары (секіртпе және жыбырлақ) – ас қорыту жүйесі мен бүйректің қабыну белгілері байқалатын ауру. Жиі түрде саулықтар мен тұсақтар бейім. Қоздырушы сау малға жайылымда жүғады.

Аурудың сыртқы белгілері. Аса жіті ағымында ауырған мал аяқ астынан өліп қалады. Жітілеу түрінде тыныс алуының жиілеуі, аузынан көпіршікті сілекейдің ағуы, зәрінің түсі қызыл түске боялуы, тышқақ тиіп малдың қырылуы байқалады.

Дауалау және күрес шаралары. Саулықтар мен қозыларды сортаң жайылымдарда бақпау, уақтыл иммундеу, толық рационды азық беруге назар аударылады. Керекті жағдайда поливалентті инфекциялық энтеротоксемияға (жыбырлақ), брадзотқа (секіртпе), залалды ісікке және дизентерияға қарсы вакцина егіледі.

Саулықтың жұқпалы желінсауы (инфекциялық мастит) – аналық қойларда желіннің өліеттенуі, шіруі (гангреноздық) және жалпы организмнің улануы белгілерімен байқалатын жіті жұқпала ауру. Қазақстанның қой шаруашылықтарында жұқпалы желінсау қоздау науқаны басталысымен 3-4 аптадан кейін байқалып, көктем-жаз айларын қамтиды. Қоздырушы – зардапты стафилакокк (шар тәрізді шоғырланған іріткіш микробтар). Сыртқы ортаға қоздырушы ауру саулықтың сүтімен немесе желіндегі жарадан іріңмен, ауырған қозының мұрын сорабымен бөлінеді.

Аурудың сыртқы белгілері. Саулық енжарлық танытып, күйзеледі, күйісінен жаңылады. Алғышқыда желіні қабынғанда ісінген, ыстық, қатты, басқанда ауырсыну болады. Сүті сұйылып, іріткі заттар байқалады. Желінінле көкшіл қызыл дақтар пайда болып, кейіннен көгереді, сия түстес, қарайып кетеді. Ауру мал аяқтарын алшақ қояды, бауыр, щап тұстары ісінеді. Қарайған жерлері жараға айналып, желін майы салбырап, ішінен жағымсыз иісті сұйық ағып тұрады. Ем болмаған жағдайда мал өледі. Қозыларда өкпенің қабыну түрінде өткен ағымы мұрнынан іріңді сораптың ағуы, жөтел белгілерімен байқалады.

Дауалау және күрес шаралары. Аурудың бастапқы кезіндегі ем нәтижелі (желінінде жара пайда болып көгерген уақытта тиімсіз). Ауру саулықтар мен қозыларда оңаша бөліп күтімін жақсартады. Ем ретінде үрпіге ас содасының 1-2 %-дық ерітіндісін жіберіп, кейіннен мұқият сауып тастайды да, антибиотиктердің (пенициллин, стрептомицин) бірін енгізеді. Емдеу 3-4 күнге созылады. Сонымен бірге мастисан, мастицид дәрі-дәрмектерді де емдік ықпалын тигізеді.

Қоздау науқаны алдында саулықтардың желінін қарау, жүнін қырқу, жаралар болса сүртпемайлар қолдану. 35-60 күннен соң қозыларды аналықтардан бөліп, тек екі мезгіл емізу, қой қорада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, т.б. шаралар жүргізіледі.

Ешкі кебенегі (инфекциялық плевропневмония) – дененің қызынып, өкпе мен плевраның (көкірекперде) қабыну белгілерімен сипатталатын аса жұғымтал ауру. Ауру тек ешкілердің үш жасқа дейінглерінде жиі байқалады. Қоздырушы ауырған ешкіден сауына жөтелгенде ауа арқылы беріледі. Қазақстанда бұл ауру жойылған деп есептелінеді.

Аурудың сыртқы белгілері. Ауру дене қызуының көтеріліп, ешкінің отардан қалыс қалуы, тынысы тарылып, демікпе, мұрнынан алғышқыда кілегейлі, кейіннен қоймалжың іріңді сораптың ағуымен өтеді. Кеуде тұсына құлақ салғанда сырыл естіледі. Қабырғааралық бұлшық етті басқанда ешкі ыңырсиды. Азып арыған буаз ешкі іш тастайды.

Дауалау және күрес шаралары. Ауру ошағынан карантин жарияланып, сырттан ешкі әкелуге немесе осы жерден әкетуге тыйым салынады. Ауру ешкілерді оңашалап новарсенол, сальварсан, миарсенол дәрмектерімен емдейді. Өлген ешкі өлекселерін өртейді. Кебенекті дауалау мақсатында сырттан әкелінген ешкілер 30 күндік сақтық карантинде болуы шарт. Қауіп төнген ошақтарда шартты сау ешкілерді өкпе тінінен дайындалған формолвакцинамен иммундейді.

Қой-ешкінің жұғымтал сүйелі (жұғымтал эктима) – ауыз қуысы кілегей қабығының, ерін және сирақ терісінің қабынуымен байқалатын вирус тудырған жұғымтал ауру. Жиі түрде 6-8 айға дейінгі қозы мен лақтарда ерніндегі кішігірім жаралар арқылы вмрус енгенде байқалады.

Аурудың сыртқы белгілері. Ерні қабынғанда ауыздықта пайда болған сулы көпіршіктер жарылып, сұйық зат кебеді де, қалыңдаған сайын сүйел тәріздес болып көрінеді. Қатты заттарға үйкесе қабыршық түгелдей түседі де, қызыл шақа жараға айналады. Сырттағы микробтармен ластанса іріңді жараға ауысады. Сирақ эктимасы негізінен ересектерде тұяқ ашасында орналасады. Ауыз қуысының эктимасы әдетте еріннің қабынуынан жалғасы бойынша беріліп, уылған (микрожаралар) стоматит түрінде өтеді.

Дауалау және күрес шаралары. Ауырған ұсақ мүйізділердің ауыз қуысын және ерін мен сирақтағы сүйелді 10%-дық йод, йод глицерин немесе 1%-дық фурациллин ерітінділерімен шаяды немесе күйдіреді. Асқанған жағдайда терациклин антибиотигін қолданады.

Малды аурудан ада шаруашылықтардан сатып алу, оларды сақтық карантинде ұстау, т.б. індетке қарсы шаралар жүргізіледі. Ауру ошақтарында тірі вирусвакцинаны қолдану арқылы сауықтыру шаралары атқарылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *