Жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлері мен нысандары

Əлемдік тəжірибе жергілікті басқарудың жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару сияқты объективті жəне субъективті факторлардың əсерінен тарихи қалыптасқан əр алуан нысандары мен типтері бар екенін көрсетіп отыр. Жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандары мен əдістерінің дамуы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы бағытында жүзеге асады. Осыған байланысты бұл елдердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасқан типтері жергілікті салт-дəстүрлерге, мəдениетке, менталитетке, экономикалық даму деңгейі мен басқа да жағдайларға неғұрлым толық бейімделген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың даму тəжірибесін сыни тұрғыдан ұғыну, қазақстандық болмысқа, ұлттық салт-дəстүрлерге жəне мəдениетке бейімдеу жəне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясын əзірлеу кезінде ескеру қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару қазақстан мемлекетінің қалыптасуында жəне дамуында маңызды рөл атқаруы тиіс. Бұл елдің стратегиясы мен Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі даму перспективаларына қатысты басқа да бағдарламалық құжаттарда ерекше аталған. Алайда, халықтың саяси жəне қоғамдық ортасында жергілікті өзін-өзі басқару мəнін ұғынуда жалпы бірлік жоқ, ортақ қабылданған бірыңғай ұғымдық аппарат жоқ, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін лайықсыз бағалауға алып келеді.

Республикада жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мен дамуы көбінесе мемлекеттік биліктің əр түрлі деңгейлерінің арасындағы өкілеттіктерді шектеуге, əр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бюджетті қайта бөлуге алып келеді. Бұл мəселелер өзін өзі басқару институттарын қалыптастыруға алғашқы қадам ретінде өте маңызды жəне қажет болып табылатыны сөзсіз. Бірақ, азаматтық қоғамды қалыптастырумен, республикада нақты жергілікті өзін өзі басқаруды қалыптастырумен үйлесімдік болмаса өкілеттіктерді шектеу мен бюджетаралық қарым қатынасты жетілдіруді жеке мақсат ретінде қарастыруға болмайды.

Жергілікті өзін-өзі басқару қазіргі мемлекеттің азаматтардың мемлекетпен байланысын, олардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін аса маңызды институттарының бірі ретінде қарастырылады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда жалпы мемлекеттік құрылыс үдерісінде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны туралы, əлеуметтік шиеленісті жою мен азаматтық қоғам қалыптастыру, аумақтың əлеуметтік-экономикалық даму мəселелерін шешу, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірыңғай көзқарас жоқ. Қарама-қайшылықтар мен жергілікті өзін-өзі басқару институтының рөлі мен орнын лайықсыз бағалау негізінде бірыңғай ұғымдық аппараттың жоқтығы, сондай-ақ қоғамның əр сатысында жергілікті өзін-өзі басқару мəнін əр түрлі ұғыну жатыр. Жергілікті өзін-өзі басқару институтын жергілікті мемлекеттік басқару институтынан ажырата білген жөн. Жергілікті мемлекеттік басқару аумақтағы мемлекеттік саясаттың жетекшісі ретінде танылады жəне мемлекеттік басқару жүйесіне тікелей енгізілген.

Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттік құрылыстың айрықша элементі, мемлекеттік билік органындарының жүйесіне кірмейді, оның құзырлығы орталық билік органдарымен сипатталады, ал оның қызметі жергілікті қоғамдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Осыған байланысты өңірлік жəне жергілікті биліктің мүдделері бастапқыдан ажыратылуы қажет, бұл орталық билік тарапынан жергілікті сепаратизмнің пайда болуына ықпал ететін маңызды құрал болады.

Сол себепті жергілікті өзін-өзі басқару институты азамат, қоғам мен мемлекеттің өзара əрекет ету механизмінің маңызды буыны, жалпы алғанда адам өзінің мүдделері мен қажеттіліктерімен оның дəл ортасында тұратын адамзат дамуының жаңа парадигмасын жүзеге асыруға қажетті жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қалыптасуымен ел аймақтарының əлеуметтік, экономикалық, экологиялық жəне өзге де мəселелерінің шешілуі байланыстырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуындағы халықаралық тəжірибе мынаны көрсетіп отыр: жергілікті өзін-өзі басқару үлгілері тіпті бір ел шегінде жергілікті əдет-ғұрып пен мəдениетке, жергілікті қоғамдастықтың өміріне ықпал ететін экономикалық жəне басқа жағдайларға қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ретте өзін өзі басқару азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жəне жоғары тұрған орындардың шенеуніктеріне қарағанда жергілікті тұрғындарға жақсы белгілі жергілікті қажеттіліктерге сəйкес жүзеге асырылады. Сол себепті жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғам мен өзін-өзі ұйымдастыру элементтері қазірден бар қоғамда тиімді болып келеді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына, елдің жалпы əлеуметтік-экономикалық деңгейне, жергілікті қоғамдастық өміріне тікелей ықпалы бар өзге факторлар мен жағдайларға байланысты ұзақ, көп кезеңді жəне динамикалық үдерісс болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *