Загрузка...

Журналистика — ғылым. Журналистика — тарих. Зерттеушілер журналистика тарихын тас дәуірінен басталатынын алға тартады. Ендеше, уақыт тұрғысынан оның «вторая древнейщина» аталуы бекер болмаса кереқ. Журналистика — бейресми төртінші билік, әлеуметтік құбылыс. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да — осы журналист. Оның тілі — заңның тілі, әділеттің тілі.

Журналист — жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол үстінде. Ол жүрмейтін жол, бармайтын ел, жер жоқ. Ол -қоғамның үні, қоғамның көзі. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Қай жерде, кіммен сөйлессе де оның тілі — әдеп, мәдениеттің тілі. Журналист — ой адамы. Онда ойсыз күн жоқ. Журналист — сезімнің адамы. Жасыл жағалауды көрсе жаны жасарып, тылсым табиғатқа қараса, сөзден жыр төгеді. Журналист — мінездің адамы. Ол кез келген мықтының алдында «ләпбай, тақсыр» деп жүгіре жөнелмейді. Оның пірі — халық. Журналист өз мамандығының құлы. Өз мамандығын сүймейтіндерге журналистикада орын жоқ. В.А. Кочетковтың: «Если она сурова, если она тебе не нравится, уходи из газеты в другую, иную профессию!» дейтіні шындық.

Журналистік жауапкершілік — этикалық жауапкершілік. Бұл жердегі тағы бір мақсат: болашақ журналистерге жауапкершілікті және этика ғылымының пәрменді құрал екендігін ұғындыру.

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда. Журналистік этиканың аудиториясы — оқырман, көрермен, тыңдарман, халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды. Қоғамымызда этикалық заңдылықтардың нормалары сақтала бермейді. Бұл — этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы, аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу — проблемадан туындаған проблемалар. Журналист этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген, талданбаған. Тіпті, бұл мәселе жөнінде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ. Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгершілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардың орын алуы соның салдары.

Журналист туралы өлең жолдары: «Журналист болам десеңдер».

… Журналист — тұлға, лауазым,
Мінезі — дала, тау, өзен.
Басады зілдей мысы оның,
Көрсетсе кім нән, дәу өзін!

Тыңдайды оны «керең» де,
Оқиды оны кемеңгер.
Журналист деген әне, сол,
Журналист болам дегендер.

Қарғымай жардан тереңге,
Ерқара болып тек елде,
Жүрсеңдер қарын көтеріп,
Журналист болам демеңдер.

… Журналист аты — сын есім,
Тастаңдар сілкіп «жіп» ерсе.
Күліңдер қарқ-қарқ, әлдекім
Өтірік мақтап жіберсе.

Тұр күтіп қанша «келсең-кел»
Жуан бел кесір, кеселдер!
Шегініс бір сәт болмасын,
Журналист болам десеңдер.

… Шаршамай дәулет, бақ жоқ шын,
Сапарда ұзақ жол соқсын!
Сүйсініп журфак, деканат,
Шалқайып тұрып қол соқсын. Әумин!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *