Анарыс (Анахарсис) — ежелгі сак шешені. Әкесі сақ көсемі, шешесі эллиндік ару болған. Анарыс жастайынан осы озат екі мәдениеттен тел сусындап өседі. Ол ежелгі эллиндік данышпандармен теңдесіп, жеті данышпанның бірі ретінде Грекияға кеңінен танымал болған. Антикалық авторлар Анарыстың әйгілі адамдармен кездесулері, данышпандығы, философиялық сырласулары, шешендік сөз кақтығыстары және канатты сөздері туралы бағалы деректер қалдырған. Мысалы, Понт Евксинский «Понтта бірде-бір руда өзінің данышпандығы немесе білімдігімен Анахарсисқа (Анарысқа -А.К.) тең келетін адам жок» деп жазса, Диоген Лаэртский «Философияда даңқы шыққан ғалымдардың өмірбаяны» деген еңбегінде Анарысқа «Скиф Анахарсис» атты жеке бөлім арнап, ол туралы: «Скиф Анахарсис Гнурдың ұлы және скифтердің патшасы Кадуидтың інісі. Оның шешесі грек қызы болғандықтан, екі тілді жетік білген. Ол скиф және эллиндік салттар, соғыс өнері туралы 800 өлең жазған» — деген мәліметтер келтірген.

Сонымен бірге ежелгі ойшылдар Анарыстың көшпелілік өмір салтын берік ұстанып, оны мақтан тұтатын қасиетіне құрметті төзімділікпен қараған. Анарыстың бүкіл ғұмыры осындай елжандылық қасиетімен ерекшеленеді. Алайда оның өмірі қасіретті оқиғамен аякталады. Ол эллиндік мәдениеттің қыр-сырымен жете танысып, аңсаған отанына аман-сау жеткенімен, туған ағасы Савлий патшаның қолынан қайтыс болған.

Анарыс б.з.д. 594 жылдар шамасында Афинаға келіп, ондағы көптеген әйгілі адамдармен танысып, атақты философ Солонмен дос болған. Ол ойының терендігімен, сөзге шешендігімен көзге түсіп, Олимпиялық ойындарға белсенді катысып, талай рет жүлделерге ие болады. Грекияның ең жоғарғы билік орны — Ареопаг мүшесі болған және оның құрметі үшін көзі тірісінде оған ескерткіш орнатылған деген деректер бар. Ол Лесбос, Фив, Коринф, Фокид, Биотия, Сицилия, Мысыр, Парсы т.б. көптеген елдерді аралайды. Анарыстың хаттары, философиялық ойлары мен шешендік сөздерінде афиналықтар мен сақтардың тұрмыс-салт, мінез-құлық ерекшеліктері әр қырынан көрініс береді. Анарыстан қалған асыл мұралар халкымыздың философиялық, тарихи, этнографиялық және тәлімдік ойларының ежелгі дәуірдегі бастауларының бірі ретінде құнды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *