Ауа температурасының өзгерісі. Ауа температурасы – ауаның жылыну деңгейі, ауа райы мен климаттың негізгі сипаты. Күн сәулелері – Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі. Осы күннен келетін сәулелер атмосфера қабатынан өте отырып, алдымен жер бетін қыздырады, содан кейін жылы ауа жоғары қарай таралады. Нәтижесінде биіктеген сайын ауа температурасы төмендей береді. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6˚С-ге төмендейді. Жер бетіндегі ауа температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Ауа температурасын өлшейтін құрал термометр деп аталады.

Ауа температурасы бірқалыпты күйінде қалмайды, ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытта тура келеді.

Тәулік ең жоғары және төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді.

Амплитуда – температураларды көрсететін сандардың жай айырмасы емес, олардың бір-бірінен алшақтығы. Мысалы, тәуліктің ең жоғары температурасы +25˚С, ең төменгі температура +15˚С. Тәуліктік амплитуда+10˚С-ге тең.

Тәуліктік және айлық орташа температураларды өлшеу. Тәуліктік орташа температураны табу үшін ауа райын бақылайтын метеорологиялық бекеттердің немесе жергілікті жердегі географиялық алаң қондырғыларының көрсеткіштерін пайдаланамыз. Тәуліктік орташа температураны табу үшін барлық өлшеу нәтижелерін қосып, бақылау санына бөлеміз.  0˚С-ден жоғары (+) және төмен  (-) температуралар болса, олардың әрқайсысы бөлек есептеледі. Көп саннан аз сан алынады да, шыққан айырма бақылау санына бөлінеді. Алынған нәтижеге көп санның таңбасы «+» немесе «-» қойылады. Мысалы, 20 қазанда ауа температурасының көрсеткіштері: түнгі сағат 1-де  +7˚С, таңғы 7-де -4˚С, күндізгі 13-те +12˚С, кешкі 19-да +11˚С. Тәуліктік жиынтық орташа температура +26˚С;4=+6,5˚С.

Тәуліктік орташа температураларды қоса отырып, айдағы күн санына байланысты санға (28,29,30,31 күндерге) бөлеміз.

Мысалы, қыркүйектегі тәуліктік орташа температура жиынтығы — 215 ˚С. Қыркүйекте 30 215 ˚С. күн бар. Айлық орташа температураны күн санына бөлу керек. 215 ˚С;30=7,1˚С. Сонда орташа айлық температура +7,1˚С.

Жер шарының әр аймағында ауа температурасының ауытқуы да әртүрлі болады. Мұндай ауытқуды құрлық пен су бетінен анық көруге болады. Құрлықтағы ауа тез жылынып, тез суып, су бетіндегі ауа баяу жылынып, баяу суиды. Бұлтты күндері күндіз жер беті қатты жылынбайды, ал түнде қатты суынбайды, температура ауытқуы азаяды.

Тәуліктік ауытқу айырмашылығына жер бетінің жамылғы сипаты, жер бедері әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *