Ауытқу амплитудасы ұғымы және ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы. Жер бетіндегі ауа температурасы үнемі бірқалыпты күйде болмайды, ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады. Амплитуда – латын тілінен аударғанда «кеңдік», «жайылушылық» деген мағына береді.

Амплитуда – географияда ауа райы элементтерінің белгілі бір уақыттағы ең жоғарғы және ең төменгі шамалары арасындағы айырмасы.

Мысалы, тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеулердің нәтижелерін қосып, бақылау санына бөледі. Мысалы, сағат 1-де +5˚C, 7-де

-2 ˚C,13-те +10˚C, 19-да +9˚C, тәуліктік орташа температура +5˚C+(-2˚C,) +10˚C) +9˚C;4=+5,5˚C.

Температураның тәулік ішінде өзгеруі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда көбірек. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғары ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.

Тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температура есептеледі. Ауа температурасының өзгеруі жылдық, айлық, тәуліктік болып үшке бөлінеді, ал өзгеру себептерін күн сәулесінің түсу бұрышы, жер бетінің жамылғы ерекшеліктеріне байланысты болады.

Ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы. Ауа температурасының тәулік ішінде күрт өзгеруі көбінесе адам ағзасы үшін, кейбір шаруашылық түрлері үшін, т.б. жағдайларда маңызды болып келеді.

Бір тәуліктегі ауа температурасының құбылмалылығы кейбір адамдарға әсер етіп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жылдың жылы маусымында күннің бір градусқа ысуы түрлі ауруларды қоздыруы мүмкін. Күн ыстық болса, тамыр соғуы жиілеп, артериядағы қан қысымы едәуір төмендейді. Ыстық күндері жүрек қызметі нашарлап кетеді, өйткені энергияның көбісі ағзаның аса қызып кетуіне бөгет жасау үшін жұмсалады. Сол себепті бұл кезеңде қан қысымы жоғары адамдардың сақ болғаны жөн.

Табиғаттағы экстремалды құбылыстар. Сел мен көшкін тудыратын нөсер жауындар, су тасқыны дүниежүзінің жекелеген аймақтарында көптеп кездесуде. Тәуліктегі ауа температурасының тұрақсыздығынан алапат дауылдар мен өрттің пайда болуы жер бетіндегі тіршілік үшінде өте қауіпті құбылыстар. Аталған табиғат құбылыстарының бәрі адам денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді, экономикалық шығынға батырады. Оның салдарынан жұқпалы аурулар таралып кетуі мүмкін. Сондықтан тәуліктік температураның ауытқуын үнемі бақылап отыру, денсаулық сақтау шараларын алдын ала жасау адамзат үшін өте маңызды нәтиже.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *