Білім беру философясы

Білім беру жүйесі жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуына дүниетанымының дамуына, әлеуметтенуіне айтарлықтай ықпал етеді. Адам бүкіл өмірін іс жүзінде осы жүйемен тығыз байланыстырады.

Осыдан білім берудің мақсаттары мен мазмұнын, дүниетанымдық және әдіснамалық қондырғыларын, перспективалық бағдарларын негіздейтін филосоиямен тығыз байланысу қажеттілігі келіп шығады. Философиямен байланыссыз, жалпыға ортақ және іргетастық принциптерге сүйенуінсіз білім беру субъектившілдік пен асыра сілтеушілік «вирусына» шалдығуы немесе догмашылдықтың құшағында «қатып-семуі» мүмкін.

Бұл уақытта философияда да білім беруді қажетсінеді. Білім берудің тәжірибесі мен онымен бірге туындаған жаңа мәдениет философияны «қоректендіреді», философияға адамның өз мәні мен болмысына неғұрлым тереңірек ену, сөйтіп оны өзіндік таным мен дамудың жаңа сатысына көтеру үшін аса бай материал ұсынады.

Білім беру философиясы жалпы философиялық принциптер негізінде білім берудің әлеуметтік-мәдени мәні мен оның даму заңдылықтарын зерделейді. Оның мәселелерінің шеңберіне мыналар жатады:

  • жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің білімге деген мұқтаждығының философиялық аспектілерін зерделеу;
  • білім берудің қоғамдағы орнын, оның басқа әлеуметтік құрылымдармен өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін айқындау;
  • білім берудің көздері мен қозғаушы күштерін ашу;
  • педагогикалық антропологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін әзірлеу;
  • «жаңа» мәдениет адамының қоғамдық мұратын жасау (басқа ғылымдармен бірге) және осы мұратқа сәйкес білім беру қызметі мақсаттарының спектрін анықтау.

Бұл білім беру философиясының назар аудару саласына кіретін міндеттерінің бүкіл тізбесі емес екендігі түсінікті.

Бастысы – философия мен білім берудің өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратынын түсіну, өйткені олар аса маңызды міндетті – әлеуметтік-белсенді, еркін, өркениетті адамды қалыптастыру міндетін әртүрлі жақтарынан шешеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *