Бұл слайд буддизм негізін қалаған, кейіннен Будда («көзі ашылған») атын берген, принц Сиддхартха Гаутама болды. Оның уағыздары нирванаға қол жеткізудің жолдары. Буддизм ілімі әрі қарай дамуға көптеген мүмкіндіктер қалдырды. Уақыт оза жаңа бағыттар, көптеген әрқилы секталар мен философиялық мектептер дүниеге келді.

Біздің дәуіріміздің I ғ. Будда дінінің жаңа түрлері пайда болды. «Махаяна» (даңғыл жол), «Хинаяна» (тар жол). Махаяна — бұл, махаббат пен қайғы қасіретті буддизм догматтарының шеңберіне енгізу талпынысы. Хинаяна (дәстүрлі буддизмді дәріптеуші) және махаяна, оның ауқымында төрт философиялық мектептер (вайбхашиктер, саутранинтиктер, його-чарлар және мадхъямиктер) дамиды да, олардың шырқау биіктері V-VII ғасырларға сәйкес келеді.

Буддизмнің жан жақтылығы мен иілгіштігі оның дүние жүзіне тарап кетуінің кепілі болды. Буддизм езін шығыс философияның көптеген бағыттарында, өнерде, ұрыс өнерінде көрсете білді. Буддизмнің өзіне тән «Меннен» толық азат ету үшін берген уәдесі, және онымен тығыз байланысты мәселелер оның жақтастарының қатарын бүгінгі Батыста да көбейтті. Буддизм әлем туралы түсініктерде дәстүрлі ведалық тұрғыдан шығады. Жоғарыда көрсетілген ұғымдар оның тіліне еніп негізін құрайды. Презентация тақырыбы буддизм және оның ағымдары туралы баяндалады.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *