Ресейдегі экономикалық және саяси мәселе 1917 жылдың басында одан әрі шиеленісе түсті. Созылыңқы соғыстың одан әрі жалғасуы, армияның майдандағы жеңілісі, шаруашылық бей-берекетсіздіктің күшеюі, еңбекшілердің тақырлана кедейленуі — осының бәрі елде революциялық дағдарыстың тууын тездетті. Ресми және толық емес мәліметгерге қарағанда, тек қаңтар-ақпанда ғана 676 мыңнан астам адам көтеріліске шыққан. Стачкалардың көпшілігі саяси сипатта болған, олар барған сайын шаруаларға ықпал жасады, өйткені көтерілісшілер помещиктердің жерлерін тәркілеуді, оны жері жоқ кедейлер мен батырақтарға бөліп беруді талап етгі.

Майданда солдаттардың және жекелеген әскери бөлімшелердің көтерілісі басталды. Революциялық қозғалыс қымбатшьшыққа, азық-түлік пен отынның жоқтығына наразылық білдірген қаланың ұсақ буржуазиясын да қамтыды.

Үкімет революцияға қарсы күреске әзірленді. Петроград тікелей патша ставкасына бағынышты дербес саяси округ болып бөлінді. «Толқулар мен тәртіпсіздікті басып-жаншу жоспары жасалынды, онда әрбір әскер бөлімшесі мен полицияның қимыл жасайтын аудандары егжей-тегжейіне дейін анықталды. Алайда өмір бұл жоспардың бәрін іске асырмай тастады.

14 ақпанда Питерде бірнеше ондаған мың адамы бар 60 кәсіпорынның жұмысшылары ереуілге шықты. 18 ақпанда Путилов (қазіргі Киров) зауыты тоқтап, жұмысшылары көшеге шықты. 24 ақпанда енді астананың 200 мың жұмысшысы көтерілді. 25 ақпанда ол Питердегі жаппай стачкаға айналды. Саяси стачкалар көтеріліске ұласты. Жұмысшылар полицияны, жандармерияны қарусыздандырды. Солдаттардың да көңіл-күйінде өзгеріс болды, олар топ-тобымен халық жағына шыға бастады.

27 ақпанда қарулы көтеріліске шыққан Петроградтың жұмысшылары мен революциялық пиғылдағы солдаттар патша өкіметін құлатты. Сол күні кешкісін патшаның министрлерін қамауға алу басталды. Буржуазиялық-демократиялық революция женді.

Көтерілісті басқарған әрі революциялық-демократиялық өкіметті бейнелейтін жұмысшылар және солдаттар депутаттарының Петроград Кеңесімен қатар буржуазия мен помещиктер диктатурасы болып табылатын Уақытша үкімет пайда болды.

Петроградтағы көтерілістің жеңісі бүкіл елде, соның ішінде Қазақстанда да қолдау тапты. Өлкенің отарлық әкімшілігі алғашқы кезде патша өкіметінің құлатылғаны жөніндегі хабарды еңбекшілерден жасырғысы келді. Революциялық оқиғалар туралы қандай да болсын материалды басуға газеттерге тыйым салынды. Бірақ қалың жұртшылық қауымы болған оқиға туралы хабарларды тез арада естіді, әрі қуана қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін демократияшыл зиялылар ұлттың азаттығы идеясын қалың еңбекшілер арасына таратып, туған халқының сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Ресейдің либералдық-демократиялық қозғалысының жоғары білімді қайраткері, бұрынғы Кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейханов басқарды. Оны Алаш қозғалысының белсенді мүшелері қолдады.

Қазақстан еңбекшілері Уақытша үкіметтен олардың талаптарын орындай отырып, халыққа саяси құқықтар мен бостандық береді деп күткен еді. Бірақ бұл үміт ақталмады. Уақытша үкімет ескі отарлау аппаратын сақтап қалуға бар күшін жұмсады. Мысалы, генерал-губернатор Куропаткин бастаған Түркістандағы патшалық әкімшілік, шынтуайтқа келгенде, оның жергілікті органы болып шыға келді.

Дегенмен бұқараның қысымымен 1917 жылы 31 наурызда жұмысшылар мен солдаттардың Түркістандық Кеңесі мен Ташкент атқару комитетінің бірлескен жиналысында ол биліктен қуылды. Революциялық бұқара осы кезде Омбыдағы Далалық генерал-губернаторды, Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарының әскери губернаторларын, сондай-ақ ояздық полиция бастықтарын, бірқатар болыс басқарушылары мен патшаның басқа да жергілікті итаршыларын орындарынан тайдырған еді.

Жер-жерде Уақытша үкіметтің органдары — атқарушы комитетгері, азаматтық комитеттер, т.с. құрылып жатты, олардың құрамына үстем таптардың өкілдерімен қатар ымырашыл элементтер де — эсерлер (социал-революционер) мен меньшевиктер (РСДЖП оппозициялық бөлігі) кірді. Уақытша үкіметтің органдары жергілікті жерде патшалық әкімшілік жүргізіп келген саясатты сол күйінде одан әрі жалғастырды. Өлкеде бір мезгілде жүмысшылардың, шаруалардың, солдаттардың және мұсылмандардың депутаттары Кеңесін құру үшін қозғалыс жандана түсті.

1917 жылы 27 наурызда Сырдария облысының Перовск (Ақмешіт) оязы қазақтарының өкілдері өздерінің съездерінде құрамы 35 адамнан тұратын қазақ депуттарының Кеңесін ұйымдастырды, оның төрағасы болып заңгер X. Ыбырайымов сайланды.

1917 жылдың наурыз-сәуірінде қалалардың көпшілігінде Кеңестер құрылды. Олармен қатар (Бөкей ордасында Атқару Комитеті) Түркістан Комитеті жұмыс істеді, оның құрамына Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев енді. Сонымен бүкіл елдегідей. Қазақстанда да қос үкімет пайда болды.

Социал-демократаялық партиялардың ескілері жаңғырып, жаңалары құрыла бастады. Болшевиктік топтардың да саны өсті. Қазақ халқының тамаша өкілдері Т. Рысқұлов, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, Т. Бокин, М. Жәнібеков, С. Арғыншиев, С. Сейфуллин, А. Майкөтөв және басқалар партия мүшесі болды. РСДЖП ОК-мен ұйымдық байланыс жасауы, өздерінің баспасөз органдарын шығаруы большевиктік күштердің топтасуына көмектесті.

Осы кезде Петербор, Мәскеу және басқа ресейлік қалалардың жас жұмысшыларының үлгісімен Қазақстанда да жастар ұйымдары пайда бола бастады. Петропавл және Түркістан темір жол стансаларында жұмысшы жастардың социалистік одақтары құрылды, олардың көпшілігі орыстар еді. Қазақ жастары да өздерінің демократиялық ұйымдарын құруға ұмтылыс жасады. Мәселен Тұрар Рысқұловтың бастамасымен Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды, ол оқушы жастардың, интеллигенция демократияшыл бөлігі мен ауылдық кәсіби мұғалімдер өкілдерін біріктіреді, оның бағдарламасы мен жарғысы болды. Одақ Уақытша үкіметтің жергілікті органдарына, болыстар мен старшындарға және олардың басқа да жақтаушыларына қарсы күрес жүргізді.

1917 жылы жазда Ақмолада пайда болған қазақ жастарының прогресшіл одағы «Жас қазақтың» ұйымдастырушыларының бірі С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, бастапқы кезде мәдени-ағарту жұмысымен де айналысқан. Қазақ жастарының одақтары мен үйірмелері басқа аймақтарда да пайда бола бастады. Оралда «Жігер», Семейде «Жанар», Орынборда «Игілік», Петропавлда «Талап» т.б.

Шаруалар да бас көтерді, қазақ шаруалары қозғалысының мағынасы жағынан да, сондай-ақ нысаны жағынан да өздігінше ерекшелігі болды. Ең алдымен ол отарлау езгісіне қарсы ұлт-азаттық күреспен жалғасып, саяси, шаруашылық және мәдени салада да тепе-тендікке жету мақсатында жүргізілді. Шаруалар патша өкіметінің қол шоқпары болып келген болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын қайтадан сайлады. Олар кулактар тартып алған және патша өкіметінің отарлау қорына — «әскери қор» деп межелеген жерлерді қайтарып алу үшін, жер-суды пайдалануда өздерін орыс шаруаларымен теңестіру үшін күресті.

Елге оралған «тылдықтар» да мұндағы іске өз ықпалын жүргізді. Майданның қара жұмысына жегілген осы қазақ азаматтары соғыстың аса ауыр жағдайында тас карьерлерінде, жол салуда, қорғаныс зауыттарында жұмыс істеген болатын. Олардың қайтып келуінің едәуір мәні болды. Олар барлық жерде Кеңес өкіметі жолындағы күрескерлердің ұлттық отряды атынан өкілдік етті. Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.

Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы патша үкіметін құлатқанымен әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, империалистік соғыстан шығу проблемаларын шешпеді. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша зандары өз күшінде қалды; казак әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық сословиелік артықшылықтары толығымен сақталды; қазақтардың ең жақсы жерлерін отаршыл қулактарға тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын жалғастыра берді; мемлекетгік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне бұрынғысынща тыйым салыңды. Қазақ халқының, соңдай-ақ Орта Азия халықтарының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті алға қойылмады да.

Сөйтіп буржуазиолық Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Тұтас алғанда бүкіл елде, оның ішінде Қазақстанда буржуазиялықдемократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар толасып келе жатты.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рысбай К., Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. – 368 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *