Идеал газдардың негізгі заңдары. Идеал газ деп молекулалар арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз, тіпті оны еске алмауға да болатын және молекулалар арасындағы өзара соқтығысу абсолют серпімді болатын газдарды айтады. Молекула-кинетикалық теория ашылғанға дейін идеал газдар қасиетін сипаттайтын көптеген зандар болған.Бойль-Мариотт заңы. Газ күйіндегі заттардың меншікті көлемі болмайды. Сондықтан […]
Category: Физика, Математика
Дыбыс толқындары
Ультрадыбыстар және оның практикада қолданылуы. Домбыраның ішегін тартып тұрып жіберіп қалыңыз. Ол дыбыс шығарады. Сонымен бірге ішектің тербеліп тұрғанын байқаймыз. Олай болса, дыбыс шығарып тұрған денені тербеліп тұрған дене деп қарастыруға болады. Яғни, механикалық тербеліс кезінде дене қоршаған ортаны (газ, сұйық және қатты дене) сығады және сиретеді. Жан-жаққа бірдей таралатын осы сығу және сиреу процесінің алмасып […]
Жаңылтпаш есептер
1. Дәлелдеу керек: 5 = 6. Мына сандардың теңбе-теңдігіне күмәндарың бар ма: 35 + 10-45 = 42 + 12 — 54? Тексеріңдер. Күмән жоқ. Теңдіктің екі жақ бөлігінен ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарайық: 5(7 + 2 — 9) = 6(7 + +2-9). Бұған күмәніңіз бар ма? Жоқ. Өйткені қарапайым математикалық түрлендіру — ортақ көбейткішті жақша сыртына […]
Нөл саны туралы
Нөлдің ең алғашқы нышаны б.з.б. V ғасырда Вавилон математиктерінің алпыстық санау жүйесінде ерекше таңбамен (қосарланған сына тәрізді) бейнеленіп жазылған. Грек математиктері вавилондықтардың 60-тық санау жүйесін қабылдап алып, әлгі қос сынаның орнына өздерінің «ештеңе жоқ» — «Оуден» деген сөзінің алғашқы әрпі — «О-мен» белгілеп жазған. Осы белгіні үнді математиктері біздің заманымыздың V-VI ғасырларында қайта жаңғыртып, өздері ұсынған […]
«Алгебра» деген атаудың шығу тегі
Математика ғылымының маңызды бір саласы болып табылатын «алгебра» ежелгі Месопотамия (Қосөзен) аймағын, яғни ежелгі Вавилония елін мекендеген халықтар арасында алғаш даму алған. Бұл елдің ғалымдары 1-, 2- және 3-дәрежелі тендеулерді шеше білген. «Алгебра» деген атау біздің зама-нымыздың 820-830 жылдар шегінде Орталық Азияның Хорезм аимағынан шыққан ғалым Мұхаммед бен Мұса әл-Хорезмидің (787-850) «Китаб мухтасар әл-джебр уа-л-мукабала» («Қалпына […]
Сандар теориясы
САНДАР ТЕОРИЯСЫ — бүтін сандар туралы ілім. Бүтін сан ұғымы және сандарға арифметикалық амалдар қолдану ежелгі кезден-ақ белгілі болған және алғаш дерексіздендірілген (абстракцияланған) математикалық ұғым болды. Бүтін сандар -…, -3, -2, -1, 0, 1,2, 3, … арасында ерекше орын алатын натурал сандар: 1,2, 3,… және бұлардың ерекшелік қасиеттері болды. 1-ден үлкен барлық натурал сандар 2 […]
