Архив рубрики: География

Жерде күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері

Күн сәулесінің Жерге түсуі. Жердің барлық жерінде жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес. Солтүстік және Оңтүстік шарларда жыл мезгілдері бірдей болмайды. Мысалы, Солтүстік жарты шарда желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жылу мен жарық мөлшері аз түсіп, қыс болады, ал Оңтүстік жарты шарда жаз орнап, жылу мен жарық мөлшері көп түседі.Алайда Жер шарының барлық жерінде жыл мезгілдерінің белгілері… Читать далее »

Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуы

Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуы. Жер қозғалысының маңызы. Тәулік – бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әртүрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Бір тәулік ішінде Жер өз білігінен бір айналып шығады. Жердің өз білігінен бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп… Читать далее »

Құрлық сулары туралы мәлімет

Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, жерасты сулары, сондай-ақ жасанды су көздері (тоғандар, бөгендер, каналдар) жатады. Құрлық сулары беткі және жерасты сулары болып бөлінеді. Жерасты сулары құрлық суының ⅓ бөлігін құраса, беткі сулар ⅔ бөлігін құрайды.Өзен суының көлемі гидросфера ауқымында мардымсыз болғанымен, олар су айналымында өте маңызды рөл атқарады. Өзен – күрделі табиғи… Читать далее »

Өзендер туралы мәлімет

Өзен, оның бөліктері. Өзендер – гидросфераның бір бөлігі. Глобусқа немесе картаға қарасаңдар, құрлық бетінде көк түсті иректелген бейнелерді көресіңдер. Олар – өзендер. Егер глобусқа Жер шарындағы өзендер мен олардың салаларының бәрін түсірсе, онда материктер өрмекшінің көгілдір торымен шырмалғандай болады. Өзен бірнеше бөліктен тұрады.Өзен дегеніміз – табиғи жолмен пайда болған, ойпаңмен ағатын су.Сендер қандай өзен болса… Читать далее »

Көлдер, жерасты сулары, мұздықтар

Көлдер. Жер шарының физикалық картасына көз салсаңдар, құрлық бетіндегі ойпаңдардағы көгілдір бояуларды байқайсыңдар. Бұлар – көлдер. Жер шарында көлдер өте көп. Жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің көлемдері мен тереңдіктері де әртүрлі. Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі. Көлемінің үлкендігінен «теңіз» деп аталады. Қазақстан аумағында каспийден өзге Арал, Балқаш көлдері бар.Көл – құрлық… Читать далее »

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

Каналдар мен бөгендер. Жарты шарлардың картасын қарасаңдар, жер бетінде өзендер мен көлдердің біркелкі орналаспағанын көресіңдер. Жер шары халқының барлығы бірдей суды жеткілікті түрде пайдалана алмайды. Себебі, бір жерде су жеткілікті болса, екінші бір аймақта мүлде жоқ. Сондықтан адамдар өз қажеттіліктері үшін каналдар мен бөгендер жасап, оған өзен суларын жібереді.Каналдар дегеніміз – адамдар салған жасанды өзендер.Каналдар… Читать далее »

Жүйке жүйесі

Орталық жүйке жүйесі нейрондар жиынтығынан құрылған. Нейрон дегеніміз – жүйке жүйесінің бірлігі болып саналатын дендрит пен аксон бөліктері бар жүйке тіні. Орталық жүйке жүйесі жұлын мен бас миға бөлінеді. Бұл жүйенің ең басты қасиеті – рефлекс (қарсы жауап деген сөз). Рефлекс – орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркенулерге беретін күрделі жауабы.  Әрбір рефлекстің өзіне… Читать далее »

Мұхит суының қозғалыстары

Толқындар. Дүниежүзілік мұхиттың беті үздіксіз қозғалыста тербелмелі және ілгермелі қозғалыстар жасайды. Мұхиттар мен теңіздердің бетінде толқын қалай пайда болады?Әдетте, толқындар желдің әсерінен пайда болады. Жел соға бастағанда теңіз үстінде толқын көтеріледі. Толқын көтерілген кезде теңізге қарасақ, толқындар жарысып бара жатқандай көрінеді. Осы толқандардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің орындарын өзгертпей, біресе жоғары көтеріліп, біресе төмен түсіп… Читать далее »

Жер бетінің шаруашылық мақсатта пайдаланылуы және оны қорғау

Жер – қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі. Адам өзінің қажетінің бәрін жерден алады. Сондықтан дүниежүзіндегі мемлекеттің бәрі дерлек Жер туралы заң, кодекс, ереже, т.б. тағайындайды.2003 жылғы Қазақстанда Жер кодексі қабылданды. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жерлер бірнеше түрге бөлінеді: ауылшаруашылығы мақсатындағы жер; елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендер) жерлері; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс… Читать далее »