Архив рубрики: География

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Жер шарының көп бөлігін Дүниежүзілік мұхит деп аталатын су айдыны алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит біртұтас, бөлінбей, бір-бірімен жалғасуда. Оның кез-келген нүктесінен құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жеткізуге болады. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ¾ бөлігін нмесе 361 млн км² жерді алып жатыр.Тынық мұхит. Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен және өте терең мұхит. Көлемі… Читать далее »

Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері

Мұхит суының температурасы. Мұхит суы баяу жылынып, баяу суитынын білесіңдер. Күн жылуының әсерінен мұхит суы да құрлық секілді қызады. Ауданы үлкен болғандықтан, мұхит құрлыққа қарағанда жылуды көп қабылдайды. Жаз бойы жинаған жылуын қыста құрлықты жылытуға жұмсайды.Судың жоғарғы қабаты 25 – 50 м, кейде 100 м-ге дейін толқындар мен ағыстардың арқасында жақсы араласып тұрады. Сондықтан ондай… Читать далее »

Гиросфера, су айналымы жайлы ұғым

Гидросфера туралы түсінік. Гиросфераның басым бөлігін мұхиттың тұзды суы, аз бөлігін құрлықтағы және атмосферадағы су құрайды. Құрлықтағы суларға жер бетіндегі өзендер, көлдер, мұздықтар және жерасты сулары жатады. Атмосферада су буы, су тамшылары мен мұз түйіршіктері болады.Жердің су қабығы гидросфера деп аталады.Гидросфераның 2,5%-ы ғана тұщы, қалғаны – ащы судан тұрады. Осы 2,5% тұщы суды  адам өнеркәсіпте,… Читать далее »

Мұхит суын зерттеу, қорғау

Мұхиттарды зерттеу. Қазіргі кезде Дүниежүзілік мұхиттағы табиғат байлықтарын игеру, табиғат құбылыстарын түсіну, ондағы табиғат апаттарынан сақтану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа сатыға көтерілді. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу зертханаларымен жабдықталған, мысалы, 1964 жылы жасалған америкалық 2000 метрден астам тереңдікті зерттейтін «Альвин» (Alvin) қондырғысының көмегімен мұхит түбінде тіршілік ететін, бұрын белгісіз… Читать далее »

Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі

Шығу тегі пішіні және геологиялық жасы бойынша айырмашылық жасайтын ойлы-қырлы жер бетінің жиындығын жер бедері деп атайтынын білесіңдер. Жер бедерінің ең ірі элементтері – таулар, жазықтар және мұхит түбінің жер беті. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшайу көтеріліп жатқан қатты тілімденген биік бөліктерін таулар деп атайды. Таулар жердегі құрлықтың 45%-на жуығын алып жатыр.Жер бетінде жеке орналасқан… Читать далее »

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Жанартаулардың пайда болуы және оның құрылысы. Жер сілкіну нәтижесінде Жер шарының кей жерлерінде терең жарықтар пайда болады, жер қойнауынан магма жарықтардың бойымен жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі. Сойтіп ыстық газ, су буы, жанартау тозаңы, тау  жыныстарының сынықтары, күл, лава сыртқа шығып, жанартаулық конустар түзеді. Жер қыртысындағы балқыған магма жоғары көтерілетін өзек жанартау көмейі деп аталады.… Читать далее »

Жер қыртысының қозғалысы

Жер қыртысындағы өзгерістер. Жер қыртысы үнемі өзгерісте болады. Жер қыртысы қозғалысының екі түрі белгілі. Бірінші түрі жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі. Мысалы, Скандинавия түбегінде теңіздің соқпа толқыны ертеректе тілімдеп тастаған тау беткейлері бар. Олар қазір толқын соқпайтын биіктікте жатыр. Дәл осы биіктікте жартастарға қағылған шығыршықтар оларға ертеде қайықтардың шынжыры байланғанын білдіреді. Қазір су бетінен… Читать далее »

Құрлықтағы жазықтар, олардың жіктелуі

Жазықтардың пайда болуы. Жердің ішкі күштерінің әрекетінен таулар түзілсе, бұзылған таулардың нәтижесінде жазықтар пайда болады. Құрлық бетінің көп бөлігін жазықтар алып жатады. Олардың бетінде қыраттары немесе ойыстары жоқ, тегіс болып келеді. Тегіс жазықта көзге түсерліктей ылди да, өр де болмайды, ондағы өзендердің суы баяу ағады (неліктен? Ойланып көріндер).Жазықтар дегеніміз – жердің тегіс немесе белесті болып… Читать далее »

Мұхит түбінің жер бедері

Мұхит түбінің жер бедерін зерттеу. Таулар мен жазықтар тек материктерде ғана емес, мұхиттарда да тараған. Мұхиттардың жер бедері де материктердің беті сияқты алуан түрлі.Өткен ғасырда адамдар мұхит түбінің жер бедері мен жыныстары туралы аз білетін. Мұхиттардың түбі материктер жағасынан қашықтаған сайын біртіндеп төмендей береді де, оның негізгі бөлігі – мұхит шарасы шөгінді жыныстар басқан терең… Читать далее »