Физикалық және химиялық құбылыстар

Осы тақырыпта: физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратамыз, химиялық реакцияның белгілерін білетін боламыз, химиялық реакцияның басталуы мен жүру жағдайларын оқып-үйренеміз.Біздің айналамыздағы заттар түрлі өзгерістерге ұшырайды: шалшықтар кебеді немесе қыста қатады, су буланады немесе мұзға айналады, күзде өсімдік жапырақтарының түсі өзгереді (хлорофилл ыдырайды). Заттардың осындай өзгерістерге ұшырауы құбылыстар деп аталады.Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар физикалық құбылыстарға жатады. […]

Read More

Гетерогенді және гомогенді қоспаларды бөлу

Қоспаларды бөлудің түрлі әдістеріГетерогенді қоспаларды бөлуТұндыру. Бұл әдіс жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген. Мысалы, темір ұнтағын ағаш ұнтағынан бөлу үшін қоспаны суға араластырады және тұндырады. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш ұнтағы су бетіне қалқып шығады. Оны сумен қоса құйып алуға болады.Кейбір заттар тығыздығына байланысты […]

Read More

Таза заттар және қоспалар

Табиғатта заттар таза күйінде көп кездеспейді. Табиғи заттардың кейбіреулері көптеген заттардың қоспаларынан тұрады. Ерітінділер, құймалар, ауа т.б. қоспаларға жатады. Қоспалардың құрамы тұрақты емес. Олар әртүрлі қатынастағы түрлі заттардан тұрады. Қоспада әр зат өзінің қасиетін сақтайды.Теңіз суы — әртүрлі тұздардың сулы ерітіндісі. Ауа — газдар қоспасы. Оның құрамына азот, оттек, көмірқышқыл газы және инертті газдар кіреді. […]

Read More