Архив рубрики: Культура

Мәдениет морфологиясы

Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы,… Читать далее »

Материалдық және рухани мәдениеттің түрлері

Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.Адамдар тұрақты түрде өз биологиялық қажеттіліктерінен тыс өздері үшін өз қарекеттерінде жаңа мақсаттар жасайды, бірақ биологиялық жан… Читать далее »

Мәдениет динамикасы

Сонау тастан жасалған балтадан бастап қазіргі заманның компьютеріне дейінгі, жабайы адамдық табынан құқықтық мемлекетке дейінгі адамзат өткен жол мәдениеттің өзгерістерге және құбылмалыққа толы екендігіне куә. Алайда әр түрлі халықтардың мәдениеттерінің өзгерістері әртүрлі қарқындылықпен өтіп және әр түрлі нәтижелерді береді. Мысалы, жылдам даму үстіндегі еуропалық өркениетпен қатар жүздеген тіптен мыңдаған жылдар бойында Азия, Африка және Австралия… Читать далее »

«Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының арақатынасы

Ғылыми әдебиеттерде бұл сұрақтың үш ұстанымы бар: теңдестіру, қарама-қарсы қою және өзара себептілі ретінде. Алғашқыда бұл ұғымдар мәндес сөздер сияқты көрінді, ешқандай да қарама-қарсы қойылған емес. Ағартушылық дәуірінің философтары тек қана дамыған мәдениеттен өркениеттілік туады деуден табжылмады. Ал осыған сәйкес, өркениет мәдениеттіліктің кемелдігінің және халділігінің көрсеткіші болып саналды. Дәл осындай ұстанымдарды біз А. Гумбольдтың және… Читать далее »

Арнольд Тойнбидің өркениеттер концепциясы

А. Тойнби (1889-1975) көптеген нақты материалдардың негізінде тарих үдерісінің мәнін анықтауға тырысты және адамзат ұйымдарының әр алуан түрлерден тұратындығы туралы қорытындыға келді. Тарихи үдеріс көптеген жағдайларда георгафиялық шарттармен анықталады, сондықтан әрбір өркениет («аймақтық өркениет» деп аталатын) өзінің қайталанбайтын ерекше кейібін жасайды. Бірақ өркениеттердің бәрі бірдей тарихи бар болуында барлық фазаларынан өтуі мүмкін емес («пайда болу»,«өсу»,… Читать далее »

О.Шпенглердің тарихи-морфологиялық концепциясы

Бұл теориялардың ішіндегі ең белгілісінің бірі Освальд Шпенглердің (1880-1936) «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегіндегі тарихи-морфологиялық концепциясы еді. Ол дүниежүзілік тарихты эволюциялық процесс ретінде қарастырып, (Ежелгі дүние, Орта ғасыр, Жаңа уақыт) оны, белгілі-бір ландшафтта айқын көрінетін өзіне тән меншікті түрі, ойы бар, сонымен қатар, өзіндік өлімі бар көптеген қуатты мәдениеттердің спектаклі — деп есептеді.Әрбір мәдениет өзіндік жанға… Читать далее »

Орта ғасырлық дәуірдегі мәдениет туралы түсініктер

Орта ғасырда «мәдениет» сөзінен гөрі ғибадат сөзі көбірек қолданылып, христиан мәдениеті — ортағасырлық христиандық туындады. Ол көне антикалық мәдениеттің жетістіктерін сақтай отырып, сонымен қатар пұтқа табынушылықты теріске шығарды. Ол политеизмді монотеизмге, (көп құдайға сенушілікті бір құдайға табынушылыққа) заттар әлеміне деген құштарлықты, денелікті -адам рухына, гедонизмді (грек тілінде — рахат, ләззат, құшыр) -тақуалық (аскетизм) идеалдарына, танымды… Читать далее »

Антикалық кезеңдегі мәдениет туралы түсінік

Егер «мәдениет» сөзінің өзі туралы айтатын болсақ, ол негізінде латынның colere деген сөзінен бастау алады, ертедегі Римде «тыңайтқыш», «өсіру», «қолдаушы болу», «бас ию», «құрметтеу» сияқты мағыналардың жиынтық ұғымдарын бейнеледі. Әдетте оны белгілі бір сапалық мағынада қолданған. «Тыңайтқыштар арқылы өңдеу» сияқты ұғымдарды мәдениеттің нәтижесі ретінде қарастырған, осыдан «агромәдениет» ұғымы шықты. Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» ұғымы Римнің… Читать далее »

Мәдениеттанудың дамуы және қалыптасуы

Көптеген авторлар, мәдениеттану саласында еңбек жасаушылар, XVIII ғ. ағартушылары, мәдениетті «философия тарихының» негізгі ұғымдарына айналдырып, мәдениет теориясы ғылым ретінде адамзаттың рухани дамуының тарихы тұрғысында пайда болған деп тұжырымдайды.Мәдениет теориясының дамуындағы бірінші кезең шамамен осы уақыттары көрінді. Осы кезеңдері, мәдениеттануда күні бүгінге дейін әр түрде талқыланып келе жатқан мәселелер кешені, әсіресе: мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің бірін-бірі жалғастырушылығы,… Читать далее »