Дара кəсіпкерлік

Жоғарыда айтқанымыздай «Жеке кəсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында: — дара кəсіпкер – дара кəсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман; — дара кəсiпкерлiк — жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген жəне жеке тұлғалардың атынан олардың тəуекелi үшін жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi аталған.

Заңға сəйкес дара кəсіпкерліктің қоғамдық қатынастары жеке жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қатынастарға сай реттеледі, негізгі құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді бірдей айқындайды.

Заң дара кəсіпкерлікке қатысты мынадай ерекшеліктерді белгілейді. Заңды тұлға құрмай дара кəсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келіп тіркелуі сипатында болады жəне дара кəсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мəлімделген орналасқан жері бойынша аумақтық салық органында дара кəсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.

Мына шарттардың біреуіне сай келетін: 1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын; 2) жеке кəсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кəсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған дара кəсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде дара кəсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы: 1) төлем көзінен салық салынатын; 2) мүлік табыстарын.

Дара кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəлік мерзімсіз беріледі. Дара кəсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін: 1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін; 2) дара кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатын; 3) түпнұсқасы ұсыныла отырып, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін; 4) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемдегі фотосуретін; 5) дара кəсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына ұсынады.

Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кəсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер өтініш беруші кəмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісу болмаса, кəмелет жасына толмағанды толығымен əрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы аталған құжаттар болған кезде тіркеу органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құжаттарды ұсынған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кəсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куəлік беруге өтініште көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кəсіпкер өзгерістер туралы осы орган белгілеген нысан бойынша тіркеу органына он жұмыс күнінің ішінде хабарлауға міндетті. Мемлекеттік тіркеу туралы куəлікте көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кəсіпкер қайта тіркеуді жүзеге асыруға жəне жаңа куəлік алуға міндетті.

Дара кəсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куəлікті жоғалтқан жағдайда, оның өтініші бойынша оған мемлекеттік тіркеуді куəландыратын құжаттың төлнұсқасы беріледі. Мемлекеттік тіркеуді куəландыратын құжаттың төлнұсқасын беру үшін дара кəсіпкерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тəртіппен алым алынады.

Бірлескен дара кəсіпкерлікті тіркеу кезінде өтінішті үшінші тұлғалармен жəне мемлекеттік органдармен қатынастарда мүдделерін білдіретін уəкілетті тұлға береді. Мемлекеттік тіркеу туралы куəлік уəкілетті тұлғаға жазылады. Куəлікке тіркеу органының басшысы куəландырған бірлескен дара кəсіпкер мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

Дара кəсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.

Дара кəсіпкердің банкроттық рəсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Дара кəсіпкердің қызметі ерікті немесе мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылуы мүмкін. Дара кəсіпкердің қызметі өзіндік кəсіпкерлік кезінде – дара кəсіпкер өз бетімен, бірлескен кəсіпкерлік кезінде – барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.

Дара кəсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кəсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді. Бірлескен кəсіпкерлікті тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.

Дара кəсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда: 1) ол банкрот деп танылған; 2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кəсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; 4) ол қайтыс болды деп жарияланған; 5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылады.

Осы көзделген негіздемелерден басқа, дара кəсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда: 1) өзіндік кəсіпкерлік — дара кəсіпкер əрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда; 2) отбасылық кəсіпкерлік жəне жай серіктестік – егер бірлескен кəсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады.

Дара кəсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі.

Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ жəне мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дəрежедегі тəуекел санатына жатқызған дара кəсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың жəне ерiктi таратудың оңайлатылған тəртiбi белгіленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *