Қазіргі қоғамдық өндіріс табиғаттан негізгі материалдарды алатын және мақсатқа сәйкес өнім өндіретін ашық геохимиялық жүйе болып табылады. Салмағы бойынша дайын өнім жұмсалған шығын заттардың аз ғана бөлігін құрайды және тұтыну үдерісінде қалдыққа айналады. Осьшдай үйлеспейтін жүйе биосфераның қалған массасында қалдықтарды сұйылту есебінен әрекет ете алады және де биосфера өзінің жаңа қызметін атқарғанға дейін қолданыста бола алады. Адам құрған осындай жүйе табиғаттың жалпы заңдарына қарамастан қоршаған ортаға қарама-қайшы келеді.

Адам әрекетінің әсерінен келесідей үдерістер орын алады: — табиғат ресурстары (әсіресе, минералдық) мен энергияны ұтымсыз пайдалану және тұтыну көлемінің артуы; — биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер маңындағы кеңістік секілді геологиялық ортаиың барлық жүйелерін қарқынды пайдалану; — экологиялық жүйелер мен ландшафттардың нашарлауы, кейбір бірегей табиғат кешендерінің жойылуы, жануарлар мен өсімдіктердің жеке түрлерінің популяцияларының азаюы.

Алдағы онжылдықта технологиялық өркениетті тасымалдаушылар қоршаған ортаны қорғау үшін энергетикалық шаралар қабылдамаса, онда біздер ластанудан құтылмаймыз немесе ластанудың құрбанына айналамыз.

Өндіріс қүралдарына деген жеке меншік жағдайында және экологиялық дағдарыс барысында табиғатқа деген жыртқыштық көзқарас күшейе бермек. Экологиялық жағдай халықтың саны өскен сайын күрделене түседі. Қоғам мен табиғат арасындағы құрылған антагонистік қайшылықтың пайда болу себептері өндіріс пен тұтыну дамиды деген қоғам мен табиғаттың өзара байланысының қате философиялық тұжырымдамасымен байланысты. Егер алғашқы қауымдық құрылыста адам табиғаттан бөлінбесе, өндірістік күштер дамуының жоғары деңгейінде табиғатқа адамзат баласының қарсы түруы секілді метафизикалық көзқарас қалыптасар еді. Беккон және Декарт адам динамикалық тепе-теңдіктің сақталуына мән бермей, табиғат ресурстарын игеруге тырысқан деп есептеген. Қазіргі уақытта табиғатты пайдалану және сақтау тәжірибесіне жаңа тәсіл әзірлеу қажет.

Географиялық ортаның детрадациялану мүмкіндігін шектейтін табиғатты пайдаланудың белсенді әдістерін қолдану қоғам мен табиғатты диалектикалық бірлікте қарағанда ғана жүзеге асады. Өндіріс — қоғамдық өмірдің басты материалдық шарты, қоғамдық даму барысында ол ортаның ластануының басты факторы болып саналады. Жалпы, осындай қайшылық антропоцентризмге негізделген және де ол табиғатты пайдалану мәселесі болып табылуы мүмкін. Ол біршама нақты мәселелер тобын қамтиды. Осы саладағы «ескірген» көзқарастар мен болжамдардың өзі өзгермелі, қарама-қайшылықты, кей жағдайда парадоксальді.

Қазіргі таңда, теория қажеттілігі де өсуде. Қоғамдық ғылымдарда әлеуметтанушылардың, ал кейбір жағдайларда биоәлеуметтанушылардың ұстанымдарын күшейте отырып, қоғамдық ғылымдарды зерттеу кезінде экономикалық тәсіл қолданылуы керек. Қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының өзара бірлесуін күшейту қажет, ал бұл қарқынды қоғамдық-табиғи зерттеулерді, қоғамның табиғатпен өзара байланысуы нәтижесінде дамитын географиялық ортаны жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Сонымен, табиғатты пайдалану адамның ресурстық қана емес, сондай-ақ биологиялық және рухани сияқты жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік әрекет ретінде қарастырылады.

Табиғатты пайдалануда адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеті нәтижесінде пайда болатын экологиялық салдарга көңіл бөлінеді.

Қоғамның қажеттіліктері туралы білім қажет, өйткені, табиғатты пайдалану — табиғаттың пайдалы қасиетгерін шығару үдерісі өтетін қоғам мен табиғат қатынастарының түрі. Табиғатты пайдаланудың пәнаралық қатынасы осы мәселелерді бірқатар ғылымдармен (тарихи, биологиялық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық) байланыстырып шешу қажеттігін талап етеді.

Отандық ғылым теориясы мен тәжірибеде экономикалық өсудің экологиялық шектеулерін анықтау және енгізу мәселелері талқыланып әзірленген. Осы жүйелердің ерекшеліктеріне сүйене отырып, қоршаған ортаға әсер етудің түрлі шектеулерін ескеруге болады. Технологияны жақсарту арқылы зиянды әсер етуді төмендету мүмкіндіктерін сипаттайтын әлеуетгі экологиялық қорөндіріс ұғымы қарастырылады. Әлеуетгі экологиялық қордағы басқару механизмі әр кәсіпорынға экологиялық төлқұжат енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, экологиялық шектеулерді орнату қажеттігі жеке экожүйелердің нашарлау себептерін, сондай-ақ жеке аймақтар бойынша экологиялық жағдайды талдаумен байланысты.

Шектеудің алғашқы түрі — ластаушы заттар шығарындыларының жылдық мөлшерін азайту және қалдықтарды аймақтар мен экожүйелер бойынша орналастыру. Осындай шектеулер аймақтың экологиялық сыйымдылықтарына сүйене отырып белгіленеді.

Шектеудің екінші түрі — экожүйедегі тепе-теңдікті сақтау жағдайында табиғат ресурстарын жылдық алу барысында қолданылатын шекті рауалды шама, бұл шектеу түрі ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және орман шаруашылығындағы қатынастарды реттейді. Табиғатты пайдалану лимиті түріндегі экологиялық шектеулер деңгейінің белгіленуі нормативтік көрсеткіштерге жету қажеттіліктеріне байланысты:

  • алынған табиғат ресурстарын нормативті қолдану;
  • қоршаған ортаға шекті әсер ету;
  • өндірістік күштерді орналастыруға арналған өндірістік базис;
  • материалдық өндірістегі ресурстар көзі;
  • адамның тіршілік етуін қалыптастыратын орта;
  • биоалуандылықты қосқандағы экологиялық игіліктерді ұдайы өндіретін орта.

Шектеулер жүйесіне осы аймақта халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетістіктері бар шектеулер жатады. Қазіргі уақытта шектеулерді жіктеу жэне шаруашылық дамуды регламенттеу бойынша түрлі тәсілдер бар. Шаруашылық дамуда үш шектеу қолданылады:

  • экологиялық;
  • экономикалық;
  • әлеуметтік.

Экономикалық шектеудің маңызы мынада, өндірістің экстенсивті дамуы жағдайында экономикалық өсу қарқынын қолдау үшін табиғатты пайдаланушы салаларға көп көлемде қаржылар бөлу керек. Әлеуметтік факторлар мекен ету ортасының экологиялық жағдайының шиеленісуімен, халық денсаулығының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауызсу сапасының төмендеуімен байланысты. Экологиялық шектеулерге қоршаған ортаға шекті payалды әсер ету деңгейін көрсететін шектеулерге мен табиғатты пайдалану жүйесін таңдау түріндегі шектеулер жатады. Экологиялық бағдарламаларға сәйкес, жеке экожүйелер мен аумақтар бойынша бекітілген шектеулер экономиканың қайта құрылымына және тұрақты даму қағидаларына өтуге жағдай жасау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *