Жүктілікті 22 аптаға дейін жасанды түрде үзу аборт деп аталады. Аборт ерте (жүктіліктің 12 аптасына дейін) және кеш (13-22 апта аралығы) болып бөлінеді. Жүктіліктің 12 аптасы ерте және кеш аборттық шекарасы болып табылады, себебі бұл кезде плацента жетілген, ұрық пен жатыр үлкен болады. Сондықтан 12 аптаға дейінгі сияқты, кеш мерзімде жүктілікті бірреттік үзу тиімді емес.

Жүктілікті ерте мерзімде жасанды түрде бір реттік операция жолымен үзуді стационарда дәрігер жасайды. Оған қалаусыз жүктілік және медициналық көрсеткіштер негіз болады.

Қарсы көрсеткіштер: Жыныс жолдарының жұқпалы аурулары және қабыну процестері, жедел және жеделдеу аурулар, белгісіз этиологиядағы дене қызуының көтерілуі, патологаялық жүктілік (мойындық, жатырдан тыс).

Операция алдын ала дайындықтан кейін жасалады: ішекке клизма жасау, куықты босату, қасаға түктерін тазалау, сыртқы жыныс мүшелерін жуу және спринцевание жасау (калий перманганаты немесе 1:5000 фурациллин сұйықтықтарымен). Жансыздандыру басу үшін парацервикалды блокада (0,25-0,5% — 60-80 мл новокаин сұйықтығымен) немесе жалпы наркоз беріледі (азот оксиді, пропандид (сомбревин). Операция алдында жүктілік мерзімін (жатыр көлемі) және жатыр жағдайын (жатыр жағдайын дұрыс бағаламау аборт кезінде перфорацияға алып келуі мүмкін) анықтау үшін қынап арқылы зерттеу жасалады. Сыртқы жыныс мүшелері мен қынапты дезинфекциялық заттармен тазалағаннан кейін, жатыр мойны қынап айнасы және көтергіштің көмегімен ашылады да, қысқашпен жатыр мойның жоғары ернеуі тартылып (жатырдың алдыңғы орналасуында төмен қарай немесе артқы орналасуньща жоғары қарай) алынады.

Өлшемдері бар жатырлық зонд көмегімен жатыр куысы өлшеніп, бимануалды зерттеу көрсеткіштері анықталды (зонд бос, күшсіз, жатырдың алдыңғы орналасуында томпақ жағымен төмен немесе артқы орналасуында жоғары қарай енгізіледі). Келесі этаптар — цервикалды өзекті кеңейту және жатырды ұрық жұмыртқасынан босату. Жатыр мойнының өзегін кеңейту үшін Гегар кеңейткіштері (N2 — N12-16) қолданылады. 6-9 аптаға дейінгі жүктілікте канал N12 кеңейткіштермен кеңейтіледі, ал кеш мерзімдерде — N15-16 дейінгі кеңейткіштер қолданылады. Жатыр мойнының каналын кеңейткеннен соң жатыр куысына кюретка енгізіледі (N2 — N6). Ұрық жұмыртқасы мен жатыр шырышы N6 кюретамен алып тасталады, ал аборттан кейін жатыр қабырғалары қысқарған соң N2 кюреткамен жатыр қабырғасы мен бұрыштары тексеріледі. Ұрық жұмыртқасының бөліктері ілмек тәрізді корнцангпен алынады.

Кюретканы жатыр қабырғасынан жылжытқан кезде «сыкыр» естілсе және көбік тәрізді бөліністер пайда болса жатырдың босатылғанының белгісі. Операциядан кейін мойын 5% йод сұйықтығымен өңделеді.

Операцияның асқынулары: жатыр қабырғасының перфорациясы, ішкі мүшелердің зақымдалуы, қан кету, операциядан кейінгі кабыну аурулары, менструалдық циклдың бұзылуы, бедеулік. Қан кету жатырда ұрық жұмыртқасының қалдықтары қалғанда немесе оның кыскару қабілеті бұзылғанда болады. Қан кетуді тоқтату үшін ұрық жұмыртқасының қалдықтарын алып тастап, күре тамырға немесе жатыр ішіне жиырылушы дәрілік заттар (окситоцин, питиутрин, т.б.) енгізіледі. Перфорация зонд, кеңейткіштер және кюретарлардың әсерінен болуы мүмкін. Зондпен перфорация болған жағдайда және ұрық жұмыртқасы толығымен алынып тасталса консерватавті емдеуге болады (антибиотиктер, уретротоникалық препараттар). Кеңейткіш немесе кюретамен перфорация болса лапоратомия, соңьшан жатырды тігіп немесе алып тастау керек (перфорациялық тесіктің көлемі мен орналасуына, әйелдің жасына байланысты). Кейінгі асқынулар (қабыну аурулары, және менструалдық циклдың бұзылуы) стационарда немесе амбулаторияда емделеді.

Амбулаториялық жағдайда жасанды аборт жүктіліктің 2 аптасынан 5 аптасына дейін жасалады (етеккірдің 21 күнге дейін тоқтауында), бұл кезде ұрық жұмыртқасы жатыр қабырғасымен тығыз байланыспаған болады. Бұл мақсатта АПБ-1 аппараты қолданылады, оның көмегімен ұрық жұмырқасы вакуум-аспирация әдісімен альшады. Стерилді жағдайда жатыр мойны ашылып, Мюзо немесе оқтық (пулевые) қысқаштармен қысылады. Жатырды цервикалды канал арқылы зондтағаннан кейін аддын ала Гегар кеңейткішімен кеңейтпей тұрып пластмасса канюлясын енгізіліп, электросорғышқа жалғанады. Электросорғышта ұрық жұмыртқасын тартып алатын теріс қысым пайда болады.

Операция кезінде канюля жатыр толық босағанға дейін айналдырылады. Оған аспираттың болмауы мен канюля арқылы ауа өтуі критерий болып табылады. Операция наркозсыз 1-2 минут жасалады.

Қазіргі кезде ерте мерзімді жүктілікті жатырға импульсты магнитгі өріспен әсер ету арқылы контактсыз жолмен үзу әдісі ендірілді. Жатырға қарқындылығы 1,5 Тл импульсты магнит өрісімен әсер еткенде жатыр процедурадан кейін 24 сағатқа және одан да көп уақыт қысқарады. Параметрлері: N1 индукторда магнит өрісінің қарқындылығы 0,8 Тл, N2 иңдукторда -1,5 Тл; жиілігі минутыа 30-35 импульс, импульс арасындағы уақыт интервалы 10-20 мс, процедура ұзақтығы 5-10 минуг, процедура саны 1-4. Процедура әйелді шалқасынан жатқызып жүргізіледі. N1 индуктор сегізкөз аймағьша, N2 инцуктор симфизге орналастырылады. Процедураға қарсы көрсеткіштер жатыр куысында жатыр ішілік спиралдың болуы.

Жүктілікті кеш мерзімде 1936 жылдан бастап 1987 жылға дейін тек қана медициналық көрсеткіштермен үзеді. Кеш мерзімдегі жүктілікті үзудің бірнеше әдістері бар: кесар тілігі (абдоминалды немесе вагиналды), жатырдың жиырлу белсенділігін жасанды шақыру, дәрілік заттарды экстра- және интраамниалдық енгізу. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде кесар тілігі, простогландиндер немесе гипертониялық сұйықтықтарды интраамниалдық енгізу кеңінен қолданылуда.

Интраамниалдық енгізу әдісімен жүктілікті үзу үшін натрий хлоридінің гипертониялық сұйықтықтары (10-20%), глюкоза (20%) қолданылады. Простогландиндерді де қолданады, алдымен жатыр мойнын дайындай үшін ламинарийлерді қолданады. Сұйықгықтарды бөлме температурасына дейін жылыту керек. Олар жүктіліктің әрбір аптасына 9-10 мл есеппен енгізіледі (мысалы, 22 апталық жүктілікте 180-200 мл). Алдын ала ұрық айналасындағы сұйықтық шығарылады (гипертониялық сұйықтықтың енгізілетін көлемінен 50-70%). Натрий хлоридінің гипертониялық сұйықтықтарын енгізуге қарсы көрсеткіштер: жүрек-қан тамыр жүйесі, бүйрек, бауыр аурулары, гестоз, алмасудың бұзылуы. Мұндай жағдайларда глюкоза сұйыктығын енгізген жөн.

Сұйықтықтарды енгізу алдында плацентаны амниоцентез кезінде зақымдамау үшін оның орналасуын анықтау мақсатында УДЗ жасалады. Амниоцентез трансвагиналді (алдыңғы күмбез немесе цервикалды канал арқылы) жасалады. Сұйықтықтарды қынаптың алдыңғы күмбез арқылы енгізгенде қуықты зақымдау қаупі бар. Сондықтан амниоцентезді цервикалды канал арқылы жасау қолайлы және қауіпсіз болып есептеледі. Операция алдында ішек тазаланады және куық босатылады. Стерилді жағдайда жатыр мойны ашылып, Мюзо немесе оқтық қысқаштармен бекітіледі. Ұзын ине көмегімен цервикалды канал арқылы ұрық қабы тесіліп, 80-120 мл (жүктіліктің мерзіміне қарай) ұрық аналасындағы сұйықтық алынады. Кейін ине арқылы шприцпен қажет мөлшерде гипертониялық сұйықтық енгізіледі. Оны енгізгенде ұрық айналасындағы сұйықтықты тарту арқылы иненің орналасуы тексеріліп отырады, себебі ине қимылдағанда жатыр қабырғасына түсуі мүмкін, ал гипертониялық сұйықтық жатыр қабырғасына енсе ткандердің некрозы түзіледі.

Гипертониялық сұйықтықты енгізіп болғасын жатыр қысқарып аборт басталады (5-6 сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Аборттан кейін ұрық жұмырткасының қалдықтар мен децидуалды ткандерді алып тастау үшін жатыр кюретажы жасалады. Кеш мерзімде жүктілікті үзу кезінде тууға қарағанда әртүрлі асқынулардың даму қаупі жоғары болады.

Кіші кесар тілігі кеш мерзімде жүктілікті үзу үшін, ұрық жұмыртқасын алып тастаумен қатар стерилизация (психикалық ауруларда), сондай-ақ жүктілікті жедел тоқтатуды талап етеін экстрагениталды ауруларда көрсетіледі. Бұл кезде жатыр тік немесе көлденең кесу арқылы ашылады. Соңынан жатыр босатылып, қабырғасы кюреткамен тазаланады, одан кейін үш қатарлы тігіспен тігіледі (жатыр көлденең кескенде екі бұлшық ет-бұлшық ет, бір серо-серозды тігіс және жатырды тігінен кескенде серо-бұлшық ет тігісі). Іш қабырғасы қабат-қабат тігіледі. Егер кіші кесар тілігімен бірге стерилизация жасау керек болса, түтіктердің бөліктері кесіп байланады және олардың культялары перитонизацияланады. Ерте және кеш мерзімде жүктілікті үзудің басқа да әдістері бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *