Этил спирті (этанол, Spiritus vini) — түссіз, ұшқыш спирт, иісті және күйдіретін дәмді, сумен, эфирмен, хлороформмен араласатын сұйықтық болып табылады. «Алкаголь» сөзі араб тілінен аударғанда kuhl — антимоний сурьмасы, kuhul — алкоголь спирт, каһаlа — жағу. Орта ғасырларда аlсо сөзін ұсақ, ұнтақ, опа немесе дистильденген су ретінде қолданған. «Спирт» сөзін латынша мынадай мағына береді; spiro-тыныс аламын. Галль тілінде алкоголь — usquebaugh.

Этил спирті молекуласында ерімейтін полярлы гидроксил және полярсыз этил радикалы болғандықтан тұнба, экстракт және сыртқа қолданылатын дәрілік заттарды жасауға қолданылады. Ағзада эндогенді алкогольдың аз ғана мөлшері бар, қанда оның мөлшері 0,004-0,01% болады. Европада алкоголь алғаш рет XIII ғ. басында ем ретінде қолданған. Этил спиртінің улы әсерін атақты физиолог, фармаколог және клиницистер И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.П. Кравков, В.М. Бехтерев зерттеген.

Этил спирті жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсер көрсетеді. Медицинада негізінен жергілікті әсер үшін қолданылады. Кейде әлсіз спирт ерітіндісі қосылған шарапты, сыраны, қымызды науқастарға тәбетін жоғарылату үшін және асқорыту жолдарының қызметін қалпына келтіру үшін береді. Соңғы жағдайда этил спиртін қосындының құрамына тағам ретінде тағайындайды. Қызыл шараптың аз ғана мөлшерін атерогенді липопротеиндердің тромбодиттік агрегациясын және қант диабетімен ауыратындарда глюкозаны төмендетеді.

Этил спиртінің жергілікті әсері

Тұтқырлық әсері — тері эпителийі ақуызының дегидратациясы (96% этил спирті күйіктің профилактикасында қолданылады.) Тітіркендіргіш әсері — сезімтал жүйке ұштарының спирттің липофильді молекуласынан қозуы (20-40% этил спирті үсікте қолданылады.) Жергілікті жансыздандырғыш әсері — тітіркенгеннен соң сезімталдықтың жоғарылауы (96% этил спирті жүйке бағаналарына және симпатикалық ганглийлерге үшкіл жүйкенің невралгиясында, операция жасалмаған ісіктерде қолданады.)

Бактерицидті әсері — бактериялардың дегидратациялық және денатурациялың ақуыздарына әсер етуі. Осы этил спиртінің судағы ерітіндісін хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін қолданады. Ақуызды ортада этил спирті күшті бактерицидті әсер көрсетеді.

Этил спиртінің рефлекторлы әсері

Этил спирті терінің сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіре отырып, сегментарлы трофикалық рефлекстер және ауыру сезімін басатын әсер көрсетеді. 20-40% түрінде бронхитте, радикулитте, отитте жергілікті компресс үшін қолданады. Этил спиртін ішке қолданғанда тыныстың жиілеуі, брадикардия, тахикардия, құсу, пилороспазм көрініс беруі мүмкін.

Этил спиртінің ОЖЖ-ге әсері

Этил спирті наркоз заттары тәрізді ОЖЖ қызметін төмендетеді. Этил спиртімен шақырылған қозу шынайы емес, ол бас ми жүйесінің тежелуімен сипатталады. Қазіргі кездегі анестезиологияда этил спирті қолданылмайды.

Этил спиртінің қанға түсу мөлшері және мас болу сатылары.

  1. Жеңіл мас болу (1-1,5 г/л) босаңсу және тынышталу жағдайында эйфория байқалады, сөзшеңдік, қимылдың белсенділенуі және тепе-теңдіктің бұзылуы. Интуиция төмендейді, өзін-өзі бақылауы, қоршаған ортаға көзқарасы өзгереді.
  2. Орташа мас болу — 1,5-3 г/л аралығында, АҚ төмендеуі, гаповолемия, мидың және өкпенің ісінуі, естің жоғалуы.
  3. Ауыр мас болу — 3 — 5 г/л, және одан да жоғары.

Этил спиртінің нейротоксикалық әсері нейрондардың мембранасына және нейромедиатор метаболизміне әсер етуімен байланысты. Этил спирті фосфолипид тізбегінің май қышқылдарын үзе отырып, мембраналық тұтқырлығын бұзады.

Этил спиртінің медиаторға әсері қиын, лимбиялық жүйеде, денеде, гипоталамуста және орталық мида ол дофаминнің синтезін ынталандырады, норадреналин мен дофаминнің босап шығуын және инактивациясын жоғарылатады, сосын нейромедиатор ресурстары катехоло-метилтрансфераза және қышқылдану нәтижесінде жойылады. Норадреналин мен дофамин жеткіліксіздігі жалпы тонусты, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.

Этил спиртінің нақты зақымдаушы метаболиті — бұл қышқылды альдегид болып табылады. Альдегид дегидрогеназа ферменті тек қышқылды альдегидті қышқылдандырмайды, сондай-ақ биогенді альдегидтер — норадреналин, дофамин және серотониннің МАО ның әсер етуімен түзілетін өнімдерді де қышқылдандырады.

Этил спиртінің жүрек — қантамыр жүйесіне әсері

ДЖДСҰ-ның мәліметіне қарағанда жүрек ауруларының этиологиясы негізінен алкогольды шектен тыс қабылдағаннан болады. Маскүнемдерде жүрек патологиясы болса, бауыр өзгерістеріне қарағанда бұл бірінші көрініс береді. Этил спирті бірінші қабылдағанда-ақ капиллярларға улы әсер етеді. Қайта қабылдағанда микроангиопатия, атеросклероз, фиброз шақырады және тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясын жоғарылатады. Бас миында гематоэнцефальды тосқауылдың дистрофиясы және кіші некроз ошақтары көрініс береді. Ауыр жағдайда энцефалопатия, тромболикалық инсульт, ми қарыншасының геморрагиясы пайда болады.

Аз мөлшерде этил спирті тахикардия шаңырады және тамыр қозғалысы орталығын төмендетеді. Көп мөлшерде қабылдағанда жүрек тамыр жүйесінің ауыр бұзылыстарына әкеледі. Созылмалы алкоголизм кезінде жүрекшелердің фибриляциясы және тахиаритмия, ЖИА, миокард инфаркты, кардиомиопатия, миокардит дамиды. Жүректің алкоголъды ауруының патогенезі, этил спиртінің және қышқыл альдегидтің адреналин бөлінуін жоғарылатып, норадреналинді босатуымен байланысты. Бұл катехоламиндер коронарлы тамырларды тарылтып, жүректің қозғыштығын және оттегіге сұранысын жоғарылатады. Кардиомиоциттерде кальций ионының қоры, митохондрия мен миофибриллалардың деструкциясы, үшглицеридтің түсуі бұзылады.

Артериалды гипертензияның 20% -ы этил спиртін қабылдаумен байланысты. Алкогольды гипертензия патогенезі катехоламиндердің көптеп бөлінуімен, бас миында, жүрек және қанда ангиотензин 2-нің өсуімен байланысты.

Этил спиртінің асқорыту және зат алмасуға әсері

Этил спирті аз мөлшерде (3-20%) асқазан сөлінің секрециясын жоғарылатады, асқазанның кілегей қабатын тітіркендіреді, кілегейдің көп бөлінуін шақырады. Бұл фазада этил спирті гистамин мен гастриннің секрециясын белсендіреді. Этил спирті жоғары концентрацияда (25-60%) асқазан сөлінің секрециясын төмендетіп, шырышты қабығын күйдіріп, пилороспазм шақырады.

Созылмалы маскүнемдік кезінде гиперацидті эрозиялық гастрит сосын созылмалы . атрофиялық гастрит, асқазан бездерінің қызметінің бұзылысы, ішектерде амин қышқылдарының және В5, В6, В13, С, Д дәрумендерінің, фолий қышқылының ішектерде сіңірілуінің бұзылуы көрініс береді. Ащы алкогольды сусындарды көп пайдалану іш қатуға және диарея, іш өтуге алып келеді. Созылмалы маскүнемдікке эрозивті эзофагат, антерит, жедел және созылмалы панкреатит тән. Спирттің бауырға кері әсері белгілі, этил спирті бауырды улап, энергетикалық метаболизм реакциясының бұзылуына әкеледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *