Фотосинтез туралы презентация (слайд)

Бұл слайд қазақша көркем тілмен жазылып көрнекі түрде түсінік береді. Нағыз фотосинтездің екпінділігі деп белгілі бір уақыт кесімі ішінде, белгілі жапырақ беті көлемінің сіңірген С02 мөлшерін айтады. Өсімдіктің фотосинтез екпінділігін айырғанда бұл жөнінде екі түрлі түсінік бар екендігін ескеру керек. Нағыз және байқалатын фотосинтез. Жапырақ сіңірген С02-нің жалпы мөлшері нағыз фотосинтездің екпінділігін көрсетеді. Ал байқалатын фотосинтездің екпінділігі байқау мерзімі ішінде қосылған құрғақ зат мөлшерімен өлшенеді. Сондықтан байқалатын фотосинтездің екпінділігін айырғанда, өсімдіктің тыныс алу процесінде қабылдаған СО-нің қаншасын жұмсағандығы есептелінбейді.

Фотосинтезді айыру әдістері: 1. Жарты жапырақ әдісі. Бұл әдістің принципі — жапырақта белгілі бір уақыт ішінде қанша құрғақ зат пайда болғандығын айыру. Кез-келген өсімдіктің симметрлі жапырағын алып, оның ұзына бойына бір жартысын кесіп алып, екінші жартысын ортаңғы жүйкесімен өсімдікте қалдырады. Кесіп алынған жапырақ жартысының бет көлемін ажыратып, онан кейін 70°С-та термостатта құрғатады. Бұдан белгілі жапырақ көлемінде қанша кұрғақ зат бар екенін білеміз. Бір тәуліктен кейін жапырақтың өсімдікте қалған екінші жартысын да кесіп алып, осындай өлшеу жүргіземіз. Екеуінің белгілі бір көлемдегі құрғақ зат салмағының айырмасы бір тәулік ішінде синтезделген органикалық зат болып есептелінеді. 2. Бөлінген оттегін есептеу арқылы. 3. Эвдиометр әдісі. 4. Ауаны өсімдік бұтағы орнатылған құралдан өткізу әдісі.

Фотосинтез туралы қазақша презентация: [button size=»slarge,small,mini» color=»green» url=»http://ikaz.kz/fotosintez-slajd-aza-sha/» ]Жүктеу/Скачать[/button]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *