Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі

Техникалық-экономикалық негіздеме — ол инвестициялық жобаның әлеуетті инвесторларын, тапсырыс берушілерін және қаржыгерлерді инвестициялау, қаржыландыру тәсілдері туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін құрал.

Инвестициялаудың келесідей: инвестиция алдындағы саты; инвестициялық саты; пайдаланушылық саты деп аталатын сатылары ажыратылып көрсетіледі. Инвестиция алдындағы саты: инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау (сәйкестендіру); инвестициялық жобаның балама нұсқаларын талдау; жобаны алдын ала таңдау; техникалық-экономикалық негіздемені күн ілгері даярлау; техникалық-экономикалық негіздеу; жоба бойынша бағалау қорытындысы; инвестициялар туралы шешім; кепілді түрде қамсыздандыруға қызметтік талдау жасау тәрізді бірнеше белеңді қамтиды.

Осындай кезең-кезеңмен тексеру және операцияларға бөлшектеу -инвестициялық сатыға жету мүмкіндігі тым аз жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелері санының тым артып кетуін болдырмауға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инвестициялар алдындағы зерттеулердің инвестициялық шығындардың проценттерінде тұлғаланған шығыстары әр кезеңде мыналардан тұрады: инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау (сәйкестендіру) — 0,2-1,0%; инвестициялық жобалардың балама нұсқаларын талдау — 0,5-0,7%; алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме — 1,0-1,5%; техникалық-экономикалық негіздеу (үлкен емес және орташа өнеркәсіптік жобалар үшін) -1,0-3,0%; техникалық-экономикалық негіздеу (ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе технологиясы күрделі ірі жобалар және сату нарықтары зерттелмеген жобалар үшін) — 0,2-1,0%.

Экономикалық тиімділік негізінде инвестициялық жобалардың балама нұсқаларын талдау — инвестициялау алдындағы аса жауапты сатылардың бірі болып саналады. Ол инвестициялау алдында өткен кезеңдердегі жұмыстардың нәтижесінде жиналған, даярланған барша техникалық-экономикалық және қаржылық ақпараттың егжей-тегжейлі талдауын және ықпалдастық бағалануын қамтиды.

Ірі қаржы салымдары мен құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын бағалаудың қолданылып жүрген әдістері әкімшілік-әмірлік экономикаға бағдарланған. Олардың негізіне инвестициялық жобаны жүзеге асыру нэтижесінде алдағы уақытта алынатын халық шаруашылығындағы пайда (немесе халық шаруашылығы салалары үшін пайданың) мөлшерін бағалау белгілері салынған.

Ірі қаржы салымдарының тиімділігін есептеудің негізгі әдісі деп келтірілген шығындардың ірі қаржы салымдарының өтелімділігінің белгіленген нормативін пайдалануға негізделген эдісін айтуымызға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың негізінде көбінесе әртүрлі жобаларға салынатын инвестициялардың тиімділігін (пайдалылығын) салыстыру үшін алынған басқа өлшемдер жатуға тиіс. Оның үстіне, қаралып отырған өндіріске қаражат салу баламасы ретінде басқа өндірістік нысандарға салынатын қаржы салымдарын, қаржы қаражаттарын банкке процентпен орналастыруды немесе бағалы қағаздарға айналдыруды айтуға болады.

Қаржылық талдау түрғысынан алғанда, инвестициялық жобаны іске асыруды өзара байланысты екі үдеріс: өндірістік нысан құрудағы инвестщия (немесе капитал жинақтау) үдерісі және салынған қаражаттан табыс алу үдерісі ретінде көрсетуге болады. Бұл екі үдеріс бірізді сабақтастықпен (олардың арасында алшақтық болуы да, болмауы да мүмкін) немесе қайсыбір уақыт аралығында қатар жүреді.

Соңғы жағдайда инвестициялардан түсім үдерістің аяқталуы сәтіне дейін-ақ түсе бастайтыны жорамалданады. Екі үдерістің де уақыт ішіндегі қарқындылығының бөлінуі әртүрлі болып, айтарлықтай дәрежеде инвестициялар салымдарының тиімділігін айқындайды.

Қаржылық талдаудың тікелей нысаны болып екі үдерісті де біріккен бір сабақтастық түрінде сипаттайтын төлемдер ағыны саналады. Өндірістік инвестициялар жағдайында төлемдердің нәтиже беретін қаркындылығы инвестициялардың қарцындылығы (уақыт бірлігіндегі шығыстар) мен жобаны іске асырудан келетін таза табыстың қарцындылығы арасындағы айырым ретінде қалыптасады.

Таза табыс деп әрбір уақыт аралығында өндірістік қызметтен алынған, яғни оны алуға байланысты барлық төлемдерді (еңбекке, шикізатқа, энергияға төленетін ақы, салықтар және т.б.) алып тастағандағы табысты түсіну керек. Оның үстіне, амортизацияны есептеу ағымдық шығындарға жатпайды. Тиімділікті бағалау көрсеткіштер жүйесін есептеудің немесе инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау белгілерінің көмегімен атқарылады. Уақыт бойынша таратылған шығыстар мен кірістер уақыттың бір (негізгі) сәтіне келтіріледі. Уақыттың негізгі сәті болып әдетте: жобаны жүзеге асырудың басталатын айы-күні, өнім өндіруді бастаудың айы-күні немесе жобаның тиімділігін есептеуді жүргізетін уақытқа жақын күн саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *