Қаңлылар мен үйсіндер — ежелгі көнеқазақ тайпалары. Қаңлы тайпасының шығу тегі «қаңқ» деп аталған жүк арбасын ойлап табумен байланыстырылады, ол туралы көптеген аңыздар мен тарихи естеліктер бар. Әбілғазы бойынша арба Оғыз хан дәуірінде пайда болған. Ол былай деп жазады: «Оғыз хан тұсында бір керемет шебер өмір сүрген екен. Өзінің қолынан келгенше ол екі аяқты күймені /арбаны/ ойлап тапқан. Оған ұқсап өзгелер де жүкке арналған арба жасай бастаған. Арбаны «қаңқ» деп атаған /қаңқа/. Арбаны жүргізушіні «қаңқалы» деп атаған және оның ұпақтарының барлығы қаңқалылар болған» (Әбілғазы, 18).

«Қаңқа» термині ежелгі деректерде кездеседі. Зенд-Авестада «кангха» туралы айтылады. «Қаңқ» сөзі генетикалық тұрғыдан «қаңлы» тайпасының атауымен байланысты, олардың ежелгі орталығы Қаңқа қаласы болған (Кангка, Кангха), оның қираған орны Әнгрен өзенінің төменгі ағысында жатыр. Ирандық дереккөздерге сәйкес, Қаңқа Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан.

Қаңлы тайпасы туралы б.з.д. III ғасырдан б.з. VII ғасырға дейінгі қытайдың Шидзи, Циньхань-шу және Тан-шу (Тан династиясының дәуірі) дереккөздерінде кездеседі. Қытай жылнамаларындағы қаңлы тайпалық атауы өзгеріске ұшыраған «қаңғюй» түрінде беріледі. Фирдоусидің Шах-наме поэмасында ол «қаңқ» түрінде келтірілген.

Деректерге сәйкес, қаңқ жүк күймесі [қаңқа] ақсүйектердің жүріп-тұру құралы болған. Билеушілердің алтыннан жасаған күймелері болған [алтын қаңқа] (Рабгузи, Казань, 1899, 161.; Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. 1895, т.ІІ, вып.1). Арба қол жетпес мүлік болған, фетишке айналған және «қаңқ», «қаңқа» сөздері қол жетпеудің синонимдері ретінде, ал арбадағы адам қоғамдағы дәрежесі жоғары болған. Осындай адамды «қаңқ», «қаңлы» деп атаған, бұл үнемі даңқты орынды иеленетін атақты тұқымнан шыққан адам дегенді білдіретін «төре» сөзімен теңдес.

Махмұд Қашғари былай деген: «Қайсақтардағы қаңлылар -маңызды адамның аты» (Кашгари. Ташкент, 1961, т.І, 280). Қаңқ арбасы туралы тарихи аңыздар қаңлы тайпасының ортасында сақталған, олардың қазіргі замандағы тұрғылықты жерлері Келес даласы мен Талас Алатауы болып табылады.

Халық аңыз әңгімелерінде қаңлы тайпаларының ерекше артықшылықтағы жағдайлары аталып көрсетіліп отырады: «Қанғлы елінде хан бар, кәделі елде қанғлы бар», — деген Қазанғап ақынның сөзі мәтелге айналып кеткен. Өзге мәтелде былай айтылады: «Хан жоқ болса — қанғлыдан хан көтер».

Қаңлы тайпасының жоғары қоғамдық дәрежесін мына сөздер ерекше атап көрсетеді: «Қаңлылардың айтуынша, олар ханмен бір арбада жүрген екен» (Қазанғап ақын. Есім туралы ән). Қазақтың аңыз-әңгімелерінде «қаңқа, «қаңқай» атаулары «жоғары тұрған» деген мағынаны сақтап қалған. Қазақ тілінде «қаңқылар» — қаңлыға кіретін тайпаның атауы, олар өз кезегінде қара-қаңқы және сары-қаңқы болып бөлінеді.

«Кангка» тайпасының атауы Авестада, Махабхарата эпосында кездессе, қытай деректерінде қаңғюй деп кездеседі. Фирдоусидің Шах-намесінде «кангдиз» атақты Сиявуштың қызмет алаңы болып табылады. С.П.Толстов деректерді талдау және ұзақ жылдарғы археологиялық зерттеулердің негізінде Авестаның кангхасы, қытай деректеріндегі [канцзюй], Шах-намедегі кангдиз өзара байланысты деген қорытындыға келген.

Антикалық дәуірдегі төменгі Сырдария мен Хорезм тайпаларының антикалық конфедерациясының Кангха атауы (қытайша атауы Қаңғюй) орта ғасырларда Сырдария бойындағы түркі тайпаларының үлкен одағы — Қаңлылардың атауы ретінде болған (едәуір ерте формасы — Каңғар: Константин Багрянородныйдың мэліметтері бойынша, X ғасырда печенегтердің бір бөлігі осылай аталған», — деп жазады С.П.Толстов (По древним дельтам Окса и Яксарта, 275 ).

Н.Я.Бичурин Чжан-Цянға (Чжан-Кян) сілтеме жасай отырып, былай деп жазады: Қаңғюй билігі Сырдариядан солтүстікке қарай даланы жайлаған, бүгінде онда Үлкен және Орта қазақ Ордалары көшіп-қонып жүр». Бүгінде Ресейде қырғыз-қайсақ атауымен белгілі қазақ ұрпақтары жуырда қазақ деген халықтық атауды қабылдаған, өйткені 1246 ж. Шара-ордадағы [Қарақорым] Күйік ханда болған католик папаның елшілері оларды әлі кангиттер деп атаған болатын (II, 152-6). Орта Азия тарихын өзге ірі зерттеуші К.Иностранцев «қаңғюй енді қырғыз даласы» деп жазады (Иностранцев К. Хунны и гунны, 97).

Қытай деректерінде қаңғюйлер қуатты және көлемді мемлекет ретінде суреттеледі. «Кангха, патша скифтерінің қақпасына жақын, авеста әлемінің қаласы, оның солтүстік-батыс форпосты», — деп жазады С.П.Толстов (Древний Хорезм. М., 1948, 22). С.П.Толстов Кангха мемлекетінің Орталық Азия тарихындағы айрықша рөлін өте ерекше атап көрсетеді: «Авестадағы Кангха, Маркварт пен Тарна және қытайлық деректердегі Қаңғюй өзара теңдес болып келеді. Боспор мен Иберия, Армения мен Парфия, Кангха-Хорезм және ұлы кушавдардың Үндіскиф империясы — осылардың барлығы біздің дәуіріміздің басында шоғырланған саяси каркас, олардың айналасывда Ұлы Скифияның жақын және алыс тайпалары топталды, көп жағдайда орта ғасырлардағы үлкен аумақтағы шоғырлану үдерісін әзірледі» (Древний Хорезм, 342).

С.П.Толстов «кангханы» кейінгі «каңлымен» теңестіреді. «Кангха атауы орта ғасырда Хорезммен көршілес тайпалардың аттарында сақталған солтүстікте және солтүстік-шығыста (төменгі Сырдария-Еділ) канглы және печенегтер-кангар-Хорезмнің солтүстік-батысывда (Үстірт)… «Қаңғлы атауы неғұрлым ескі «Қанғардың» қайта рәсімделген түркі жүрнағы болып табылады, бүл да «Кангхи халқы» дегенді білдіреді, яғни, ортағасырлық тайпалық одақтың аты елдің ежелгі атауымен байланысты» (Древний Хорезм, 24).

В.Г.Григорьев қанғлы мен ежелгі қаңғюйдің ұқсастықтарын келтіріп қана қоймай, тереңге бойлап, оларды сақтармен байланыстырғысы келеді: «Б.з.д. екінші ғасырда сақтардың ірі тармақтарының бірі, сөзсіз, канглы немесе қытайлық деректердегі қаңғюйлер болған». Шыршық, Әнгрен, Келес өзендерінің алқаптарында біздің күндерімізге дейін қазақтың қаңлы рулары жайлап келеді» (59).

Б.з.д. II ғасырдың соңында Канглы еліне қытайлық саяхатшы Чжан-Цзянь келеді. Оның мәліметінше, Канглы орталығы Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Канглының қарамағында ежелгі Зеравшанның иеліктері болған (Самарқан мен Бұхара, сондай-ақ көршілес аудандарымен бірге Хорезм өңірлері). Қытайлық кіші Хань династиясының билігі тұсында (25-221 гг. н.э.) канглылар каспий маңындағы аландар тайпасын өз биліктеріне бағындырды. Осылайша, канглы тайпасының аумағы батысында Каспий теңізіне дейін жетсе, оңтүстігінде Үлкен Юечжи иеліктерімен, оңтүстік-батысында Дахя, солтүстік-шығысында үйсіндермен шектесіп жатқан…» (Бичурин, II, 149).

Осы мәліметтер қаңғюй тайпасының мекен еткен жерлері Талас өзенінің бассейнінен Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ екенін анықтауға көмектесті. Талас өзені Үйсіндер мен Қаңғюй аралығындағы табиғи шекара ретінде қызмет етті.

Қаңғюйлердің негізгі шаруашылық түрі көшпелі мал шаруашылығы, тайпаның отырықшылар бөлігі қосалқы шаруашылық болып саналатын жер өңдеумен шұғылданды.

«Қаңғюй билеушісінің Лоюени елінің Битянь қаласында тұрағы бар. Лоюениден билеушінің жазғы тұрағына дейінгі жол жеті күнді құрайды» деп жазды Бичурин. Битянь қаласы Сырдарияның орта ағысында орналасқан. Лоюени сөзі А.Н.Бернштам бойынша Улуг-ене-Ұлы ана сөзінен туындаған. Бұл Сырдарияның көне атауларының бірі болуы әбден ықтимал. Қаңлы билеушілерінің жазғы билік ордасы Ақсақал-Бәрбие көлінің маңындағы Қарақорым болған. Қаңғюйдің қысқы ордасы Ташигань (Ташкент) қаласы болған. Егер адам жазғы жайлауда қайтыс болған болса, оның күлін жерлеу үшін Ташиганьге алып барған.

Сырдария мен Аралдың жағалауы жазғы күндері мардымсыз шығатын шөбімен және улы жәндіктерімен малды азықпен қамтамасыз ете алмайтын еді, сондықтан көшпенді тайпалар жаңа дәуірден көп уақыт бұрын меридиандық көшу жолын бекітті, олар қысты Сырдария жағалауының оңтүстік аудандарында өткізген, ал жаз уақытын ауасы қоңыр салқын Орталық Қазақстанның даласында өткізді, онда Сарысу, Есіл, Нұра өзендерінің шөпке бай алқабы мал үшін керемет жайлау бола алды.

Қаңғюйлердің көш жолы Ұлытауға дейін созылып жатты. Бичурин былай деп жазады: «Қаңғюй Даваниден солтүстік-батысқа қарай 2000 лиге жуық қашықтықта жатыр). Бұл көшпелілер иелігі, әдетте олар юечжылықтармен өте ұқсас болып келеді» (Бичурин, II, 150). Мұнда сөзсіз оңтүстік пен солтүстіктің аралығындағы меридиональдік көші-қон туралы әңгіме болып отыр. Б.з.д. I ғасырда «Қаңғюй еліне барар жолда Ужи-Уким /ерте түскен/ қатты аяздың салдарынан көп адамынан айырылып қалды. Қаңғюйге 3000 адам жетті» (Бичурин. I, 80; III, 163).

Қытай деректеріне сәйкес, ғұндардың Юебань және Қаңғюй елдеріне қоныс аудару жылында олар қатты жұт пен аштықты бастан кешірген. Ауа- райы жылы болатын оңтүстік аудандарда табиғаттың адамдарға рахымы мол болатын. Көшпенді тайпалар қаңғюй заманынан бері қысты оңтүстік аудандарда өткізіп, меридиональдік көшу жолын бекіткен.

Б.з.д. I ғасырдың ортасынан бастап, солтүстік ғұндары өз биліктерін қазіргі Қазақстанның барлық аумағына таратқан соң және ғұндардың батысқа ығыса бастаған дәуірінде қаңлылардың жартысы юечжи қол астында болды, ал өзге бір бөлігі Ғұндардың тайпалық одағына кіріп, олардың жорықтарына қатысады.

Ғұндардың көшпелі империясы күйреген соң қаңлылар туралы мәліметтер қытай жылнамаларында кан немесе канг атауымен кездесе бастайды, сөзсіз, көшпенділік белгісімен және патриархалдық-рулық тұрмыс-салтымен танымал қаңғюй, канглылар болып табылады.

«Кан билеушісі-қаңғюй үйінің ұрпағы. Бір жерден келесі бір жерге көшіп жүріп, ол отырықшылық өмірге үйренбеген. Хань династиясының заманынан бері тақ мұрагерлігі үзілген емес». Қытай жылнамасындағы осы мәліметтер б.з.д. III ғасырдан басталып б.з. VI ғасырымен аяқталатын Қаңғюй-Канның үш мың жылға жуық тарихын қорытындылайтын болғандықтан, назар аударуды қажет етеді.

Б.з. VI ғасырында канглылар Батыс Түрік Қағанатының құрамына еніп, оғыздармен бірге Орта Азиядағы саны жағынан ең көп тайпаларды құрады. Қағанаттың саяси өмірінде оларға өте маңызды орын берілді, кейіннен олар осыны Қараханидтер мен Хорезмшахтар мемлекетінде де сақтап қала алды. Хорезмшах ұмірлері және олардың Отырар, Сайрам және Жанкент қалаларындағы өкілдері канглы тайпасынан шыққан болатын. Әбілғазы бойынша, қарақытайлардың шапқыншылығы кезінде 60 мың қаңлы Сырдарияға қоныс аударған. Осы жерді қыпшақтар де мекендейтін, сондықтан болар, ХІІ-ХІП ғ.ғ. араб-парсы деректерінде қаңлылар мен қыпшақтарды бір халық ретінде көрсетеді. Бұл Текеш пен Сұлтан-Махмұд тұсындағы Хорезм мемлекетінің кеңсесіндегі ресми құжаттарда да көрініс тапқан, ол кездері қаңлылар мен қыпшақтар олардың әскерінің негізгі бөлігін құраған және олардың мемлекетін қарақытайлар (1140-1151 ж.ж.), кейіннен моңғолдардың шапқыншылығынан (1214-1221 ж.ж.) қорғаған. Шыңғыс хан әскерімен соғыс кезінде Мұхаммед-Хорезмшахтың негізгі күші қаңлылардан құралған болатын. Әбілғазы бойынша моңғолдардың басқыншылығының алдында қаңлылар Тараз бен Алмалық аралығындағы аумақты мекендеген. Қаңлы түқымынан тараған Джемаль Карши сөзіне сәйкес, Алмалық, Баласағұн және Тараз халқы ХІII-ХIV ғ.ғ. қаңлылардан тұрған (қара қаңлы, қызыл қаңлы, мекрен). Моңғол дәуірінде қаңлылар, үйсіндер, дулаттар және өзге тайпалар орталығы Алмалық болып табылатын, Шығыс Шағатай ұлысына енген.

XIII ғ. қаңлы тайпасының жерлеріне батыс еуропалық саяхаттанушылар Плано Карпини (1246 ж.) және Рубрук (1253 ж.) сапар жасаған. Олардың бейнелеуі бойынша, қаңлы жерлері Алтын Орда мен Дешті-Қыпшақтың оңтүстік шығыс шекарасын құраған. Моңғолдардың басқынышылығы олардың тұрақты мекен ететін жерлерін өзгерткен жоқ. Олар Сырдарияда өмір сүреді, б.з.д. II ғ. Темір тұсында қаңлылар Сырдарияның оң жағалауына қоныс аударған болатын, әлі де сонда тұрады.

XV ғ. Қаңлылар Қазақ хандығының құрамына енді. Алмалық қаңлыларының ең ірі ұрпақтары қара қаңлы, бадрақ қаңлы, қапсаң қаңлы жэне мекрендер болды. ХVғ. басына дейін мекрендер қазақтардың Ұлы жүзіне кірді. Маркварттың мекрендерді меркиттермен теңестіруі қате пікір. Рашид-ад-диннің нақтылауы бойынша, мекрендер моңғол да емес, ұйғыр да емес, олар ежелгі қаңлылардан бөлініп шыққан жетісу тайпаларының бірі. Алмалық қаңлыларының ұрпақтары бүгінгі таңда да Іленің жоғарғы ағысынан оның сол жақ ағысындағы Түрген өзенінің сағасына дейін, ал солтүстігінде Алтын Емел таулары мен Қапалға дейінгі аймақты мекендейді.

Олар қара каңлы, қызыл қаңлы, сары қаңлы, қапсаң каңлы, бадрақ қаңлы деген ежелгі рулық атауларын сақтап қалған. Сары қаңлы мен қызыл қаңлылардың басым бөлігі Ташкент түбінде, Шыршық және Әнгрен өзендерінің алқабында өмір сүреді. Сары қаңлы мен қызыл қаңлылардың бір бөлігі, сондай-ақ қара каңлылар мен бадырақ қаңлылар Алматы облысының Шелек ауданында түрады. Қапсаң қаңлылардың өмір сүру мекені Алтын Емел жоталарынан оңтүстікке қарай Іле өзеніне шейін және солтүстікке қарай Қапалға дейінгі аймақ. Қара қаңлылардың бір бөлігі Текелі тауларында тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Марғұлан Ә.Х., Ежелгі қазақтың тайпалары және қазақ хандығының құрылуы, Алматы: «Көне Тараз» қоғамдық қоры, 2015. — 275 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *