Ой толғамдары, концепциялар, тарихи анықтамалар, фактылар, елдер мен халықтар болмысы өткен мен болашактың арасында кілем тоқылғандай өрнектеліп, бір сәт үзілмейтін өмірді, өмір тарихын құрайды. Уақыт қас кағымнан басталып, ғасырлар мен дәуірлерге ұласып, карға адымнан континент арасындағы, не болмаса жер мен күнге дейін, ғарыштағы планеталарға дейінгі қашықтық — бұл да тарихи өлшемнің түрлері, өмір кестесінің айшығы емес деп кім айта алады.

Уақыт, кеңістік, адам бір тұтасып барып, космостық әлемдік мағынада тарихи құбылыстарды жасайды. Тарихшы осы тарихи кеңістіктегі болып өткен құбылыстарды белгілі мерзімде, уақытта өткенін тізбектеп беруші ғана емес, оны есінде сақтаушы, белгілі дәрежеде ұйымдастырушы, дәлірек айтсам, есте сақтау құдайы — Мнемозинаның функциясын атқарып, тарихи уақытты өз әлінше билеуші де илеуші. Адам баласының XX ғ. даналары Вернадский, Ле Руа, Теяр де Шарден уақытты биологиялық, биосферадан ноонсфералық деңгейде түсіндірсе, тарихшы әлеуметтік эволюция деңгейіне көтерді. Тарихты әлемдік мағынада ағытып, тоғытып қарау (әлемдік тарих), локальды өркениеттік қарау (тарихи қальгптасқан орта тарихы — Орта Азия тарихы, Орталық Азия тарихы, Латын Америкасының тарихы), жеке адамның өз қарабасынан басталып, ортасы мен алысын, ділі мен дінін, ойы мен ісін, өнері мен жай-күйін қамтитын, Отан тарихы жеке халық тарихы сияқты болып кете барады.

Ағытып, тоғытып жазылған тарихтың ең үлкен қасиеті барша адам баласының эволюциялық даму жолын көруге, тануға мүмкіндік береді. Осы арада неміс философы Ясперстің «тарихта терең сыр бар, бірақ ол адамға өзін танып білуге жолатпайды, — дегеніне қосылуға болмайды. Ал регаоналды тарих, жеке ұлт, мемлекет, дін, мәдениет тарихтары салыстырмалы түрде қаралып, оның әлемдік тарихқа қосар үлесі анықталады, тарихи тағылымдар негізінде болашақ айқындалады. Мысалы, гректің полисі сияқты қазақтың дала демократиясы әлем тарихының қазынасы. Не болмаса, б.ж.с. дейінгі 480 ж. Пермофилдегі грек-парсы соғысында патша Леонид бастаған 300 Спарта жауынгерлері сияқты 1643 жылы Алатау сілемдерінің біріңде Салқам Жәңгір 600 ұланмен қалмақтың қалың қолымен алысқаны отансүйгіштік өлшемі болып енуі өркениет олжасы. Не болмаса, Жалаңтөс баһадүрдің Шер Дор мен Тилля Кори медреселерін еалып, Самарқанда қалалық орталық Регистан алаңын қалыптастыруы ортағасырлық сәулет өнері мен қала салудьщ үлы сөзі больш әлемдік тарихқа хатталцы. Осы арқылы біз Дала өркениетінің дала мен қаланың синтезі екеңдігін керсетудеміз, оның сол өркениеттің әлемдік өркениеттегі өзіндік келбетін ашпьщгаудамыз. Көне гректердің ұлы данасы Гомер өркениет жыршысы екені аян. Сол сияқты өмір бойы сайрап өткен Көмекей өулие Бүхар жырау өркениет жыршысы. «Қырымның 40 батырын» жыл бойы жырлайтын Мұрын жыраудың жазығы біз оны Гомер деңгейінде көрсете алмағанымыздан. Дала жырьш, дала мұңын қыл қобызға тіл бітіріп боздатып кеткен Қорқыт Ата шығыс өркениетінің перзенті екендігін әлем біледі. Бір сөзбен айтсам, біз ата тарихымыздың сырларын өркениет қойнауынан іздеп, ондағы ұлттық орнымызды табу сол тарихты өркениеттік деңгейге көтеріп жазғаңда ғана мүмкін.

Әр этнос өзінің даму, өсу жольщда сан килы стадиялардан өтеді. Ұлттың жүлдызды сәті болады — ол мемлекет қүру, олемдік тарихқа өз өрнегін салу мүмкіндігі болса керек. Сонымен бірге оның тозу, сыну, ыдырау, қүлау сәттері де де тарихта кездесетін қүбылыстар. Ал, үлт үлықты болса, ол -мемлекет-орда құрып, өз мәдениетін қалыптастырьш, өркениетпен қабыса дамъш, белгілі бір кеңістік пен мерзімде оның есігінен сығаламай, төріне шығатын бақыт қонады. Ұлтың рухты болса, ұлың ұлықты болса, тарихшы оны жаза алмаса, тарихтың сырын таба алмаса — ол тарихшы емес, ол тек оның елесі ғана.

Кдзақ кешегі Ресейге тәуелді халық болған кезде оның өркениеттегі орнын біз сол мемлекет деңгейінде, соның ішкі қүрылымында іздеуге ғана шама-шарқымыз жетті. Бұл күні жаңа заманада жаңа мүмкіндіктер пайда болғанда туған сауалдар баршылық. Ең алдымен, біз халық болып қашан қалыптастық, оның стадиялары қандай? Казақ халқы өркениетке қатысты ма, әдде тарихтьщ даңғьш жольгаан тыс, оның қапталында қалып қойды ма? Қазақ халқы Дала өркениетінің түлегі, бірақ ол жалғыз емес, еңдеше сол өркениетті жасаушьшардьщ ішінде ол асылы ма, жасылы ма, масылы ма? Дала өркениеті қашан, қандай кеңістікте, қаңцай мерзімде өмір сүрді? Казақ халқының өркениеттен алғаны көп пе, бергені көп пе?

Өркениет пен ұлт? А,Тойнби айтқандай, қазақ халқына тәңірдің арнайы шақыруы (вызов) бодды ма? Сол шақыруға қазақ халкының жауабы қандай? Калай қазақ үлт есебінде өзін сақтай алды? Болашақта ол тарихпен, тәңірмен қалай тілдеседі, сырласады, мүндасады? Міне, менің тарихшы санатында өркениет пен үлттьщ ара салмағын, халқымньщ тағдырьш өркениетпен токайластырьш қарауымның сыры оқырман осында. Бұл менің қазақтың тарихшы перзенті ретіндегі ізденіс сәттерім. Әрине, бұл болашақ ізденістерді керек ететін тақырып. Қойьшған сауалдарға жауап беруге мен өз әріптестерімді де шақырамьш. Сонымен, сөз өркениет және қазақ халқы хаһында!

Тарихымызды білмей тұрып алға жылжудың қиьш екені белгілі. Сондыктан бүгін де өткенімізді ой елегінен өткізіл, барымызды екшеп, жоғымызды іздеп жаткан жайымыз бар. Бүны, әсіресе, биылғы халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы талап етіп отыр. Ата тарихымызды таразылап жат-канымыз да содан.

Казіргі көп проблемалардың ішіндегі методолошялық мөні бар ең бір өзекті проблема — өркениет мәселесі. Ең алдымен өркениет (цивилизация) деген не? Оны қалай түсінуге болады? Ол латынның азаматтық, қоғамдық деген сөзінен шыкқан. Әу бастан ол мәдениеттің синонимі. Екіншіден, қоғам дамуының, оның материалдық, рухани (тірнек, көр-нек) мәдениетінің даму дәрежесі, баспалдағы. Үшіншіден, Л. Морган, Ф. Энгельс түсінігіндей, қоғамньщ тағылық тарпаң, одан сонғы варварлық жабайьглық кезеңінен кейінгі даму дәуірі Өркениет туралы калам тарткан орыс ғалымы Н. Данилевский өркениеті «мәдени тарихи» тип деп санаса, П. Сорокин «үлкен мәдени жүйе» деп қарайды, ал неміс философы К. Ясперс оны «айналма дәуірлер» деп тұжы-рындайды. Қалай болғанда да, тарихта «шектелген мәдениет» барын ойшылдар мойындайды.

Пайдаланылған әдебиет: Казахстанская политологическая энциклопедия, А., 1998, С. 382.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *