Өкпеқап немесе плевра (pleura) өте жұқа серозалық құрама. Ішастар сияқты плевра да екі жапырақшадан тұрады. Бірі (париетальді плевра) кеуде қуысын, ал екіншісі, онда орналасқан өкпені жауып тұрады (висцеральді плевра). Париетальді және висцеральді жапрақшаларының арасындағы қуысты плевра қуысы деп атайды. Онда, әдетте, тұрақты түрде 20-30 мл сұйықтық болады. Ол тыныс алу процесінде плевра жапырақшаларының сырғымалы қозғалысын қамтамасыз етеді. Плевраның үш бөлігі бар: қабырғалық, көк еттік және көкірек орталықтық. Аталған бөліктердің бір-біріне айналған жерлерінде ойықтау жерлер болады (синустер). Солардың ішінде плевраның қабырғадан көк етке өтетін жеріндегі синус ең көлемді болып келеді және оның хирургиялық маңызы да ерекше. Қалыпты жағдайда адам терең тыныс алғанда, өкпе көлемдерінің ұлғаюына байланысты, басқа синустер өкпе тінімен толғанда, аталған синус толық толмайды.

Өкпе (оң және сол жақты ) плевра жапырақшасымен қоршалған кеуде торында орналасады. Әрбір өкпенің бірнеше бөлімдерін ажыратады. Олар: өкпенің төбешігі, қабырға, көк ет және медиастенальдік бөлімдері. Ішкі, немесе медиастеналдық бөлімдерінде, өкпенің қақпасы болады. Онда бас бронхтар, өкпе артериялары мен көктамырлары (веналары), лимфа тамырлары мен лимфатикалық түйіндер және нерв талшықтары мен өрімдері орналасады.

Әрбір өкпенің, бір-бірінен арнайы саңылаулармен бөлініп тұратын, болімдерін ажыратады. Оң жақ өкпеде бұндай бөлімдердің саны үшеу (жоғарғы, ортаңғы және төменгі), ал сол жақтағы өкпеде ондай бөлімдердің саны екеу (жоғарғы және төменгі). Әрбір бөлім, оз кезегінде, сыртқы пішіні жағынан пирамидаға ұқсайтын, бірнеше сегменттерден тұрады. Олардың төбешігі өкпе қақпасына, ал негізі оның беткей жағына қарай бағыттала орналасқан. Сегменттер бір-бірінен дәнекер тіндермен бөлініп тұрады. Әр өкпеде он сегменттен болады, бірақ сол жақ өкпенің VII сегменті, әдетте, анық ажыратылмайды.

Оң жақ өкпе

Жоғаргы бөлімі

I — төбешік сегмент

II — дорсальді сегмент

Ортаңғы бөлімі

IV —латералъді семент

V — медиалъді сегмент

Төменгі бәлімі

VI — жоғарғы сегмент

VII —базалъді медиальді сегмент Ylll-базальді вентральді

IX —базалъді латеральді сегмент

X — базалъді дорсалъді сегмент

Сол жақ өкпе

Жоғаргы бөлімі

І-ІІ —артқы-тәбешік сегмент

III — дорсальді сегмент

IV — тіл тәрізді жогаргы сегмент

V — тіл тәрізді төменгі сегмент

Тәменгі бөлімі

VI — жоғарғы сегмент

VII — (анық ажыратылмайды) VIII- базальді вентральді сегмент

IX — базальді латералъді сегмент

X ~ базальді дорсалъді сегмент

Өкпенің негізгі қызметі организмдегі газ алмасу құбылысын қамтамасыз ету болып табылады. Ол құбылыстың іске асрылу жолдары өте күрделі болып келеді және, негізінен, физиканың диффузия заңына сәйкес өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *