Өсу жөнінде жалпы түсінік. Өсу — өсімдік организміндегі тіршілік процесінің айқын бір бейнесі болып саналады. Өсу — өсімдіктегі барлық зат алмасу процесімен тығыз байланысты, жинақгаушы, нәтижелуші қызмет атқарады. Өсудің көптеген белгілері бар:

1. Өсімдіктің, яки жеке мүшелерінің ұлғаюы (көлемінің не болмаса бойының).
2. Мүшелердің санының көбеюі, артуы.
3. Клетка санының көбеюі, артуы.
4. Клетка көлемінің ұлғаюы.
5. Өсімдіктегі құрғақ заттың ұлғаюы, артуы.
6. Клетканың құрылымдық элементтерінің көбеюі.

Бірақ бұл белгілер жеке күйінде өсімдікте өсу процесінің бар екендігін нақтылы көрсете алмайды. Мысалы: клетка көлемінің үлғаюы су copy нәтижесінде ісіну салдарынан, қант қызылшасының тамыр жемісінің салмағының артуы клеткада тек қант заттарының жиналу салдарынан болуы мүмкін. Бұлардың жеке өзі әлі де өсу емес. Тек құрғақ зат салмағының артуына қарай да өсу бар деп айтуға болмайды. Мысалы: ұрық толық қараңғылықта өнгенде қүрғақ зат артпаса да өсу процесі белсенді түрде жүргенін көруге болады. Қараңғы жағдайда үзақ уақыт өнген өркеннің ұрықтағы қор затының мол тарауының нәтижесінде, оның қүрғақ салмағы алғашқы ұрықтың құрғақ салмағынан 50 % кем болады. Яғни қор затты жүмсау, жарату мен жаңа үлпаларды құру (бұл екі қарама-қайшы процесс) — өнудің де, өсудің де жалпы бейнесі. Сондықтан өсу деп мүшелердің, клеткалардың және олардың элементтерінің жаңадан пайда болуы процесі негізінде өсімдік мүшелерінің кері қайтпастай ұлғаюын айтады. Мәселен, бұршақтың тұқымын суға салатын болсақ, бірнеше сағаттан кейін оның көлемі 2-3 есе артады. Бірақ бұлай көлемінің өсуіне, артуына қарай өсу бар деп айтуға болмайды. Бұл жерде тұқым құрамындағы гидрофилді коллоидтардың суды қабылдап, соның салдарынан көлемінің артуы. Ал егер осындай өңделген түқымды кептіретін болсақ, көлемі бастапқы қалпына қайта келеді. Сөйтіп тұқымның суға қанығып, ісінуі нәтижесіндегі көлемінің ұлғаюы сияқты кері қайтатын жағдайларды өсу деп айтуға болмайды. Өсімдіктің жеке үлпаларының да барлығы бірдей (біркелкі) өспейді. Өсу процесі өсу нүктелерінде белсенді түрде жүреді. Өсу нүктелерінде жасаушы үлпа — меристема бар. Өзінің орналасуына қарай меристемалар төбелік, бүйірлік, қыстырмалы болады.

Төбелік меристема негізгі және бүйірлік сабақтардың ұшында, көптеген тамыр тармақтарының ұшында орналасады. Төбелік меристемалар бөлінуі нәтижесінде өсімдіктің бойы өсіп, бүтақтанып, бүйір сабақтары, жапырақтар, гүлдер пайда болады. Төбелік меристема өсімдіктің бастапқы қүрылысын қамтамасыз етеді. Ал бүйірлік меристема (камбий) — өсімдіктің жуандауын қамтамасыз етеді. Қыстырмалы меристемалар сабақтың, жапырақтың кей бөлімдерінде ғана орналасып, олардың үзаруын қамтамасыз етеді (мысалы, астық түқымды өсімдіктің, традесканцияның буын аралықтарының ұзаруы). Өсу — көп кезенді процесс. Клетканың өсуінде үш кезеңді байқауға болады: 1. Эмбриональды, 2. Созылу, 3. Ішкі жіктелу (дифференциялану). Бірінші кезеңде меристемадан пайда болған эмбриональды клеткаларда вакуольдар болмайды, олар протоплазмаға толық қор заттары да (белок, крахмал) болады.

Келесі (созылу) кезеңде клеткада вакуоль пайда болады, клетка қабығы қалыңдап, клетканың көлемі де үлғаяды. Мысалы, кейбір өсімдікте клетка көлемі бірінші кезеңнен екінші кезеңге көшуде 20-30 есе ұлғаяды. Бірінші және екінші кезеңдерде клеткаларда жеке өзгешелік болмайды. Тек үшінші кезеңде ғана әр клетка өзіне тән өзгешеліктерге (құрылысы, кызметі жағынан) ие болады.

Өсімдіктің өсуі және сыртқы орта жағдайларының өсуге әсері. Өсімдіктің өсуі тіршіліктің активті кезінде күшті өтіп, ал өсімдік тіршілігі әлсіреген кезде баяулап, тіршілік тоқтаған кезде өсу де мүлдем тоқтайды. Өсімдік сыртқы орта жағдайларының өз тілегіне сәйкес келмеген кезінде: минералды элементтер, су, 02 жетіспеу немесе органикалық қосылыстарының синтезделуінің әлсіреуі, түзілген органикалық қосылыстардың бір орнынан екінші орынға жылжығанда немесе оның әлсірегенінде, өсімдіктің ішкі және сыртқы факторларының бірінің өзгеруі ақыры өсімдіктің өсуін тоқтатады. Міне, сондықтан да өсу — өсімдік организміндегі тіршілік процестерінің айқын бейнесі, сыртқы орта жағдайларының көрсеткіші болып саналады. Өсімдіктің кері кетпестей ұлғаюы — жаңа клеткалар мен ұлпалардың түзілу нәтижесінде өсуді қамтамасыз етеді. Ал түзілген (пайда болған) клеткалар көлемінің үлғаюы, оның өсуі тек қана клетка ішіндегі структуралық элементтерінің жаңадан күралу нәтижесінде өтпей, клетка су қабылдап, тургор қалпына келуінен де болады. Клетканың жаңадан күралуы — протоплазма массасының және клетка қабығының қүрам бөлшегінің артуына байланысты өсімдіктің салмағы артады. Өсімдік түқымы қараңғы жағдайда өскенде, өсімдіктің салмағы артпайды, бүл кезде жаңадан қүралған клетка қүрамы, түқымдағы қор заттарын биохимиялық айналысқа үшырауынан протоплазма мен клетканың қалған бөлшектерін қүрайды. Қор заттарының биохимиялық айналысы негізінен өсімдіктің, өсімдік мүшелерінің тыныс алу кезінде жүреді. Тыныс алудың аэробты фазасында протоплазма қүрамына енетін белок молекулалары және баскд қосылыстары синтезделетін алғашқы қосылыстар түзіледі. Міне, осыған байланысты өсімдікті ауасыз анаэробты жағдайда үстау олардың өсуін тоқтатады.

Өсімдіктің өсу процесі даму процесімен тығыз байланысты. Бұл екі процесті бір-бірінен айырып қарауға болмайды. Міне, осыған байланысты өсімдіктің өсуі тек сан жағынан, өсімдік көлемінің, салмағының, бойының артуы ғана емес, сонымен бірге өсудің сапа айырмашылықтарының да болатындығында. Мысалы: өсімдікте жапырақтар бірінен соң бірінің үздіксіз құралу нәтижесінде өсімдік сабағының түп жағындағы жапырақтар мен оның жоғарғы жағындағы жапырақтың сырт пішіні жағынан, сол сияқты төменгі сабақ пен жоғарғы сабақтың, тамырдың ұшы мен қалған жерлерінің сырт формасының айырмашылықтары бар.

Өсімдік белгілі бір вегетативтік өсуінен кейін үздіксіз біркелкі мүшелер: жапырақтар, сабақтар, тамырлар түзуден кейін, әртүрлі сыртқы орта жағдайларының әсер етуінен -сапа жағынан жаңа мүшелері — бітеу гүл, гүлдер, жемістер немесе тұқымдарын түзіп, өсімдік өсудің репродуктивтік фазасына көшеді. Біржылдық дақылдар репродуктивті мүшелерін түзуден кейін өзінің даму циклін аяқтайды. Жоғарыда өсімдіктің белгілі даму сатыларынан өткеннен кейін онда биохимиялық айналыстардың бағыты және барысы өзгеретіндігімен танысқанбыз. Яғни, қысқартып айтқанда, өсімдік организмі әр кезеңнен өткен сайын оның өсу қарқындылығы да артады. Өсімдіктің өсу қарқындылығы негізінен сыртқы орта жағдайларына байланысты. Өсімдіктің өсу қарқындылығына әсер ететін сыртқы орта жағдайларына: жарықты, температураны, сумен қамтамасыз етілуін, ауа құрамындағы оттегі, топырақтан қоректену, т.б. атауға болады.

Өсімдіктің өсу қарқындылығын тек қана өлшеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ең қарапайым және кеңінен қолданылатын әдіс — белгілі уақыт мерзім аралығында сызғыш (линейка) арқылы өлшеу болып табылады. Бүл әдіс негізінен дала және вегетациялық тәжірибе кездерінде қолданылады. Өлшеу мерзімі: өсімдік қарқынды өсу кезінде әр күн тәулікте, ал көпшілік жағдайда бес-он күнде бір рет өлшеуге болады. Бүл әдіс арқылы қысқа уақыт мерзімі ішінде, әр сағат сайын өлшеуге келмейді. Өсімдіктің сағат және минуттар аралығындағы өсу жылдамдығы горизонтальды микроскоп арқылы өлшенеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *