Пайдалы қазбалар туралы слайд — жалпы еліміздің экономикалық дамуына минералдық шикізат базасының нығаюы мен ұлғаюына айрықша үлес қосады. Осыған байланысты пайдалы қазба кенорындарының жаралу жағдайлары және олардың жер қыртысында таралу заңдылықтарын зерттеу маңызды. Бұл мәселелердің теориялық сипаты болғанымен, практикалық мәнге аса ие болып табылады.
Пайдалы қазбалар кенорындары туралы ілім геологияның бір саласы болғандықтан, ол басқа геологиялық ғылымдармен де тығыз байланысты. Мысалы, петрография кенорындардың өзін де, олар орналасқан тау жыныстар массивтерін де зерттейді, өйткені кенорындар осы массивтердің бөлігі болып табылады; минералогия мен геохимияны білу, пайдалы қазбалардың құрамын, белгілі бір жағдайларда кенорындар жаралуға немесе олардың қирауына әкелетін компоненттердің шашырау және шоғырлану заңдылықтарын зерттеу үшін қажет. Бұл слайд осы мәліметтерге жеке-жеке тоқталып қарастырады.
Қазақстан экономикасының құрылымында минералдық-шикізат кешені жетекші жағдайға ие. Пайдалы қазбалардың барланған қоры базасында ондаған мұнай-газ өндіретін және кендік кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат өндіреді және өңдейді. Слайд 9 беттен тұрады, жүктеу үшін соңындағы сілтемеге басыңыз.