Тұлға және отбасы денсаулығы

Демографиялық әлеует: халық саны мен оның ұдайы өндірісін, тууды, өлім-жітімді, жас шамасының құрылымын, өмірлік әлеуетті қамтиды. Адам денсаулығына көптеген факторлар — өмір салты, тұқым қуалаушылық, жұқпалы аурулар және басқалары әсер етеді. Жалпылама түрде, қоғамның саулығы экономика, урбанизацияланған аумақтар қоршаған ортасы жай-күйінің көрінісі және маңызды қорытындыланған көрсеткіші болып табылады деп есептеуге болады. Демек, экологиялық аман-саулықтың жоғары көрсеткіші ретінде адам денсаулығына жүгінетін болсақ, келесіні атап өткен жөн: сау қоғам әрдайым сау экологиялық жағдайды көрсетсе, ал сау емес қоғам -қолайсыз экологиялық жағдайлардың болуы мүмкіндігін көрсетеді.

1000 тұрғынға халық саны 17 млн адамды құрайтын Қазақстанда табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 12,8 адамды құрайды, туудың жалпы коэффициенті — 22,6 туғандар, өлімнің жалпы коэффициенті — 9,8 қайтыс болғандар. Халық өлімі себептерінің негізгі топтарының арасында айтарлықтай салмақты қан айналымы жүйесінің аурулары алады, олардың үлесіне 50,2% келеді, қолайсыз жағдайлар, уланулар мен жарақаттар 13,2% құрайды, жаңа пайда болған ісіктер -11,7%. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлгендердің жалпы санында жүректің ишемиялық аурулары 45,5% алады, мидың қан айналымының жарақаты — 24,5%. Жас сәбилердің өлім коэффициенті туған 1000 балаға 20,2-ден келеді. Нәрестелер арасындағы өлімнің кең таралған себебі туу алдындағы кезеңде пайда болатын хал-ахуалдан шығатын аурулар — 61,6%, туа біткен ауытқулардан — бір жасқа дейін өлгендердің жалпы санының 15?5%-і (19,5%). ЖИТС-пен ауырғандар саны 161 жағдайды құраған, бойында ВИЧ-инфекция бар 2149 адам анықталған. Науқастық деңгейі ауырғандар санының тұрақты халықтың (1000000-ға көбейтілген) ортажылдық санына қатынасымен анықталады, ол келесіні құрайды: қатерлі ісіктермен ауырғандар -192,5 адам, ашық өкпе ауруы — 147 адам, ішімдікті тұтынудың нәтижесінде болған ауруға ұшырағандар — 354 адам.

2005-2010 жылдар ішінде Қазақстанда белгілі оң нәтижелерге қол жеткізілген: ана мен бала өлімінің төмендеу үрдісі байқалған, өкпе ауруымен ауыру шамамен бір жарым есеге төмендеген, жарақат алу мен қатерлі ісік ауруларымен ауыру орташа есеппен 3% төмендеген. Жүрек пен қан тамырлары ауруларынан, жарақаттардан, қатерлі ісік зардабынан, өкпе ауруларынан болатын өлімнің төмендеуі орын алған.

Мемлекеттік саясаттың басымдыққа ие мақсаты — халықтың денсаулығы жағдайының жақсаруы, өмір ұзақтығын арттыру, алдын алуға болатын, әсіресе халықтың ерте өлімін төмендету болып табылады. Ұлттық ЖІӨ-нің 5-6 процентіне дейін денсаулық сақтауға бөлінетін мемлекеттік шығындардың артуы дамыған елдер деңгейіне сәйкес келетін болады. Мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі мақсаттары және оның түрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері төмендегідей:

  • денсаулық сақтау саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестіру және бақылау механизмдерін қайта қарастыру жолымен медициналық қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ нәтижелілікке қол жеткізу;
  • өмір ұзақтығының орта деңгейін арттыру, бала мен ана өлімі көрсеткіштерін төмендету, өкпе ауруларымен ауыру деңгейі мен ВИЧ/ЖИТС ауруының өсу қарқыны үшін бағдарламалар дайындау;
  • бастапқы медициналық дайындық барлық мектептер мен университеттердің оқу жоспарларының міндетті бөлігі болуға тиіс. Осыған орай, салауатты өмір салты мен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша халықтың білім деңгейін және ақпаратпен қамтылуын арттыру қажет.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін пайдалану арқылы Қазақстан аймақтарында 100 аурухана салу болжануда. Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымы мен елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл аударылатын болады. Халықтың қолы жетерлік медициналық сақтандыру қызметтері мен медициналық қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығын дамыту, білім берудің, аттестация мен дәрігерлер және медициналық қызметкерлердің халықаралық стандарттарына жедел өтуі үшін ынталандырулар құрылатын болады.

2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» денсаулықты сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты — елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2015 жылға қарай ана мен сәби өлімін бір жарым есеге төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы өлім 15% төмендейді. Негізгі әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыру мен өлім төмендейді, ол, өз кезегінде, болжамды өмір ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Халық денсаулығының экологиялық факторы. Халық денсаулығы — адамды қоршаған ортадағы экологиялық аман-саулықтың маңызды көрсеткіші. Адам денсаулығының қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін келесі мақсаттарды бөліп қарауға болады: а) ауаның ластануымен күрес; б) суларды ластанулардан қорғау және тұщы суларды пайдалану; в) теңіз ортасын қорғау; г) топырақты тиімді пайдалану; д) қолда бар генетикалық ресурстарды (қорықтарды) қорғау және сақтау; е) елді аймақтардағы қоршаған орта жағдайын жақсарту.

Еңбек қызметі үдерісінде адамға экология мен тіршілік ету жағдайының бұзылуына байланысты әртүрлі зиянды факторлар (физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық) әсер ете алады. Физикалық факторларға-температура деңгейі, ылғалдылық, тозаңдылық, жарық сәулелері, химиялыққа — бензол мен толуол булары мен газдарының эсері, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид, азот, қорғасын тотығы және басқалары, биологиялыққа микроағзалар (бактериялар, вирустар) және аурулар тудыратын микроағзалар (өсімдіктер мен жануарлар) жатады.

Қоғам мен оны қоршаған ортаның өзара қатынасын ұтымды ету адамның тіршілік ету ортасына қалдықтардың шығарылуы тәжірибесін айтарлықтай деңгейде қысқарту, ал кейінірек толығымен жою мақсатында технологиялық үдерістердің ары қарайғы жетілдірілуіне байланысты. Көптеген ірі қалалар үшін атмосфераның қатты және қарқынды ластануы тән. Қала ауқымының үлғаюымен бірге оның атмосферасындағы эртүрлі ластаушы заттардың шоғырлануы да өседі.

Шет аймақтардағы ластанулар шоғырлануының төмен деңгейімен қатар, ол ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар аймағында, әсіресе орталық аймақтарда күрт ұлғаяды. Тек бір қүрамдас бөлшектің — отынды жағу кезінде атмосфераға шығарылатын күкіртті газдың ғана ауа бассейнін ластауының әсері халық денсаулығына үлкен зиян келтіреді.

Автокөлік шығындылары тұрақты көздерден шығатын шығындыларға қарағанда айтарлықтай улы деп саналады. Улы газбен, азот тотығы және қара күйемен қатар, жұмыс істеп тұрған автомобиль қоршаған ортаға улы әсері бар 200-ден аса заттек пен қосынды бөліп шығарады. Олардың ішінен ауыр металдар қосындыларын, кейбір көмірсутектерді, әсіресе белгілі канцерогендік әсері бар бензапиренді бөліп көрсеткен жөн. Атмосфера ауасының ластануы қазіргі заман қаласының ең маңызды экологиялық мәселесі болып табылады, ол қала тұрғындарының денсаулығына, қалада орналасқан материалдық-техникалық нысандарға (ғимараттарға, қүрылыстарға, өнеркәсіп және көлік құралдарына, коммуникацияларға, өнеркэсіп өнімдеріне, шикізат пен жартылай фабрикаттарға) және жасыл желекке айтарлықтай зиян келтіреді.

Жалпы, қала тұрғындарының денсаулығына көптеген факторлар, әсіресе қалалық өмір салтының сипатты белгілері — гиподинамия, айтарлықтай күйгелектік, көліктен болатын шаршау және бірқатар басқа да факторлар, бірақ бәрінен бұрын — қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Бұған бір қаланың әртүрлі аймақтарындағы халықтың ауруларындағы айтарлықтай айырмашылықтар дәлел болады. Қалалардағы дыбыстан ластану әрқашан жергілікті сипатқа ие және оларды көбінесе қалалық, теміржол және авиациялық көлік құралдары тудырады.

Қалалардағы су бассейнінің ластануын екі тұрғыда — суды тұтыну аймағындағы судың ластануы және оның ағындыларының есебінен қала шегіндегі су бассейнінің ластануында қарастырған жөн. Суды тұтыну аймағыңдағы судың ластануы қалалардың экологиялық жағдайын нашарлататын маңызды фактор болып табылады. Ол қаласу бекеті аймағынан жоғары орналасқан қалалар мен кәсіпорындардың тазартылмаған ағындылар бөлігін шығару мен өзен көлігінің суды ластауы есебінен және егістіктерге себілетін тыңайтқыштар мен улы химикаттар бөлігінің су қоймаларына түсуі есебінен де орын алады. Оның үстіне, егер ластанулардың бірінші түрлерімен тазарту құрылғыларын салу арқылы тиімді күресу мүмкін болса, ал ауылшаруашылық шараларымен өндірілетін су бассейнінің ластануының алдын алу өте қиын. Ылғалдылығы аса жоғары аймақтардағы топыраққа салынатын тыңайтқыштар мен улы химикаттардың шамамен 20%-і су ағындарына түседі. Бұл, өз кезегінде, судың сапасын одан ары нашарлататын су қоймаларының эвтрофикациясына келтіруі мүмкін. Су құбырларының суды тазартатын құрылғыларының ауызсуды көрсетілген заттардың ерітінділерінен тазартуға шамасы келмейтінін атап өту маңызды, сондықтан да олар ауызсуда жоғары қоспаларда болады және адам денсаулығына теріс әсерін тигізе алады. Ауыл шаруашылығын химияландырудың артуы топыраққа салынатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар санының өсуіне алып келіп, осыған сәйкес олардың судағы шоғырлануы ұлғаятын болады. Жоғарыда келтірілген адам экологиясының түсіндірмесі сыртқы орта факторларының әсеріне байланысты адам денсаулығы жағдайын зерттеу және бағалау ретінде медицина мен денсаулық сақтаудағы экологиялық тәсіл туралы көзқарасты белгілі бір деңгейде нақтылауға мүмкіндік береді.

Бірқатар елдердегі және әлем аймақтарындағы ортаның ластануы адамдардың осы уақыттағы және болашақ ұрпақтарының денсаулығына, адамзаттың ары қарайғы экономикалық және әлеуметтік дамуына қазір жаһанды қиыншылық тудырып отыр. Қалалық агломерациялар жағдайындағы халықтың топтасуы оның күрделілігін тек күшейтеді. Жалпы, бүгінгі таңда қалалық орта мен биосфераның ластануына тек энергетика, металлургия, химия, мұнай-химия және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, құрылыс, ауыл және орман шаруашылығы, көлік қана емес, сонымен қатар толық ауқымда түтыну қалдықтары да үлесін қосуда. Адам денсаулығын сақтаудың мақсаттары: ірі қаладағы оның тіршілік етуінің оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік дамудың қарқындылығы бұл мәселелерге медициналық-биологиялық және әлеуметтік ғылымдардың барлық кешенін енгізеді. Мұнда әңгіме гигиеналық ғылымның дәстүрлі мәселесіне, адамның тіршілік қарекеті мен оның денсаулығын сақтау үшін қажетті ортаның оңтайлы өлшемдерін ғылыми түрде дәледеуі туралы болып жатыр. Адам экологиясы — тұтас ғылыми пәнаралық сала туралы айта аламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *