Тұрақты даму критерийлері мен көрсеткіштері

Тұрақты даму көрсеткіштері мен критерийлерін таңдау мәселелері әлемде кеңінен талқылануда. Бұл мәселелермен БҰҰ-ның Тұрақты дамуды саяси үйлестіру департаменті айналысады. Бұл мәселелер түрлі халықаралық конференциялар мен семинарларда жан-жақты қарастырылады. Тұрақты даму көрсеткіштерінің әдістемесі күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Тұрақты даму сипаттамасы үшін түрлі иерархиялық деңгейлерде қарастыруға бірқатар көрсеткіштер қолданылады:

  • ғаламдық;
  • ұлттық;
  • аймақтық;
  • жергілікті;
  • салалық.

Негізінде ғаламдық және жергілікті көрсеткіштермен толықтырьшуы мүмкін ұлттық көрсеткіштер қалыптасуы тиіс ғаламдық көрсеткіштер негізгі болып табылады. Экологиялық-экономикалық даму көрсеткіштерін эзірлеудегі шетелдік және отандық әдіснамалық тәжірибені қорытындылау барысында келесідей бағыттарды көрсетуге болады:

  • тұрақты дамуды бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер санының өсуі олардың жіктелуін қажет етеді, экологиялықэкономикалық көрсеткіштерге «қоғам-табиғат» жүйесіндегі қатынастарды сипаттайтын көрсеткіштердің бүкіл жиынтығын жатқызу ұсынылады;
  • тұрақты даму көрсеткіштерінің әр деңгейі үшін жетекші фактор белгіленеді;
  • интеграциялық көрсеткіштерге аймақтық «экоөнім» және адам әлеуетінің даму индексі жатады.

Экономика және экология ұзақ уақыт бойы өздерінің әдіснамалық тәсілдері мен қағидалары бар білімнің оқшауландырылған екі саласы ретінде дамығанын ескере отырып, 70-жылдары табиғат ресурстарьш тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін жүйелі, кещенді экологиялық-экономикалық тәсіл жасау қажеттігі пайда болды. Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында көрсетілгендей, экология және экономика себептер мен салдар кешенін құра отырып өзара жергілікті, аймақтық, ұлттық деңгейлерде байланысады. Кейін экономиканың қоршаған ортада болып жатқан жағдайлармен, заңдылықтармен есептесуге мәжбүр екені айқындалды. Бұл жер шаруашылықтың көптеген салаларының табиғат ресурстарына тәуелді екендігін ескерген дұрыс. Сондай-ақ, қоршаған ортаның экономикаға қалай әсер ететіндігі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Алайда, қазіргі жағдайда экология мен экономиканың елеулі әсері адамның іс-әрекетімен байланысты табиғаттағы өзгерістерге алып келеді.

Экономика мен экология тоғысында осы ғылыми бағыттың қалыптасуы бір уақытта жаңа түсініктің дамуымен қатар жүзеге асырылады. Экологиялық экономикадағы жаңа бағыттың зерттелуі экономиканың теңгерімді және тұрақты даму критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қатынастар және қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттеу міндетін қойып отыр.

Экологиялық-экономикалық қатынастар — табиғи ресурстарды қорғау, үдайы өндіру және ұтымды пайдалану, өндірісті экологияландыру, қайталама шикізат пен қалдықтарды жою үдерісінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар. Негізгі экологиялық-экономикалық қайшылық табиғатты пайдаланудың өндірістік байланыстарын дамыту көздері болып табылады. Оның мәні қоғамның объективті экологиялық және экономикалық қажеттіліктерінің диалектикалық бірлігі мен өзара байланысында.

Кең мағынада экологияға бағдарланған экономика экологиялық тұрақты даму мен оны қамтамасыз ету механизмдерінің ұлттық тұжырымдамасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына ықпал етуі керек. Бұндай даму тәжірибеде қалыптасқан әлемдік шаруашылық жүйесінің даму негізіндегі тұжырымдамадан бас тартуды болжайды. Сонымен, экономикалық санаттарға пайдаланғаны немесе ерте ме кеш пе бұзылғаны үшін тікелей немесе жанама түрде төлем төлеу керек болатын барлық байлық пен ресурстар жатады.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың экономикалық өсу қарқыныныңтежелуіне әсер ететіндігі анықталды. Ал қоршаған ортаны қорғау қажеттігі экономикалық белсенділіктің жаңа түрлерін құруды болжап, мысалы, экологияға бағытталғаи кәсіпкерлік қызметтің дамуы есебінен қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

1992 жылы БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында қабылданған Рио-де-Жанейро декларациясында табиғатты пайдалану экономикасына тікелей қатысы бар негізгі қағидалар көрсетілген. Оған келесі қағидалар жатады:

  • қоршаған орта және даму мэселелеріне қатысты саясатын жүргізген кезде, мемлекет өз бақылауындағы әрекеттердің басқа елдер мен аймақтардың қоршаған ортасына зиян келтірмеуге жауапкершілік алады;
  • даму құқығы қазіргі және болашақ ұрпақтың қоршаған ортаны дамыту және сақтап қалу қажеттіліктерін қанағаттандыратындай жүзеге асырылуы тиіс;
  • тұрақты дамуға жету үшін қоршаған ортаны қорғау даму үдерісінің ажыратылмас бөлігі болуы керек және одан жеке-дара қарастырылмайды. Осы ережені органикалық бірлік және экономика мен экологияның өзара байланысының қағидасы ретінде белгілеуге болады;
  • тұрақты дамуға және өмір сүрудің жоғары деңгейіне жету үшін мемлекеттер тұрақты дамуға ықпал етпейтін өндіріс пен тұтыну үлгісін жоюы немесе азайтуы тиіс («ескерту қағидасы»);
  • мемлекеттер ғылыми және техникалық білімдермен, технологиялармен алмасу арқылы ғылым саласындағы өзара түсінікті жақсарту жолымен тұрақты дамуға жету қабілетін нығайту мақсатында ынтымақтасулары қажет («кооперация қағидасы»);
  • экологиялық шығындарды өтеу қағидасы немесе келтірілген зиянға өтемақы төлеу қағидасы.

Экономика экологиялық пайдаға сүйене отырып, табиғатты қорғау стратегиясын әзірлеуді қарастырмайды. Қоршаған орта және оның сапасы жеке құндылық, түтыну игілігі және қоғам ретінде көрінеді, сондықтан экологиялық мүдделердің басымдықтарын жете түсініп, табиғи ортаны пайдаланғаны үшін ақы төлеуге дайын болуы тиіс.

Мәселенің қазіргі жағдайы өндіріс пен қоршаған ортаның өзара қатынасына экологиялық-экономикалық талдау жасайды, экономикалық теорияға экономикалық және табиғи жүйелер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды белгілейтін концептуалдық ережелер мен қорытындыларды енгізуді талап етеді. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық беталыстарын ескерсек, қоғам мен оның шаруашылық дамуының жаңа, экологияға бағытталған стратегиясын әзірлеу қажеттігі байқалады. Бұл жерде мәні бойынша экономиканың жаңа парадигмасы, яғни оның сыртқы, экологиялық-экономикалық міндетгерді, экологиялық даму мәселелерін шешуге ауысуы туралы айтылады. Сонымен, экологиялық игіліктер, олардың сақталуы және ұдайы өндірісі экологиялық тұрақты дамудың жалпы тұжрымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қаралады.

Бұл тұжырымдама бір шаруашылық субъектілерінің сыртқы шығындарының ортаның ластануы жағдайында басқа ішкі шығындарға өзгеруін көрсетеді. Сондықтан да, қоршаған орта сапасының нашарлауына қарсы күрестегі басты бағыттардың бірі — экологиялық қауіпсіздік түжырымдамасын жүзеге асыру. Экологиялық таза технологияларды, ресурс және энергия үнемдеу технологияларын ендіру тұрақтылықтың негізгі корсеткіштері болып табылады. Әрине, мұндай қайта бағытталу қазіргі көзқарас тұрғысынан өте қымбат деп бағаланады. Дегенмен, басқа шешімдерді қабылдау адамзат баласындағы қауіпті мәселелерді жоюға мүмкіндік бермейді. Осы жерде әлемдік халықаралық ынтымақтастық мәселелерінің орны ерекше екендігін де атап кеткен жөн. Әлем елдері бірлесуінің ерекшелігі мынада: ол халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларын тәжірибеде атап айтқанда, өнеркәсіптік-өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, шикізатты, кен орындарын, энергияны, отын ресурстарын өндіру саласындағы ынтымақтастық, валюта-қаржы ынтымақтастығы және т.б салаларда қолдануды ұсынады. Бірқатар мәселелер, бірінші кезекте, Әлемдік мұхит, климат, озон қабатының бұзылуы, топырақтың бұзылуы және т.б. мәселелер халықаралық ынтымақтастық деңгейінде ғана өз шешімін табуы мүмкін.

Әлемдік мұхит мәселелерін қарастыра отырып, саяси шекаралардың болмауын ескеру қажет. Жел, өзен, жерасты сулары — осының бәрі өз заңдары бойьшша әрекет ететін бірыңғай табиғат компоненттері. Бұлар экожүйе элементтері болып табылады. Адамзат, біріншіден, қоршаған ортаның бұзылуын төмендету, екіншіден, жер бетінде адамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық күштерін біріктірулері қажет. Барлық елдердің, ұлттық және халықаралық ұйымдардың мүдделерін әскери-стратегиялық және саяси бағыттан өркениеттің ғаламдық экологиялық міндеттеріне қарай жылжытады. Еуропа континентіндегі халықаралық экологиялық ынтымақтастықта Вена конгресінің қорытынды құжатымен жоспарланған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселе елеулі рөл атқарады.

Қорытынды құжатта қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленген. Экологиялық ынтымақтастық барабар негізге объективті негізделуі, сондай-ақ қоршаған ортаның нақты жағдайын көрсетуі керек. Оларға келесі қағидалар жатады.

Біріншіден, Еуропа континентінің әр елінде атмосфера мен жер бетінде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және қолдау, қоршаған ортаны қорғаудың аймақгық стратегиясы және XXI ғасырдың ортасына дейін табиғат ресурстарын тиімді пайдалану аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсаттарында ұлттық заңнаманы жетілдіру.

Екіншіден күкірт, азот тотығы және басқа ластаушы заттарды ұтымды әрі тиімді қысқарту, сандық, сапалық көрсеткіштер бойынша мәліметтердің халықаралық ақпараттық базасын қалыптастыру.

Үшіншіден, топырақтың құнарсыздануы және онымен күресу, флора мен фаунаны және оны мекен ететін жануарларды қорғау іс-шараларын әзірлеу.

Төртіншіден, халықаралық деңгейде улы, тұрақты және қауіпті заттарды тастау салдарынан орын алатын климаттың ғаламдық жылыну құбылысын зертгеу және озон қабатын қорғау мәселелері бойынша барлық мемлекеттердің күшін біріктіру Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында мына жайт айтылған: әлемдік қауымдастық бірлескен тығыз ынтымақтастықтың негізінде ғана толық қолайлы тіршілік ете алады, ол үшін дамыған және дамушы елдердің өмір сүру деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты жою керек.

Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясының күн тәртібінде дамушы елдерді түрақты даму қозғалысының үдерісіне қосылуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығын түрақты жүргізуге ықпал ету мақсатында халықаралық ынтымақтастық жасасу міндеттеріне арналған арнайы тараулар бар.

Ауыл шаруашылығын тұрақты жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау үшін осы конференцияда «Ұлттық және халықаралық шаруашылық, экологиялық және макроэкономикалық саясатқа елеулі түзетулер енгізу қажет» деп көрсетілген.

Дамушы елдер мол түсім алу үшін дәнді дақылдарды қолдану негізінде агротехниканың озат әдістерін енгізу түсінілетін «жасыл революцияға» үміт артады.

«Жасыл революция» ауыл шаруашылығы дақылдарының азықтық сорттарын шығарудағы халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *